Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi кеден органдарының дербес атағы бар қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақысына еңбек сiңiрген жылдары үшiн проценттiк үстемеақы төлеу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 28 сәуiр 1993 ж., N 329

Қолданыстағы

     Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
     Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi кеден органдарының
дербес атағы бар қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақысына еңбек 
сiңiрген жылдары үшiн проценттiк үстемеақы төлеу тәртiбi туралы 
ереже бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).

      Қазақстан Республикасы   
        Премьер-министрiнiң
         бiрiншi орынбасары
                                          Қазақстан Республикасы
                                          Министрлер Кабинетiнiң
                                          1993 жылғы 28 сәуiрдегi
                                            N 329 қаулысымен
                                               бекiтiлген

                Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi
         кеден органдарының дербес атағы бар қызметкерлерiнiң
          лауазымдық жалақысына еңбек сiңiрген жылдары үшiн
              проценттiк үстемеақы төлеу тәртiбi туралы
                              ЕРЕЖЕ

     Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi кеден органдарының
дербес атағы бар қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақысына еңбек сiңiрген
жылдары үшiн проценттiк үстемеақы төлеу тәртiбi осы Ереже бойынша
анықталады.

           Лауазымдық жалақыға еңбек сiңiрген жылдары үшiн
                  проценттiк үстемеақының мөлшерi

     1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi кеден органдарының
дербес атағы бар қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақысына еңбек сiңiрген
жылдары үшiн үстемеақы кеден органдарындағы жұмыс стажына байланысты
мынадай мөлшерде төленедi:
-------------------------------------------------------------------
       Кеден органдарындағы         -   Айлық лауазымдық жалақыға  
           жұмыс стажы              -    проценттiк үстемеақының 
                                    -          мөлшерi
--------------------------------------------------------------------
    1 жылдан   3 жылға дейiн                    5
    3 жылдан   5 жылға дейiн                   10
    5 жылдан  10 жылға дейiн                   15
   10 жылдан  15 жылға дейiн                   20
   15 жылдан  20 жылға дейiн                   25
   20 жылдан  25 жылға дейiн                   30
   25 жылдан  30 жылға дейiн                   35
   30 жылдан астам                             40
---------------------------------------------------------------------
    Аталған үстемеақы айына бiр рет төленедi.
 
        Проценттiк үстемеақы алу құқығын беретiн жұмыс
                     стажын есептеу
   


      2. Еңбек сiңiрген жылдары үшiн лауазымдық жалақыға проценттiк үстемеақы алу құқығын беретiн еңбек стажына Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кеден органдарындағы дербес атағы бар қызметкерлердiң лауазымында iстеген үздiксiз еңбек стажы жатады.
      3. Еңбек сiңiрген жылдары үшiн қызмет жалақысына проценттiк үстемеақы алу құқығын беретiн еңбек стажына, сондай -ақ мыналар қосылады:
      Қазақстан Республикасының прокуратура, сот және төрелiк органдарында шенi мен класы бар лауазымдарда атқарған жұмыс уақыты;
      офицер құрамындағы адамдардың, прапорщиктердiң, мичмандардың және мерзiмiнен тыс қызметтегi әскери қызметшiлердiң Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа әскерлерi мен әскери құрылымдарында Ұлттық (мемлекет) қауiпсiздiк комитетi, Iшкi iстер министрлiгi органдарында мiндеттi әскери қызметте болған уақыты; <*>
      сайланбалы лауазымдарда және мемлекеттiк басқару органдарындағы жұмыс уақыты;
      егер қызметкер әскери қызметке шақырылғанға дейiн жергiлiктi кеден мекемелерiнде жұмыс iстеген және запасқа шыққаннан кейiн, жолына кеткен уақытын есептемегенде, 3 ай iшiнде Қазақстан Республикасының кеден органдарына жұмысқа оралған болса, мерзiмдi мiндеттi әскери қызметтегi уақыты;
      егер қызметкер белгiленген тәртiп бойынша Қазақстан Республикасының жергiлiктi кеден органдары мен мекемелерiне ауыстырылған болса, басқа да министрлiктер мен ведомстволардың мекемелерiнде, кәсiпорындарында және ұйымдарында үздiксiз жұмыс iстегенi үшiн (еңбек сiңiрген жылдары үшiн) проценттiк үстемеақы (бiр жолғы сыйақы) алу құқығын беретiн лауазымдар мен жұмыстардағы үздiксiз жұмыс уақыты;
      егер қызметкер шет елге жiберiлгенге дейiн кеден органдарында дербес атағы бар қызметкерлердiң лауазымында жұмыс iстеген және шет елден келгеннен кейiн, жолына кеткен уақытын есептемегенде, екi ай iшiнде осы органдарда аталған лауазымдардағы жұмысқа тұрған болса, мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң жолдамасымен шет елде жұмыс iстеген уақыты;
      баланы бiржарым жасқа дейiн бағып-күтуге байланысты iшiнара төленетiн демалыс уақыты және баланы үш жасқа дейiн бағып-күтуге байланысты жалақы төленбейтiн қосымша демалыс уақыты;
      егер қызметкер курсқа түскенге дейiн Қазақстан Республикасының кеден органдарында дербес атағы бар қызметкерлердiң лауазымында жұмыс iстеген және оны бiтiргеннен кейiн бұрынғы жұмыс орнына қайта оралған болса, кадрларды жұмыстан қол үзiп даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн көтеру курстарында оқыған уақыты.
      Ескерту. 3-тармақтың 3-абзацына өзгерiс енгiзiлген - ҚРҮ-нiң
               1996.04.29. N 523 қаулысымен. P960523_
      4. Еңбек сiңiрген жылдары үшiн лауазымдық жалақыға проценттiк үстемеақы құқығын беретiн еңбек стажы үзiлмейдi, бiрақ үзiлiс уақыты бұл стажға мынандай жағдайларда қосылмайды:
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кеден органдарына дербес атағы бар қызметкерлердiң лауазымындағы жұмысқа мүгедектiгiнен немесе қатарынан төрт айдан астамға созылған және кеден органдарынан кетуге мәжбүр еткен ауруынан сауыққаннан кейiн бiр айдың iшiнде жұмысқа тұрған жағдайда, егер қызметкер кеден органдарына мүгедек кезiндегi жұмыс орнына қарамай осы лауазымдардағы жұмысқа келген болса, сондай-ақ дәрiгерлiк-еңбек сарапшы комиссиясының немесе дәрiгерлiк-консультациялық комиссияның қорытындылары бойынша кәсiпорынға-ұйымға, мекемеге еңбек сiңiрген жылдары үшiн лауазымдық жалақыға проценттiк үстемеақы алу құқығын бермейтiн жұмысқа ауыстырылғаннан кейiн кеден органдарына аталған лауазымдардағы жұмысқа қайта оралған жағдайда.
      Бiр айлық кезең мұндай жағдайда еңбекке жарамдылығын қалпына келтiрiлген немесе дәрiгерлiк-еңбек сарапшы комиссиясының мүгедекке проценттiк үстемеақы алу құқығын беретiн жұмысқа қабылдауға (ауыстыруға) мүмкiндiк бермейтiн еңбек ұсынысын өзгерткен күннен бастап есептеледi. Еңбекке жарамдылығы қалпына келтiрiлген күн ретiнде дәрiгерлiк-консультациялық комиссияның бұл туралы тиiстi қорытындысы шығарылған күнi немесе мүгедектiгi белгiленген күннен кейiнгi келесi күн саналады;
      жоғары немесе арнаулы орта оқу орнын бiтiргеннен кейiн жергiлiктi кеден мекемелерiнде дербес атағы бар лауазымдардағы жұмысқа тұрған кезде, егер қызметкер оқу орнына түсер алдында тiкелей жергiлiктi кеден мекемелерiнде жұмыс iстеген болса және оқуды бiтiрген немесе оқу орнынан мерзiмiнен бұрын шығарылған және жұмысқа тұрған уақыт аралығындағы үзiлiс 3 айдан аспаған жағдайда;
      кеден органдарынан дербес атағы бар қызметкерлердiң лауазымындағы жұмыстан өз еркiмен күйеуiнiң (әйелiнiң) басқа жерге жұмысқа ауысуына байланысты босағаннан кейiн, жұмыстағы үзiлiсiнiң ұзақтығына қарамастан, осы органдарға аталған лауазымдардағы жұмысқа тұрған жағдайда;
      күйеуiнiң (әйелiнiң) шет елге кетуiне байланысты қызметкер мен немесе әскери қызметшiмен шет елде бiрге болған отбасының мүшесi, егер шет елден келген күнi мен жұмысқа орналасқан күнiнiң арасындағы үзiлiс, тұратын жерiне келуге кеткен уақытын есептемегенде, екi айдан аспай кеден органдарына дербес атағы бар қызметкерлердiң лауазымындағы жұмысқа қайта оралған жағдайда;
      баласы үш жасқа толғаннан кейiн, оны бағып-күтуге байланысты демалыста болған-болмағанына, сол кезеңде басқа жұмыста iстеген-iстемегенiне немесе осы себептер бойынша жұмыстан шығарылған-шығарылмағанына қарамастан, әйелдер кеден органдарына дербес атағы бар қызметкерлердiң лауазымындағы жұмысқа қайта оралған жағдайда;
      зейнет демалысына шыққанға дейiн кеден органдарында жұмыс iстеген, қартаюына байланысты зейнеткерлер қайтадан осы органдарға жұмысқа тұрған жағдайда.

                 Еңбек сiңiрген жылдары үшiн лауазымдық
             жалақыға проценттiк үстемеақы есептеу мен төлеу
                              тәртiбi
      5. Еңбек сiңiрген жылдары үшiн лауазымдық жалақыға проценттiк үстемеақы қызметкерлердiң лауазымдық жалақысына қарай, дербес атағына қосымшаақысыз және үстемеақы мен қосымшаақының басқа да түрлерiнсiз есептеледi. Уақытша орынбасарлық қызмет атқарған жағдайда еңбек сiңiрген жылдары үшiн лауазымдық жалақыға проценттiк үстемеақы негiзгi жұмыс орнындағы лауазымдық жалақыға есептеледi.
      6. Күнтiзбелiк айдың iшiнде еңбек сiңiрген жылдары үшiн проценттiк үстемеақы мөлшерiн өсiру құқысы пайда болған қызметкерлерге үстемеақының айлық жалпы сомасы айдың кезеңдерi бойынша тиiстi мөлшерде есептелген үстемеақыны қосу арқылы анықталады.
      Күнтiзбелiк айдың iшiнде лауазымдық жалақы өзгерген жағдайда еңбек сiңiрген жылдары үшiн төленетiн үстемеақы сомасы да осындай тәртiп бойынша анықталады.
      7. Еңбек сiңiрген жылдары үшiн проценттiк үстемеақы қолданылып жүрген заңдарға (демалыста болған уақыты, мемлекеттiк және қоғамдық мiндеттердi атқарғаны, уақытша жұмысқа жарамсыз болған кезi үшiн, мемлекеттiк зейнетақы тағайындаған кезде және т. б.) сәйкес қызметкерлерге сақталатын орташа тапқан табысын есептеген кезде ескерiледi.
      8. Қартаюына немесе мүгедектiгiне байланысты зейнет демалысына шығуына, дәрiгерлiк-еңбек сарапшы комиссиясының немесе дәрiгерлiк-консультациялық комиссияның қорытындылары бойынша басқа жұмысқа ауысуына, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне әскери қызметке шақырылуына (түсуiне), сайланбалы лауазымға сайлануына оқуға түсуiне, қатарынан 4 айдан астамға созылған ауруына байланысты жұмыстан шығуына, қызметкерлер санының немесе штаттың қысқартылуына, мекеменiң таратылуына байланысты жұмыстан шыққан қызметкерлерге, сондай-ақ бала тууына байланысты жұмыстан шыққан әйелдерге және қайтыс болған қызметкерлердiң отбасыларына еңбек сiңiрген жылдары үшiн проценттiк үстемеақы төлеу сол күнтiзбелiк айда iстеген жұмыс уақытына пропорциялы түрде түпкiлiктi есеп айырысу кезiнде жүргiзiледi.

                 Еңбек сiңiрген жылдары үшiн лауазымдық
           жалақыға проценттiк үстемеақы алу құқығын беретiн
                үздiксiз жұмыс стажын белгiлеу тәртiбi

      9. Еңбек стажын белгiлеу жөнiндегi комиссиялар еңбек сiңiрген жылдары үшiн проценттiк үстемеақы төлеуге арналған үздiксiз еңбек стажын анықтайды.
      Кеден органдарының кадр бөлiмiнiң, бухгалтерияның және кәсiподақ комитетiнiң басшы қызметкерлерiнен тұратын комиссия құрамын Қазақстан Республикасы кеден органының басшысы (кәсiподақ комитетiнiң келiсуi бойынша) бекiтедi.
      10. Еңбек стажын анықтау үшiн еңбек кiтапшасы негiзгi құжат болып табылады. Еңбек кiтапшасы болмаған жағдайда, сондай-ақ еңбек кiтапшасында қажеттi жазулар болмаған немесе жұмыс кезеңдерi туралы бұрыс және дәлме-дәл емес жазулар болған ретте еңбек стажын растау ретiнде анықтамалар, бұйрықтар, бұйрықтан үзiндiлер, жеке есепшоттары және жалақы беруге арналған ведомостар мен жұмыс кезеңдерi туралы деректерi бар басқа да құжаттар қабылданады.
      Еңбек сiңiрген жылдары үшiн проценттiк үстемеақы алу құқысын беретiн үздiксiз жұмыс стажын растау заңдарда белгiленген тәртiп бойынша куәгерлердiң айғақтауымен жүзеге асырылады.
      11. Еңбек стажын белгiлеу туралы комиссияның шешiмi хаттамамен ресiмделедi. Комиссияның шешiмiнен үзiндi екi дана етiп жасалады, оның бiр данасы - бухгалтерияға, екiншiсi - кадр бөлiмiне (кадр жөнiндегi қызметкерге) берiледi.
      12. Еңбек стажын белгiлеу жөнiндегi комиссияның шешiмiне берiлетiн шағымдарды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Бас кеден басқармасының осындай комиссиясы қарайды, оның шешiмi түпкiлiктi болып табылады.