Темiр жол көлiгiмен жүк тасымалдаудың тарифтерi туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 29 наурыздағы N 238 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы N 258 қаулысымен.

Күшін жойған

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      Қазақстан Республикасы Көлiк министрлiгiнiң 1993 жылғы 1 сәуiрден бастап iшкi республикалық қатынаста темiр жол көлiгiмен жүк тасымалдаудың қолданылып жүрген тарифтерi деңгейiне 2 шектi коэффициент тағайындау туралы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен және Экономика министрлiгi жанындағы Баға комитетiмен келiсiлген ұсынысы қабылдансын.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi