Төтенше жағдайларда сақтандырудың және iс-әрекет жасаудың республикалық жүйесiн көлiк құралдарымен қамтамасыз ету және оның күштерi мен құрал-жабдықтарын тасымалдауды ұйымдастыру тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 16 сәуiр 1993 ж. N 315

Қолданыстағы
      Төтенше жағдай аудандарында құтқару, авариялық-қалпына келтiру және басқа шұғыл жұмыстарды жүргiзуге қажеттi күштердiң, құрал-жабдықтар мен материалдық-техникалық ресурстардың уақтылы тасымалдануын қамтамасыз ету, зардап шеккен халыққа көмек көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Төтенше жағдайларда сақтандырудың және iс-әрекет жасаудың Республикалық жүйесiн көлiк құралдарымен қамтамасыз ету және оның күштерi мен құрал-жабдықтарын тасымалдауды ұйымдастыру тәртiбi туралы осыған қосылған Ереже бекiтiлсiн.
      2. Министрлiктер мен ведомстволардың Ережеде көрсетiлген күштер мен құрал-жабдықтардың уақтылы тасымалдануын қамтамасыз ету жөнiндегi iс-қимылын үйлестiру Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне жүктелсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi көлiк ұшақтарының жүк кемелерi мен баржылардың, көп жүк таситын жабық автомобильдердiң және трейлердiң бар-жоғы, техникалық жай-күйi, тұратын жерлерi, жүк көтерiмдiлiгi, жүктердiң қандай түрiне арналғандығы туралы жыл сайынғы мемлекеттiк статистикалық есеп берiлуiн енгiзетiн болсын.
      4. Облыстық, Алматы және Ленинск қалалық атқарушы органдар сол

жерлердегi және объектiлердегi төтенше жағдайлардан сақтандыруға
және олардың зардабын жоюға қажеттi көлiк құралдарымен қамтамасыз
ету, күштер мен құрал-жабдықтарды тасымалдауды ұйымдастыру тәртiбi
туралы тиiстi ережелерiн бекiтсiн.                                        

     Қазақстан Республикасының 
          Премьер-министрi                  Қазақстан Республикасы
                                            Министрлер Кабинетiнiң
                                            1993 жылғы 16 сәуiрдегi
                                               N 315 қаулысымен
                                                   бекiтiлген

         Төтенше жағдайларда сақтандырудың және iс-әрекет жасаудың         
        республикалық жүйесiн көлiк құралдарымен қамтамасыз ету және 
         оның күштерi мен құрал-жабдықтарын тасымалдауды ұйымдастыру       
                           тәртiбi туралы
                               ЕРЕЖЕ



      1. Осы Ереже көлiк құралдарымен қамтамасыз етудiң, төтенше жағдайларды (аварияларды, апаттарды, iрi өрттi, қирап бүлiну мен тосын күйзелiстi) болдырмауға және олардың зардабын жоюға, сондай-ақ зардап шеккен халыққа көмек, оның iшiнде iзгiлiк көмек көрсетуге қажеттi авариялық-құтқару қызметiнiң құрамаларын, мамандар тобын, техника мен жүктердi (бұдан былай - күштер мен құрал-жабдықтар) күйзелiс аудандарына алып бару мен алып келудi ұйымдастыру тәртiбiн анықтайды.
      2. Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитет төтенше жағдайларды болдырмау және олардың зардаптарын жою мақсаты үшiн Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан министрлiктер мен ведомстволардың, мемлекеттiк бiрлестiктердiң, концерндердiң, қауымдастықтардың және басқа ұйымдық-өндiрiстiк құрылымдардың (бұдан былай- министрлiктер мен ведомстволар) көлiк құралдарын тартуға құқылы. <*>
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.08.20.
               N 1031 қаулысымен.
      3. Төтенше жағдайлардан сақтандыру және олардың зардабын жою, iзгiлiк көмек көрсету жөнiндегi шараларды жүргiзген кезде Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң өкiмi бойынша: <*>
      Қазақстан Республикасының Көлiк министрлiгi, Қазақ азаматтық авиация басқармасы, Алматы, Батыс Қазақстан және Тың темiр жолы басқармалары, "Қазтеңiзөзенфлот" РӨБ, "Қазавтокөлiк" концернi, көлiк құралдары бар ұйымдар мен кәсiпорындар көлiк құралдары бiрiншi кезектегi тәртiппен бөлiнуiн және төтенше жағдайларды болдырмауға, олардың зардаптарын жоюға және зардап шеккен халыққа көмек көрсетуге қажеттi авариялық-құтқару қызметiнiң арнаулы құрамалары, мамандар тобы, техника мен жүктер күйзелiс аудандарына жеткiзiлуi мен қайта қайтарылуын қамтамасыз етедi, сондай-ақ мамандар мен құтқарушыларды күйзелiс аудандарына жеткiзу үшiн көлiктiң барлық түрiне басым тәртiппен билеттер бөледi.
      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi төтенше жағдайлардың зардабын жоюға, сондай-ақ жол қатынасы қиын аудандарда жағдайға барлау жасап, баға беруге қажеттi авариялық-құтқару қызметiнiң арнаулы құрамаларын, мамандар тобын, iрi көлемдi техника мен жүктердi күйзелiс аудандарына шұғыл түрде жеткiзу үшiн әскери авиацияның көлiк құралдары мен автокөлiк бөлiнуiн қамтамасыз етедi; көлiк құралдары баратын жолдарда көпiрлер және уақытша өткелдер салады.
      Iшкi iстер министрлiгi күштер мен құрал-жабдықтарды таситын автокөлiктiң, көлiктiң барлық түрiндегi жүктердi күзететiн және алып баратын бөлiмшелердiң қауiпсiз әрi уақтылы баруын қамтамасыз ету үшiн Мемлекеттiк автомобиль инспекциясының бөлiмшелерiн бөледi.
      "Қазмұнайөнiмi" концернi төтенше жағдайларды болдырмау және олардың зардабын жою, зардап шеккен халыққа көмек көрсету жөнiндегi шараларға бөлiнген көлiк құралдарын қажеттi мөлшерде жанар, жағар май материалдарымен бiрiншi кезектегi тәртiппен қамтамасыз етедi.
      ЕСКЕРТУ. 3-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.08.20.
               N 1031 қаулысымен. P961031_
      4. Министрлiктер мен ведомстволар күштер мен құрал-жабдықтардың мүмкiндiгiнше ең қысқа мерзiмде жеткiзiлуiн ұйымдастырады. Тасымалдауға қатыстырылатын транспорт құралдарының иелерi олардың жүк тиелетiн жерге уақтылы берiлуiн, эшелондар мен колонналардың құрастырылуын, экипаждардың жасандырылуын, көлiк құралдарының отынмен жабдықталуын және техникалық күтiм жасалуын, көлiк құралдарының баратын жолдарын дайындап, жүрiп-тұруына бөгет жасалмауын Мемлекеттiк автомобиль инспекциясының органдарымен де келiсе отырып қамтамасыз етедi, олардың қозғалыс графигi орындалуын бақылайды.
      5. Жүктердi тиеу жұмысын жүктi жөнелткен министрлiктер мен ведомстволар атқарады. Эшелондарды қалыптастыруға байланысты қажет болған жағдайларда көлiк құралдарының бос қарап тұруы және жүктiң толық тиелмеуi үшiн жөнелтушiлерге салынатын айыппұл санкциясы жүктердi жеткiзудiң алдын ала келiсiлген мерзiмi сақталған жағдайда қолданылмауы мүмкiн.
      6. Сыртқы iстер министрлiгi, Көлiк министрлiгi және Iшкi iстер министрлiгi күштер мен құрал-жабдықтарды тасымалдайтын көлiк құралдары шектес мемлекеттердiң аумағында кетiп бара жатқан кезiнде олардың жүрiп-тұруына бөгет жасамау және күзету мәселелерi сол мемлекеттердiң тиiстi ведомстволарымен келiсiлуiн қамтамасыз етедi.
      7. Авариялық-құтқару қызметiнiң арнаулы құрамаларын, мамандар тобын, сондай-ақ көлiк құралдарын және арнаулы жүктердi күзету үшiн адамдар және басқа адамдар жiберетiн министрлiктер мен ведомстволар оларды нысаналы жерiне барып қайту кезеңiне iссапар және көлiк шығындарына арналған тиiстi үлеспен әрi ақшалай қаражатпен қамтамасыз етедi.
      8. Министрлiктер мен ведомстволар төтенше жағдайлардың зардабын жою және зардап шеккен халыққа көмек көрсету жөнiндегi шараларға қатысқан транспорт құралдары мен экипаждардың қайтарылуын ұйымдастырады.
      9. Министрлiктер мен ведомстволардың күштер мен құрал-жабдықтардың тасымалдануын қамтамасыз етуге арналған шығындарына Қаржыминистрлiгi iс жүзiнде табыс етiлген құжаттар бойынша, төтенше жағдайлардың зардабын жоюға арналған қаржыландыру көздерi есебiнен өтем жасайды.
      Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитеттiң талап етуi бойынша көлiк министрлiктерi мен ведомстволары шығындардың алдын ала есебiн табыс етедi. <*>
      ЕСКЕРТУ. 9-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.08.20.
               N 1031 қаулысымен. P961031_