Жастарға арналған әлеуметтiк қызмет құру туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 3 мамыр 1993 ж. N 340

Қолданыстағы
      "Қазақ КСР-дегi мемлекеттiк жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының Заңын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Жастардың рухани дүниесiнiң, дене бiтiмiнiң жан-жақты дамуына, кәсiби даярлығына қажеттi экономикалық, әлеуметтiк, құқылық жағдай жасап, олардың интеллектуалды және шығармашылық әлеуетiн жүзеге асыруға мүмкiндiк туғызу мақсатында республиканың қалалық және аудандық деңгейiнде жастарға арналған әлеуметтiк қызметтi құру орынды болады деп саналып, Жастарға арналған әлеуметтiк қызметтiң жұмысы жергiлiктi бюджет қаржылары, кәсiпорындардың, қоғамдық ұйымдардың, жеке адамдардың ерiктi түрде жасайтын аударымдары, сондай-ақ өзiнiң шаруашылық есептегi қызметiнен алатын табысы есебiнен қаржыландырылсын.
      2. Жастарға арналған әлеуметтiк қызмет туралы Ереже бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
      3. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi, Еңбек министрлiгi, Бiлiм министрлiгi, Денсаулық сақтау министрлiгi, Мәдениет министрлiгi, Жастар iсi жөнiндегi мемлекеттiк комитетi және олардың жергiлiктi жерлердегi бөлiмшелерi қалалық және аудандық деңгейде Жастарға арналған әлеуметтiк қызметтi құру үшiн қажеттi шаралар қолданатын болсын.
      4. Жергiлiктi әкiмдерге Жастарға арналған әлеуметтiк

қызметтiң құрылымын анықтау, штат кестесiн бекiту, орналастыру 
және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерiн шешу 
ұсынылсын.
     5. Қазақстан Республикасының Жастар iсi жөнiндегi мемлекеттiк
комитетi мен оның жергiлiктi жерлердегi бөлiмшелерiне Жастарға
арналған әлеуметтiк қызметтiң жұмысын үйлестiру, сондай-ақ осы
қаулының орындалуын бақылау жүктелсiн.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                       1993 жылғы 3 мамырдағы
                                          N 340 қаулысымен
                                             Бекiтiлген
     
            Жастарға арналған Әлеуметтiк қызмет туралы
                           Ереже
     


      1. Осы Ереже "Қазақ КСР-дегi мемлекеттiк жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрленген және Жастарға арналған әлеуметтiк қызметтiң (бұдан былай - Әлеуметтiк қызмет) негiзгi мiндеттерiн, функциясы мен құқықтарын анықтайды.
      2. Әлеуметтiк қызмет заңды ұйым болып табылады, құқықтармен пайдаланады және өз қызметiне байланысты мiндеттердi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс шегiнде орындайды.
      Әлеуметтiк қызметтiң дербес балансы және банктерде есепшоттары болады.
      3. Өз жұмысында Әлеуметтiк қызмет Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң шешiмдерiн, Қазақстан Республика Жастар iсi жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң қаулыларын, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
      4. Әлеуметтiк қызмет қалалық және аудандық әкiмшiлiктердiң жанынан құрылады.
      Әлеуметтiк қызметтiң жұмысына жастар iсi жөнiндегi комитеттер, еңбек және жұмыспен қамту органдары, бiлiм беру, мәдениет, денсаулық сақтау мекемелерi, құқық қорғау органдары қатысады, сондай-ақ кәсiподақ, жастар ұйымдары, қоғамдық және дiни бiрлестiктер қатыса алады.
      5. Әлеуметтiк қызметтi ұйымдастырудың мақсаты - жастардың

рухани дүниесiнiң, дене бiтiмiнiң дамуына, кәсiби даярлығына
қажеттi экономикалық, әлеуметтiк, құқылық жағдай жасап, олардың
интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетiн жүзеге асыруға, 
сондай-ақ жастар саясатын орындау саласында туындайтын 
проблемаларды жедеғабыл шешуге мүмкiндiк туғызу.
     6. Әлеуметтiк қызмет мынадай функцияларды:
     кәмелетке толмаған және басқа жас азаматтарға 
психологиялық-педагогикалық, заңгерлiк көмек көрсету мен кеңес 
берудi;
     жас отбасыларына, оқушы жастарға әлеуметтiк көмек көрсетудi;
     еңбек, оқу ұжымдарында жастарды құқылық қорғауды;
     жастардың құқыққа қарсы iс-әрекеттерiнiң алдын алуды;
     бас бостандығынан айыру орындарынан және арнайы тәрбиелеу
мекемелерiнен қайтқан жас азаматтарды әлеуметтiк қалпына 
келтiрудi (оңалтуды);
     жастардың кәсiпкерлiк қызметiн қолдау мен дамытуды;
     жастардың өзiн-өзi басқару нысандарын дамытуға, олардың
бос уақыттарын мазмұнды ұйымдастыруға көмектесудi жүзеге асырады.
     7. Әлеуметтiк қызметке:
     жастарға арналған ақпарат орталықтары;
     жастардың еңбек биржалары;
     әлеуметтiк-психологиялық көмек пункттерi;


      үйдегi шиеленiс ахуалынан кетiп қалған немесе белгiлi бiр тұрақты мекенжайы жоқ жасөспiрiмдер мен жастарға арналған жатақханалар-жетiмханалар;
      психологиялық қолдау клубтары және мүгедектерге арналған оңалту орталықтары;
      жастардың спорттық, демалыс және мәдениет бiрлестiктерi;
      бас бостандығынан айыру орындарынан қайтқан жас азаматтарды қайта бейiмдеу орталықтары кiре алады.
      8. Жастарға арналған Әлеуметтiк қызметтiң өзге бөлiмшелерi жергiлiктi қажеттiлiкке және оның ерекшелiгiне қарай құрылуы мүмкiн.
      9. "Қазақ КСР-дегi мемлекеттiк жастар саясаты туралы" Заңның 17, 19-баптарына сәйкес Әлеуметтiк қызметтiң жұмысы жергiлiктi әкiмшiлiктердiң тiкелей басшылығымен жүзеге асырылады.
      10. Әлеуметтiк қызмет жұмысына әлеуметтiк қызметкерлер ретiнде педагогикалық, медициналық, психологиялық, экономикалық, заңгерлiк бiлiмi және жастармен жұмыс iстеу тәжiрибесi бар адамдар жiберiледi.
      Аталған қызметкерлер контракт негiзiнде жұмысқа алынады.
      11. Өз жұмысын қамтамасыз ету үшiн Жастарға арналған әлеуметтiк қызметтiң:
      өндiрiстiк және шаруашылық қызметпен шұғылдануға;
      меншiгiнде үй-жайлар, ғимараттар, көлiк құралдары, жабдықтар және басқа мүлiк болуына;
      қайырымдылық концерттерiн, конкурстарын, лотереяларын, байқауларын және басқаларын өткiзiп, олардан түскен қаржыны жастардың әлеуметтiк проблемаларын шешуге жұмсауға;
      меншiктiң барлық нысандарындағы кәсiпорындармен, қоғамдық ұйымдармен және жеке азаматтармен шарттық қатынас орнатуға;
      белгiленген тәртiппен өз кәсiпорындарын, мекемелерiн және ұйымдарын құруға және оларды қайта ұйымдастыруға;
      филиалдар, уақытша шығармашылық және басқа ұжымдар құруға;
      мемлекеттiк басқару құрылымдарынан өз қызметiн жүзеге асыруға қажеттi ақпарат алуға;
      төрелiк немесе аралық соттарда талапкер немесе жауапкер болуға;
      баспа қызметiн жүзеге асыруға;
      жұмыс iстеу, оқу, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн көтеру үшiн шет елдерге жiберуге құқығы бар.
      12. Жастарға арналған әлеуметтiк қызмет;
      жас азаматтарға тегiн қызмет көрсетуге (ақылы қызмет көрсету нысандары әдетте ұжымдық пайдаланушылармен арнаулы шарттарда көзделедi);
      мезгiл-мезгiл жергiлiктi әкiмшiлiк алдында өзiнiң шаруашылық, қаржылық және басқа қызметi туралы есеп берiп отыруға;
      әлеуметтiк қызметтiң клиенттерi туралы құпия ақпаратты олардың келiсiмiнсiз таратпауға мiндеттi.
      13. Әлеуметтiк қызметтiң қаржысын қалыптастыру көздерi:
      жергiлiктi бюджеттерден бөлiнген қаржы;
      ерiктi жарналар және қайырымдылық қайырмалдықтары;
      кәсiпорындардың, ұйымдардың және жеке азаматтардың, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес өткiзiлген шаралардан түскен қаржы;
      өндiрiстiк, шаруашылық және баспа қызметiнен түскен кiрiс;
      Заңмен тыйым салынбаған басқа да түсiмдер болуы мүмкiн.
      14. Әлеуметтiк қызметтi қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.