Қазақстан Республикасы қаржы-экономика техникумдарының бағыныстылығы туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 1993 жылғы 19 мамыр N 399

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының қаржы, салық және кеден қызметiн қайта құру туралы" 1992 жылғы 12 қарашадағы N 963 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қаржы, салық iсi, бухгалтерлiк есеп, кеден қызметi және басқа нарық экономикасының мамандықтары саласында кадр даярлау жөнiндегi бiрiншi кезектегi шараларды жүзеге асыру мақсатында Ақмола және Семей қаржы-экономика техникумдары Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгiнiң қарамағының алынып, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң тiкелей бағыныстылығына берiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Ақмола және Семей қаржы-экономика техникумдарын ұстауға қажеттi қаражат бөлетiн болсын.
      3. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Республиканың арнаулы орта оқу орындарының бағыныстылығы туралы" 1992 жылғы 8 мамырдағы N 417 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 1992 ж., N 19, 310 бап) бекiтiлген, бұрын одақтық бағыныста болған және Қазақстан Республикасының министрлiктерiне берiлген арнаулы орта оқу орындарының тiзбесiнен Семей және Целиноград қаржы-экономика

техникумдары шығарылсын.
     4. Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң Бiрiншi
орынбасарының 1992 жылғы 18 мамырдағы N 7-7 өкiмiнiң 1-тармағының
үшiншi абзацы мен 2-тармағы екiншi абзацының күшi жойылған деп
танылсын.
      
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi