Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлiк есеп пен есеп беру туралы ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1992 жылғы 22 желтоқсан N 1068. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996.05.03. N 551 қаулысымен.

Күшін жойған

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Бухгалтерлiк есеп пен есеп беру туралы осыған қосылған Ереже бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Материалдық ресурстар министрлiгi мен Сауда өндiрiстiк-техникалық мақсаттағы өнiм мен халық тұтынатын тауарларды сақтау және тасымалдау кезiндегi табиғи кемуiнiң нормаларын әзiрлеу мен бекiту тәртiбiн екi ай мерзiмде бекiтсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Әдiлет министрлiгi Бухгалтерлiк есеп пен есеп беру туралы Ереженiң қабылдануына байланысты КСРО Үкiметi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған шешiмдерiнiң тiзбесi туралы Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне ұсыныс енгiзсiн.
      4. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Республиканың халық шаруашылығында бухгалтерлiк есеп пен статистика жүйесiн жетiлдiру мәселелерi" (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ, 1992 ж., N 13, 225-бап) жөнiндегi 1992 жылғы 31 наурыздағы N 306 қаулысына сәйкес құрылған әдiстемелiк кеңестер мақұлдаған

 

нормативтiк құжаттардың жобаларын Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлiгi немесе Қазақстан Республикасының Статистика

және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi бекiтетiн болып

белгiленсiн, осыған байланысты аталған қаулының 1-тармағындағы

соңғы абзацының күшi жойылған деп танылсын.


            Қазақстан Республикасының

                 Премьер-министрi

                                       Қазақстан Республикасы

                                       Министрлер Кабинетiнiң

                                     1992 жылғы 22 желтоқсандағы

                                            N 1068 қаулысымен

                                              Бекiтiлген


            Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлiк

                     есеп пен есеп беру туралы


                          ЕРЕЖЕ  

                   I. Жалпы ережелер



 
       1. Осы Ереже нарықтық экономика жағдайында Қазақстан Республикасындағы меншiк түрлерiне, ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, заңды ұйымдар болып табылатын кәсiпорындар, банктер, бiрлестiктер, ұйымдар Қазақстан Республикасының аумағында құрылған бiрлескен кәсiпорындарды, олардың шетелдiк инвестициялары бар филиалдарын қосқанда; негiзгi қызметi бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын мекемелер мен ұйымдар үшiн бухгалтерлiк есептi жүргiзу мен есеп берудi түзудiң бiрыңғай әдiстемелiк негiздерiн белгiлеп, айқындайды. Бұдан әрi "кәсiпорын" деп аталады. Бұдан әрi "мекеме" деп аталады.
      Өзiнiң қызметiн заңды ұйым құрмастан жүзеге асыратын кәсiпкерлермен, шаруа (фермер) қожалықтарымен есеп жүргiзу Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң арнайы нормативтiк актiлерiмен ретке келтiрiледi.
      2. Бухгалтерлiк есеп пен есеп беруге әдiстемелiк басшылықты Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жүзеге асырады, ол Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық кәсiпорындар мен мекемелер қолдануға мiндеттi бухгалтерлiк есеп жөнiндегi нормативтiк актiлердi, бухгалтерлiк есеп берудiң нысандарын осы Ережеге сәйкес әзiрлейдi және бекiтедi.
      3. Кәсiпорын, мекеме заттай көрсеткiштер негiзiнде жинақталуы ақшаға шаққанда өзiнiң мүлкi мен шаруашылық қызметiн оларды жаппай, үздiксiз, құжат жүзiнде және өзара байланыста көрсету жолымен бухгалтерлiк есеп жүргiзуге мiндеттi.
      4. Бухгалтерлiк есептiң басты мiндеттерi:
      жедел басшылық ету мен басқару үшiн қажеттi, сондай-ақ оны инвесторлар, берiп тұрушылар, сатып алушылар, кредиторлар, салық және банк органдары пайдалану үшiн шаруашылық процестерi мен кәсiпорын, мекеме қызметiнiң нәтижелерi туралы толық және шынайы ақпаратты қалыптастыру;
      мүлiктiң қолда бары мен қозғалысына, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының бекiтiлген нормаларға, нормативтерге, сметаларға сәйкес пайдаланылуына бақылауды қамтамасыз ету;
      шаруашылық-қаржы қызметiндегi келеңсiз құбылыстарды дер кезiнде алдын алу, iшкi шаруашылық резервтердi анықтап, iске жұмылдыру болып табылады.
      5. Кәсiпорын, мекеме бухгалтерлiк есептi ұйымдастыруды жүзеге асыра отырып:
      кәсiпорынның, мекеменiң түрiне және шаруашылықты жүргiзудiң нақты жағдайларына қарай бухгалтерлiк жұмыстың ұйымдастырылу нысанын дербес өзi белгiлейдi;
      Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген немесе осы Ережеде белгiленген жалпы әдiстемелiк принциптердi сақтаумен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi немесе республиканың министрлiктерi мен ведомстволары жаңадан әзiрлеген нысандар мен әдiстердi негiзге ала отырып, бухгалтерлiк есептiң нысаны мен әдiстерiн, сондай-ақ есептiк ақпаратты өңдеу технологиясын айқындайды, iшкi өндiрiстiк есептiң есеп беру мен бақылаудың жүйесiн әзiрлейдi.
      6. Кәсiпорын, мекеме өзiнiң өндiрiстерi мен шаруашылықтарын (қосалқы ауыл шаруашылығы, ағаш дайындау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлiк шаруашылығы және басқалар), сондай-ақ филиалдарды, өкiлдiктердi, бөлiмшелердi және кәсiпорынның, мекеменiң құрамына кiретiн оқшау бөлiмшелердi жеке балансқа бөле алады.
 
