Қазақстан Республикасының "1993 жылға арналған республикалық бюджет туралы" заңын жүзеге асыру туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 5 наурыз 1993 ж. N 170

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1.
      2. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Республикалық жер қойнауын қорғау және минералдық-шикiзаттық базаның орнын толтыру қорын құру туралы" 1992 жылғы 6 қазандағы N 824 қаулысымен белгiленген Республикалық жер қойнауын және минералдық-шикiзаттық базаның орнын толтыру қорын құру және пайдалануға 1993 жылға арналған тәртiбi сақталсын.
      3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi жанындағы Баға комитетiне Қаржы министрлiгiмен бiрлесе отырып халық шаруашылығында бағаның өсуi жағдайында су ресурстарын ұтымды пайдалану мақсатымен су шаруашылығы жүйелерiнен жер бетiндегi және жер астындағы көздерi) алынатын суларға арналған тарифтердi бiр ай мерзiмде қайта қарау тапсырылсын.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мұнайдың экспорттық бағасы мен оның iшкiреспубликалық жеткiзiлiмдерге арналған бағасы арасындағы айырмасын бюджеттiң кiрiсiне өндiрiп алу тәртiбiн он күн мерзiмде әзiрлесiн және осы мәселе бойынша, сондай-ақ акцизделетiн импорттық тауарлар бойынша акциз нарқын бекiту жөнiнде Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi қаулысын жобасын енгiзсiн.
      5. Республикада Қазақстан Республикасы кәсiпорындарында өндiрiлетiн арақ-шарап бұйымдары мен сырамен сауда-саттық жасауға мемлекеттiк монополия енгiзiлуге байланысты мемлекеттiк сауда және тұтыну кооперациялары кәсiпорындарымен бiрге қала және аудан әкiмдерiне мемлекеттiк сауда және тұтыну кооперациясы сауда жүйесi жоқ жерлерде басқа меншiк нысанындағы дүкендерде аталған өнiммен сауда-саттық жасауға рұқсат ету (лицензия) құқығы берiлсiн.
      Меншiк нысанына қарамастан қоғамдық тамақтандыру кәсiпорындарына "Қазтамақөнеркәсiбi" тамақ өнеркәсiбi МКБ фирмалық дүкендерiне республика кәсiпорындарында өндiрiлетiн арақ-шарап бұйымдары мен сыраны сатып-өткiзудi жүзеге асыруға рұқсат берiлсiн.
      Жеке адамдарға аталған өнiммен сауда-саттық жасауға тыйым салынады.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚРМК-нiң 1993.06.15.
               N 506 қаулысымен. P930506_
      Ескерту. 5-тармақтан сөз алынып тасталды - ҚРМК-нiң 1995.03.31.
               N 372 қаулысымен.
      6. Коммерциялық және басқа да мемлекеттiк емес құрылымдар республикадан тысқары жерлерден әкелетiн арақ-шарап бұйымдары мен сыраны сапа сертификаттары мен қалалардың және аудандардың әкiмдерi берген сауда жасау құқығына лицензия болған жағдайда сатады.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚРМК-нiң 1993.06.15.
               N 506 қаулысымен. P930506_
      Ескерту. 6-тармақтан сөз алынып тасталды - ҚРМК-нiң 1995.03.31.
               N 372 қаулысымен.
      7.
      Ескерту. 7-шi тармақ күшiн жойған - ҚРМК-нiң 1995.05.15.
               N 678 қаулысы бойынша. P950678_
      8. Iшкi iстер министрлiгiне, Қазақстан Республикасының Сауда министрлiгiне, Мемлекеттiк қаржы бақылау комитетiне және олардың жергiлiктi жерлердегi органдарына, жергiлiктi әкiмдерге барлық жүйедегi кәсiпорындар мен ұйымдардың және ведомстволардың, коммерциялық, кооперативтiк және жеке құрылымдардың арақ-шарап (алкогольдық) бұйымдары және сырамен сауда жасау тәртiбi мен ережесiн сақтауға бақылау жүргiзу жүктелсiн.
      Ескерту. 8-тармақ өзгерді - ҚРМК-нiң 1993.06.15. N 506 қаулысымен.
               P930506_
      Ескерту. 8-тармақтан сөз алынып тасталды - ҚРМК-нiң 1995.03.31.
               N 372 қаулысымен.
      9. Қазақстан Республикасы Көлiк министрлiгiнiң Темiр жол басқармасы, Қазақ азаматтық авиация басқармасы және Байланыс министрлiгiнiң негiзгi қызметтерi бойынша пайдаға салынатын салық республикалық бюджетке орталықтандырылған тәртiппен төленедi деп белгiленсiн. Аталған ведомстволар кәсiпорындары қызметтерiнiң қалған түрлерiнiң пайдаға салынатын салық бойынша бюджетпен есеп айырысуы орталықтандырылмаған тәртiппен жүргiзiледi.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚРМК-нiң 1993.06.15.
               N 506 қаулысымен. P930506_
      10. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен және Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi жанындағы баға комитетiмен бiрлесе отырып, ауылшаруашылық тауарларын өндiрушiлерге ақшалай көмек көрсету тәртiбiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне он күн мерзiмде әзiрлеп, бекiтуге енгiзсiн.
      11.
      12. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiсiмен келiсе отырып халыққа тұрғын үй салу үшiн жеңiлдiкпен кредит және жас отбасыларына бала туған кезде процентсiз несие беруге байланысты банктерге келтiрiлген залалдың орнын толтыру тәртiбiн, онда бюджеттен бөлiнген қаражаттардың мақсатты пайдаланылуына бақылау жасау мәселелерiн қарастыра отырып, белгiлесiн.
      13. 1993 жылға арналған республикалық бюджетте қарастырылған мөлшерi 80000 мың сом қаражат жалпыреспубликалық маңызы бар мәселелер мен бағдарламаларды жобалауға жұмсалатын болсын.
      14. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi республикалық бюджет есебiнен нан және нан-тоқаш бұйымдарының, пiскен нан орнына сатылатын ұнның, ұнтақ жарма, шикi сөк және құрама жем бағасындағы айырманың орнын толтыру тәртiбiн бiр апта мерзiмде дайындап, өтеу тәртiбiн бекiтсiн және ол мүдделi министрлiктер мен ведомстволарға хабарлансын.
      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiмен келiсе отырып, онкүндiк мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң бекiтуiне оларға құрама жем шектi босату бағасы бойынша жүргiзiлген ауыл шаруашылық кәсiпорындарының тiзбесiн табыс етсiн.
      Ескерту. 14-тармақ толықтырылды - ҚРМК-нiң 1993.06.15. N 506
               қаулысымен. P930506_
      15. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi совхоздар мен колхоздардың малдарын туберкулез бен бруцеллезден сауықтыру жөнiндегi шараларды жүзеге асыру үшiн бөлiнген қаржылардың мақсатты және ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз етсiн және мүдделi басқару органдарымен келiсе отырып оларды жүзеге асыру жөнiнде ұсыныс енгiзсiн.
      16. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi мен Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлiгi және Энергетика және отын ресурстары министрлiгiмен бiрлесе отырып қорғаныс кешенi кәсiпорындарын мемлекеттiк қолдау және олардың бәсеке қабiлетi бар азаматтық өнiмдер шығаруды игеруi үшiн пайдалану тәртiбiн екi апта мерзiмде әзiрлеп, бекiтсiн.
      17. Республикалық валюта қорына келiп түсетiн, сондай-ақ республикалық бюджеттiң қаржылары есебiнен сатып алынатын валюта қаржылары Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi айқындайтын шараларды қаржыландыруға жiберiледi.
      Ұлттық банкiден шетел валюталарын нарық бағамы бойынша сатып алуды Қаржы министрлiгi жүзеге асырады.
      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚРМК-нiң 1993.06.15.
               N 506 қаулысымен. P930506_
      18. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгi және Қаржы министрлiгi сыртқы сауда фирмаларына импорттық тауарлар сатып алу үшiн шетелдiк валюта беру тәртiбiн және осындай операциялардың бюджет үшiн залалды болуына жол бермей, олардан сатудан түскен түсiмнiң кiрiстен өтелуiн бiр ай мерзiмде әзiрлеп Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетiнiң бекiтуiне ұсынсын.
      19. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен халықты әлеуметтiк жағынан қорғау министрлiгi халықтың табысы аз тобын әлеуметтiк қорғау жөнiндегi республика Үкiметiнiң бұрын қабылданған нормативтiк құжаттарын "1993 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Заңға сәйкес келтiру жөнiндегi ұсыныстарын бiр апта мерзiмде енгiзсiн.
      20. Экономика министрлiгi, Еңбек министрлiгi, Көлiк құрылысы министрлiгi, Зейнетақы қоры, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры өздерiне қарасты бюджеттен тыс қорларда бар қаражаттардың жұмсалуы туралы мiндеттi мерзiмдiк бухгалтерлiк есеп-қисапты Қаржы министрлiгi белгiлейтiн тәртiп бойынша тапсыруды қамтамасыз етсiн.
      Мемлекеттiк қаржы бақылау комитетi Зейнетақы қоры, Жол қоры, Кәсiпкерлiктi қолдау және бәсекенi дамыту қоры, Жұмыспен қамту қоры қаражаттарының мақсатты пайдаланылуына тексеру жүргiзсiн.Тексерудiң нәтижесiн 1993 жылдың 30 сәуiрiне дейiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне қарауға тапсырсын.
      Ескерту. 20-тармақ өзгерді - ҚРМК-нiң 1993.06.15. N 506 қаулысымен.
                P930506_
      21. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Бiлiм беру министрлiгi жоғары және арнайы орта оқу орындарының күндiз оқитын қала сыртынан қатынайтын студенттерi мен оқушыларына, жоғары оқу орындары дайындық бөлiмдерiнiң тыңдаушыларына каникулға шыққан кезде темiр жол көлiгi арқылы жеңiлдiкпен жүру құнын өтеу тәртiбi мен шартын екi апта мерзiмде бекiтсiн.
      22. 1993 жылға арналған республикалық бюджетте Энергетика және отын ресурстары министрлiгi мен Өнеркәсiп министрлiгiнiң кәсiпорындары мен ұйымдарының балансында тұратын поселкелер мен қалалардың әлеуметтiк сала объектiлерiн ұстауға арналған шығындардың қарастырылғаны ескерiлсiн. Бюджеттiк қаржылар алған министрлiктер мен ведомстволар бөлiнген қаржылардың мақсатты пайдалануын және оларды пайдаланғандығы жөнiндегi мерзiмдiк есеп-қисапты белгiленген үлгiлер бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне тапсыруды қамтамасыз етсiн.
      Ескерту. 22-тармақ өзгерді - ҚРМК-нiң 1993.06.15. N 506 қаулысымен.
                P930506_
      23. Облыстық, Алматы және Ленинск қалалық әкiмдер жергiлiктi бюджет есебiнен:
      ауыл шаруашылық кәсiпорындарының мектеп жасына дейiнгi балалар мекемелерiн, оларды халыққа бiлiм беру жүйелерiнiң қарамағына бере отырып қаржыландыруды;
      1993 жылғы 1 қарашадан жалпы бiлiм беретiн мектептердiң 1-4 сыныптары оқушыларының тамақтануын бiр оқу оқушыға күнiне 400 сомнан есептелгенде шығынды iшiнара өтеумен ұйымдастырылуын.
      Ескерту. 23-тармақ өзгерді - ҚРМК-нiң 1993.06.15. N 506 қаулысымен.
                P930506_
      Ескерту. 23-тармақтың 3 абзацы жаңа редакцияда берiлген -
               ҚРМК-нiң 12.11.1993 ж. N 1113 қаулысымен. P931113_
      24. Ғылым және жаңа технология министрлiгi республикалық бюджеттегi ғылыми-зерттеу жұмыстары мен республикалық мемлекеттiк ғылыми-техникалық бағдарламаларды қаржыландыруға арналып қарастырылған қаржыларды он күн мерзiмде адрестiк бөлудi жүргiзетiн болсын.
      25.
      26. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Қорғаныс министрлiгi ТМД-ның стратегиялық әскерiн ұстауға арналған шығындарды қаржыландыру тәртiбi туралы ұсыныс енгiзсiн.
      27. Қазақстан Республикасы Ұлттық хауiпсiздiк комитетi бойынша бөлiнген қаражат құрамында Қазақстан Республикасы Шекара әскерлерiн ұстауға 19287224 мың сом және Жоғары командалық шекара училищесiн ұстауға - 1526246 мың сом қаржы көзделгенi ескерiлсiн. Одан басқа, Ұлттық хауiпсiздiк комитетiн жалпы қаржыландыру көлемiнен 1824029 мың сомды күрделi құрылысқа жұмсау көзделдi.
      Ескерту. 27-тармақ өзгерді - ҚРМК-нiң 1993.06.15. N 506 қаулысымен.
                P930506_
      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда берiлген - ҚРМК-нiң
               12.11.1993 ж. N 1113 қаулысына сәйкес.
 
