Әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары мен олардың отбасыларына қызмет еткен жылдарын есептеу, зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау және төлеу тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1993 жылғы 25 мамыр N 429. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998.08.26. N 803 қаулысымен

Күшін жойған

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      Әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары мен олардың отбасыларына қызмет еткен жылдарын есептеу, зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау және төлеу тәртiбi туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн, ол 1993 жылдың 1 ақпанынан күшiне енгiзiлсiн.
             Қазақстан Республикасының
                 Премьер-министрi
                                        Қазақстан Республикасы
                                        Министрлер Кабинетiнiң
                                        1993 жылғы 25 мамырдағы
                                           N 429 қаулысымен
                                             бекiтiлген
             Әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының
             басшы және қатардағы құрамының адамдары мен
             олардың отбасыларына қызмет еткен жылдарын
             есептеу, зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау және
             төлеу тәртiбi туралы
                              Ереже
      1. "Әскери қызметшiлердi, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары мен олардың отбасыларын зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына сәйкес зейнетақы тағайындау үшiн қызмет еткен жылдарына:
      Қазақстан Республикасының және бұрынғы КСРО-ның, Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердiң Қарулы Күштерiндегi, басқа әскерлерi мен әскери құрылымындағы және осы Достастықтың Бiрiккен Қарулы Күштерiндегi мiндеттi және контрактiлi әскери қызмет;
      бұрынғы КСРО мен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң қауiпсiздiк органдарындағы әскери қызметшiлер лауазымындағы, ал 1955 жылдың 1 қазанына дейiн - бұрынғы КСРО Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетi бекiткен лауазымдар тiзбесi бойынша жеделгер, басшы және бастықтар құрамының лауазымындағы, ал басқа лауазымдарда - әскери немесе арнайы атақ берiлген күннен бергi, 1955 жылдың 1 қазанынан бастап - әскери қызметшiлер лауазымындағы қызмет;
      Қазақстан Республикасының, бұрынғы КСРО мен Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң iшкi iстер органдарына офицерлiк, сержанттық, басшы және қатардағы құрамының - лауазымдарында (соның iшiнде тағлымгерлiк лауазымдары да бар) лауазымға тағайындалған күннен бергi қызметi;
      Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Қарулы Күштерiндегi, қауiпсiздiк және iшкi iстер органдарындағы және осы мемлекеттердiң заң шығарушы органдары құрған басқа да әскери құрамаларындағы, Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Бiрiккен Қарулы Күштерiндегi әскери қызметi. Бұл ретте, егер тиiстi халықаралық келiсiмдерде өзгеше белгiленбесе, қызмет еткен жылдары (оның iшiнде жеңiлдiктi шарттармен де) әскери қызметшiлер аумағында қызмет атқарған сол мемлекеттердiң заңдарында белгiленген тәртiппен есептеледi;
      әскери-құрылыс отрядтарында (бөлiмдерiнде) әскери құрылысшы ретiнде атқарған қызметi;
      Қазақстан Республикасының қорғанысына жәрдемдесу қоғамының оқу орындарында ұшқыштар құрамының запастағы офицерлерiне оқытылып, әскери қызметке шақырылған адамдардың практикалық ұшу дайындығында болған - 1961 жылдың 1 қаңтарынан бергi уақыты;
      халық депутаттарының Кеңестерi мен олардың органдарында, мемлекеттiк атқарушы өкiмет пен басқарудың орталық және жергiлiктi органдарында, ведомстволарда, мекемелер мен ұйымдарда әскери қызметке қалдырылған немесе iшкi iстер органдарында қызмет атқарған уақыты;
      негiзсiз қылмыстық жауапкершiлiкке тартылып, негiзсiз репрессияланған, күштеп көшiрiлген және кейiннен ақталған әскери қызметшiлердiң iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамы адамдарының қамауда, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеген және болған уақыты;
      iшкi iстер және ұлттық қауiпсiздiк органдарына штаттағы жауап алушылар мен тергеу қызметкерлерi ретiнде жұмысқа ауысқан жағдайда судьялардың, прокурорлардың, тергеушiлердiң прокуратура мен сот органдарындағы лауазымдарында жұмыс iстеген уақыты;
      мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдарында, прокуратурада, юстицияда, ғылыми-зерттеу мекемелерi мен жоғары оқу орындарында ғылыми қызметкерлер мен оқытушылар ретiнде жұмыс iстеген уақыты, сондай-ақ аспирантура мен докторантурада оқыған уақыты, және Қазақстан Республикасының Үкiметi тарапынан iшкi iстер мен ұлттық қауiпсiздiк органдарына жұмыс iстеу үшiн жiберiлгендердiң уақыты. Бұл ретте аталған санаттағы адамдарға олардың бұрынғы Қазақстан Компартиясының партиялық құрылымындарындағы стажы мен жұмыс iстеген уақыты да есептеледi;
      милицияда, еңбекпен түзеу мекемелерiнде, әскерилендiрiлген өрт күзетiнде, Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының (қоғамдық тәртiптi сақтаудың) басқа да мекемелерi мен құрамаларында офицерлiк, басшы, сержанттық және қатардағы құрамының лауазымдағылардың - лауазымға тағайындалған күннен бастап атқарған қызметi;
      Ұлы Отан соғысы кезеңiнде партизан отрядтары мен құрамаларындағы, халық жасақтарының бөлiмдерi мен құрамаларындағы қызметi;
      егер әскери қызметшi өз еркiмен тұтқынға түспесе, тұтқында болған кезiнде Отанына қарсы қылмыс жасамаса, әскери қызметшiлердiң, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамы адамдарының тұтқында, қоршауда және арнайы тергеуде болған уақыты;
      1944 жылдың 1 қаңтарынан 1951 жылдың 31 желтоқсанына дейiнгi кезеңде Украина, Белоруссия, Латвия, Литва мен Эстония аумағындағы ұлтшылдық астыртын ұйымдарды жою жөнiндегi жауынгерлiк операцияларында әскери бөлiмдер мен бөлiмшелер құрамына қатысқан уақыты;
      егер бұл адамдар iшкi iстер органдарындағы және Ұлттық қауiпсiздiк комитетiндегi қызметтерiнен өкiлдi органдардағы сайланбалы лауазымдарға депутаттар ретiнде сайлануымен байланысты қызметтен босатылып, сайланбалы лауазымдары бойынша өкiлеттiктерi аяқталғаннан кейiн қызметке қайтадан оралса, бұрынғы әскери қызметшiлердiң, басшы және қатардағы құрамы адамдарының 1973 жылдың 23 қазанынан кейiн халық депутаттары Кеңестерiнiң органдарында жұмыс iстеген уақыты;
      орманды жерлердегi еңбекпен түзету мекемелерiндегi iшкi iстер органдарына басшы және инженер-техникалық қызметкерлерi лауазымында қызметке алынғанға дейiн, басшы құрамының лауазымына алынғанға дейiн қызмет еткен жылдары үшiн сыйлықтар алуға құқысы болған, 1982 жылдың 18 наурызынан кейiнгi қызметшiлер ретiнде жұмыс iстеген уақыты қосылады.
      Қызметке 1991 жылдың 1 қаңтарына дейiн қабылданған қауiпсiздiк органдарының әскери қызметшiлерi мен iшкi iстер органдары басшы құрамының адамдарына зейнетақы тағайындау үшiн қызмет еткен жылдарын есептеудiң олар қызметке қабылданғанға дейiн партия, кеңес, кәсiподақ және комсомол органдарында жұмыс iстеген уақытын сол қызмет еткен жылдарына қосып есептеуге қатысты бұрын белгiленген тәртiбi сақталады.
      Ескерту. 1-тармақтың 10 абзацы сөздермен толықтырылды - ҚРМК-нiң
               1994 ж. 14 қараша N 1258 қаулысымен.
               1-тармаққа өзгерiстер енгiзiлген - ҚРҮ-нiң 1996.04.29.
               N 523 қаулысымен.
      2. Мiндеттi әскери қызметке және iшкi iстер органдарына запастан алынған iшкi iстер органдарының офицерлерiне, орта, аға және жоғары басшы құрамындағы адамдарға зейнетақы тағайындау үшiн олардың қызметке алынғанға дейiнгi азаматтық жоғары оқу орындарында немесе орта арнаулы оқу орындарында оқыған уақыты, бес жылға дейiнгi шегiнде - әр оқу жылы алты айға жатқызылып, қызмет еткен жылдарына қосымша есептелiнедi.
      Азаматтық жоғары оқу орындарында оқыған және студент болып жүргенде тiкелей аталған оқу орындарынан оларды бiтiргенше оқуын жалғастыру үшiн жоғары әскери-оқу орындарына қабылданған офицерлер қызметiнен босатылып, оларға зейнетақы тағайындалған кезде де оқыған уақыты қызмет еткен жылдарына осындай жолмен қосылады.
      Әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына шахталар мен кен орындарында еңбек жағдайы өте зиянды және тым ауыр жерасты жұмыстарында жұмыс iстеген уақыттары өндiрiстердiң, жұмыстардың, мамандықтардың, лауазымдар мен көрсеткiштердiң Қазақстан Республикасының үкiметi бекiткен N 1-шi тiзiмi бойынша олардың қызмет еткен жылдарына қосымша есептелiнедi.
      3. Әскери қызметте болудың шектеулi жасына келуiне дейiн және денсаулығы бойынша қызмет етуi шектелмесе де қызметтен босатылған, кейiннен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң, iшкi iстер министрлiгiнiң, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi мен әскери және арнаулы құрамаларының басқа да лауазымды адамдарының шешiмдерi бойынша қызметтен босатылуы заңсыз деп танылуына байланысты қызметтерiне қайтадан қабылданған офицерлерге, прапорщиктерге, мичмандар мен мерзiмнен тыс қызметтегi әскери қызметшiлерiне, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына қызмет еткен жылдарын айқындаған кезде зейнетақы тағайындау үшiн олардың қызмет еткен жылдарына жұмыс iстемеген кездегi қызметiнiң үзiлген уақыты қоса есептелiне алады.
