"Қазақ КСР-iндегi кәсiпорындар туралы" Қазақ КСР-iнiң Заңына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 23 желтоқсандағы Заңына және Қазақ КСР Министрлер Кабинетiнiң "Қазақ КСР-iнiң Көлiк министрлiгiнiң мәселелерi туралы" 1991 жылғы 8 сәуiрдегi N 224 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Көлiк министрлiгiнiң Қазақстан Республикасы Көлiк инспекциясы құрылсын.
2. Қазақстан Республикасы Көлiк министрлiгiнiң Қазақстан Республикасының Көлiк инспекциясы туралы қоса берiлген Ереже бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1993 жылғы 5 сәуiрдегi
N 257 қаулысымен
Бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Көлiк Министрлiгiнiң
Қазақстан Республикасының Көлiк инспекциясы туралы
Ереже
1. Қазақстан Республикасы Көлiк министрлiгiнiң Қазақстан Республикасының Көлiк инспекциясы (бұдан былай -Көлiк инспекциясы) Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 5 сәуiрдегi N 257 P930257_ қаулысымен құрылған және ол заңды ұйым құқығымен Қазақстан Республикасы Көлiк министрлiгiнiң жүйесiне кiредi.
2. Көлiк инспекциясының басты мiндеттерi Қазақстан Республикасының Көлiк министрлiгi құзырының шеңберiнде темiр жол, теңiз, әуе, автомобиль және өзен көлiктерiн пайдаланған кезде көлiк заңдарының, қауiпсiздiк ережелерi мен экологиялық талаптардың сақталуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру, сонымен қатар көлiк процесiн жүзеге асыруға байланысты барлық көлiк түрлерiндегi тасымал, көлiк-экспедициялық және басқа қызметтi лицензиялау болып табылады.
3. Көлiк инспекциясы өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес:
- Қазақстан Республикасының аумағында өз құзырының шеңберiнде көлiк кешенiнiң қызмет тәртiбiн айқындайтын заң және заңға сәйкес актiлерiн меншiк нысаны мен ведомстволық қарастылығына қарамастан заңды ұйымдардың сақтауына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
- меншiк нысаны мен ведомстволық қарастылығына қарамастан заңды ұйымдарға лицензиялар бередi әрi лицензия бергенде көлiктiң барлық түрлерiне байланысты көлiк пен басқа да көрсетiлетiн қызмет нарығының қалыпты жұмысы үшiн жағдай жасалуын, сондай-ақ көлiк пен қатынас жолдарын пайдаланушы тұтынушылардың мүддесiнiң қорғалуын қамтамасыз етедi;
4. Көлiк инспекциясы өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң шешiмдерiн, сондай-ақ осы Жарғыны басшылыққа алады.
5. Көлiк инспекциясы өзiне жүктелген мiндеттердi облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының жергiлiктi атқару органдарымен, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң мемлекеттiк автомобиль инспекциясымен, сондай-ақ инспекциялармен және регистрлермен өзара байланыста шешедi, олардың жұмысында қосарластыққа жол бермейдi.
6. Қазақстан Республикасының Көлiк министрлiгi жергiлiктi атқару органдарымен келiсе отырып, облыстарда - облыстық және Алматы мен Ленинск қалаларында - қалалық Көлiк инспекциясы бөлiмшелерiн құрады.
Облыс орталықтарынан бiршама қашық орналасқан көлiк құралдары көп шоғырланған қалалар мен аудан орталықтарында сонымен қатар облыстық Көлiк инспекциясы бөлiмшелерiнiң филиалдары ашылуы мүмкiн.
7. Көлiк инспекциясының:
- Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң, Ұлттық хауiпсiздiк комитетi мен Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi органдарының кәсiпорындарын, мекемелерi мен ұйымдарын қоспағанда меншiк нысаны мен ведомстволық қарастылығына қарамастан көлiктiң барлық түрлерiнде тасымал, көлiк-экспедициялық және басқа қызметтi жүзеге асыратын заңды ұйымдардың көлiк пен қатынас жолдары қызметiнiң тәртiбiн айқындайтын көлiк заңдарының қағидаларын сақтауы хақындағы жұмысын тексеруге, инспекцияның өзiне жүктелген мiндеттерiн орындауына қажет мәлiметтердi олардың берiп тұруын талап етуге;
- белгiленген тәртiп бойынша көлiк жүргiзушiлердiң жол жүргенде тасымал құжаттары мен лицензиялық карточкаларының болуына тексерiстi жүзеге асыруға лицензиялық кәртiшкелер беру тегiн жүргiзiледi;
- көлiк кешенiнiң қызметiн реттейтiн көлiк заңдары ережелерiнiң сақталуын тексеру үшiн меншiк нысанына қарамастан заңды ұйымдардың келiсiмiмен мамандар тартуға;
- лицензиялық нормалар мен ережелердi бұзғаны үшiн меншiк нысаны мен ведомстволық қарастылығына қарамастан заңды ұйымдарды лицензиядан айыруға немесе тәртiп бұзушылық жойылғанша оның күшiн тоқтата тұруға;
- көлiк процесiн жүзеге асыруға байланысты тасымал, көлiк-экспедициялық және басқа да қызметтердi орындаудың лицензиялық тәртiбi жөнiнен көлiк заңдарының талаптарын бұзғаны үшiн белгiленген тәртiппен экономикалық жаза шараларын қолдануға;
- көлiк пен қатынас жолдары қызметiнiң тәртiбiн айқындайтын заңдар мен заңға сәйкес актiлердiң, стандарт пен нормалардың бұзылғандығы жөнiнде актiлер жасап, мiндеттi пәрмендер беруге, бұл туралы соңынан пәрмен берушi көлiк инспекциясы органдарына хабар беруге, ал мұндай пәрмендерге байланысты тиiстi шаралар қолданылмаса айыпты адамдарды заңдарда көзделгендегiдей жауапкершiлiкке тартуға;
- облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының жергiлiктi атқару органдарына, министрлiктерге, ведомстволарға және право қорғау органдарына айыпты адамдарды жауапкершiлiкке тарту туралы, сондай-ақ көлiктегi оқиғаларда, көлiктi пайдалану ережелерi мен экологиялық талаптарды бұзуды болдырмау шаралары туралы ұсыныстар енгiзуге құқығы бар.
ЕСКЕРТУ. 7-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.07.09. N 651
қаулысымен. P980651_
8. Көлiк инспекциясына жүктелген бақылау және басқадай мiндеттердi орындау тәртiбi туралы нұсқауды Қазақстан Республикасының Көлiк министрi бекiтедi.
9. Көлiк инспекциясының облыстық және қалалық бөлiмшелерiнiң және олардың филиалдарының шешiмдерiне жасалған шағым Қазақстан Республикасының Бас көлiк инспекторына берiледi, ал Бас көлiк инспекторының шешiмiнiң үстiнен Қазақстан Республикасының Көлiк Министрiне берiледi.
Көлiк инспекциясының шешiмдерiне белгiленген тәртiппен сот органдарына шағым жасалуы мүмкiн.
10. Көлiк инспекциясына Қазақстан Республикасының Бас көлiк инспекторы басшылық етедi.
11. Көлiк инспекциясының облыстық, Алматы және Ленинск қалалық бөлiмшелерiне Қазақстан Республикасының Бас көлiк инспекторы тиiстi жергiлiктi атқару органдарымен келiсе отырып тағайындайтын және қызметiнен босататын бастықтар басшылық етедi, олар лауазымы бойынша облыстардың (қалалардың) бас көлiк инспекторлары болып табылады.
Көлiк инспекциясының облыстық бөлiмшелерiнiң филиалдарына көлiк инспекциялары облыстық бөлiмшелерiнiң бастықтары тиiстi жергiлiктi атқару органдарымен келiсе отырып тағайындайтын және қызметiнен босататын бастықтар басшылық етедi, олар лауазымы бойынша аудандардың бас көлiк инспекторлары болып табылады.
12. Көлiк инспекциясын, оның бөлiмшелерi мен филиалдарын ұстауға жұмсалатын шығыс сметасын Қазақстан Республикасының Көлiк министрлiгi бекiтедi.
Көлiк инспекциясының құрылымы мен штат кестесiн Қазақстан Республикасының Көлiк министрi бекiтедi, ал оның бөлiмшелерi мен филиалдарының құрылымы мен штат кестесiн Қазақстан Республикасының Бас Көлiк инспекторы бекiтедi.
ЕСКЕРТУ. 12-тармақтың 1-абзацы алынып тасталды - ҚРҮ-нiң
1998.07.09. N 651 қаулысымен. P980651_
13. Көлiк инспекциясының, оның облыстық және қалалық бөлiмшелерiнiң банктерде есептесу және бюджеттiк шоттары, ал олардың филиалдарының банктерде ағымдағы шоттары болады.
14. Көлiк инспекциясы қызметкерлерiнiң арнайы куәлiктерi болады.
15. Көлiк инспекциясының, оның облыстық және қалалық бөлiмшелерiнiң, сондай-ақ олардың жергiлiктi филиалдарының Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк гербi бейнеленген әрi өз атауы қазақ және орыс тiлдерiнде жазылған мөрi болады.
16. Қазақстан Республикасының Көлiк инспекциясын Қазақстан Республикасы Көлiк министрлiгiнiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi таратады.