      28. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi екi апталық мерзiм iшiнде 1993 жылға арналып нақтыланған республикалық бюджетте қарастырылған мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдарын ұстауға жұмсалатын қаражатты адрестiк бөлудi Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне табыс етсiн.
      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда берiлген - ҚРМК-нiң 1993.06.15.
               N 506 қаулысымен. P930506_
      29. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiсiмен келiсе отырып, бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне:
      Қазақстан Республикасының 1992 жылғы Мемлекеттiк iшкi заемын тарату, оны өтеу шарттары және ол бойынша кiрiстердi төлеу;
      қысқа мерзiмдi бағалы қағаздарды (қазыналық вексельдердi) аукцион негiзiнде сату, олардың айналыс шарттары мен қызмет көрсету тәртiбiн белгiлеу жөнiнде ұсыныс енгiзсiн.
      30. Қаржы министрлiгi Қазақ жинақ банкiсiмен келiсе отырып бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне:
      Қазақстан Республикасының 1992 жылғы мемлекеттiк iшкi ұтыс заемы бойынша ұтыстарды төлеу шарттары жөнiнде;
      Қазақ жинақ банкiлерiне мерзiмдi салымдарға орналастырылған жинақ ақшаның құнсыздануынан халыққа келтiрiлген залалға өтемақы төлеу және 1990 жылғы мемлекеттiк мақсаттық процентсiз заемын өтеу тәртiбi туралы ұсыныстар енгiзсiн.
      31. Мыналардың:
      - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң резерв қоры 19733560

 

мың сом мөлшерiнде, оның iшiнде 3 000 000 мың сомы - төтенше жағдайларды

қаржыландыратын болып белгiленгендiгi;



     - республикалық бюджет бойынша 1993 жылдың аяғындағы нақты кассалық

айналым 4000000 мың сом мөлшерiнде белгiленгендiгi ескерiлсiн.

     Ескерту. 31-тармақ өзгерді - ҚРМК-нiң 1993.06.15. N 506 қаулысымен.  



P930506_




     Қазақстан Республикасының

         Премьер-министрi