1. Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорына ақша аудару барысында мерзiмiн өткiзiп алған әр күнiнен салынатын өсiм берешек сомасының 1,5 процентi мөлшерiнде белгiленсiн.
Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен қаржыландырылатын мекемелер сақтандыру жарналарын аударуды кiдiрткенi үшiн өсiм төлеуден босатылады.
Бюджеттiк мекемелер осы қаулы шыққаннан кейiн төлеген сақтандыру жарналарын аударуды кiдiрткенi үшiн алынатын өсiм олардың алдағы төлемдерiнiң есебiне жатқызылады. <*>
Ескерту. 1-тармағы жаңа абзацпен толықтырылды - ҚРМК-нiң
9.12.1993 ж. N 1229 қаулысымен.
2. Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк жағынан қорғау министрлiгi Қаржы министрлiгiмен және Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттiк банкiмен бiрлесе отырып, Қазақстан Республикасы Зейнетақы қоры жарналарының төленiп, есепке алынуы және Қазақстан Республикасы Зейнетақы қоры қаржыларының жұмсалуы тәртiбiн екi ай мерзiмде әзiрлеп, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қарауына енгiзсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi