1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi бiр ай мерзiм iшiнде Мемлекеттiк жекешелендiру қорын (бұдан әрi - Қор) құрып, оның ұйымдық құрылымы мен штат кестесiн бекiтсiн.
2. Қор жекешелендiру барысында қайта құрылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктерi акцияларының (жарналарының, үлестерiнiң) мемлекеттiк пакеттерiн жекешелендiрушi инвестициялық купондарға сату жөнiндегi купондық аукциондарды Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң тапсыруы бойынша ұйымдастырып, өткiзудi жүзеге асырушы мемлекеттiк орган болып табылады деп белгiленсiн. Қор жаппай жекешелендiру барысында инвестициялық жекешелендiру қорларының қызметiн бақылауды қамтамасыз етедi.
3. Қор туралы осыған қосылған Ереже бекiтiлсiн.
4. Қор өз қызметiнде Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қаулыларын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтарын, қаулылары мен өкiмдерiн Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң шешiмдерiн, сондай-ақ Қор туралы Ереженi басшылыққа алады.
5. Қор аппаратының шектi саны 45 адам (үйдi күзету және қызмет көрсету жөнiндегi адамдарды қоспағанда) және қызметтiк 2 жеңiл автомобильге лимит белгiленсiн.
6. Қордың қызметкерлерiне Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 12 мамырдағы N 377 қаулысымен Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы және Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен мемлекеттiк комитеттерi жанындағы бас басқармалар, комитеттер және басқа республикалық мекемелер аппаратының басшы қызметкерлерi мен мамандарына көзделген еңбекке ақы төлеу шарттары қолданылсын.
7. Қордың төрағасын Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiтедi деп белгiленсiн.
Қор төрағасының лауазымы медициналық, тұрмыстық қамсыздандыру және көлiк қызметiн көрсету шарттары жөнiнен Қазақстан Республикасының мемлекеттiк комитеттерi төрағаларының орынбасарларының лауазымына теңестiрiлсiн.
8. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi республикалық бюджеттiң мемлекеттiк басқару органдарын ұстауға арналған қаржы есебiнен Қордың аппаратын ұстауға қажеттi қаражат көздейтiн болсын.
9. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан
Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен бiрлесiп, купондық аукциондар өткiзуден және инвестициялық жекешелендiру қорлары мен сол қорлардың басқарушыларына лицензия беруден түскен қаржыны пайдалану тәртiбiн белгiлесiн. 10. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен Алматы қаласының әкiмi Қор қызметкерлерiн орналастыру үшiн қызметтiк үй-жай бөлсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 9 маусымдағы N 582 қаулысымен Бекiтiлген Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жекешелендiру қоры туралы ЕРЕЖЕ
Осы Ереже Қазақстан Республикасында мемлекет иелiгiнен кету мен жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға арналған (II кезең) Ұлттық бағдарламасына сәйкес жасалды және Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк жекешелендiру қорының (бұдан әрi - Қор) негiзгi мiндеттерiн, функциясы мен құқықтарын белгiлейдi.
1. Қор жекешелендiру барысында акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктерiне айналғандардың мемлекеттiк акциялары (жарналары, үлестерi) пакетiн капитал түрiнде иелену мен басқаруды жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi (бұдан әрi - Комитет) уәкiлдiк берген мемлекеттiк орган болып табылады.
2. Қор комитеттiң тапсыруы бойынша жекешелендiрiлетiн кәсiпорындар акцияларының (жарналарының, үлестерiнiң) мемлекеттiк пакетiн инвестициялық жекешелендiру қорларына жекешелендiрушi инвестициялық купондарды сату жөнiндегi арнайы купондық аукциондардың ұйымдастырылуын жүзеге асыруға және лицензия беретiн ведомствоаралық комиссияның шешiмi бойынша инвестициялық жекешелендiру қорларының қызметiн бақылауды қамтамасыз етуге тиiс.
3. Комитет пен Қор арасында жасасылған шартқа сәйкес Қорға жекешелендiрiлушi кәсiпорындардың мемлекеттiк акциялары (жарналары, үлестерi) пакетiн купондық аукциондарда сату айрықша құқығы берiледi.
4. Аукциондар қорытындыларын шығару үшiн Қор жанынан тұрақты жұмыс iстейтiн комиссия құрылады, оның құрамын Комитет бекiтедi.
5. Қор өз қызметiнде Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қаулыларын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтарын, қаулыларын және өкiмдерiн, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң және Комитеттiң шешiмдерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
6. Қор Комитеттiң шешiмi бойынша құрылады. Қор мен Комитеттiң өзара қарым-қатынасы осы Ережемен белгiленедi.
