Жер реформасын кадрлармен қамтамасыз ету туралы

Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 24 наурыз 1993 ж. N 226

Қолданыстағы
      Жер реформасы жөнiндегi жұмыстарды жүргiзудi маман кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. 1993 - 1995 жылдары және 2000 жылдарға дейiнгi кезеңде Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi мен Бiлiм министрлiгiнiң қарамағындағы жоғары және арнаулы орта оқу орындарында, сондай-ақ Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк ұлттық университетiнде жер реформасын қамтамасыз ету үшiн қосымшаға сәйкес көлемде мамандар даярлау жөнiндегi Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң ұсынысы қабылдансын.
      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi мен Бiлiм министрлiгi тиiстi дайындық жұмыстарын жүргiзсiн және 1993 жылы ведомстволық бағыныстағы жоғары оқу орындарында қажеттi мамандар даярлайтын факультеттер (бөлiмше) ашсын.
      Жаңа факультеттер (бөлiмшелер) ашу, сондай-ақ қажеттi мамандар санын дайындау қабылдау жоспары мен аталған министрлiктер 1993 жылға және одан кейiнгi жылдарға белгiлеген қаражат шегiнде жүзеге асырылсын.
      2. Жер реформасын жүргiзудiң бастапқы кезеңiнде негiзгi мамандық кадрларының тапшылығын қысқарту мақсатында Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiн қатыстыра отырып 1993 жылдан бастап Ақмола Ауыл шаруашылық институтының жанынан

2-3 айлық бағдарлама бойынша жыл сайын 90 адам құрамында мамандарды
қайта даярлауды және бiлiктiлiгiн арттыруын ұйымдастырсын.
     Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1993 жылдан бастап 
Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру
жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне осы мақсаттарға қажеттi қаржы
бөлудi қарастырсын.
          Қазақстан Республикасының
             Премьер-министрi 
                                            Қазақстан Республикасы
                                            Министрлер Кабинетiнiң 
                                            1993 жылғы 24 наурыздағы
                                               N 226 қаулысымен
                                                   бекiтiлген

      Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру 
      жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң 1993-1995 жылдары және 2000 
      жылдарға дейiнгi кезеңде жер реформасын жүргiзу үшiн мамандарға 
                         Қ А Ж Е Т Т I Г I
---------------!----------------------------------!---------------------
               !                                  !   Дайындалу талап
               !    Тиiстi мамандар даярлауды     !   етiлетiн мамандар
  Мамандықтар  !     қамтамасыз ететiн жоғары     !   (бiрлiк есебiмен)
   тiзбесi     !       және арнаулы орта оқу      !---------------------
               !         орындарының атауы        !1993-1995 ! 1996-2000
               !                                  !  жылдар  !  жылдар
---------------!----------------------------------!----------!-----------
      1        !            2                           3    !    4        
  
                                 ---       
---------------!-----------------------------------!-----------------------
         Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi

Геодезистер      Ақмола ауыл шаруашылық институты        -         125
Жерге            Ақмола ауыл шаруашылық институты        300       500
орналастырушылар
                 Қызылорда агроөнеркәсiптiк кешен        150       375
                 инженерлерi институты
                 Талғар ауыл шаруашылық техникумы         75       125
                       Қорытындысы                       525      1000
Топырақ          Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық         150       250
танушылар        институты
                 Қазақ Ауыл шаруашылығы институты        150       250
                        Қорытындысы                      300       500 
                   Министрлiк бойынша БАРЛЫҒЫ            825      1500
         Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi
Жер кадастры     Өскемен жол-құрылыс институты            75       125
жөнiндегi

инженерлер
             Қазақ мемлекеттiк ұлттық университетi
Геоботаниктер                                             21        45
               Қазақстан Республикасы бойынша            921      2045   
               БАРЛЫҒЫ
                   оның iшiнде:
геоботаниктер                                             21        45
геодезистер                                               -        125
жерге                                                    525      1000
орналастырушылар
жер кадастры                                              75       375
жөнiндегi 
инженерлер
топырақ                                                  300       500 
танушылар