      4. Әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына зейнетақы тағайындау үшiн қызмет еткен жылдарына мынадай жеңiлдiктер қосылады:
      1) iс-қимылдағы армияның айыпты бөлiмдерiнiң тұрақты құрамындағы бiр ай қызметi алты айға есептелiнедi;
      2) мына төмендегi қызметтiң бiр айы үш айға есептеледi;
      соғыс қимылдары кезеңiнде майдандағы армияның, партизан отрядтары мен құрамаларының құрамына енген әскери бөлiмдерiндегi, штабтары мен мекемелерiндегi;
      майдандағы армияның құрамына енбеген, Ұлы Отан соғысы жылдарында қаhарман-қалалар: Одессада - 1941 жылдың 10 тамызынан 16 қазанға дейiн, Ленинградта - 1941 жылдың 8 қыркүйегiнен 1944 жылдың 27 қаңтарына дейiн; Севастопольде - 1941 жылдың 5 қарашасынан 1942 жылдың 4 шiлдесiне дейiн және Сталинградта - 1942 жылдың 12 шiлдесiнен 19 қарашасына дейiн болған әскери бөлiмдердегi, штабтар мен мекемелердегi, iшкi iстер мен мемқауiпсiздiгі органдарындағы;
      майдандағы армияның құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтар мен мекемелерде алған жарақаттың, контузияның, мертiгудiң немесе сырқаттануының салдарынан емдеу мекемелерiнде емдеуде үзiлiссiз жатқан уақыты;
      1944 жылдың 1 қаңтарынан 1951 жылдың 31 желтоқсанына дейiнгi кезеңде Украина, Белоруссия, Латвия, Литва және Эстония аумағында ұлтшылдық астыртын ұйымдарды жою жөнiндегi жауынгерлiк операцияларындағы, ал осы операцияларда жарақат, контузия алып немесе мертiккен жағдайда емдеу мекемелерiнде үзiлiссiз жатқан уақыты;
      1950 жылғы қарашадан 1953 жылғы шiлдеге дейiн ұрыс қимылдарына қатысқан 64-шi шабуылшы авиация корпусының құрамында болуы;
      әскери қызметшiлер ұрыс қимылдарына қатысқан төмендегiдей басқа елдерде болған әскери бөлiмдерiндегi, штабтар мен мекемелерiндегi; 1956 жылдың 24 қазанынан 10 қарашасына дейiн - Венгрияда, 1950 жылдың маусымынан 1953 жылдың шiлдесiне дейiн - Солтүстiк Кореяда (соның iшiнде Солтүстiк Кореядағы ұрыс қимылдарына қатысқан совет әскери бөлiмдерi мен бөлiмшелерi аумағында орналасқан ҚХР-де ); 1962 жылдан 1964 жылға дейiн - Алжирде, 1962 жылдың 18 қазанынан 1963 жылдың 31 наурызына дейiн, 1967 жылғы маусым, 1968 жылы, 1969 жылдың наурызынан 1972 жылдың шiлдесiне дейiн, 1973 жылдың 5 қазанынан 1974 жылдың 31 наурызына дейiн, 1974 жылдың маусымынан 1975 жылдың ақпанына дейiн - Бiрiккен Араб Республикасында (Египет); 1962 жылдың 18 қазанынан 1963 жылдың 31 желтоқсанына дейiн, 1967 жылдың қарашасынан 1969 жылдың желтоқсанына дейiн - Йемен Араб Республикасында; 1961 жылдың қаңтарынан 1974 жылдың желтоқсанына дейiн - Вьетнамда; 1967 жылғы маусымда, 1970 жылдың наурызынан шiлдесiне дейiн, 1972 жылдың қыркүйегiнен қарашасына дейiн, 1973 жылдың қазанында - Сирияда; 1967-1969 жылдары, 1975 жылдың қарашасынан 1979 жылдың қарашасына дейiн - Мозамбикте; 1977 жылдың 9 желтоқсанынан 1979 жылдың 30 қарашасына дейiн - Эфиопияда; 1972-1973 жылдары - Бангладеште (ӘТФ кемелерi мен қосалқы кемелерiнiң жеке құрамы үшiн); 1970 жылдың сәуiрiнен желтоқсанына дейiн - Камбоджада; 1924 жылдың тамызынан 1927 жылдың шiлдесiне дейiн, 1937 жылдың шiлдесiнен 1944 жылдың қыркүйегiне дейiн, 1945 жылдың шiлдесiнен қыркүйегiне дейiн; 1946 жылдың наурызынан 1949 жылдың сәуiрiне дейiн, 1950 жылдың наурызынан мамырына дейiн (ӘҚӘ тобы үшiн, Шанхай қаласының ауданы), 1950 жылдың маусымынан 1953 жылдың шiлдесiне дейiн - Қытайда; 1960 жылдың қаңтарынан 1963 жылдың желтоқсанына дейiн, 1964 жылдың тамызынан 1968 жылдың қарашасына дейiн, 1969 жылдың қарашасынан 1970 жылдың желтоқсанына дейiн - Лаоста; 1979 жылдың 22 сәуiрiнен - Ауғанстанда болған, ал жараланған, контузия алған немесе мертiккен әскери қызметшiлерге емдеу мекемелерiнде үзiлiссiз емделуде болған уақыты;
      армиялары ұрыс қимылдарын жүргiзген немесе басқа мемлекеттерге әскери көмек көрсеткен елдердегi - осы елдерге 1961 жылдың 1 қаңтарынан 1982 жылдың 31 желтоқсанына дейiнгi кезеңде iссапарына жiберiлген ұшқыштар құрамының әскери мамандарына, олардың ұрыс қимылдарына қатысқан-қатыспағанына қарамастан;
      1949 жылдың 29 тамызынан 1963 жылдың 5 шiлдесiне дейiнгi кезеңде Семей ядролық сынақ полигонына жапсарлас аудандардағы қызметi (жұмысы);
      1986 жылдың 26 сәуiрiнен 1987 жылдың 31 желтоқсанына дейiнгi кезеңде Чернобыль АЭС-дегi аварияның зардаптарын жоюмен және адамдары көшiрiлген аймақтағы (1986 жылы тұрғындары көшiрiлген аумақта) айналадағы ортаның ластануын болғызбаумен байланысты жұмыстардағы;
      негiзсiз қылмыстық жауапкершiлiкке тартылып, негiзсiз репрессияланған, күштеп көшiрiлген және кейiннен ақталған әскери қызметшiлердiң, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамы адамдарының қамауда, бас бостандығынан айыру орындарында жазаларын өтеген және айдауда болған уақыты;
      4-тармақтың "1" және "2"-тармақшаларында көзделген жеңiлдiктер жағдайында бұрынғы КСРО Қарулы Күштерi БШ-ның тиiстi тiзбелерiне сәйкес iс-қимылдағы армияның құрамына енген әскери бөлiмдердегi, штабтар мен мекемелердегi қызметi әскери қызметшiлерге зейнетақы тағайындау үшiн қызмет еткен жылдарына мына төмендегi кезеңдердiң шегiнде есептеледi;
      - 1929 жылғы 15 шiлдеден желтоқсанның 31-iне дейiн - ҚШТЖ-да;
      - 1938 жылғы 29 шiлдеден 11 тамызға дейiн - Хасан көлiнде;
      - 1939 жылғы 11 мамырдан 16 қыркүйекке дейiн - Халкин-Гол өзенiнде;
      - 1939 жылғы қыркүйектiң 17-сiнен 28-iне дейiн-КСРО-ға Батыс Украина мен Батыс Белоруссияның қосылуы кезiнде;
      - 1939 жылғы 30 қарашадан 1940 жылғы 13 наурызға дейiн - Финляндиямен соғыста;
      - 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9(11) мамырға дейiн - фашистiк Германиямен және оның одақтастарымен болған Ұлы Отан соғысында;
      - 1945 жылғы 9 тамыздан 3 қыркүйекке дейiн - империалистiк Жапониямен соғыста болғандардың бiр ай қызметi үш айға есептеледi.
      3) Төмендегi қызметтiң бiр айы екi айға есептеледi:
      Ұлы Отан соғысы жылдарында майдандағы армияның құрамына енбеген әскери бөлiмдердегi, штабтар мен мекемелердегi, iшкi iстер және мемлекет қауiпсiздiгi органдарындағы (осы тармақтың үшiншi және бесiншi абзацтарында аталған жағдайлардан басқа);
      егер тұтқындалу өз еркiмен болмаса және әскери қызметшi тұтқында жүрiп Отанына қарсы қылмыс жасамаса, әскери қызметшiлердiң, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамы адамдарының Ұлы Отан соғысы кезеңiнде тұтқында болған уақыты;
      тиiсiнше Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi, Iшкi iстер министрлiгi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекараны күзету жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасы Iшкi әскерлерiнiң қолбасшысы, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тергеу комитетi және Республикалық ұлан белгiлеген шарттармен реактивтiк және турбовинттiк авиациядағы ұшу жұмысындағы;
      осы Ережеге N 1 қосымшаның 1-бөлiмiнде аталған бұрынғы КСРО-ның шалғай жерлерiндегi;
      осы Ережеге N 2 және N 4 қосымшада аталған, осы қосымшада көрсетiлген кезеңдерде - iшкi iстер жүйесiнiң кәсiпорындары мен ұйымдарындағы;
      армиялары ұрыс қимылдарын жүргiзген немесе басқа мемлекеттерге әскери көмек көрсеткен елдердегi - осы елдерге 1961 жылғы 1 қаңтардан 1982 жылғы 31 желтоқсанға дейiнгi кезеңде мамандар ретiнде (ұшқыштар құрамынан басқа) iссапарларына жiберiлген әскери қызметшiлерге, олардың ұрыс қимылдарына қатысқан-қатыспағанына қарамастан;
      теңiз деңгейiнен 2500 метр және одан да биiк асқар таулы жерлерде: әскери қызметшiлер үшiн - 1976 жылғы 1 қаңтардан бастап, ал iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары үшiн - 1985 жылдың 1 мамырынан бастап;
      осы Ереженiң N 4 қосымшасына сәйкес сүңгуiр қайықтарда: тиiсiнше Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi, Iшкi iстер министрлiгi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекараны күзету жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасы Iшкi әскерлерiнiң қолбасшысы, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тергеу комитетi белгiлеген шарттармен 1986 жылғы 1 қаңтардан бастап қысымы жоғары су астында немесе барокамераларда ұзақ уақыт болу жағдайында атқаратын сүңгiгiштер лауазымындағыларға;
      алапес және оба ауруларына қарсы мекемелердегi, иммунитет тапшылығы вирустарын жұқтырған немесе СПИД-ке шалдыққандарды емдеу жөнiндегi жұқпалы аурулар мекемелерiндегi қызметiнiң (жұмысының) бiр айы екi айға есептелiнедi.
      4) Төмендегi қызметтiң бiр айы бiр жарым айға есептеледi:
      мемлекеттiк органдардың шешiмдерiне сәйкес құрылған арнаулы әскери құрамалардағы қызметi;
      тиiсiнше Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi, Iшкi iстер министрлiгi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекараны күзету жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасы Iшкi әскерлерiнiң қолбасшысы, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тергеу комитетi және Республикалық ұлан белгiлеген шарттармен авиациядағы ұшу жұмысындағы;
      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi бекiткен мерзiмдерде су бетiндегi атом кемелерiндегi;
      су астындағы сүңгуiр қайықтарында - олар сапта болған кезеңдегi;
      әскери миналарды сүзiп алу кезiнде мина сүзушi кемелердегi;
      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi белгiлеген шарттармен 1952 жылғы 22 қаңтардан бастап сапта болған сүңгуiр қайықтар құрамаларының басқармаларындағы және әскери миналарды сүзу кезiнде мина сүзушi кемелер құрамаларындағы;
      барлық атаулары мен мамандықтарындағы (осы тармақтың "З" тармақшасында көрсетiлген сүңгiгiштерден басқасы) сүңгiгiштер лауазымдарындағы;
      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi, Iшкi iстер министрлiгi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi мен Республикалық ұланы белгiлеген жылдық нормаларды орындау кезiнде мiндеттерiн орындау үнемi парашютпен секiрумен байланысты лауазымдардағы;
      Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Iшкi iстер министрлiгi белгiлеген шарттармен бөлiмшелердiң, лауазымдардың тiзбелерi бойынша 1991 жылғы 1 қаңтардан бастап iшкi әскерлер ұлттық қауiпсiздiк органдарының, iшкi iстер органдарының арнайы мақсаттағы бөлiмшелерiндегi;
      осы Ережеге N 1 қосымшаның II-бөлiмiнде аталған және сол бөлiмде көрсетiлген мерзiмдердi ескере отырып - Ресей Федерациясының жекелеген жерлерiндегi;
      осы Ережеге N 1 қосымшаның III-бөлiмiнде аталған, сол бөлiмде көрсетiлген мерзiмдердi ескере отырып - Орта Азия мен Қазақстанның климаттық жағдайлары ауыр жерлерiндегi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының экологиялық апат аймақтарындағы;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын қорғау жөнiнде қызмет атқарып жүрген заставалардағы, постылардағы, комендатуралардағы, БЖП-i бөлiмшелерiндегi, ауысылымдары бар маневрлiк топтардағы, кемелер мен катерлердегi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi бекiткен тiзбе бойынша аталған Ереженiң N 3 қосымшасына сәйкес 1976 жылғы I қаңтардан бастап шекара әскерлерiнiң басқа да бөлiмшелерiндегi; ал аталған күнге дейiн - заставалардағы, комендатуралардағы және бұрынғы КСРО-ның мемлекеттiк шекарасында орналасқан шекаралық әскерлердiң оларға теңестiрiлген бөлiмшелерiндегi, егер зейнетақы үшiн қызмет еткен жылдарын есептегенде осы жерлерде атқарған қызметiн есептеудiң бұдан да жеңiлдiгi артық жағдайы белгiленбесе, осы Ережеге N 3 қосымшада аталған жерлерде сапта болған және мемлекеттiк шекараны тiкелей қорғаған теңiздегi шекаралық кемелер мен катерлердегi;
      1968 жылғы 22 қарашадан бастап сапта болған дизельдi-электр сүңгуiр қайықтардың екiншi экипаждарының құрамындағы;
      Мурманск облысында болған кезiнде корабльдер мен кемелердi Солтүстiк теңiз жолымен орнын ауыстыру жөнiндегi ерекше мақсаттағы экспедицияның құрамында болып, экспедиция аяқталғаннан кейiн баруға тиiстi портқа және тұрақты қызмет орындарына оралғанда - 1971 жылғы 22 қазаннан бастап;
      теңiз деңгейiнен 1500 метр және одан да жоғары биiк таулы жерлердегi (2500 метр және одан да жоғары биiк жерлердегi қызметтен басқасы): iшкi iстер органдарының әскери қызметшiлерi үшiн - 1973 жылғы I сәуiрден бастап, басшы және қатардағы адамдар үшiн 1985 жылғы I мамырдан бастап;
      теңiз деңгейiнен 1000-нан 1500 метрге дейiн биiк таулы жерлердегi, ал айрықша жағдайларда - тиiсiнше Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi, Iшкi iстер министрлiгi және Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекараны күзету жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасы Iшкi әскерлерiнiң қолбасшысы, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тергеу комитетi бекiткен әскери бөлiмдер мен мекемелердiң, iшкi iстер органдарының тiзбелерi бойынша 1988 жылғы 1 қаңтарынан бастап одан төмен жерлердегi;
      1974 жылғы 8 шiлдеден бастап Байкал-Амур темiр жолы арнасы мен БАМ - Тында-Беркакит темiр жолы бағытындағы құрылыстар болған және қызмет көрсеткен (құрылыс жүрген кезеңдегi) темiр жол және iшкi әскерлердiң әскери бөлiмдерiндегi, iшкi iстер органдарындағы;
      1975 жылғы 10 наурыздан бастап Байкал-Амур темiр жолы арнасының Шимановская стансасындағы құрылыс индустриясы кәсiпорындарының кешенi құрылысында болған темiр жол әскерлерiнiң әскери бөлiмдерiндегi;
      1975 жылғы 1 шiлдеден бастап Байкал-Амур темiр жолы арнасы мен БАМ - Тында-Беркакит темiр жолы желiсiн салуда қызмет көрсеткен қауiпсiздiк органдарындағы;
      бұрынғы КСРО Байланыс министрлiгiне берiлген және 1976 жылғы 29 шiлдеден бастап Байкал-Амур темiр жолы арнасы трассасының бойымен радиорелелiк байланыс желiлерiнiң құрылысында болған бөлiмдер мен әскери-құрылыс отрядтарындағы;
      1977 жылғы 4 шiлдеден бастап Тюмень облысы Ханты-Манси автономиялық округiнiң аумағындағы Сургут-Уренгой темiр жол желiсi учаскесiнiң құрылысында болған темiр жол әскерлерiнiң әскери бөлiмдерiндегi;
      1979 жылғы 23 тамыздан бастап Байкал-Амур темiр жолы құрылысында болған бұрынғы КСРО Қорғаныс министрлiгiнiң әскери бөлiмдерiндегi, құрамаларындағы, кәсiпорындары мен ұйымдарындағы;
      1980 жылғы 28 ақпаннан бастап Байкал-Амур темiр жолы арнасының жасанды ғимараттарын күзеткен iшкi iстер әскерлерiнiң бөлiмшелерi мен әскери бөлiмдерiндегi және аталған арнаға жақын аудандарда мемлекет қауiпсiздiгiн қамтамасыз еткен қауiпсiздiк органдарындағы;
      1980 жылғы 1 қаңтардан бастап қорғаныстық тұғырлар құрылыстарының жауынгерлiк есептемелер құрамында нығайтылған аудандарында жауынгерлiк кезекшiлiктерiн атқарып жүрген (атқарған) әскери қызметшiлерге;
      1988 жылғы 1 қаңтардан 1990 жылғы 31 желтоқсанға дейiнгi кезеңде Чернобыль АЭС-iндегi апаттың зардаптарын жоюмен және халқы көшiрiлген аймақтағы (1986 жылы халық көшiрiлген аумақта) айналадағы ортаның ластануын болғызбаумен байланысты жұмыстардағы;
      1963 жылғы 6 шiлдеден 1992 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi кезеңде Семей ядролық сынақ полигонына iргелес аудандардағы қызметi (жұмысы);
      1988 жылғы 1 сәуiрден бастап Ресей Федерациясының қаратопырақты емес аймағында автомобиль жолдарын салу мен қайта жаңарту жұмыстарында болған жол-құрылыс бөлiмдерiндегi және оларды қамтамасыз етушi бөлiмдердегi;
      кезеңдерiн тиiсiнше Қазақстан Республикасының және бұрынғы КСРО-ның Қорғаныс министрлiгi, Iшкi iстер министрлiгi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекараны күзету жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасы Iшкi әскерлерiнiң қолбасшысы, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тергеу комитетi белгiлеген, жаппай қоғамға жат қылықтармен байланысты төтенше жағдайларда қоғамдық тәртiптi қорғау мен мемлекет қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi орындаушы құрамалардағы, әскери бөлiмдер мен бөлiмшелердегi, iшкi iстер органдарындағы қызметiнiң бiр айы бiр жарым айға есептелiнедi;
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.04.29.
               N 523 қаулысымен.
      5. Құпия: 1. КСРО МХҚ-нiң 1991 жылғы 12 қыркүйектегi
                   N 153 бұйрығына қосымша.
                2. КСРО IIМ-нiң 1991 жылғы 3 қаңтардағы N 8
                   бұйрығы мен КСРО IIМ-нiң 1967 жылғы 12
                   қыркүйектегi N 225қ-нұсқауына қосымша.
      6. Iс-қимылдағы армияның әскери бөлiмдерiнiң, штабтары мен мекемелерiнiң әскери қызметшiлерiне, Ұлы Отан соғысы жылдарында тұтқында болған әскери қызметшiлерге, Чернобыль АЭС-iндегi апат зардаптарын жою жөнiндегi жұмыстарға қатысқан және Семей ядролық сынақ полигонына iргелес аудандарда қызмет атқарған немесе негiзсiз қылмыстық жауапкершiлiкке тартылған яки қуғын-сүргiнге ұшыраған әскери қызметшiлерге көзделген қызмет ету жылдарын жеңiлдiктi жағдайда есептеуге жататын кезеңдерден басқа, мiндеттi қысқа мерзiмдi әскери қызметi зейнетақы тағайындау үшiн қызмет еткен жылдарына күнтiзбелiк есептеу бойынша қосылады.
      7. Әскери қызметте контрактi бойынша болған әскери қызметшiлерге, әскери қызметке солдаттар, матростар, сержанттар мен старшиналар қатарына ерiктi түрде қабылданған әйелдерге осы қаулының 4-тармағындағы "З" және "4" тармақшаларында және 5-тармақта көрсетiлген қызмет кезеңдерi тиiстi жеңiлдiкпен зейнетақы тағайындау үшiн олардың қызмет еткен жылдарына 1976 жылғы 5 тамызынан бастап қана қосылады.
      8. Әскери қарсы барлау бөлiмi офицерлерiнiң, прапорщиктерiнiң, мичмандар мен мерзiмнен тыс қызметтегi әскери қызметшiлердiң өздерi қызмет көрсететiн әскери бөлiмдер мен құрамалардың әскер құрамымен бiрдей жағдайдағы қызметi зейнетақы тағайындау үшiн олардың қызмет еткен жылдарына осы әскери бөлiмдер мен құрамалардың әскери қызметшiлерiне есептелетiн сондай жеңiлдiктi жағдаймен қосылады.
      9. Жеңiлдiктi жағдайда зейнетақы тағайындағанда қызмет еткен жылдарына есептеу үшiн қызметтiң белгiлi бiр кезеңiне екi немесе одан да көп негiздер болған кезде жеңiлдiгi көбiрек негiз бойынша қызмет еткен жылдары есептеледi. Бұрынғы қолданылған заңдарға сәйкес зейнетақы тағайындау үшiн есептелген қызмет еткен жылдары осы Заң күшiне енгенге дейiн мөлшерiн азайту үшiн қайтадан қаралмайды.
      10. Зейнетақылар ақшалай үлестiң мынадай түрлерiнен есептеледi: жұмыстан босатылар алдындағы соңғы штаттық лауазымды еңбекақысынан (соның iшiнде сақталғанынан да), әскери немесе арнайы атағы бойынша еңбекақыдан, қызмет еткен жылдарына проценттiк үстемеден, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi мен Iшкi iстер министрлiгi белгiлейтiн азық-түлiк сыбағасы құнының айлық сомасынан және тұрақты сипаттағы ақшалай үлестiң қосымша түрлерiнен (арттыру, қосымша ақы, үстеме ақы) есептеледi.
      1). Әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына зейнетақы олар қызметтен босаған күнiне дейiн төленетiн ақшалай үлес сомасынан, ал "Әскери қызметшiлердi, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары мен олардың отбасыларын зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы күшiне енгенге дейiн қызметтен босағандар әскери қызметшiлердiң, басшы және қатардағы құрамы адамдарының 1993 жылғы 1 ақпанға дейiн олардың тиiстi санаттары үшiн белгiленген ақшалай үлес сомасымен есептеледi.
      2). Ұшу жұмыстарынан, сүңгуiр қайықтардан (су асты крейсерлерiнен), су асты атом кемелерiнен (соның iшiнде су үстi атом кемелерiне және су асты атом крейсерлерiне қызмет көрсеткен кемелерiне және су асты атом крейсерлерiне қызмет көрсеткен қауiпсiздiк органдарының офицерлерiне, екiншi экипаждар мен жасалып жатқан крейсерлердiң экипаждарын қоса алғанда), мина сүзетiн кемелерден денсаулығына немесе жасына байланысты еңбекақысы аз лауазымға ауыстырылған офицер құрамы адамдарына қызмет еткен жылдары үшiн зейнетақы тағайындауға құқық беретiн ауыстырылған қызмет еткен жылдары бар адамдарға зейнетақы зейнеткерлердiң қалауы бойынша қызмет ауыстырғанға дейiнгi соңғы штаттық лауазымы бойынша еңбекақысынан есептеледi. Iшкi iстер органдарының офицерлiк және басшы құрамындағы полковник әскери атағындағы немесе милиция полковнигi немесе iшкi iстер қызметiнiң полковнигi арнайы атағындағы, сондай-ақ, оларға тең және жоғары дәрежелердегi адамдарға зейнетақы, егер олар қызмет мүддесi үшiн осыған ұқсас себептермен және жағдайлармен лауазымынан ауыстырылғанда және ауыстырылғанға дейiн осы лауазымда кемiнде үш жыл iстесе және ауыстырылған күнге қызмет еткен жылдары үшiн зейнетақы алуға құқығы бар болса дәл осы тәртiппен есептеледi.
      3). Қазақстан Республикасының өкiлдi және атқарушы органдарына, ведомстволарға, мекемелер мен ұйымдарға iссапарға жiберiлiп, осы органдардың қызметкерлерiне белгiленген тәртiппен және сол мөлшерде еңбекақылар алған офицерлерге iшкi iстер органдары басшы құрамының адамдарына зейнетақы қызметте жүрген офицерлер мен құрамдағы адамдардың тиiсiнше осыған ұқсас лауазымдары бойынша лауазымдық еңбекақылары негiзге алынып есептеледi;
      4). Мерзiмдi әскери қызметтен немесе iшкi iстер органдарындағы қызметтен әскери оқу орнын, iшкi iстер министрлiгiнiң оқу орнын бiтiргеннен кейiн немесе запаста жүргенiнен әскерге шақырылудан кейiн штаттағы лауазымына кiрiскенге дейiн босатылған офицерлерге, iшкi iстер органдарының орта, аға және жоғары басшы құрамындағы адамдарына зейнетақы осы қаулының 10-тармағында көзделген тәртiппен, оларға жұмыстан босатылған күнге төленген ақшалай үлестiң сомасынан есептеледi.
      5). Басқа корабльдердегi, кемелердегi немесе жағалаудағы әскери бөлiмдердегi тиiсiнше тең дәрежедегi қызметтерге ауысқан күнге дейiн алып келген лауазымдық еңбекақылары сақтала отырып, атом сүңгуiр крейсерлерiнiң, қосалқы атомдық энергетикалық қондырғылармен жабдықталған атом сүңгуiр қайықтары мен дизельдi сүңгуiр қайықтардың ауыстырылған мичмандары мен мерзiмiнен тыс қызметтегi әскери қызметшiлерiне зейнетақы сақталған лауазымдық еңбекақыдан әскери қызметтен босатылатын күнге дейiн төленiп келген осы тармақта көзделген тәртiппен есептеледi.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi- ҚРҮ-нiң 1996.04.29.
               N 523 қаулысымен.
 
      11. Қызметтен босатылар алдында шалғай жерлерде қызмет еткенi үшiн жоғарылатылған еңбекақы алып келген әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына зейнетақы лауазымдық еңбекақыларының 15 процентiнен артпайтындай болып есептеледi.
      Әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына запаста жүрген кезеңiнде берiлген кезектi әскери немесе арнайы атақтар оларға бұрын тағайындалған зейнетақыларды қайта қарау үшiн негiз бола алмайды.
      12. Қайтыс болған (қаза тапқан) әскери қызметшiлердiң, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамы адамдарының отбасы мүшелерiне тағайындалатын зейнетақы асыраушысына зейнетақы есептелуге жататын ақшалай үлестiң тиiстi түрлерiнен ереженiң 10-тармағында көзделген тәртiппен есептеледi. Бұл ретте осы ереженiң 10-тармағының "2"-тармақшасы қолданылмайды.
      Аталған әскери қызметшiлер, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамы адамдары тарапынан қайтыс болған зейнеткерлердiң отбасыларына зейнетақы асырушысының өзiне есептелген (қайта есептелген) немесе қайта есептеуге жатқан ақша үлесiнен есептеледi (осы ереженiң 10-11 тармақтары).
      Экологиялық апаттар, Чернобыль апатына және ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен және осы аудандарда тұратын әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына жататын зейнеткерлерге зейнетақы тағайындаудың жеңiлдiк жағдайлары қолданылып (Заңның 9-бабы), бұрын қабылданған нормативтiк актiлерге сәйкес белгiленген зейнетақыға үстемелер мен қосымша ақылар төленсiн.
      13. Қазақстан Республикасы немесе бұрынғы КСРО әлеуметтiк қамсыздандыру туралы келiсiмдер (шарттар) жасасқан Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң және өзге де мемлекеттердiң әскери қызметшiлерiне, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына, сондай-ақ аталған әскери қызметшiлердiң, басшы және қатардағы құрамы адамдарының отбасыларына Қазақстан Республикасында зейнетақы тағайындағанда немесе зейнетақы төлеудi қайта жалғастырғанда, зейнетақылар Қазақстан Республикасы әскери қызметшiлерiнiң, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамы адамдарының тиiстi санаты үшiн Қазақстан Республикасының заңдары белгiлеген ақшалай үлестен осындай қызмет жағдайында және осы Ереженiң 10-12-тармақтарында көзделген басқа да тең жағдайларда есептелсiн.
      14. Сол жерлерде тұрған кезеңiнде жұмысшылар мен қызметшiлердiң еңбекақысына коэффициенттер тағайындалған жерлерде тұратын әскери қызметшiлердiң, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамы адамдары қатарынан зейнеткерлерге зейнетақы (соның iшiнде тағайындалатын ең төменгi мөлшердегiсi де), сондай-ақ зейнетақыларға үстемелер мен зейнетақыны көтеру де осы жерлерде өндiрiстiк емес саланың жұмысшылары мен қызметшiлерi үшiн белгiленген тиiстi аудандық коэффициентiн қолдану арқылы есептеледi.
      15. Әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына бұрын тағайындалған зейнетақылар Заңның 55-бабында белгiленген мерзiмдерде әскери қызметшiлерге, басшы және қатардағы құрамы адамдарына тиiстi ақшалай үлес сомасынан қайта есептеледi. Бұл ретте зейнетақының мөлшерi қызметте жүрген әскери қызметшiлердiң, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамы адамдарының ақшалай үлесi көбейтiлген күннен арттырылады.
      16. Қазақстан Республикасының қызметтен босаған әскери қызметшiлерiне, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамы адамдарына бiржолғы және демалыс жәрдемақылары төмендегiдей тәртiп пен мөлшерде:
      - кемiнде 10 жыл қызмет еткен және науқастығы, денсаулығының нашарлауы және штаттың қысқартылуы бойынша босатылғандарға - ақшалай үлесiнiң 5 айлық еңбекақысы, ал әскери қызметшiнiң атына кiр келтiретiн әрекеттер жасағаны үшiн және заңды күшiне енген соттың айыптау үкiмiне байланысты босатылғандардан басқа өзге де негiздер бойынша - ақшалай үлестiң 2 айлық еңбекақысы;
      - 10 жылдан астам қызмет еткендерге "Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң мәртебесi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төленедi.
      Әскери қызметшiнiң немесе басшы, қатардағы құрамның атына кiр келтiретiн әрекеттер жасағаны үшiн немесе қылмыс жасағаны үшiн (соның iшiнде шартты түрде сотталуына байланысты) сотталуына байланысты қызметтен босатылған әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамы адамдарына бiр жолғы немесе демалыс жәрдемақысы төленбейдi. Сондай-ақ iшкi iстер органдарына қызметке ауыстырылуына байланысты мiндеттi әскери қызметтен босатылған әскери қызметшiлерге және осы органдардан мiндеттi әскери қызметке қабылданған iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына бiр жолғы немесе демалыс жәрдемақысы төленбейдi.
      17. Қызметтен жасы, штаттың қысқартылуы немесе денсаулығының нашарлауы бойынша зейнетақыға құқық берiлмей босатылған офицерлерге, iшкi iстер органдарының орта, аға және жоғары басшы құрамының адамдарына (осы тармақтың екiншi абзацында көрсетiлгеннен басқа) босатылған кезiнде бiр жолғы немесе демалыс жәрдемақы төлеумен бiрге қызметтен босатылған күннен бастап бiр жыл бойына әскери немесе арнайы атағы бойынша еңбекақысы төленуi сақталады. Бұл ретте егер қызметте жүрген әскери қызметшiлерге және iшкi iстер органдарының басшы құрамы адамдарына көрсетiлген мерзiм iшiнде әскери немесе арнайы атағы бойынша еңбекақы арттырылса, қызметтен босағанына бiр жыл өткенге дейiн офицерлерге, iшкi iстер органдарының орта, аға және басшы құрамының адамдарына олар қызметтен босағаннан кейiн бiр жыл өткенге дейiн сол еңбекақыларының мөлшерi де тиiсiнше арттырылады.
      Қызметтен босар алдында Қазақстан Республикасының өкiлдi және атқарушы органдарында, ведомстволарда, мекемелер мен ұйымдарда еңбек еткен және босағаннан кейiн бұрынғы жұмысында қалған офицерлер мен iшкi iстер органдарының орта, аға және жоғары басшы құрамының адамдарына, сондай-ақ 2-3 жылға шақыру бойынша мiндеттi әскери қызметте жүрген офицерлерге де қызметтен босаған күннен бастап бiр жыл бойына әскери немесе арнайы атағы бойынша еңбекақы төленбейдi.
      Ескерту. 17-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.04.29.
               N 523 қаулысымен.
      18. Осы Ереженiң 16-тармағында көзделген бiр жолғы және демалыс жәрдемақылары мыналарға:
      офицерлер мен iшкi iстер органдарының орта, аға және жоғары басшы құрамындағы адамдарға - штаттағы соңғы лауазымы, қызметтен босаған күнге дейiнгi әскери немесе арнайы атағы бойынша төленетiн еңбекақыдан, қызмет еткен жылдарына проценттiк үстемеден, ал халық депутаттары Кеңестерiнде және олардың органдарында, мемлекеттiк өкiмет пен басқарудың орталық және жергiлiктi органдарында, ведомстволарда, мекемелер мен ұйымдарда жұмыс iстеуге iссапармен жiберiлген, қызметтен босар алдында осы органдардың қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртiппен және сол мөлшерде жалақы алып келген адамдарға - қызметтен, лауазымнан босатылар күнге дейiн алып келгендей белгiленген лауазымдық еңбекақыдан;
      мерзiмнен тыс әскери қызметтiң, контрактi бойынша әскери қызметтiң прапорщиктерiне, мичмандарына және әскери қызметшiлерiне, iшкi iстер органдарының кiшi басшылықтағы және қатардағы құрамының адамдарына - штаттағы соңғы лауазымы, қызметтен босаған күнге дейiнгi әскери немесе арнайы атағы бойынша төленетiн еңбекақыдан және қызмет еткен жылдарына проценттiк үстемеден, ал әскери немесе арнайы атағы бойынша еңбекақы алмағандарға - қызметтен босар күнге дейiнгi лауазымы бойынша төленетiн лауазымдық жалақысынан есептелсiн.
      19. Әскери қызметшiлер, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары қатарынан зейнеткерлiкке шығып, жұмыс iстемейтiндерге және олардың отбасы мүшелерiне бала туғандағы жәрдемақы, кәмелетке толмаған балаларға жәрдемақы және олардың асырауындағы қайтыс болған отбасы мүшелерiн жерлеуге жәрдемақы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мөлшерде төленсiн.
      20. Әскери қызметшiлер, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамы адамдарының қатарында болған зейнеткер қайтыс болған жағдайда оны жерлеу үшiн марқұмның отбасына зейнеткер қайтыс болған күнге дейiн төленiп келген екi айлық зейнетақының көлемiнде, бiрақ есептiк көрсеткiштiң төрт еселенген мөлшерiнен кем емес, жәрдемақы төленсiн.
      Қайтыс болған зейнеткердi оның отбасы мүшелерiне қатысты емес бөгде адамдар жерлеген жағдайда оларға осы тармақтың бiрiншi абзацында көрсетiлген мөлшерде жерлеуге кеткен нақты шығындардың орны толтырылады.
      Егер жерлеу мемлекет есебiнен өткiзiлген болса, жерлеуге тиiстi жәрдемақы төленбейдi.
      ЕСКЕРТУ. 20-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.08.09.
               N 987 қаулысымен.
      21. Әскер қызметшiлер, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары қатарынан қайтыс болған зейнеткерлердiң отбасы мүшелерiне асыраушысынан айырылуына байланысты, зейнетақы тағайындалуына қарамастан, мынадай бiр жолғы жәрдемақы: жұбайына (зайыбына) қайтыс болған күнге дейiн төленiп келген асыраушының үш айлық зейнетақысы мөлшерiнде және отбасының әрбiр еңбекке жарамсыз мүшесiне бiр айлық зейнетақы мөлшерiнде төленедi.
      Осы тармақта көзделген бiр жолғы жәрдемақының мөлшерiн анықтағанда жәрдемақы алуға хақылы отбасы мүшелерiнiң құрамына: жұбайы (зайыбы), оның жасы мен жұмысқа жарамды-жарамсыздығына қарамастан, 18 жасқа толмаған немесе одан жоғары, 18 жасқа толып, мүгедек болып қалған балалары немесе асыраушысы қайтыс болған күнге дейiн күндiзгi оқу орындарында оқып жүрген және 23 жасқа толмаған балалары; марқұмның асырауындағы ата-аналары; жасы 60-тағы ерлер, 55-тегi әйелдер немесе мүгедек болып қалғандар қосылады.
      22. Әскери қызметi немесе iшкi iстер органдарында қызмет атқару кезiнде жарақаттану, контузия алу, мертiгу немесе ауруы салдарынан I және II топтағы мүгедектерi болып табылатын әскери қызметшiлер, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары қатарынан санаторийлерге емделуге дiлгер зейнеткерлер, сондай-ақ III топтағы соғыс мүгедектерi болып табылатын әскери қызметшiлер қатарынан жұмыс iстемейтiн зейнеткерлер, алатын зейнетақыларының түрлерiне қарамастан, санаторийлiк жолдамалармен тегiн қамтамасыз етiледi.
      23. Соғыс мүгедектерi болып табылатын әскери қызметшiлер, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары қатарынан зейнеткерлерге санаторийлiк жолдаманың орнына (өз қалауы бойынша) екi жылда бiр рет мына мөлшерде: I және II топтағы мүгедектерге - екi еселенген мөлшерде және III топтағы мүгедектерге - бiр мәрте мөлшерде, ал Заңның 24-бабының 2-тармағында көрсетiлген себептермен I және II топтағы мүгедектерге - жасына байланысты ең аз мөлшердегi зейнетақының мөлшерiнде ақшалай өтемақы төленедi.
      24. Санаторийлiк жолдамалар алумен санаторийге барып-қайту жолақыларын төлеу Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң, Iшкi iстер министрлiгi мен Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекараны күзету жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң, Iшкi әскерлер Қолбасшысының смета бойынша бөлiнген қаражаты шегiнде белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
      Зейнеткерлерге санаторийлiк жолдамалар медициналық көрсеткiштер негiзiнде, кезектiлiктi қатаң сақтай отырып, жылына бiр рет қана облыстық әскери комиссариат, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекараны күзету жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң, Iшкi әскерлер Қолбасшысының, Iшкi iстер министрлiгiнiң зейнеткерлiк органдары тарапынан берiледi.
      Ескерту. 24-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.04.29.
               N 523 қаулысымен.
      25. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң, Iшкi iстер министрлiгi мен Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекараны күзету жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң, Iшкi әскерлер Қолбасшысының сметасы бойынша қаражат бөлiнiп, ол мұқтаж зейнеткерлерге жылына бiр рет айлық зейнетақы мөлшерiнде бiр жолғы ақшалай көмек беруге, қайтыс болған әскери қызметшiлердiң, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамы адамдарының балалары үшiн сауықтыру шараларын өткiзуге және асыраушысы қайтыс болуы жөнiнде зейнетақылар төленетiн зейнеткерлерге және зейнеткерлердiң балалары үшiн пайдаланылады.
      Ескерту. 25-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.04.29.
               N 523 қаулысымен.