7. Қор заңды ұйым болып табылады, Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында өз қызметiне қатысты құқықтарды пайдаланып, мiндеттердi орындайды. Қордың дербес балансы, өз атауы қазақ және орыс тiлдерiнде жазылған дөңгелек мөрi, банкiлерде есепшоттары болады.
8. Қордың негiзгi функциялары:
жекешелендiрiлетiн кәсiпорындардың Комитет берген мемлекеттiк акциялар (жарналары, үлестерi) пакетiн жинақтау;
алынған мемлекеттiк акциялар (жарналар, үлестер) пакетiне есеп жүргiзiп, оларды өткiзiлетiн аукциондарда одан әрi сатуға байланысты барлық операцияны жүзеге асыру;
әрбiр купондық аукционды өткiзер алдында инвестициялық жекешелендiру қорларында азаматтардың жекешелендiрушi инвестициялық купондарының нақты бар-жоғын бақылау;
республикалық және аймақтық маңызы бар жекешелендiрiлушi кәсiпорындар мемлекеттiк акцияларының (жарналарының, үлестерiнiң) пакетiн сату жөнiнде қолданылып жүрген тәртiпке сәйкес екi деңгейде купондық аукциондарды әзiрлеп, өткiзу;
жаппай жекешелендiру барысында инвестициялық жекешелендiру қорлары қызметiн тиiмдi бақылауды қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының Мамандандырылған мемлекеттiк жинақ банкiсiнiң бөлiмшелерi мен комитеттiң Ақпарат-есеп орталығын келiп түскен азаматтардың жекешелендiрушi инвестициялық купондарын әртүрлi инвестициялық жекешелендiру қорларына орналастыруы туралы мәлiметтердi өңдеу және талдау негiзiнде аукцион барысын реттеп, үйлестiру;
жеңiмпаздар тiзiмдерiн, жекешелендiрушi инвестициялық купондарға айырбасқа сатып алынған акциялар санын және басқа да деректердi бұқаралық хабарлама құралдары арқылы жариялай отырып, олардың қорытындылары аукциондарға қатысушыларға кеңiнен әйгiлi болуын қамтамасыз ету;
жекешелендiрушi инвестициялық купондардың, жекешелендiрiлушi кәсiпорындар акцияларының, олардың аукциондық саудадағы курсының қозғалысына ұдайы талдау жасап отыру және соның негiзiнде ақпарат хабарларын әзiрлеу;
жекешелендiрiлушi кәсiпорындардың қаржы-экономикалық жағдайы туралы ақпарат жинау, келiп түскендерiн өңдеу және талдау негiзiнде олар туралы мәлiметтер қорын жүргiзу әрi олардың қызметi жайында мәлiметтер әзiрлеу.
9. Өзiнiң негiзгi функциясын орындау үшiн Қордың:
аукциондар басталар алдында оларға қатысушыларды уақтылы таныстыру үшiн Комитет пен оның аумақтық органдарынан акциялары сатуға қойылған жекешелендiрiлетiн кәсiпорындар туралы қажеттi ақпарат (шығарылатын акциялар проспектi Жарғы және басқа да құжаттар) алуға;
өтiнiмдер қабылдау тәртiбiн белгiлеуге, аукциондар өткiзуге, жекешелендiрiлетiн кәсiпорындардың мемлекеттiк акциялары пакетiн сату туралы ақпарат хабарлар жариялауға;
өз қызметiн жоспарлауға, бөлiнген қызметкерлер саны және еңбекке ақы төлеу қоры шегiнде құрылымды, штат кестесiн дербес белгiлеуге құқығы бар.
10. Қордың қаржылану көздерi:
Қазақстан Республикасы республикалық бюджетiнiң қаржысы;
мемлекеттiк меншiктi жекешелендiруден алынған ақшалай қаражат;
инвестициялық жекешелендiру қорларына және сол қорлардың басқарушыларына лицензия бергенi үшiн бiр жолғы алым түрiнде түскен кiрiстер.
Бұл көздер бойынша ақшалай түсiмдер есебi бөлек-бөлек жүргiзiледi.
11. Қорға жолданған қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Мемлекеттiк қаржы бақылау комитетi Комитетпен бiрлесiп жүзеге асырады.
12. Қорға басшылық жасау Қор төрағасына жүктеледi. Қор төрағасын Комитет төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi тағайындайды.
13. Қор бухгалтерлiк есеп жүргiзедi және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен есеп берiп отырады.
14. Қорды қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.