Кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау жүйесiндегi курстар мен басқа да оқу орындарының тыңдаушыларының шығыстарын төлеу туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 23 сәуiр 1993 ж. N 327. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.07.07. N 646 Қаулысымен

Күшін жойған

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау жүйесiндегi курстар мен басқа да оқу орындарының жұмысынан қол үзiп оқуға жiберiлген сырттан келген тыңдаушыларына оқудағы алғашқы айының iшiнде төленетiн тәулiктiк шығыстары iссапарға арналған тәулiктiк норманың 80 процентi мөлшерiнде белгiленсiн. Сырттан келген тыңдаушыларға тәулiктiк шығыстар қызметкердiң оқудағы әр күнi үшiн төленедi, ал одан кейiнгi кезеңде ең төменгi айлық жалақының үш есе мөлшерiнен кем жалақы алатын тыңдаушыларға ай сайын ең төменгi жалақының 20 процентi мөлшерiнде стипендия төленедi. 
      Тыңдаушылардың оқитын жерлерiне барып-қайту жол кiресiн, жолда болған уақытына тәулiктiгiн, iссапар шығындарын төлеу, сондай-ақ стипендиялар төлеу негiзгi жұмыс орны бойынша министрлiктердiң, ведомстволардың, кәсiпорындардың, ұйымдардың, мекемелердiң есебiнен жүзеге асырылады. 
      Оқуда болған кезiнде тыңдаушылар оқуға жiберген тараптың есебiнен шығыстары төленiп, мейманхана үлгiсiндегi жатақханамен қамтамасыз етiледi. 
      Жатақхана болмаған жағдайда мейманханада тұрғаны үшiн шығыстар ұсынылған құжаттар бойынша өтеледi. 
      2. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру мен қайта даярлау жүйесiндегi курстар мен басқа да оқу орындарының тыңдаушыларының шығыстарын төлеу туралы" 1992 жылғы 5 наурыздағы N 199 қаулысының (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ, 1992 ж., N 9, 170-бап) және "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы" 1992 жылғы 3 желтоқсандағы N 1021 қаулысының (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ, 1992 ж., N 47, 701-бап) күшi жойылған деп танылсын. 
      3. Осы қаулы 1993 жылғы 1 наурыздан күшiне енгiзiлсiн. 

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-министрiнiң
        бiрiншi орынбасары