Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы құрамында аймақтық емдеу-диагностикалық орталығын ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 19 шiлде 1993 ж. N 619

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығының құрамында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң N 167 медициналық-санитарлық бөлiмiнiң базасында Аймақтық емдеу-диагностикалық орталығын, кейiннен осы ұйымдасушы орталықтың құрамына N 52605 әскери бөлiмнiң әскери ауруханасын енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi мен Ұлттық ядролық орталығының ұсынысы қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығына, базасында емдеу-диагностикалық орталығы ұйымдастырылған ұйымдардың мүлкiн иелену, пайдалану мен басқару құқын берсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1993 жылдан бастап Аймақтық емдеу-диагностикалық орталығын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi арқылы қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
      4. Аймақтық емдеу-диагностикалық орталығы қызметкерлерiне Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақылары мен тарифтiк ставкаларына салалық коэффициент пен үстеме ақы белгiлеу туралы" 1993 жылғы 14 сәуiрдегi N 301 қаулысы қолданылатын болсын.
      Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi, Қаржы министрлiгi Денсаулық сақтау министрлiгiмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығымен бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң аталған қаулысының N 1-3 қосымшаларына тиiстi толықтырулар әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне енгiзсiн.
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-министрi