Шығыс-Азия туристiк одағы туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 13 мамыр 1993 ж. N 388

Қолданыстағы
      Иран, ҚХР, Қырғызстан, Монғолия, Пәкiстан, Өзбекстан және Қазақстан Республикасының арасындағы халықаралық туристiк байланыстарды нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Иран, ҚХР, Қырғызстан, Монғолия, Пәкiстан, Өзбекстан және Қазақстан Республикасы туристiк кәсiпорындарының және ұйымдарының осы мемлекеттердiң арасындағы халықаралық туристiк байланыстарды дамыту жөнiндегi Шығыс-Азия туристiк одағын құру ШАТО-ның штаб-пәтерi мен банкiн Қазақстан Республикасының астанасы Алматы қаласында орналастыру туралы ұсынысы қабылдансын.
      2. Шығыс-Азия туристiк одағына бiрiншi Ассамблея мен жәрмеңкенi Қазақстан Республикасының астанасы Алматы қаласында 1993 жылғы мамырдың 19-нан дейiн өткiзуге рұқсат етiлсiн.
      3. Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес Шығыс-Азия туристiк одағына Қазақстан Республикасының аумағында сыртқы экономикалық қызметтi жүзеге асыру құқы берiлсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Қаржы министрлiгi және Ұлттық банкi Шығыс-Азия туристiк одағының қызметi бойынша барлық өзара есеп айырысулардың соммен және тұрлаулы валютамен (шетел фирмаларымен - АҚШ долларымен, швейцар франкiмен және немiс маркасымен) жүзеге асырылатынын еске алсын.
      5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Iшкi iстер министрлiгi Шығыс-Азия туристiк одағына Қазақстан Республикасының аумағында есеп айырысу және валюталық шоттарын ашуына жәрдемдессiн.
      6. Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгi Шығыс-Азия туристiк одағына баспа-ақпараттық қызметтi ұйымдастыруға рұқсат етсiн және жәрдем көрсетсiн.
      7. Алматы қаласының әкiмi Шығыс-Азия туристiк одағына қаланың орталық бөлiгiнен алаңы 100 шаршы метр уақытша үй-жай берсiн және штаб-пәтер мен банктiң құрылысын жүргiзуге жер учаскесiн бөлсiн.
      8. Қазақстан Республикасының Байланыс министрлiгi Шығыс-Азия туристiк одағын 15 абонентке арналған телефон байланысымен қамтамасыз етсiн.
      9. "Қазконтракт" республикалық контракт корпорациясының Шығыс-Азия туристiк одағы үшiн үш жеңiл автомобиль, бiр микроавтобус және компьютерлiк техниканың үш жиынтығын алсын.
      10. Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволары, облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi Шығыс-Азия туристiк одағының республика аумағында халықаралық туристiк байланыстарды дамытуға бағытталған халықаралық конгрестер, кеңестер, жәрмеңкелер және басқа шараларды өткiзуiне барынша қолдау көрсетсiн.
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-министрi