 

                                       N 1 қосымша



 
              Офицерлердiң, прапорщиктердiң, мичмандардың
             және мерзiмнен тыс әскери қызметшiлердiң,
             iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы
             құрамдағы адамдарының қызметi зейнетақы
             тағайындау үшiн жеңiлдiкпен және қызмет еткен
             жылдарына есептелетiн Ресей Федерациясының
             шалғай жерлерiнiң
                             Тiзбесi
      1. Қызметтiң бiр айы екi айға - жеңiлдiктi жағдайларда қызмет еткен жылдарына есептелетiн шалғай жерлер:
      Куриль аралдарында және Беринг теңiзi аралдарында - 1945 жылғы 14 қыркүйектен;
      Охот теңiзi аралдарында: әскери қызметшiлер үшiн - 1949 жылғы 25 маусымнан, ал iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамдағы адамдары үшiн - 1970 жылғы 1 қаңтардан;
      Моржовец аралында: әскери қызметшiлер және iшкi iстер органдары басшы құрамындағы адамдар үшiн (милициядан басқа) - 1949 жылғы 25 маусымнан; ал милицияның адам құрамы үшiн - 1970 жылғы 1 қаңтардан;
      Солтүстiк Мұзды мұхит аралдарында әскери қызметшiлер үшiн - 1954 жылғы 30 тамыздан, ал iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы адамдары үшiн - 1970 жылғы 1 қаңтардан;
      Архангельск облысында - Поляр шеңберiнен солтүстiкке қарай Ненецк автономиясы округiнiң жерлерiнде: әскери қызметшiлер және iшкi iстер органдары басшы және қатардағы құрам адамдары үшiн (милициядан басқа) - 1949 жылғы 25 маусымнан, ал милицияның адам құрамы үшiн - 1970 жылғы 1 қаңтардан:
      Коми Республикасында - Поляр шеңберiнен солтүстiкке қарай жерлерде: әскери қызметшiлер, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамдағы адамдары үшiн (милиция басқа) - 1949 жылғы 25 маусымнан, ал милицияның адам құрамы үшiн - 1970 жылғы 1 қаңтардан;
      Тюмень облысында - Поляр шеңберiнен солтүстiкке қарай Ямал-Ненецк автономиялы округiнiң жерлерiнде, халық депутаттары Салехард Кеңесiнiң әкiмшiлiк бағынысындағы аумақ пен Салехард қаласында: әскери қызметшiлер, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамдағы адамдары үшiн (милициядан басқа) - 1949 жылғы 25 маусымнан, ал милицияның адам құрамы үшiн - 1970 жылғы 1 қаңтардан;
      Краснояр өлкесiнде - Таймыр (Долгано-Ненецк) автономиялы округiнде, Поляр шеңберiнен солтүстiкке қарай Эвенк автономиялы округi және Турухан ауданының жерлерiнде: әскери қызметшiлер, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамы адамдары үшiн (милициясы) - 1949 жылғы 25 маусымнан, ал милицияның жеке құрамы үшiн - 1970 жылғы 1 қаңтардан;
      Якутия Республикасында - Поляр шеңберiнен солтүстiкке қарай жерлерде: әскери қызметшiлер, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамдағы адамдары үшiн (милициядан басқа) - 1949 жылғы 25 маусымнан, ал милицияның адам құрамы үшiн - 1970 жылғы 1 қаңтардан;
      Магадан облысында - Чукот автономиялық округiнде және бұған дейiн Камчатка облысының Красноярск автономиялы округiнiң құрамына кiрген Солтүстiк-Эвенк ауданының аумақтарында - 1945 жылғы 14 қыркүйектен, Магадан облысының қалған аумақтарында: әскери қызметшiлер үшiн - 1949 жылғы 25 маусымнан, ал iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамдағы адамдары үшiн - 1953 жылғы 17 желтоқсаннан;
      Камчатка облысында - 1945 жылғы 14 қыркүйектен;
      Хабаров өлкесiнде - Охот, Аян-Майск және Тугур-Чумикан аудандарында: әскери қызметшiлер, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамдағы адамдары үшiн (милициядан басқа) - 1949 жылғы 25 маусымнан; ал милицияның адам құрамы үшiн - 1970 жылғы 1 қаңтардан.
 
             2. Жеңiлдiк жағдайларда қызметiнiң бiр айы
                қызмет еткен жылдарына бiр жарым айға
                есептелетiн шалғай жерлер
      Мурманск облысында: әскери қызметшiлер, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамдағы адамдар үшiн (милициядан басқа) - 1949 жылғы 25 маусымнан, ал Мурманск қаласында - 1951 жылғы 30 сәуiрден, милицияның адам құрамы үшiн - 1970 жылғы 1 қаңтардан,
      Карелия Республикасында - Беломор, Калевала, Кемск, Костомуш , Лоух, Медвежьегорс, Муеаерск, Сегеж, Суояр аудандарында және Костомуш қаласында -1988 жылғы 1 қаңтардан;
      Костомуш ауданы Калевала ауданының құрамынан бөлiнген.
      Архангельск облысында - Виноградовск, Лешуконск, Мегенск, Новодвинск , Пинежск, Онежск, Плесецк, Приморск, Соловецкий және Холмогор аудандарында, халық депутаттары Северодвинск қалалық Кеңесiнiң әкiмшiлiк бағынысындағы аумақ пен Архангельск, Новодвинск және Онега, Северодвинск қалаларында, Поляр шеңберiнiң оңтүстiгiне қарай Ненецк автономиялық округi жерлерiнде - 1988 жылғы 1 қаңтардан; Вернетоемский және Ленский аудандарында - 1992 жылғы 1 шiлдеден бастап;
      Новодвинск және Соловецкий аудандары Приморск ауданының құрамынан бөлiнген.
      Қалмақ Республикасында - Октябрь ауданында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
      Коми Республикасында (осы тiзбенiң 1-шi бөлiмiнде көрсетiлген жерлерден басқа) - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
      Тюмень облысында - осы тiзбенiң 1-бөлiмiнде көрсетiлген жерлерден басқа Ямал-Ненецк автономиялық округiнде: әскери қызметшiлер үшiн - 1969 жылғы 7 тамыздан, ал iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамдағы адамдары үшiн - 1970 жылғы 1 қаңтардан, Ханты-Мансийск автономиялық округiнде - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
      Алтай өлкесiнде - Таулы-Алтай автономиялық облысының Оңгудай, Улаганск, Усть-Канск, Усть-Коксинск және Шебалинскi аудандарында - 1988 жылғы 1 қаңтардан;
      Томск облысында - Александровский, Бакчарский, Верхнекетский, Каргосокский, Колпашевский, Кривошеинский, Молчановский, Парабельский, Тегульдетский және Чайнский аудандарында, Колпашево және Стрежовой қалаларында, Томск ауданының Итатке поселкесiнде - 1988 жылғы 1 қаңтардан;
      Краснояр өлкесiнде - Поляр шеңберiнiң оңтүстiгiне Эвенк автономиялы округi мен Турухан ауданы жерлерiнде, Солтүстiк-Енисей ауданында: әскери қызметшiлер үшiн - 1969 жылғы 7 тамыздан бастап, ал iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамдағы адамдары үшiн - 1970 жылғы 1 қаңтардан бастап, Богучанский, Енисейский, Кежемский және Мотыгинский аудандарында, халық депутаттарының Лесосибирск қалалық Кеңесiнiң әкiмшiлiк бағынысындағы аумақ пен Енисей және Лесосибирск қалаларында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
      Тува Республикасында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
      Иркутск облысында - Катанг ауданында: әскери қызметшiлер үшiн - 1969 жылғы 7 тамыздан, ал iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамдағы адамдары үшiн - 1970 жылғы 1 қаңтардан, облыстың қалған аумағында: әскери қызметшiлер үшiн - 1985 жылғы 1 қаңтардан; ал iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары үшiн - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
      Якутия Республикасында (осы тiзбенiң 1-шi бөлiмiнде көрсетiлген жерлерден басқа): әскери қызметшiлер үшiн - 1969 жылғы 7 тамыздан, ал iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамдағы адамдары үшiн - 1970 жылғы 1 қаңтардан бастап;
      Бурятия Республикасында, Чита және Амур облыстарында: әскери қызметшiлер үшiн - 1985 жылғы 1 қаңтардан, ал iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамдағы адамдары үшiн - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
      Приморск өлкесiнде - Самарги өзенiнен солтүстiкке қарай Тернейск ауданының аумағында: әскери қызметшiлер мен iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары (милициядан басқа) үшiн - 1949 жылғы 25 маусымнан бастап, ал милицияның жеке құрамы үшiн - 1970 жылғы 1 қаңтардан бастап; өлкенiң қалған аумағында: әскери қызметшiлер үшiн - 1985 жылғы 1 қаңтардан бастап, ал iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары үшiн - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
      Хабаровск өлкесiнде - Ванинск, Николаевск, Кеңес-Гаваны және Ульчск аудандарында, Амурдағы Николаевск және Кеңес-Гаваны қалаларында: әскери қызметшiлер мен iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары (милициядан басқа) үшiн - 1949 жылғы 25 маусымнан бастап, ал милицияның жеке құрамы үшiн - 1970 жылғы 1 қаңтардан бастап, өлкенiң қалған аумағында: әскери қызметшiлер үшiн - 1985 жылғы 1 қаңтардан бастап, ал iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары үшiн - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
      Сахалин облысында - Сахалин аралында - 1945 жылғы 14 қыркүйектен бастап, Монерон аралында - 1980 жылғы 1 қарашадан бастап.
 
             3. Қазақстан мен Орта Азияның климат жағдайы ауыр
                жерлерiнде қызмет еткен жылдар мынадай
                жеңiлдiкпен - бiр ай қызметi бiр жарым айға
                есептеледi (бұрынғы КСРО-ның шешiмдерiмен
                қабылданған):
                             Қазақстан Республикасы /
                /Қазақстан Республикасы бойынша жеңiлдiктер
                облыстар бойынша жеңiлдiк алған аудандарды қайта
                қарағанша күшiнде болады.
      Ақтөбе облысында - Байғанин, Мұғаджар аудандарында - 1988 жылғы 1 қаңтардан;
      Алматы облысында - Жамбыл, Iле, Кеген, Нарынқол, Талғар, Ұйғыр және Еңбекшiқазақ аудандарында - 1985 жылғы 1 қаңтардан, ал қалған аумақта - 1988 жылдан бастап;
      Шығыс Қазақстан облысында - Зайсан, Қатонқарағай, Күршiм, Марқакөл және Тарбағатай аудандарында - 1985 жылғы 1 қаңтардан бастап;
      Атырау облысында - Махамбет ауданында - 1985 жылғы 1 қаңтардан, ал облыстың қалған аумағында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
      Махамбет ауданының құрамына бұрынғы Балықшы ауданының аумағы кiрген.
      Жамбыл облысында - Қордай , Мойынқұм аудандарында және Жаңатас қаласында - 1985 жылғы 1 қаңтардан, ал Талас, Свердлов және Шу аудандарында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
      Қордай ауданының құрамына бұрынғы Красногор ауданының аумағы кiрген.
      Жезқазған облысында - Ағадыр және Жездi аудандарында, Қаражал қаласында және халық депутаттары Жезқазған қалалық Кеңесiнiң Жайрем поселкесiнде - 1985 жылғы 1 қаңтардан; ал облыстың қалған аумағында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап; Қарағанды облысында - Мичурин және Қарқаралы аудандарында 1985 жылғы 1 қаңтардан, ал Егiндiбұлақ және Нұра аудандарында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
      Қарқаралы ауданының Қарағайлы поселкесi бұрын Талды ауданының құрамына кiрген.
      Қызылорда облысында - Шиелi ауданында - 1985 жылғы 1 қаңтардан; ал облыстың қалған аумағында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
      Көкшетау облысында - Володар ауданында - 1985 жылғы 1 қаңтардан бастап;
      Маңғыстау облысында - Ерәлиев ауданында, Жаңа өзен, Форт-Шевченко және Ақтау (Шевченко) қалаларында - 1985 жылғы 1 қаңтардан, ал Бейнеу мен Маңғыстау аудандарында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
      Ерәлиев ауданы, Жана Өзен, Форт-Шевченко және Шевченко қалалары бұған дейiн бұрынғы Маңғышлақ облысының құрамына, ал кейiннен - Гурьев облысының (қазiргi Атырау) құрамына кiрген.
      Павлодар облысында - Май ауданында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
      Семей облысында - Ақсуат, Аягөз, Жарма, Мақаншы, Шұбартау аудандарында және Аягөз қаласында - 1985 жылғы 1 қаңтардан; ал Абай, Бесқарағай, Жаңа Семей (Семей қаласын қоспағанда) және Таскескен аудандарында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
      Талдықорған облысында - Алакөл, Андреев, Бөрлiтөбе, Гвардия , Қапал, Киров, Сарқант, Талдықорған (Талдықорған қаласын қоспағанда), Панфилов аудандарында және Текелi қаласында - 1985 жылғы 1 қаңтардан бастап;
      Гвардия ауданының құрамына бұрынғы Кербұлақ ауданының аумағы кiрген.
      Торғай облысында - Державин және Жақсы аудандарында - 1985 жылғы 1 қаңтардан; ал Арқалық қаласында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
      Державин және Жақсы аудандары сондай-ақ Целиноград облысының (қазiргi Ақмола) құрамына кiрген.
      Арқалық қаласы сондай-ақ Қостанай облысының құрамына кiрген.
      Ақмола облысында - Сiлетi және Вишнев аудандарында - 1985 жылғы 1 қаңтардан; ал Қорғалжың-1) және Целиноград аудандарында (Ақмола қаласын қоспағанда) - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
      1) Қорғалжың ауданының құрамына бұған дейiн Қарағанды облысындағы Теңiз ауданы аумағының бiр бөлiгi кiрген.
      Батыс Қазақстан облысында - Жанкелдi, Тайпақ және Орда аудандарында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
      Оңтүстiк Қазақстан облысында - Созақ, Сарыағаш аудандарында және Түркiстан қаласында - 1985 жылғы 1 қаңтардан; ал Сарыағашта - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
      Халық депутаттары Ленинск қалалық Кеңесiнiң әкiмшiлiк бағынысындағы аумағы мен Ленинск қаласында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап.
 
                    Қырғызстан Республикасы
      Ыстықкөл облысының Ақсу, Атбашы және Жетiөгiз аудандарында, Ош облысының Алай және Кеңес аудандарында - 1985 жылғы 1 қаңтардан; ал Ош облысының тоғыз тарау ауданында , Москва және Панфилов аудандарында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап.
      Ыстықкөл облысының Атбашы ауданы және Ош облысының Тоғыз тарау ауданы бұған дейiн бұрынғы Нарын облысының құрамына кiрген.
      Куляб облысының Дангари, Ленинград, Москва және Пархар аудандары, сондай-ақ Қорғантөбе облысының Жиликул, Кободиен, Қумсанғыр, Пянджин, Шаартуз және Яван аудандары бұрынғы Хатлон облысының құрамына кiрген.
 
                    Тәжiкстан Республикасы
      Таулы Бадахшан облысында, Куляб облысының Дангарин, Ленинград, Москва және Пархар аудандарында .
      Ашхабад ауданы (бұрынғы Гуяр ауданының аумағын қосқанда), Бахарден, Көк-тепе, Каахкин, Серах және Теджен аудандары бұған дейiн бұрынғы Ашхабад облысының құрамына кiрген, Қазандық және Красноводск аудандары, қызыл-Арбат ауданы (бұрынғы Қара-қала ауданының аумағын қоса) және Қызыл-атрек ауданы) бұрынғы Ғасан-көлi ауданының аумағын қоса) бұған дейiн бұрынғы Красноводск облысының, ал бұрынғы Достлук ауданы Чарджоу облысының құрамына кiрген.
 
                    Түркiменстан Республикасы
      Мары облысында, Меркен және Шаршанғын аудандарында, Керч қаласында және Чарджоу облыстық халық депутаттары Чарджоу қалалық Кеңесiнiң Нефтезаводск поселкесiнде .
 
                    Өзбекстан Республикасы
      Бұхар облысы Қаған ауданының Қарауылбазар қаласында, Қашқадария облысындағы Мүбәракта, Самарқан облысының Қаттақорған және Советабад аудандарында, Зарафшан және Үшқұдық қалаларында, Бұхар облысының халық депутаттары Зарафшан қалалық Кеңесiнiң Бесаспан поселкесiнде және халық депутаттары Үшқұдық қалалық Кеңесiнiң Көкпетас поселкесiнде , Ангор, Гагарин, Жарқорған, Термез және Шерабед аудандарында, Сурхандария облысының Термез қаласында - 1985 жылғы 1 қаңтардан, ал республиканың қалған аумағында (Ташкент қаласын қоспағанда) - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап.
      Зарафшан және Үшқұдық қалаларын бұған дейiн бұрынғы Науаи облысының құрамына, ал кейiннен Самарқанд облысының құрамына кiрген.
      Қазақстан Республикасының, Түркiменстан Республикасының және Әзiрбайжан Республикасының әкiмшiлiк бағыныстарындағы Арал теңiзiнiң, сондай-ақ Каспий теңiзiнiң аралдарында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап.
      Ескерту: 1. Осы тiзбеде көрсетiлген тиiстi аудандардың
                  аумағындағы облыстық немесе республикалық
                  бағыныстағы қалаларда қызметiн өтеушi әскери
                  қызметшiлер, iшкi iстер органдарының басшы
                  және қатардағы құрамының адамдары зейнетақыға
                  қызмет еткен жылдарына жеңiлдiкпен есептеу хұқын
                  жалпы негiзде пайдаланады (тiзбеде көрсетiлген
                  жағдайлардан басқа).
               2. Тiзбеде көрсетiлген тиiстi аудандардың
                  аумақтарындағы қалаларда қызметiн өтеушi әскери
                  қызметшiлерi, iшкi iстер органдарының басшы және
                  қатардағы құрамның адамдары осы қалалар кейiннен
                  облыстық немесе республикалық бағыныстағы
                  қалаларға жатқызылғанда зейнетақыға қызмет еткен
                  жылдарын жеңiлдiкпен есептеу құқын жалпы негiзде
                  пайдаланады.
                                        N 2 қосымша
             Iшкi iстер органдары басшы және қатардағы
             құрамдағы адамдарының 1970 жылғы қаңтардың
             1-iне дейiнгi қызметiне жеңiлдiктi жағдайларда
             зейнетақы тағайындау үшiн қызмет еткен жылдарына
             есептелетiн жерлер мен мекемелердiң
                          Тiзбесi
      1. 1970-шi жылғы қаңтардың 1-iне дейiн жеңiлдiк жағдайларында қызмет өткерген жылдарына бiр ай қызметi екi айға есептелетiн жерлер мен мекемелер:
      Камчатка облысында, бұрын Камчатка облысы Коряк автономиялы округiнiң құрамына кiрген Магадан облысының Солтүстiк-Эвенк ауданы аумағында, Магадан облысының Чукотка автономиялы округiнде, Куриль аралдарында және Беринг теңiзi аралдарында - 1945-шi жылғы қыркүйектiң 14-iнен;
      Поляр шеңберi бойынша оңтүстiк шекарамен қоса алғанда Чукот түбегiнен Канин түбегiне дейiн Солтүстiк Мұзды мұхит жағалауында, Түмен облысындағы Ямал-Ненецк автономиялы округiнiң Салехард қаласында және Салехард халық депутаттары қалалық Кеңесiне әкiмшiлiк бағыныстағы аумақта, Хабаров өлкесiнiң Охот, Аян-Майск және Тугур-Чумиканск аудандарында және Моржовец аралында - 1949 жылғы маусымның 25-iнен (милициядан басқа);
      КСРО Iшкi iстер министрлiгiнiң Қиыр Шығыс құрылысы жүйесiнде - 1945 жылғы қазанның 29-ы кезеңiнен (Ванино қолтығында - 1947 жылғы ақпанның 17-сiнен) 1953 жылғы наурыздың 18-iне дейiн; ал КСРО Түстi металлургия министрлiгi жүйесiнде қызметтерiн жалғастырған Қиыр Шығыс құрылысының басшы және қатардағы құрамдағы адамдары үшiн - КСРО Iшкi iстер министрлiгi кадрларынан босағанға дейiн, бiрақ 1954 жылғы желтоқсанның 31-iне дейiннен ұзақ емес;
      Магадан облысында (бұрын Камчатка облысы Коряк автономиялы округiнiң құрамына кiрген Чукот автономиялы округiнiң Солтүстiк-Эвенк ауданы аумағынан басқа) - 1953 жылғы желтоқсанның 17-сiнен;
      1945 жылғы желтоқсанның 30-ы кезеңiнен Печорск көмiр бассейнiнде және Ухтинск комбинатында 1945 жылғы желтоқсанның 30-ынан бастап Қиыр Солтүстiк ауданына жатқызылған және оған теңестiрiлген жерлер аумақтарында - 1970 жылғы қаңтардың 1-iне дейiнгi мерзiмге дейiн (көрсетiлген күннен кейiн тек Поляр шеңберiнен солтүстiкке қарай орналасқан аумақтарда); Қиыр Солтүстiк ауданына жатқызылмаған және оларға теңестiрiлген жерлерде, - жеңiлдiктер күшi тоқталған күнге дейiн, бiрақ 1959 жылғы шiлденiң 1-iне дейiннен ұзақ емес;
      Солтүстiк-Печорск темiр жол арнасы құрылысында және оны пайдалануда 1946 жылғы сәуiрден мына мерзiмдерге дейiн: Қиыр Солтүстiк ауданына жатқызылған және оған теңестiрiлген жерлер аумақтарында, - жеңiлдiктер күшi тоқтатылған күнге дейiн, бiрақ 1970 жылғы қаңтардың 1-iне дейiннен ұзақ емес (көрсетiлген күннен кейiн - Тек Поляр шеңберiнен солтүстiкке орналасқан аумақтарда); Қиыр Солтүстiк аудандарына жатқызылмаған және оған теңестiрiлген жерлер аумақтарында - жеңiлдiктер күшi тоқтатылған күнге дейiн, бiрақ 1959 жылғы шiлденiң 1-iне дейiннен ұзақ емес;
      Норильск комбинатында - 1946 жылғы маусымның 1-iнен;
      501-шi құрылыста және ГУЛДЖС темiр жол құрылысының Солтүстiк басқармасында - 1947 жылғы сәуiрдiң 22-iнен бастап 1953 жылғы наурыздың 18-iне дейiн; ал 501 құрылыста және ГУЛЖДС темiр жол құрылысының солтүстiк басқармасында жұмыстарын жалғастырған басшы және қатардағы құрамдағы адамдары үшiн - КСРО Iшкi iстер министрлiгi кадрларынан босаған күнге дейiн, бiрақ 1954 жылғы желтоқсанның 31-iне дейiннен ұзақ емес;
      503-шi құрылыста - 1948 жылғы сәуiрдiң 14-i кезеңiнен 1953 жылғы наурыздың 18-iне дейiн, ал 503-шi құрылыста жұмыстарын жалғастырған басшы және қатардағы құрамдағы адамдары үшiн - КСРО Iшкi iстер министрлiгi кадрларынан босаған күнге дейiн, бiрақ 1954 жылғы желтоқсанның 31-iне дейiннен ұзақ емес.
