Павлодар спирт зауыты туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 12 сәуiр 1993 ж. N 293

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының халық шаруашылығын ас спиртiмен қамтамасыз ету және Павлодар қаласындағы спирт өндiретiн жабдықтарды iске қосу мерзiмiнiң бұзылуына жол бермеу мақсатында Австрия несие желiсiнiң шеңберiндегi "Қазақстан" Сыртқы экономикалық ассоциациясы "Ледекс" (Австрия) фирмасы арасындағы 1992 жылғы 10 шiлдедегi АС-1905/38-147 контрактiге сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Экономикаминi, Сыртқы

экономикалық байланыстар министрлiгi мен "Қазтамақөнеркәсiп"
МКБ-i Павлодар спирт зауыты жобалық қуатына шыққан күннен бастап,
5 жыл мерзiм iшiнде дайын өнiмiнiң 50 процентi мөлшерiнде абсолюттiк
ас спиртi мен құрғақ төптi экспортқа шығаруға жыл сайын лицензия 
бөлiнуiн қарастыратын болсын.
     2.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 2-тармақ күшiн жойды - ҚРМК-нiң 1994.11.02. N 1219
              қаулысымен.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi