Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Сауда өкiлдiгiнiң қызметiн ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 7 қаңтар 1993 ж. N 16

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Сауда өкiлдiгiнiң қызметiн ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Сауда өкiлдiгi туралы ереже /уақытша/ бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Сауда өкiлдiгi аппараты қызметкерлерiнiң саны 8 адам мөлшерiнде белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Сауда өкiлдiгi аппараты қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақысының схемасы қосымшаға сәйкес бекiтiлiп, ол 1992 жылғы 1 желтоқсаннан бастап енгiзiлсiн. Сауда өкiлдiгiнiң құрылымы мен штатын бекiту хұқығы Сауда өкiлiне берiлсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Сауда өкiлi Өкiлдiктi 1992 жылдың аяғына дейiн және жылға арналған есеппен ұстауға жұмсалатын шығыс сметасын табыс етсiн. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Сауда өкiлдiгiнiң аппараты ұсатуға, қызметтiк үйлер мен тұрғын жайларды жалдауға, сатып алуға, жөндеуге, жаңғыртуға немесе салуға, сондай-ақ бұл үй-жайларды пайдалануға, аумақты күтiп ұстауға, автокөлiк құралдарын алуға, жиhазбен және мүкәммалмен қамтамасыз етуге қажеттi қаражат бөлiнуiн көздейтiн болсын.
      5. Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгi, "Қазконтракт" корпорациясы және Сауда министрлiгi 1993 жылдың бiрiншi жартысында Қазақстан Республикасының Сауда өкiлдiгiн қажеттi жабдықтармен, мүкәммалмен және техникалық құралдармен қамтамасыз етсiн.
      6. Қазақстан Республикасының Мемстаткомы Сауда өкiлдiгiн

 

оның өтiнiмi бойынша белгiленген тәртiппен қажеттi статистикалық

деректермен қамтамасыз етсiн.

     7. Қазақстан Республикасының Мемэкономкомы, министрлiктерi

мен ведомстволары Сауда өкiлдiгiнiң өз функцияларын орындау үшiн

қажеттi деректердi табыс етiп, делдалдық шарттар жасасуына

жәрдемдесiп отыратын болсын.


      Қазақстан Республикасының

         Премьер-министрi

                                       Қазақстан Республикасы

                                       Министрлер Кабинетiнiң

                                       1993 жылғы 7 қаңтардағы

                                           N 16 қаулысымен

                                             бекiтiлген


            Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы

                   Сауда өкiлдiгi туралы Ереже

                             /Уақытша/



 
       1-бап. Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Сауда өкiлдiгi Алматы қаласында 1992 жылғы 16 қыркүйекте екi жақ қол қойған Хаттамаға сәйкес құрылған және Беларусь Республикасында Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызмет саласындағы хұқын жүзеге асыратын орган болып табылады.
      Қазақстан Республикасының Сауда өкiлдiгi өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының басқа заңдарын, осы Ереженi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы шарттарды басшылыққа алып отырады.
      2-бап. Қазақстан Республикасының Сауда өкiлдiгi мынадай негiзгi мiндеттердi атқарады:
      а) Беларусь Республикасында екi ел арасындағы сауда және басқа экономикалық ынтымақтастық түрлерiне қатысты барлық мәселелерде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мүддесiн бiлдiредi;
      б) Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы экономикалық байланыстарды дамыту мен кеңейтуге, сыртқы сауда құрылымын жақсартуға, сауда-экономикалық қатынастардың жаңа нысандарын жүзеге асыруға жәрдемдеседi;
      в) бұдан әрi "Сыртқы экономикалық қызметке қазақстандық қатысушылар" деп аталатын министрлiктердiң, ведомстволардың, мемлекеттiк, кооперативтiк және басқа қоғамдық кәсiпорындардың, бiрлестiктер мен ұйымдардың, сондай-ақ жеке адамдардың сыртқы экономикалық қызмет жүргiзген кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мүддесiн ойлауына бақылау жасайды, Беларусь Республикасында олардың қызметiн үйлестiрiп отырады;
      г) Беларусь Республикасында экономикалық қызметке қазақстандық қатысушылардың экономикалық мүддесiн қорғайды, олардың сыртқы экономикалық қызметтi жүзеге асыруына, экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың тiке байланыстар орнату, бiрлескен кәсiпорындар, сервистiк, инжиниригтiк, сауда және жарнама фирмаларын құру сияқты жаңа бағыттары мен нысандарын дамытуына, аралас /акционерлiк/ қоғамдарға қатысуына және өндiрiстiк кооперацияны жүзеге асыруына барынша жәрдемдеседi;
      д) Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасында экономикалық байланыстар, оның iшiнде сауда, өнеркәсiп, экономикалық және техникалық ынтымақтастық мәселелерi жөнiнде жасасылған екi жақты шарттардың орындалуын бақылап отырады, осындай шарттар жасасу жөнiндегi ұсыныстар мен келiссөздер әзiрлеуге қатысады.
      3-бап. Қазақстан Республикасының Сауда өкiлдiгi өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес:
      а) Беларусь Республикасында Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясатын жүзеге асыру, сыртқы экономикалық қызметтiң барлық мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мүддесiне сәйкес неғұрлым қолайлы жағдай жасау жөнiнде жұмыс жүргiзедi;
      б) жалпы экономикалық жағдайды, экономикалық дамудың жоспарлары мен бағдарламаларын, өкiлдiк бар мемлекеттiң валюта-қаржы жағдайын, оның сыртқы экономикалық байланыстарының дамуын, сыртқы экономикалық қызмет саласындағы заңды, экономикалық нормативтердi, тауар мен түрлi қызмет нарқының өзгеруiн, сондай-ақ сыртқы экономикалық байланыстардың басқа да ерекшелiктерiн зерделейдi, бұл мәселелер жөнiнде Қазақстан Республикасының мүдделi мемлекеттiк органдарын хабардар етiп отырады;
      в) Беларусь Республикасының мекемелерi мен ұйымдарын Қазақстан Республикасындағы экономикалық, әлеуметтiк-экологиялық және коммерциялық жағдай, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызмет саласындағы заңдары жайында хабардар етiп отырады;
      г) министрлiктер мен ведомстволардан сыртқы-экономикалық қызметке қазақстандық қатысушылардан олардың сыртқы экономикалық қызмет мәселелерi бойынша қажеттi ақпарат алады;
      д) сыртқы экономикалық қызметке қазақстандық қатысушыларға сыртқы экономикалық ынтымақтастықтың жаңа нысандарын қалыптастыруға және дамытуға, Беларусь Республикасында келiссөздер жүргiзуге, сыртқы сауда келiсiмiн жасауға және орындауға қажеттi жәрдем көрсетедi;
      е) сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық мәселелерi жөнiндегi үкiметаралық комиссиялар мен топтардың, халықаралық экономикалық ұйымдардың және олардың жұмыс органдарының сыртқы экономикалық ынтымақтастыққа байланысты жұмыстарына қатысады;
      ж) Беларусь Республикасында қолданылып жүрген сертификаттау жүйесiн, халықаралық ұйымдардың стандарттарын қолдануды, сапа проблемаларын басқаруды, сондай-ақ қазақстандық тауарлар мен қызмет көрсетулердiң сапасын және бәсекеге икемдiлiгiн зерделейдi, Қазақстан Республикасының мүдделi органдарына осы мәселелер бойынша ақпарат бередi, сондай-ақ экспорттық ұйымның техникалық деңгейi мен бәсекеге икемдiлiгiн арттыру мақсатында ұсыныстар енгiзедi;
      з) өзара тиiмдi ұлттық сауда-өнеркәсiп көрмелерiн өткiзуге, сыртқы экономикалық және өзге шаруашылық ұйымдарының Беларусь Республикасы мен Қазақстан Республикасындағы көрмелерге және жәрмеңкелерге қатысуына жәрдемдеседi, олардың жұмыстарын үйлестiредi.
      4-бап. Қазақстан Республикасының Сауда өкiлдiгi өзiнiң атынан және Қазақстан Республикасының атынан оларға жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру үшiн қажет келiсiмдер және өзге заң актiлерiн жасай алады, талап етушi және талап етушiнiң өкiлi ретiнде сотта сөз сөйлейдi. Қазақстан Республикасының Сауда өкiлдiгi жауап берушi ретiнде Қазақстан Республикасының Сауда өкiлдiгi Беларусь Республикасында жасаған келiсiмдер мен өзге заң актiлерiнен туындайтын даулар бойынша ғана сотта сөз сөйлей алады.
      5-бап. Қазақстан Республикасы Сауда өкiлдiгiнiң мiндеттемелерi бойынша 4 баптың ережелерiн ескере отырып Қазақстан Республикасы жауап бередi.
      Қазақстан Республикасының Сауда өкiлдiгi қазақстандық сыртқы экономикалық және өзге шаруашылық ұйымдарының мiндеттемелерiне, ал қазақстандық сыртқы экономикалық және өзге шаруашылық ұйымдары Қазақстан Республикасы Сауда өкiлдiгiнiң мiндеттемелерiне жауап бермейдi.
      6-бап. Қазақстан Республикасының Сауда өкiлдiгi Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгiне бағынады, оның құрылымын айқындайды және жасақтауға қатысады.
      Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Сауда өкiлi және оның орынбасары Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген көлемде дипломатиялық артықшылықтарды және иммунитеттердi пайдаланады. Медициналық және тұрмыстық қызмет көрсету жағдайы жөнiнен Сауда өкiлi Қазақстан Республикасының министрiне теңгерiледi.
      7-бап. Қазақстан Республикасының Сауда өкiлдiгiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын Қазақстан Республикасының Сауда өкiлi басқарады. Қазақстан Республикасының Сауда өкiлдiгi Қазақстан Республикасының бюджетiнен қаржыландырылады.
      8-бап. Қазақстан Республикасы Сауда өкiлдiгiнiң әкiмшiлiк-техникалық қызметкерлерiн жұмысқа қабылдау және босату Сауда өкiлдiгi бойынша бұйрықпен жүргiзiледi.
      Қызметкерлер арасындағы қызметтiк мiндеттердi бөлудi Сауда өкiлi жүргiзедi, ол Сауда өкiлдiгi аппаратының қызметiне тiкелей жауап бередi.
      9-бап. Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Сауда өкiлдiгi Заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы, қазақ және орыс тiлдерiнде өзiнiң атауы бейнеленген мөрге ие.
      Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚРКМ-нiң 28.02.1994 ж. N 227
               қаулысымен.
      10-бап. Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Сауда өкiлдiгi өзiнiң қызметiне байланысты қажеттi қаржы операцияларын жүзеге асыру үшiн Беларусь Республикасының Ұлттық банк бөлiмшелерiнде ағымдық және есептiк шотқа, Сыртэкономбанкiнде валюталық шотқа ие.
      11-бап. Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Сауда өкiлдiгiнiң тұрғылықты жерi - Минск қаласы.
 

                                       Қазақстан Республикасы



                                       Министрлер Кабинетiнiң

                                       1993 жылғы 7 қаңтардағы

                                            N 16 қаулысына

                                               қосымша



 
 
              Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы
             Сауда өкiлдiгiнiң аппараты қызметкерлерi лауазымдық
             жалақысының кестесi
                                 (Кесте)