Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң мәселелерi

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1993 жылғы 16 наурыз N 200. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995.12.19. N 1807 қаулысымен.

Күшін жойған

      "Қазақстан Республикасының Экономика жөнiндегi мемлекеттiк комитетiн қайта құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 11 қаңтардағы N 1066 Жарлығын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi туралы берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi экономиканы тұрақтандыру және оны дағдарыстан шығару кезеңiнде өз құзырына жатқызылатын мәселелер бойынша барлық министрлiктердiң, ведомстволардың, жергiлiктi әкiмдердiң, мемлекеттiк концерндердiң, ведомстволық бағынысына қарамастан холдингтердiң, корпорациялардың, қауымдастықтардың және кәсiпорындардың орындауы үшiн мiндеттi шешiмдер қабылдайды деп белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiне Қазақстан Республикасы Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгiнiң төмендегi функциялары берiлсiн:
      - сыртқы экономикалық байланыстардың стратегиясын талдап жасау, оларды дамытудың бағдарламаларын әзiрлеп, жүзеге асыру;
      - экспорт пен импорттың, сауда балансының жиынтық көрсеткiштерi бойынша мемлекет мұқтаждарының көлемiн шетелдiк валютада анықтау және олардың орындалуын бақылау;
      - сыртқы экономикалық саясаттың мәселелерi бойынша халықаралық шарттар мен келiсiмдер жасау туралы ұсыныстар әзiрлеу, олардың орындалуын бақылау;
      - экспорт пен импортқа салынатын салық ставкасы Қазақстан Республикасының кәсiпорындарына, бiрлестiктерi мен ұйымдарына арналған валюта қорына жасалатын аударым тарифтерi мен нормативтерi бойынша ұсыныстар әзiрлеу;
      - әлемдiк нарықта сұранымға ие болатын, бәсекелесуге лайықты тауарларды экспорттауға арналған өндiрiстi ұлғайту, сондай-ақ тауарларды (жұмыстар мен қызметтердi) импорттауға бақылау жасау жөнiнде шаралар әзiрлеу;
      - мемлекеттiк валюта-кредит саясаты жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
      - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен және Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгiмен бiрлесiп сыртқы экономикалық байланыстарға қатысушылардың, оның iшiнде шет елдерде де, сыртқы экономикалық қызметiне тексерiстер ұйымдастыру;
      - тауарлардың (жұмыстар, қызметтер) экспорты мен импортының квоталарын белгiлеу.
      Аталған функцияларға сәйкес Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiне Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгiнiң төмендегi құқықтары берiледi;
      - бiртұтас сыртқы экономикалық саясатты жүргiзу, сыртқы нарықтарда Қазақстанның мүдделерiн қорғау мәселелерi бойынша министрлiктердi, ведомстволарды, жергiлiктi әкiмшiлiктердi, сыртқы экономикалық байланыстарға қатысушыларды тыңдау, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне тиiстi ұсыныстар әзiрлеу және енгiзу;
      - қажет болған ретте басқа министрлiктермен және ведомстволармен келiсiм бойынша сыртқы экономикалық байланыстарға қатысушылардың бәрi орындауға мiндеттi нұсқамалар мен нұсқаулар шығару.
      4. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiне Қазақстан Республикасының Монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң төмендегi функциялары берiлсiн:
      - кәсiпкерлiктi қолдау жөнiнде мемлекеттiк саясат жүргiзу;
      - нарық жағдайында жұмыс iстеу үшiн мамандарды, басқару қызметкерлерiн, кәсiпкерлердi даярлау және оқытып-үйрету бағдарламаларын әзiрлеп, жүзеге асыру жөнiндегi министрлiктердiң, ведомстволардың, концерндердiң, қауымдастықтардың және басқа экономикалық құрылымдардың қызметiн үйлестiру;
      - қатарлас құрылымдар, шағын кәсiпорындар құру жөнiндегi

 

шараларды талдап жасау;

     - кәсiпкерлiкке мемлекеттiк көмек көрсетудiң ортақ шарттары

мен нысандарын анықтау, тиiстi бағдарламалар мен ұсыныстарды

талдап жасау;

     - жаңа экономикалық құрылымдарды қолдауды қамтамасыз ету;

     - кәсiпкерлiк қызмет пен жаңа экономикалық құрылымдарды

мемлекеттiк қолдаудың шетелдiк тәжiрибесiне талдау жасау және

оны Қазақстанның экономикасына енгiзу.

     5.



     Ескерту. 5-тармақ алынып тасталды - ҚРМК-нiң 1995.06.09.

              N 809 қаулысымен.        

     6.



     Ескерту. 6-тармақтың күшi жойылған - ҚРМК-нiң 1996.01.10.

              N 49 қаулысымен. 


