Тұрғын үй шаралары үшiн халыққа берiлетiн несиелердiң мөлшерiн өсiру туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 21 сәуiр 1993 ж. N 322. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.11.23. N 1156 қаулысымен

Күшін жойған

      Тұрғын үй құрылысы құнының күрт қымбаттауына байланысты және азаматтардың тұрғын үй жағдайын жақсарту шараларына берiлетiн несиелердiң мөлшерiн өсiру жөнiндегi тiлектерiн ескерiп, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жеке тұрғын үй құрылысы мен тұрғын үй кооперациясын жеделдету үшiн Қазақстан Республикасының азаматтарына, кәсiпорындары мен ұйымдарына қосымша жеңiлдiктер беру және экономикалық ынталылығын арттыру туралы" 1992 жылғы 10 сәуiрдегi N 715 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 1992 ж., N 14, 229-бап) сәйкес Қазақстан Республикасының Жинақ банкiне азаматтарға: 
      жеке тұрғын үйлер мен кооперативтiк пәтерлер салуға және сатып алуға - олардың құнының шегiнде, бiрақ 1500 мың сомнан аспайтын (қарыз берушiнiң төлем қабiлетiн ескере отырып); 
      жеке тұрғын үйлер мен пәтерлердi қайта жаңартуға және күрделi жөндеуге, оларды инженерлiк желiлерге жалғауға, сондай-ақ мал мен құс ұстауға және ауыл шаруашылығы өнiмдерiн сақтауға арналған аула құрылыстарын салуға 300 мың сомға дейiн; 
      өз қаржысы есебiнен басталған жеке тұрғын үйлердiң құрылысын аяқтауға (қабырғалары тұрғызылған болса) құрылысты бiтiруге қажет шығындарының шегiнде, бiрақ 450 мың сомнан аспайтын; 
      жеке тұрғын үйдi инженерлiк жайластыру үшiн жабдықтар сатып алуға - 150 мың сомға дейiн; 
      кәсiпорындар мен ұйымдардың қызметкерлерiне жеке тұрғын үй құрылысына кәсiпорындар мен ұйымдардың қорлары есебiнен (республика Жинақ банкi мекемелерiмен жасасылған шарттардың негiзiнде) - олардың қолындағы қаражат мүмкiншiлiгiнiң ауқымында, бiрақ құрылыстың сметалық құнынан аспайтын; 
      банк несиесiнiң қатысуымен 1991 - 1993 жылдарда басталған жеке тұрғын үйлердiң және 1992 - 1993 жылдарда басталған кооперативтiк пәтерлердiң құрылысын аяқтауға - сметалық құнының шегiнде, бiрақ 1500 мың сомнан аспайтын (бұрын осы мақсатқа алынған несиелер ескерiлiп) мөлшерде несие беруге рұқсат етiлсiн. 
      2. Жеке және кооперативтiк тұрғын үй салуға және сатып алуға несие тұрғын үйi жоқ немесе тұрғын үй жағдайын жақсартуға аса дiлгер (тұрғын үйi санитарлық нормадан аз) азаматтарға басымдық тәртiбiмен берiлетiн болып белгiленсiн. 
     Несие қарыз алушылардың төлем қабiлетi ескерiлiп берiлетiн болсын.
     3. Қазақстан Республикасының Жинақ банкi Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп, тұрғын үй шараларына арналған жеңiлдiктi несиелер беруге пайдаланылатын несие ресурстарының мөлшерiн анықтасын, онда банктердiң несие беруге қатысты шығынын қайтаруға бюджетте көзделген қаржы ескерiлсiн. 

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-министрiнiң
      бiрiншi орынбасары