      Самарги өзенiнен солтүстiкке қарай Примор өлкесiнiң Терней ауданы, Ванинск, Николаевск, Кеңестiк Гавань және Ульча аудандарында, Хабаров өлкесiнiң Амурдағы-Николаев және Кеңестiк Гавань қалаларында, Мурманск облысында (аумақтық милициядан басқа) - 1949 жылғы маусымның 25-iнен; ал Мурманск қаласында 1951 жылғы сәуiрдiң 30-ынан.
                                        N 3 қосымша
             1976 жылғы қаңтардың 1-iне дейiн офицерлерге,
             прапорщиктерге, мичмандарға және мерзiмнен тыс
             қызметтегi әскери қызметшiлерге жеңiлдiк жағдайлармен
             зейнетақы тағайындау үшiн шекара қызметiнiң
             бiр айы бiр жарым айға есептелетiн жерлердiң
                          Тiзбесi
      Бұрынғы КСР Одағының Поляр шеңберiнiң солтүстiгiнде, Түркiстанда, Находка қаласы мен одан әрi Татар бұғазы және Охот теңiзi жағалауларымен солтүстiкке қарай Жапон теңiзi жағалауларында, Чукотск автономиялы округiнде, Камчатка және Сахалин облыстарында, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағының Грузиядағы, Армениядағы, Әзiрбайжандағы, Тәжiкстандағы, Қырғызстандағы, Қазақстандағы, Бурятиядағы, Тувадағы, Таулы-Алтай автономиялы облысындағы және Чита облысындағы мемлекеттiк шекарасында теңiз деңгейiнен 1500 метр және одан да жоғары биiк таулы аудандарда орналасқан заставалар, комендатуралар және шекара әскерлерiнiң оларға теңестiрiлген бөлiмшелерi (шекара бекеттерi, техникалық байқау бекеттерi, бақылау радиостанциялары және бақылау-өткiзу пункттерi).
      Баренц, Жапон, Охот, Беринг теңiздерiнде және Тынық мұхитта қызмет атқарған шекара теңiз корабльдерi және катерлерi.
      Ескерту: Егер көрсетiлген жерлерде 1945 жылғы қыркүйектiң
               14-iнен кейiн қызмет есептеудiң мейлiнше жеңiлдiк
               жағдайлары белгiленсе, олардағы шекара қызметi
               тиiстi мерзiмдерден бастап осындай мейлiнше
               жеңiлдiк жағдайлармен есептеледi.
                                        N 4 қосымша
             Офицерлер құрамындағы адамдарға, прапорщиктерге,
             мичмандарға және мерзiмнен тыс қызметтiң әскери
             қызметшiлерiне, iшкi iстер органдарының басшы
             және қатардағы құрамының адамдарына зейнетақы
             мен жәрдемақы тағайындау және төлеу үшiн қызмет
             еткен жылдарын есептеудiң
                          Тәртiбi туралы
      1. Офицерлер құрамындағы адамдарға, прапорщиктерге, мичмандарға және мерзiмнен тыс әскери қызметшiлерге жеңiлдiк жағдайларында қызмет еткен жылдарының:
      бiр айы бiр жарым айға;
      Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң тiкелей қосынды қызмет атқаратын жеделгер құрамына, сондай-ақ арнайы мақсаттағы бөлiмшелерде қызмет атқаратын барлаушы әйелдерге - Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Төрағасы белгiлеген шарттар мен мерзiмдердегi бөлiмшелер мен лауазымдар тiзбесi бойынша есептелсiн.
      2. Осы қаулының 3-шi тармағында көрсетiлген қызмет кезеңдерiнен басқа; офицерлер құрамындағы адамдарға, прапорщиктерге, мичмандарға және мерзiмнен тыс әскери қызметшiлерге зейнетақы тағайындау үшiн қызмет еткен жылдарына бiр айы екi айға сондай-ақ мына қызметi:
      атом суасты крейсерлерiнде, атом сүңгуiр қайықтарында, қосымша атом энергетикалық қондырғылармен жабдықталған дизельдi сүңгуiр қайықтарда және арнайы энергетикалық қондырғылары бар сүңгуiр қайықтарында (соның iшiнде екiншi экипаждардың және жасалынып жатқан атом суасты крейсерлерiнiң және атом сүңгуiр қайықтары экипаждарының құрамында). Бұл ретте қосымша атом энергетикалық қондырғылармен жабдықталған атом крейсерлерiндегi, атом сүңгуiр қайықтарындағы және дизельдi сүңгуiр қайықтарындағы қызмет экипажды оқу орталығында оқытудан бастап жеңiлдiк жағдайларында қызмет еткен жылдарына есептеледi, ал оқытылуға жатпаған әскери қызметшiлерге суасты крейсерiнiң (қайықтың) реактор жұмысының басталуынан есептеледi. Тұйық цикл бойынша жұмыс iстейтiн булы-газды турбиналық қондырғылар мен дизельдi сүңгуiр қайықтарындағы қызметi олардың сапта болған кезеңiнен жеңiлдiк жағдайда қызмет еткен жылдарына есептеледi, ал аталған энергетикалық қондырғылармен жасалып жатқан қайықтарда - зауытта жүру сынағынан бастап есептеледi. Атом суасты крейсерлерiне (екiншi экипаждарын және жасалып жатқан крейсерлер экипаждарын қосқанда) қызмет көрсеткен Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң айрықша бөлiмдерi офицерлерiнiң қызметi 1977 жылғы 24 наурыздан нақ осындай ретпен жеңiлдiктi жағдайларда есептеледi;
      ауыр атомдық суасты крейсерлерiнiң техникалық экипаждары құрамында, атом крейсерлiк және үлкен атомдық сүңгуiр қайықтарының және атомдық терең су қабатындағы стансалардың (салынып жатқандарын қосқанда) аталған корабльдер мен стансаларда нақты қызмет атқарған уақыты үшiн - 1981 жылғы 13 қарашадан басталған кезеңге есептеледi. Бұл ретте салынып жатқан ауыр атомдық суасты крейсерлерiне, крейсерлiк атом және үлкен атомдық сүңгуiр қайықтарына және атомдық терең су қабатындағы стансаларға қызмет ететiн техникалық экипаждар құрамындағы қызмет корабль (станса) реакторы жұмыс iстей бастауынан бұрын емес жеңiлдiк жағдайда қызмет еткен жылдарына есептеледi, ал 705-шi жобадағы атом сүңгуiр қайықтарының техникалық экипаждары құрамындағы қызмет - 1970 жылғы 14 қыркүйектен бұрын емес ретте есептеледi.
      3. Осы ереженiң 4-тармағында аталған қызмет кезеңдерiнен басқа, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына зейнетақы тағайындау үшiн қызмет еткен жылдарына жеңiлдiк жағдайлар:
      қызметiнiң бiр айы бiр жарым айға: iшкi iстер органдарының барлаушы әйелдерiне - Iшкi iстер министрлiгi белгiлеген лауазымдар тiзбесi бойынша және шарттармен 1991 жылғы 1 қаңтардан бастап; 205/2/080
      егер әскери қызметшi оқу орталығында оқығаннан кейiн реактор жұмысқа қосылмаған атом крейсерiне немесе атом сүңгуiр қайығына қызмет атқару үшiн жiберiлсе, осы корабльдердегi қызмет кезегi реактор жұмысы басталған күннен жеңiлдiк жағдайда қызмет еткен жылдарына есептеледi.
      қызметiнiң бiр айы 1,25 айға:
      iшкi iстер органдарының барлаушы әйелдерiне - Iшкi iстер министрлiгi белгiлеген лауазымдар тiзбесi бойынша және шарттармен 1965 жылғы 1 қыркүйектен 1990 жылғы 31 желтоқсанға дейiнгi кезеңде есептелiнедi.