 
       7. Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң N 1 қосымшаға сәйкес ведомстволық бағыныстағы ұйымдары мен мекемелерi болады деп белгiленсiн.
      8. Жергiлiктi жерлерде мемлекеттiк экономика саясатының пәрмендiлiгiн арттыру, құрылымдық қайта құру жұмыстарын үйлестiру және экономикалық реформаны жүзеге асыру мақсатында облыстарда, Алматы және Ленинск қалаларында экономиканы басқаратын аумақтық - экономика басқармалары жұмыс iстейдi деп белгiленсiн.
      Облыстық, Алматы және Ленинск қалалық экономика басқармаларының бастықтарын Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң келiсiмi бойынша тиiстi облыстар мен қалалардың әкiмдерi тағайындайды деп белгiленсiн.
      Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi екi апталық мерзiмде облыстық (қалалық), экономика басқармалары туралы үлгi ереже әзiрлесiн.
      9. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi елшiлiктердiң экономикалық қызметтерiнiң құрамын қалыптастыруға қатысады деп белгiленсiн.
      10. Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң орталық аппараты қызметкерлерiнiң шектi саны Баға комитетi аппаратының санын қоса есептегенде 472 адам (үйлердi күзету мен күтiм жасайтын адамдардан басқа) мөлшерiнде белгiленсiн.
      Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi жанындағы Шетелдiк Экономика министрлiгi жанындағы Баға комитетi қызметкерлерiне "Мемлекеттiк басқару органдары қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 26 қарашадағы N 990 қаулысында көзделген еңбекақы шарттары (N 1 кесте) қолданылсын.
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi бойынша 1993 жылға еңбекке ақы төлеу қорын оған белгiленген қызметкерлердiң санына және еңбекақы төлеудiң қолданылып жүрген шарттарына қарай анықтасын.
      11. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiне Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi жанындағы Шетелдiк инвестициялар жөнiндегi Ұлттық агенттiк пен Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң сыртқы экономикалық саясат кешенi қызметкерлерiне шетел тiлдерiн бiлгенi және оларды өздерiне жүктелген мiндеттердi атқару кезiнде қолданғаны үшiн лауазымдық жалақыға 30 процентке дейiнгi мөлшерде үстеме ақы төлеуге рұқсат етiлсiн.
      12. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiнде Министрдiң жетi орынбасары, оның iшiнде екi бiрiншi орынбасар және құрамында 17 адамы бар алқасы болуына рұқсат етiлсiн. Алқа құрамына лауазымы бойынша Министр мен оның орынбасарлары, Министрлiктiң жауапты қызметкерлерi, министрлiкке ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшылары мен экономика ғылымының өкiлдерi кiредi деп белгiленсiн.
      Алқа мүшелерiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiтедi.
      13. Экономика министрлiгiнiң орталық аппаратына қызметтiк 18 жеңiл автомобильге лимит белгiленсiн.
      14. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жиhаз, жабдық, көлiк құралдары мен ұйымдық техника сатып алу үшiн жыл сайын қаржы, соның iшiнде валюталық қаражат бөлудi көздеп отырсын.
      15. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Қазақстан Республикасының Монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң келiсуi бойынша осы қаулыдан туындайтын өзгерiстер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысына енгiзу туралы ұсыныстарды екi айлық мерзiмде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне табыс етсiн.
      16. "Қазақстан Республикасының Шетелдiк инвестициялар жөнiндегi

 

Ұлттық агенттiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы

Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 23 желтоқсандағы N 1073 қаулысына

төмендегiдей өзгерiстер енгiзiлсiн:

     II-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда баяндалсын:

     "Агенттiк төрағасы орынбасарларының лауазымдары медициналық,

тұрмыстық қамтамасыз ету және көлiк қызметiн көрсету шарттары

бойынша министрлердiң орынбасарларының лауазымдарына теңестiрiлсiн".

     17. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң N 2 қосымшадағы

шешiмдерiнiң күшi жойылған деп танылсын.


          Қазақстан Республикасының

             Премьер-министрi   

                                           Қазақстан Республикасы

                                           Министрлер Кабинетiнiң

                                          1993 жылғы 16 наурыздағы

                                              N 200 қаулысымен

                                                 Бекiтiлген


             Қазақстан Республикасының Экономика

                     министрлiгi туралы                                   

                          ЕРЕЖЕ                    


                    1. Жалпы ережелер



 
       1. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi (Экономминi) мемлекеттiк атқарушы билiк жүйесiндегi орталық салааралық экономикалық орган болып табылады.
      2. Қазақстан Республикасы Экономминiнiң негiзгi мiндеттерi мыналар:
      - макроэкономикалық және құрылымдық саясатты, оны жүзеге асырудың механизмдерiн жасау;
      - экономикалық және әлеуметтiк дамуды индикативтi жоспарлау;
      - мемлекеттiк инвестициялық бағдарламалар жасау;
      - аймақтық экономикалық саясатты қалыптастыру;
      - халық шаруашылығының теңдестiрiлуiн қамтамасыз ететiн салааралық, аймақаралық және мемлекетаралық экономикалық проблемаларды кешендi шешу шараларын жүзеге асыру;
      - сыртқы экономикалық саясатты, оның iшiнде сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту стратегиясын талдап жасау, өнiмнiң (жұмыстардың, қызметтердiң) экспорты мен импортын квоталау, экспорттық бағдарламаларды қалыптастыру;
      - шетелдiк инвестицияларды тарту саласындағы саясатты белгiлеу;
      - төлем балансына талдау және болжам жасау;
      - микроэкономикалық саясаттың механизмдерiн жасау;
      - министрлiктердiң, ведомстволардың, жергiлiктi әкiмшiлiктердiң, мемлекеттiк концерндердiң, холдингтердiң, корпорациялардың, қауымдастықтардың және кәсiпорындардың экономикалық реформаны жүзеге асыру қызметiн үйлестiру және бақылау жасау;
      - министрлiктер мен ведомстволардың халықаралық экономикалық және қаржы ұйымдарымен өзара iс-қимылын қамтамасыз ету;
      - сыртқы көмектi үйлестiру;
      - нарықтық экономика бойынша кадрлар даярлануын үйлестiру.
      3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен басқа Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлықтары мен басқа шешiмдерiн, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары мен өкiмдерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
 
                   II. Қазақстан Республикасы Экономика
                      министрлiгiнiң негiзгi функциялары
 
      4. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi өзiнiң негiзгi мiндеттерiн басшылыққа алып
      әлеуметтiк-экономикалық даму стратегиясын қалыптастыру саласында:
      макроэкономикалық, құрылымдық және инвестициялық саясатты және оны жүзеге асырудың механизмдерiн талдап жасайды;
      халық шаруашылығының жекелеген салалары мен аумақтық құрылымдарды дамытудағы басымдықтарды анықтайды;
      Қазақстан Республикасын экономикалық және әлеуметтiк дамытуды индикативтi жоспарлауды жүзеге асырады;
      белгiленген тәртiп бойынша мемлекеттiң бюджет және қазына саясатын қалыптастыруға қатысады;
      Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп және Ұлттық банкпен өзара iс-қимыл жасап, қаржыны, кредит-ақшаны және валютаны реттеу, банк жүйесiн жетiлдiру, ақша айналымы мен төлемдер жүйесiнiң тиiмдiлiгiн арттыру саласында мемлекеттiк саясатты талдап жасауға қатысады;
      экономиканы дамытудың сыртқы ресурстарын, кредиттердi, инвестицияларды және техникалық көмектi қоса есептегенде, тарту саласындағы саясатты талдап жасайды;
      мемлекеттiң орталықтандырылған ресурстары есебiнен қаржыландырылатын аса маңызды инвестициялық бағдарламалар мен жобаларды бағалауды және iрiктеп алуды жүзеге асырады;
      ғылыми-техникалық прогрестi экономикалық ынталандыру жүйесiн талдап жасайды;
      мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесiп мемлекеттiң әлеуметтiк бағдарламаларын жүзеге асырады;
      мемлекеттiк аймақтық саясатты талдап жасайды, оның iшiнде аймақтарда экономикалық реформаларды жүзеге асырудың ерекшелiктерiн, экологиялық қасiрет аймағында орналасқан өңiрлердi, дамуының ерекше жағдайлары бар шалғай және басқа аудандарды мемлекеттiк қолдаудың нысандары мен әдiстерiн анықтайды;
      мемлекетаралық экономикалық байланыстарды, оның iшiнде Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттерiмен байланыстарды дамыту жөнiндегi сыртқы экономикалық қызмет саласындағы саясатты қалыптастырады, таяу және шалғай шет елдермен өзара тиiмдi сауда мен экономикалық ынтымақтастықтың негiзгi бағыттарын талдап жасайды;
      кәсiпкерлiктi, шағын бизнестi және нарықтық инфрақұрылымын дамытуды, кәсiпорындар мен басқа да шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi басқарудың ұйымдық-экономикалық құрылымдарын жетiлдiрудi мемлекеттiк қолдау саясатын жасап, жүзеге асырады;
      меншiк құрылымы мен институттық реформаларды қайта құрудың стратегиясы мен негiзгi бағыттарын талдап жасауға қатысады;
      конверсия, өнеркәсiптiң қорғаныс салаларын дамыту, жұмылдыру қуаттары мен мемлекеттiк резервтер құру саясатын талдап жасайды;
      шаруашылық байланыстары мен бағаны ырықтандыруды қамтамасыз ететiн баға түзу саясатын талдап жасайды.
      экономиканы мемлекеттiк реттеудiң механизмдерiн қалыптастыру, практикалық нысандары мен әдiстерiн белгiлеу саласында:
      жекелеген салалар мен өндiрiс түрлерiн дамытудың басым бағдарламаларын жүзеге асыруды қалыптастырады және үйлестiредi;
      экономикаға тиiмдi мемлекеттiк ықпал жасау мақсатында макроэкономикалық реттегiштердi пайдалану механизмдерiн анықтайды:
      белгiленген тәртiп бойынша мемлекеттiк бюджеттiң кiрiс-шығысының жекелеген баптарын қалыптастыруға қатысады, бюджеттi қалыптастыру кезiнде қолданылатын негiзгi макроэкономикалық көрсеткiштердiң болжамын әзiрлейдi;
      Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп, Ұлттық банкпен өзара iс-қимыл жасап, ақша айналымын реттеудiң, кредит ресурстары мен бағалы қағаздар нарқын қалыптастырудың, орталықтандырылған кредиттердi тиiмдi пайдаланудың және акционерлiк капиталды басқарудың экономикалық нормативтерiн анықтауға қатысады. Төлем механизмiн жақсарту жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
      орталықтандырылған валюта ресурстарын пайдаланудың тәртiбi мен шарттарын белгiлеуге, шетелдiк кредиттерге және олардың тауарлармен молықтырылуына мемлекеттiк кепiлдiк беруге қатысады;
      шетелдiк кредиттер мен инвестицияларды тарту және пайдалану жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
      мемлекеттiк кәсiпорындарды сауықтырудың, қайта бейiмдеудiң және қайта құрудың ортақ принциптерi мен механизмдерiн анықтайды;
      бекiтiлген мемлекеттiк инвестициялық жобаларды iске асырудың механизмiн талдап жасайды, құрылыс кешенiнiң қуаттарын оңтайлы пайдалану және аумақтарға орналастыру шараларын жүзеге асырады;
      мемлекет мұқтаждары үшiн өнiмдер (жұмыстар атқару, қызметтер көрсету) жөнелтiлiмiнiң көлемi мен құрылымын қалыптастыру жұмысын үйлестiредi;
      отын-энергетика кешенiнiң, өнеркәсiптiң базалық салаларының, мәшине жасаудың және әскери-өнеркәсiп кешенiнiң, агроөнеркәсiп кешенi мен халық тұтынатын тауарлар өндiру саласының кәсiпорындарын мемлекеттiк басқаруды үйлестiру iсiн жүзеге асырады;
      әлеуметтiк саланың, байланыс және коммуналдық шаруашылық объектiлерiн дамытудың бағдарламаларын қаржы және ресурс жағынан қамтамасыз ету шараларын талдап жасайды, мемлекеттiк тұрғын үй саясатын жүзеге асыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
      экологиялық және әлеуметтiк жағдайлары күрделi аймақтарды мемлекеттiк қолдау жөнiндегi бағдарламаларды жүзеге асыруға бақылау жасайды;
      әлеуметтiк саланы мемлекеттiк қолдау және тұтыну нарығын дамыту бағдарламаларын жүзеге асыруға қатысады;
      Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстарын реттеу механизмдерiн қалыптастырады;
      сыртқы экономикалық байланыстарды дамытудың бағдарламаларын әзiрлеп, жүзеге асырады;
      материалдық баланстар жүйесiн талдап жасайды, олардың ағымдағы жағдайын қадағалайды және аса маңызды шикiзат пен өнiмдердiң экспорттық жөнелтiлiмiнiң квоталарын белгiлейдi;
      экспорт пен импорттың, шетелдiк валютамен есептегенде сауда балансының жиынтық көрсеткiштерi бойынша мемлекет мұқтаждарының көлемiн анықтайды және оның орындалуына бақылау жасайды;
      сыртқы экономикалық байланыстарға қатысушылардың сыртқы және iшкi нарықта Қазақстанның мүдделерiн қорғауына бақылау жасайды;
      өнiмдер жөнелтудiң үкiметаралық шарттарын жасау бойынша, оның iшiнде өзара өнiмдер алысып-берiсу көлемiн, құрылымы мен бағасын қоса есептегенде ТМД мемлекеттерi арасындағы келiсiмдер бойынша ұсыныстар әзiрлейдi;
      сыртқы экономикалық қызмет мәселелерi жөнiндегi халықаралық шарттар мен келiсiмдердiң орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
      лицензияланатын өнiм түрлерiнiң тiзбесiн анықтайды, экспорттық жөнелтiлiмдердi лицензиялауға бақылау жасаудың механизмiн қалыптастыруға қатысады;
      Қазақстан Республикасының кәсiпорындарына, бiрлестiктерi мен ұйымдарына арналған салық ставкалары, валюта қорына жасалатын аударымдардың тарифтерi мен нормативтерi бойынша ұсыныстар әзiрлейдi;
      мемлекеттiк шекара арқылы өткiзiлетiн экспорттық-импорттық тауарларды декларациялау тәртiбiн айқындауға қатысады;
      экспорттауға және импорттауға арналған бәсекелесуге лайықты тауарлар (жұмыстар, қызметтер) өндiрудi арттыру шараларын белгiлейдi;
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен және Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгiмен бiрлесiп сыртқы экономикалық байланыстарға қатысушылардың, оның iшiнде шет елдерде де, сыртқы экономикалық қызметiн тексерудi ұйымдастырады;
      тауарларды экспорттау мен импорттау квоталарын анықтайды;
      қажет болған ретте контрактыларды сараптық бағалауды ұйымдастырады;
      Қазақстан Республикасының төлем балансын жақсарту жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлейдi;
      министрлiктер мен ведомстволардың халықаралық экономикалық және қаржылық ұйымдарымен өзара iс-қимыл жасау жөнiндегi жұмысын үйлестiредi;
      сыртқы, оның iшiнде техникалық көмек бағдарламаларын жүзеге асыру жөнiндегi жұмыстарды үйлестiредi;
      мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң, экономиканы монополиясыздандырудың негiзгi бағыттарын анықтауға қатысады;
      кәсiпкерлiк пен шағын бизнестi дамытуды ынталандыру, республика экономикасындағы монополизмдi жою жөнiндегi шараларды жүзеге асырады, банкрот болған мемлекеттiк кәсiпорындарды қайта құруға қатысады;
      кәсiпкерлiктi қолдау жөнiндегi мемлекеттiк саясатты жүргiзедi;
      министрлiктердiң, ведомстволардың, концерндердiң, қауымдастықтардың және басқа экономикалық құрылымдардың нарық жағдайында жұмыс iстеуi үшiн мамандар, басқару құрамын даярлау және оқытып-үйрету бағдарламаларын жасау және жүзеге асыру жөнiндегi қызметiн үйлестiредi;
      қатарлас құрылымдар, шағын кәсiпорындар құру жөнiндегi шараларды белгiлейдi;
      кәсiпкерлiкке мемлекеттiк көмек көрсетудiң ортақ шарттары мен нысандарын анықтайды, тиiстi бағдарламалар мен ұсыныстар әзiрлейдi;
      (55-абзац)
 
      мүдделi ұйымдармен бiрлесiп, төтенше жағдайларда Қазақстан экономикасының тұрақты жұмыс iстеу жағдайын айқындауға, әскери-экономикалық әлеуетiн қорғауға қатысады;
      мемлекеттiк қорғаныс бағдарламаларын жүзеге асыруға және жұмылдыру резервтерiн қалыптастыруға қатысады;
      шетелдiк және жеке меншiк инвестицияларды кеңiнен пайдалана отырып, өндiрiстi технологиялық жаңарту жөнiндегi шараларды жүзеге асырады;
      шаруашылық байланыстар мен бағаны ырықтандыру, iшкi және әлемдiк бағалар құрылымдарын жақындастыру жөнiндегi шараларды жүзеге асырады;
      мемлекеттiк басқару органдарының жүйелерi мен құрылымдарын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
      болжау-талдау қызметi саласында:
      Қазақстанды, жекелеген аймақтар мен халық шаруашылығының салаларын әлеуметтiк-экономикалық дамытудың ұзақ мерзiмдi кешендi болжамын жасайды;
      жалпы iшкi, жалпы ұлттық өнiмдер мен ұлттық табыстың салалық, аумақтық және атаулы құрылымдарының макроэкономикалық талдауын және болжамын жүзеге асырады;
      аса маңызды материалдық ресурстардың, күрделi қаржының, қаржы ресурстарының, халықтың кiрiстерi мен шығыстарының болжамдық баланстарын жасайды;
      экономикалық және әлеуметтiк дамуды индикативтi жоспарлаудың әдiстемелерi мен әдiстерiн талдап жасайды;
      республикадағы экономикалық жағдай туралы баяндамалар, экономиканың жекелеген салаларын дамытудың үрдiстерi мен серпiнiне, тұтыну нарығы мен халықты әлеуметтiк қамтамасыз ету жағдайына ұдайы шолулар әзiрлейдi;
      экономикалық саясатты талдап жасайды, экономикалық реформаның негiзгi бағыттарын нақтылайды, қысқа және орташа мерзiмдегi болашаққа бағдарламалар әзiрлейдi, шаруашылық жүргiзудiң және экономиканы мемлекеттiк реттеудiң соны әдiстерiне зерттеу жүргiзедi, салық жүйесiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар дайындайды;
      тауар және қаржы нарықтарындағы, бағалы қағаздар нарығы мен қор биржаларындағы үрдiстердi талдайды және болжайды, экономиканың дамуындағы сәйкессiздiктi айқындайды және оларды жою жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
      Үкiмет (Премьер-министр) үшiн бюджеттiк, қаржылық және кредит-ақша саясатының экономикаға әсер ету нәтижесi мен үрдiстерi туралы баяндамалар әзiрлейдi, оларды жөнге келтiру жөнiнде ұсыныстар дайындайды;
      республиканың экономикалық әлеуетiне және әлемдiк нарық конъюнктурасына баға беру жөнiнде зерттеулер жүргiзедi, халықаралық еңбек бөлiнiсi мен дүниежүзiлiк шаруашылық байланыстар халық шаруашылығының тиiмдi интеграциялануының негiзгi бағыттарын анықтайды;
      төлем балансына талдау және болжам жасайды, сыртқы экономикалық байланыстардың тиiмдiлiгiн арттырудың негiзгi бағыттары бойынша ұсыныстар әзiрлейдi;
      кәсiпкерлiк қызмет пен жаңа экономикалық құрылымдарды мемлекеттiк қолдаудың шетелдiк тәжiрибесiн талдайды және оны Қазақстанның экономикасына енгiзедi.
 
      Ескерту. Екiншi бөлiмнiң 4-тармағының 55-шi абзацы алынып
               тасталған - ҚРМК-нiң 1995.06.09. N 809 қаулысымен.
 
            III. Қазақстан Республикасы Экономика
                    министрлiгiнiң құзыры
 
     5. Қазақстан Республикасының Экономминiне жүктелген мiндеттердi орындау үшiн Министрлiкке:
      Министрлiктiң құзырына жатқызылған және нормативтiк реттеудi талап ететiн мәселелер бойынша экономиканы тұрақтандыру және оны дағдарыстан шығару кезеңiне арналған, министрлiктер, ведомстволар, жергiлiктi әкiмдер, мемлекеттiк концерндер, корпорациялар, қауымдастықтар, ведомстволық бағынысына қарамастан кәсiпорындар мен мекемелер орындауға мiндеттi нұсқаулар мен басқа да шешiмдер қабылдауға;
      министрлiктерге, мемлекеттiк басқарудың басқа да орталық органдарына, жергiлiктi әкiмшiлiктерге жекелеген экономикалық мәселелердi шешу жөнiнде материалдар әзiрлеудi тапсыруға;
      Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволарынан, жекелеген кәсiпорындардан, мекемелер мен ұйымдардан Министрлiктiң құзырына жататын мәселелердi шешуге қажеттi материалдарды белгiленген тәртiппен сұрату мен алуға;
      мемлекеттiк басқарудың басқа органдарының құзырына жататын және Министрлiктiң мүдделерiн қозғайтын елдiң әлеуметтiк-экономикалық даму мәселелерiн талдап жасауға, қарауға және келiсуге қатысуға;
      халық шаруашылығын дамытуды болжау, мемлекеттiк бағдарламалар, экономикалық реформаларды жүзеге асыру, басқарудың нысандары мен әдiстерi, мемлекеттiк басқару органдары құрылымын жетiлдiру мәселелерi бойынша министрлiктер мен ведомстволардың жұмысына әдiстемелiк басшылықты жүзеге асыруға және үйлестiруге;
      министрлiктерден, ведомстволардан, облыстық, қалалық және аудандық әкiмшiлiктерден және басқа да сыртқы экономикалық байланыстарға қатысушылардан сыртқы экономикалық байланыстар мәселелерi жөнiндегi ведомстволық актiлермен қоса қажеттi материалдарды және анықтамалық деректердi сұратып алуға;
      сыртқы экономикалық байланыстарға қатысушыларды бiрыңғай сыртқы экономикалық байланыстар жүргiзу, сыртқы нарықта Қазақстанның мүддесiн қорғау мәселелерi бойынша тыңдауға, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне тиiстi ұсыныстар әзiрлеуге және енгiзуге;
      сыртқы экономикалық қызмет мәселелерi жөнiндегi заң актiлерiнiң практикасын қорытындылауға және осы саладағы заңдарды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеуге;
      басқа министрлiктермен және ведомстволармен келiсiм бойынша қажет болған ретте сыртқы экономикалық байланыстарға барлық қатысушылар үшiн орындау мiндеттi болып табылатын нұсқамалар мен нұсқаулар шығаруға;
      өндiрiстi лицензиялаудың ортақ принциптерiн және маңызды халықшаруашылық мәнi бар өнiмдердiң (қызметтердiң, қызмет түрлерiнiң) лицензияланатын түрлерiнiң тiзбесiн анықтауға;
      мемлекеттiк бағдарламаларды әзiрлеуге және үйлестiруге қатысуға, осы бағдарламаларды жүзеге асыруға қажеттi орталықтандырылған қаржылар мен басқа да ресурстарды айқындауға;
      бюджеттен тыс қорлардың есебiнен жүзеге асырылатын инвестициялық қызметтi бақылауға және реттеуге;
      Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен, халықаралық экономикалық қаржылық ұйымдармен, сауда-экономикалық одақтармен экономикалық ынтымақтастығының мәселелерiн келiсуге қатысуға;
      өз құзыры шеңберінде шет елдермен экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi үкiметаралық комиссиялар мен кеңестердiң қазақстандық бөлiгiнiң жұмысын ұйымдастыруға;
      Министрлер Кабинетiнiң тапсырмасы бойынша инвестициялық ынтымақтастық, кредиттер мен қарыздар алу саласында халықаралық деңгейде Қазақстан Республикасының мүддесi үшiн өкiлдiк етуге;
      басым халық шаруашылық мәнi бар жобалар мен бағдарламаларды, оның iшiнде шетелдiк инвестицияларды тарту арқылы жүзеге асырылатындарын сараптан өткiзудi ұйымдастыруға және осы жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асырудың тиiмдiлiгi туралы Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне ұсыныстар әзiрлеуге;
      басым бағдарламалар мен жобаларды iске асыруға қатысушы шетелдiк инвесторларға қаржылық және басқа да жеңiлдiктер мен кепiлдiктер беру жөнiнде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне ұсыныстар әзiрлеудi жүзеге асыруға;
       министрлiктердiң, ведомстволардың, жергiлiктi әкiмшiлiктердiң, мемлекеттiк концерндердiң, холдингтердiң, корпорациялардың, қауымдастықтардың шетелдiк инвестициялар мен кредиттердi тарту және пайдалану мәселелерi жөнiндегi қызметiн үйлестiруге, осы қызметтiң экономикалық тиiмдiлiгiн бақылауды жүзеге асыруға;
      аса маңызды экономикалық проблемалар бойынша ғылыми-зерттеулердi қалыптастыруға және үйлестiруге, белгiленген тәртiппен Министрлiктiң құзырына жататын мәселелердi талдап жасау үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясын, салалық ғылым академияларын, ғылыми-зерттеу ұйымдарын және басқа да мекемелердi, сондай-ақ жекелеген ғалымдар мен мамандарды тартуға;
      нарықтық экономика үшiн кадрлар даярлауды үйлестiруге, халықаралық экономикалық және қаржылық ұйымдардың тиiстi орталықтарында және шетелдiк оқу орындарында тәжiрибеден өткiзу және оқытып-үйрету үшiн мамандардың кандидатураларын iрiктеудi жүзеге асыруға;
      кеңесшiлер, консультанттар және сарапшылар ретiнде контракт негiзiнде жоғары бiлiктi шетел мамандарын жұмысқа шақыруға;
      мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен, жергiлiктi әкiмшiлiктермен, қоғамдық ұйымдармен бiрлесiп кәсiпкерлiк қызметтi дамытудың басым бағытын айқындауға қатысуға;
      өз бетiнше немесе Қазақстан Республикасының мүдделi министрлiктерiмен, ведомстволарымен бiрлесiп Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетiне табыс ету үшiн кәсiпкерлiктi дамыту проблемалары жөнiндегi нормативтiк актiлер жобаларын талдап жасауға;
      шағын кәсiпорындар мен кәсiпкерлiктi қолдау және дамыту жөнiндегi аймақтық басқару органдарының қызметiн үйлестiруге;
      ел iшiнде де, шет елдерде де заң актiлерiнiң жобаларын талдап жасау және сараптау, шағын кәсiпорындардың проблемалары жөнiндегi талдамалы шолулар мен болжамдар әзiрлеу, кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламаларын қалыптастыру және бағалау, сондай-ақ өз құзырына сәйкес басқа да проблемаларды шешу жөнiнде сарапшылар тартуға, кәсiпорындармен, ұйымдармен, институттармен, жоғары оқу орындарымен, уақытша шығармашылық ұжымдармен, мамандармен шарттар жасасуға;
      мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесiп шағын кәсiпорындар мен басқа да кәсiпкерлiк құрылымдарды мемлекеттiң әр түрлi тапсырыстары мен бағдарламаларын орындауға тарту тәртiбiн анықтауға қатысуға;
      әдiстемелiк жәрдем көрсету мақсатымен шағын кәсiпорындарға, олардың одақтарына, қауымдастықтар мен бiрлестiктерге, кәсiпкерлiк құрылымдарға арналған ұсыныстар әзiрлеуге;
      Министрлiктiң құзырына жататын мәселелер бойынша белгiленген тәртiпке орай кеңестер шақыруға құқық берiледi.
      6. Экономика министрлiгi облыстық, қалалық және аудандық экономика басқармаларының аймақтық саясат мәселелерi жөнiндегi қызметiн үйлестiрудi және оларға әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады.
      7. Қазақстан Республикасының Экономминi Қазақстан Республикасының Сыртқыiсминiмен бiрлесiп елшiлiктерiнiң экономикалық қызметiнiң құрамын қалыптастыруға қатысады.
      8. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi Министрлiктiң бөлiмшелерi мен өзiне ведомстволық бағыныстағы ұйымдар орындауға мiндеттi болып табылатын бұйрықтар мен нұсқаулар шығарады.
      9. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi өз құзырына жататын мәселелер бойынша заңдарды қолдану практикасын қорытындылайды, осы заңдарды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеп, оларды қарау үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне енгiзедi. Экономикалық реформа мәселелерi жөнiндегi заң актiлерiнiң және Министрлер Кабинетi шешiмдерiнiң жобаларын әзiрлеуге қатысады, белгiленген тәртiп бойынша оларды жүзеге асыруға қажеттi нормативтiк және әдiстемелiк құжаттардың жобаларын жасайды.
 
              IV. Қазақстан Республикасы Экономика
              министрлiгiнiң қызметiн ұйымдастырудың
                        негiзгi мәселелерi
 
      10. Қазақстан Республикасының Экономинiнiң Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын Министр басқарады.
      Қазақстан Республикасы Экономика министрiнiң өзiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi тағайындайтын орынбасарлары болады. Министрдiң орынбасарлары арасындағы мiндеттер бөлiнiсiн министр жүргiзедi.
      11. Қазақстан Республикасының Экономика министрi Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiне жүктелген мiндеттер мен функцияларды орындауға дербес жауап бередi, Министрдiң орынбасарларының және Министрлiктiң орталық аппаратты құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының Министрлiк қызметiнiң жекелеген бағыттарына басшылық ету жауапкершiлiгiнiң деңгейiн белгiлейдi.
      Қазақстан Республикасының Экономика министрi:
      өз құзырының шеңберінде барлық ведомстволық бағыныстағы ұйымдар, мекемелер мен кәсiпорындар орындауға мiндеттi бұйрықтар, нұсқамалар шығарады және нұсқаулар бередi;
      орталық аппараттың штат кестесiн, Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдары туралы ережелердi, сондай-ақ тиiстi мерзiмге бекiтiлген қаржыландыру шеңберiнде Министрлiктiң орталық аппаратын ұстауға арналған шығыс сметасын бекiтедi;
      республика Экономминi орталық аппаратының, ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың, мекемелердiң және кәсiпорындардың қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады;
      қолданылып жүрген заңдарға сәйкес басқа да құқықтарға ие болады.
      Ескерту. 11 тармақтың төртiншi абзацынан сөздер алынып
               тасталған - ҚРМК-нiң 1995.02.06. N 115 қаулысымен.
      12. Қазақстан Республикасының Экономминiнде құрамына Министр (алқа төрағасы), лауазымы бойынша оның орынбасарлары, министрлiктiң басшы қызметкерлерi кiретiн алқа құрылады.
      Алқаның құрамына басқа министрлiктер мен ведомстволардың өкiлдерi, ғалымдар мен мамандар кiруi мүмкiн.
      Министрлiктiң алқа мүшелерiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiтедi.
      Қазақстан Республикасы Экономминiнiң алқасы өзiнiң ұдайы өткiзiлiп тұратын мәжiлiстерiнде маңызды мемлекеттiк, аймақтық және салалық әлеуметтiк-экономикалық проблемаларды шешу жөнiндегi мәселелердi қарайды.
      Алқаның шешiмдерi Министрдiң бұйрығымен немесе алқаның ресми хаттамасымен iске асырылады.
      Қажет болған жағдайларда алқа мәжiлiсiне талқыланатын мәселелерге тiкелей қатысты мемлекеттiк басқару органдарының, кәсiпорындардың, мекемелердiң және ұйымдардың басшылары, ғалымдар мен мамандар қатысады.
      13. Экономика министрлiгiнiң негiзгi құрылымдық бөлiмшелерi басқармалар болып табылады.
      Орталық проблемалармен байланысты басқармалар кешендерге бiрiктiрiлуi мүмкiн.
      14. Қазақстанның Экономика министрлiгi жанында Шетелдiк инвестициялар жөнiндегi Ұлттық агенттiк пен Баға комитетi жұмыс iстейдi, олар арқылы Министрлiк елдiң әлеуметтiк-экономикалық даму басымдықтарын есепке ала отырып, шетелдiк кредиттердi, инвестицияларды, және де техникалық көмектердi тарту мен пайдалану жөнiндегi мемлекеттiк саясатты және баға саясатын жүзеге асырады.
      Қазақстан Республикасының Экономминi жанындағы Шетелдiк инвестициялар жөнiндегi Ұлттық агенттiктi лауазымы бойынша Қазақстан Республикасы Экономика министрiнiң бiрiншi орынбасары болып табылатын Төраға басқарады.
      Қазақстан Республикасының Экономминi жанындағы Шетелдiк инвестициялар жөнiндегi Ұлттық агенттiк пен Баға комитетi туралы Ереженi Министрлер Кабинетi бекiтедi.
      15. "Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 16 наурызындағы N 200 қаулысының N 2 қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң ведомстволық бағыныстағы ұйымдары мен мекемелерi болады.
      16. Экономика министрлiгi орталық аппараты қызметкерлерiнiң

 

санын, еңбек ақы төлеу қорын қоса, оны ұстауды қаржыландыру мөлшерiн

Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiтедi.

     17. Министрлiктiң банкте есеп айырысу және бюджеттiк шоттары,

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген, өз

атауы қазақ және орыс тiлдерiнде жазылған мөрi болады.

     Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң тұратын

орны - Алматы қаласы.

                                       Қазақстан Республикасы

                                       Министрлер Кабинетiнiң

                                      1993 жылғы 16 наурыздағы

                                    N 200 қаулысымен бекiтiлген

                                           N 1 қосымша


               Қазақстан Республикасының Экономика

             министрлiгiне ведомстволық бағыныстағы

                   ұйымдар мен мекемелердiң

                           ТIЗБЕСI


     Экономика және нарықтық қатынастар ғылыми-зерттеу институты

(оның қарауына берiлетiн есептеу орталығы бар Қазақ ғылыми-техникалық

және конъюнктуралық-коммерциялық ақпараттар ғылыми-зерттеу институты

бөлiмшелерiнiң бiр бөлiгiн есепке алғанда);

     Басшы қызметкерлер мен мамандардың бiлiктiлiгiн көтеретiн

республикалық салааралық институт:


(Кабинеттiң 1993 ж.

9 желтоқсан N 1236 қаулысы)

    Баспахана;

     "Алмабақ" балаларды сауықтыру орталығы;

     "Айнабұлақ" демалыс үйi;

     Жөндеу-құрылыс басқармасы;

     Шаруашылық басқармасы;

     N 252 балабақша;

     N 291 балабақша;

     N 351 балабақша;

     Қазақстан Республикасының Кәсiпкерлiк пен бәсекелестiктi

дамыту қоры.         



                                           Қазақстан Республикасы



                                           Министрлер Кабинетiнiң

                                         1993 жылғы 16 наурыздағы

                                         N 200 қаулысымен бекiтiлген

                                              N 2 қосымша



 
 
                  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
                    күшiн жойған шешiмдерiнiң
                           ТIЗБЕСI
 
      1. "Қазақ КСР-iнiң Экономика жөнiндегi мемлекеттiк комитетi қызметiнiң мәселелерi" туралы Қазақ КСР-i Министрлер Кабинетiнiң 1991 жылғы 28 наурыздағы N 200 қаулысы.
      2. "Қазақ КСР-i Министрлер Кабинетiнiң 1991 жылғы 28 наурыздағы N 200 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақ КСР-i Министрлер Кабинетiнiң 1991 жылғы 22 мамырдағы N 322 қаулысы.
      3. "Қазақ КСР-iнiң Экономика жөнiндегi мемлекеттiк комитетi қызметiнiң мәселелерi туралы" Қазақ КСР-i Министрлер Кабинетiнiң 1991 жылғы 9 қыркүйектегi N 514 қаулысы.
      4. "Қазақстан Республикасының Шетелдiк инвестициялар жөнiндегi Ұлттық агенттiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 23 желтоқсандағы N 1073 қаулысының 7, 14-тармақтары.