             Бухгалтерлiк есептi жүргiзудiң негiзгi ережелерi
 
      7. Кәсiпорын, мекеме мүлiктiң және шаруашылық операцияларының бухгалтерлiк есебiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi ұсынған шоттардың жоспарына сәйкес екi мәрте жазу тәсiлiмен жүргiзедi.
      8. Кәсiпорын, мекеме бухгалтерлiк есептi жүргiзгенде:
      есептi жыл бойына жекелеген шаруашылық операцияларын көрсетудiң және мүлiктi бағалаудың қабылданған есеп саясатының (әдiснаманың) осы Ережеде келтiрiлген қағидаларға сәйкес өзгерместiгi. Есеп саясатының өзгеруi кәсiпорын әкiмшiлiгiнiң шешiмiмен ресiмделуге және жылдық бухгалтерлiк есеп беруде түсiндiрiлуге тиiс;
      есептi кезең (ай, тоқсан, жыл) iшiндегi есепте осы кезеңде жүзеге асырылған барлық шаруашылық операцияларының және мүлiктi түгендеу нәтижелерi мен қаржы мiндеттемелерiнiң толық көрсетiлуi;
      кiрiс пен шығыстың есептi кезеңдерге жатқызылуының дұрыстығы. Есептi кезеңге жатқызылып отырған кiрiс пен шығыс, егер осы Ережеде өзгеше белгiленбесе, олардың түсуi мен төленуi мерзiмiне қарамастан қабылданады;
      есепте өндiрiске жұмсалған ағымдық шығындардың (айналыс шығындарының) және күрделi қаржының шектелуi;
      талдамалы есеп деректерiнiң айналымдарға және жинақтау шоттары бойынша әр айдың алғашқы күнiне қалғанына дәл келуi қамтамасыз етiлуге тиiс.
      Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес кәсiпорынның бухгалтерлiк есебi мен есеп беру құжаттары мен деректерiне қолы жететiн органдар мен лауазымды адамдарға коммерциялық құпия болып саналатын мәлiметтердi жария еткенi үшiн жауапкершiлiк жүктеледi.
 
             Шаруашылық операцияларын құжаттау және
                    оларды бухгалтерлiк есепте көрсету
 
      9. Шаруашылық операциясының iске асырылу фактiсiн тiркейтiн құжаттар бухгалтерлiк есеп тiзiлiмдерiндегi жазбалар үшiн негiз болып табылады.
      Бастапқы құжаттарда, оның iшiнде қағаздағы және машинамен оқылатын ақпараттарда мынадай мiндеттi мағлұматтар алуға тиiс: құжаттың (нысанның) атауы, нысанның коды, жазылған күнi, шаруашылық операциясының мазмұны (заттай және ақшалай шаққанда); шаруашылық операцияларының жүргiзiлуi үшiн жауапты лауазымды адамдардың атауы және олардың дұрыс ресiмделуi, қойылған жеке қолдары мен олардың толық ажыратылуы. Бухгалтерлiк есеп тiзiлiмдерiндегi тiркелген бастапқы құжаттарда олардың қайтадан пайдаланылуына мүмкiндiк бермейтiн белгiлер болуы тиiс.
      Операцияның сипатына және деректердi өңдеу технологиясына қарай бастапқы құжаттарға қосымша мағлұматтар енгiзiлуi мүмкiн.
      Бастапқы құжаттар операция жүргiзiлген сәтте жазылуға тиiс, ал егер бұл мүмкiн болмаған жағдайда - операция аяқталған бойда тiкелей жазылуға тиiс.
      Құжаттардың дер кезiнде және сапалы жазылуына, бухгалтерлiк есепте көрсету үшiн олардың белгiленген мерзiмде берiлуiне құжаттарда болатын деректердiң дұрыстығына осы құжаттарды жазған және оларға қол қойған адамдар жауап бередi. Бастапқы құжаттардағы жазбалар олардағы жазбалардың ұзақ уақыт бойына сақталуын қамтамасыз ететiн құралдармен ғана жазылуға тиiс.
      10. Қабылданған құжаттарда баяндалған, бухгалтерлiк есепте көрсету үшiн қажеттi ақпарат жалпы әдiснамалық принциптердi сақтай отырып, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi ұсынатын немесе министрлiктер мен ведомстволар әзiрлеген есептiк тiзiлiмдерге жинақталып, жүйеге келтiрiледi.
      Бухгалтерлiк есептiң автоматтандырылуы жағдайында жiберiлетiн ақпарат машинамен оқитын қондырғылардағы шығарылыс құжаттары түрiнде ресiмделуi мүмкiн.
      Кәсiпорынның, мекеменiң белгiлi бiр уақыт кезеңiнде жүргiзген шаруашылық операциялары туралы ақпарат есептiк тiзiлiмдерден бухгалтерлiк есеп беруге көшiрiледi.
      11. Бастапқы құжаттар мен есептiк тiзiлiмдерде айтылмаған түзетулер жасауға болмайды. Қателердi түзету құжатқа қол қойған адамдардың қойған қолымен расталып, түзетiлген күнi көрсетiлуге тиiс.
      Кассалық және банктiк құжаттарға түзетулер жасауға жол берiлмейдi.
      12. Барлық құжаттар, есеп тiзiлiмдерi, бухгалтерлiк есеп беру Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлiнде және орыс тiлiнде жүргiзiлуге тиiс. Орыс тiлiмен қатар құрылтай құжаттарында көзделген шет тiлi де пайдаланылуы мүмкiн. Бухгалтерлiк есепте жазба жазу үшiн негiз болатын және шет тiлдерiнде жазылған құжаттардың жолма-жол аудармасы болуға тиiс.
      13. Құжаттар, есептiк тiзiлiмдер, бухгалтерлiк есеп беру белгiленген тәртiпке сәйкес мiндеттi түрде сақталуға жатады. Олардың сақталуы мен архивке дер кезiнде берiлуi үшiн бас бухгалтер жауап бередi.
 
             Мүлiктi, мiндеттемелер мен шаруашылық
                       операцияларын бағалау
 
      14. Мүлiк, қаржы мiндеттемелерi мен шаруашылық операциялары бухгалтерлiк есеп пен есеп беруде көрсетiлуi үшiн бағалануға жатады. Бағалау, нақты жұмсалған шығындар ақшаға шағу жолымен жүргiзiледi.
      15. Кәсiпорын, мекеме мүлiктi, қаржы мiндеттемелерi мен шаруашылық операцияларын бағалауды Қазақстан Республикасының валютасы есебiмен жүргiзедi.
      16. Кәсiпорынның, мекеменiң валюталық шоттары бойынша, сондай-ақ олардың шетелдiк валюта есебiмен жүргiзiлген операциялары бойынша бухгалтерлiк есептегi жазбалары Қазақстан Республикасының валютасымен, шетелдiк валютаны Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттiк банкiсiнiң есеп айырысу - ақша құжаттарының толтырылған күнiне қолданылып келген бағам бойынша қайта есептеу жолымен анықталған сомада жазылады. Аталған жазбаларда бiр мезгiлде есеп айырысу мен төлемдер валютамен толтырылады.
 
             Бухгалтерлiк есептi ұйымдастыру
 
      17. Бухгалтерлiк есептiң ұйымдастырылуы үшiн кәсiпорын басшысы жауап бередi.
      Басшы бухгалтерлiк есептiң дұрыс жүргiзiлуi үшiн қажеттi жағдай жасауға, бас бухгалтердiң құжаттар мен мәлiметтердiң есебiн жүргiзу үшiн ресiмдеу мен тапсыру тәртiбi жөнiндегi талаптарын барлық бөлiмшелерi мен қызметтерiнiң, кәсiпорынның, мекеменiң есепке қатысы бар қызметкерлерiнiң мүлтiксiз орындауын қамтамасыз етуге мiндеттi.
      Кәсiпорындағы, мекемедегi бухгалтерлiк есептi оның дербес құрылымдық бөлiмшесi (қызметi) болып табылатын кәсiпорынның, мекеменiң бухгалтериясы немесе бас бухгалтер басқаратын орталықтандырылған бухгалтерия жүргiзедi.
      Бухгалтериялық қызметi жоқ кәсiпорында, мекемеде бухгалтерлiк есеп пен есеп берудi мамандандырылған ұйым немесе тиiстi маман шарттық негiзде жүргiзуi мүмкiн.
      18. Кәсiпорынның, мекеменiң бас бухгалтерiн кәсiпорын басшысы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, ол тiкелей кәсiпорын басшысына бағынады.
      19. Кәсiпорынның, мекеменiң бас бухгалтерi осы Ереженi, белгiлеген тәртiппен бекiтiлетiн нормативтiк құжаттарды басшылыққа алады және оларда белгiленген бухгалтерлiк есептiң жалпы әдiснамалық принциптерiнiң сақталуы үшiн жауап бередi.
      20. Бас бухгалтер кәсiпорын, мекеме жүзеге асыратын барлық шаруашылық операцияларын бақылау мен олардың бухгалтерлiк есеп шоттарында көрсетiлуiн, жедел ақпараттың берiлуiн, бухгалтерлiк есеп берудiң белгiленген мерзiмде жүргiзiлуiн, iшкi шаруашылық резервтерiн анықтап, жұмылдыру мақсатымен бухгалтерлiк есеп пен есеп беру бойынша (басқа бөлiмшелермен және қызметтермен бiрге) кәсiпорынның, мекеменiң қаржы-шаруашылық қызметiне экономикалық талдау жасауды қамтамасыз етедi.
      21. Бас бухгалтердiң лауазымына арнаулы бiлiмi бар адам тағайындалады.
      22. Бас бухгалтер кәсiпорын басшысымен бiрге тауар-материалдық құндылықтар мен ақшалай қаражатты қабылдау мен беру үшiн негiз болатын құжаттарға, сондай-ақ есеп айырысу, кредит және қаржы мiндеттемелерi мен шаруашылық шарттарына қол қояды. Бас бухгалтердiң қолы қойылмаған аталған құжаттар жарамсыз деп есептелiп, атқарылуға қабылданбайды. Кәсiпорын, мекеме басшысы есептiң жекелеген салалары бойынша құжаттарға қол қою хұқығын осыған уәкiлдiк етiлген адамдарға бас бухгалтердiң ұсынысы бойынша жазбаша өкiммен беруi мүмкiн.
      23. Кәсiпорынның, мекеменiң бас бухгалтерiнiң заңдарға қайшы келетiн және шарт пен қаржы тәртiбiн бұзатын операциялар бойынша құжаттарды орындау мен ресiмдеуге қабылдауына тыйым салынады. Мұндай құжаттар туралы бас бухгалтер кәсiпорын, мекеме басшысына жазбаша түрде хабарлайды. Басшыдан аталған құжаттарды есепке қабылдау туралы жазбаша өкiмдi алғаннан кейiн бас бухгалтер оны орындайды. Заңсыз жүргiзiлген операциялар үшiн бүкiл жауапкершiлiктi кәсiпорын, мекеме басшысы толық мойнына алады.
      24. Материалдық жауапты адамдарды (кассирлердi, қойма меңгерушiлерiн және басқаларды) тағайындау, жұмыстан босату және қызмет орнынан ауыстыру бас бухгалтердiң келiсiмiмен жүргiзiледi.
      25. Бас бухгалтер жұмыстан босатылғанда жаңадан тағайындалған бухгалтерге (соңғысы жоқ болғанда - кәсiпорын басшысының бұйрығымен тағайындалған қызметкерге) iс өткiзiледi, оның барысында бухгалтерлiк есептiң жай-күйi және есеп беру деректерiнiң дұрыстығы тексерiлiп, кәсiпорын, мекеме басшысы бекiткен тиiстi акт жасалады.
      26. Жұмыс iстеушiлердiң саны аз, штатында кассирi жоқ кәсiпорындарда кассирдiң мiндетiн бас бухгалтер немесе кәсiпорын басшысының жазбаша өкiмi бойынша басқа қызметкер атқаруы мүмкiн.
      27. Бухгалтерлiк есептi жүргiзу кезiнде бас бухгалтер операцияларды ресiмдеу мен қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi түсiру жөнiндегi барлық бөлiмшелер мен қызметтер үшiн мiндеттi талаптарды белгiлейдi, ресурстардың пайдаланылу тиiмдiлiгiн арттыру, қойма шаруашылығын жүргiзудi жақсарту шараларын

 

қолдануды талап етедi, ақша қаражатын, тауар-материалдық және

басқа құндылықтарды қабылдау, кiрiске алу, сақтау және жұмсау

тәртiбiнiң сақталуын тексередi.


                   II. Активтердi есепке алу


     28. Кәсiпорын, мекеме активтерiнiң құрамына:

     ұзақ мерзiмдi активтер (негiзгi құрал-жабдықтар, күрделi

қаржы, ұзақ мерзiмдi финанс қаржылары және басқалары);

     материалдық емес активтер;

     ағымдағы активтер (бағасы арзан және тез тозатын заттар,

өндiрiстiк запастар, дайын өнiм, тауарлар, аяқталмаған өндiрiс,

болашақ кезеңдердiң шығыны, ақшалай қаражаттар, қысқа мерзiмдi

финанс қаржылары, дебиторлық борыштар және әр түрлi айналым

активтерi) кiредi.


                   Негiзгi құралдар



 
       29. Кәсiпорынның, мекеменiң негiзгi құралдары - материалдық өндiрiс саласында да, өндiрiстiк емес салада да уақыт бойына пайдаланылатын материалдық-заттай құндылықтар жиынтығы болып табылады.
      30. Негiзгi құралдарға үйлер, ғимараттар, берiлiс құрылғылары, жұмыс пен күш машиналары мен жабдық, өлшеуiш және реттегiш приборлар мен құрылғылар, есептеу техникасы, көлiк құралдары, аспап, өндiрiстiк және шаруашылық құрал-сайман, керек-жарақ, жегiлетiн және өнiм беретiн мал, көп жылдық екпе ағаштар және өзге де еңбек құралдары жатады.
      Негiзгi құралдарға сондай-ақ жердi жақсартуға (мелиоративтiк, құрғату, ирригациялық және басқа жұмыстар) және жалға берiлген үйлерге, ғимараттарға, жабдыққа және еңбек құралдары болып табылатын басқа да объектiлерге жұмсалатын күрделi қаржы жатқызылады.
      Көп жылдық екпе ағаштарға, жердi жақсартуға арналған күрделi қаржы жыл сайын негiзгi құралдар құрамына, бүкiл жұмыстар кешенiнiң аяқталғанына қарамастан, пайдалануға қабылданған алқаптарға қатысты шығындар сомасында енгiзiледi.
      31. Кәсiпорынның құралдары бухгалтерлiк есеп пен есеп беруге, сатып алынған кездегi төленген салықты қоса бастапқы құны бойынша, яғни оларды сатып алуға, салуға және дайындауға жұмсалған нақты шығындар бойынша есептеледi. Бастапқы құнның өзгеруiне қосымша күрделi қаржылар жұмсалған немесе iшiнара жойылған, сондай-ақ Үкiмет шешiмдерiне сәйкес құралдарды қайта бағалау жүргiзiлген жағдайда ғана жол берiледi.
      32. Жалға алынған негiзгi құралдарға жұмсалып бiткен күрделi қаржы шығындарын жалгер, егер шартта өзгеше көзделмесе, меншiгiндегi негiзгi құралдарына нақты шығындар сомасына қосады.
      33. Кәсiпорынның негiзгi құралдарының құны тозуын (амортизациясы) есептеу мен оны пайдаланудың нормативтiк мерзiмi бойына заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлген нормалар бойынша өндiрiс (айналыс) шығындарына жатқызу жолымен өтеледi.
      Құны өндiрiс (айналыс) шығындарына толық жатқызылған негiзгi құралдар бойынша тозуды есептеу тоқтатылады. Негiзгi қорлардың кейбiр түрлерi жөнiнде амортизациялық норма болмаған жағдайда негiзгi құралдардың осындай топтары бойынша белгiленген амортизациялық нормаларды пайдалануға рұқсат етiледi.
      34. Негiзгi құралдар сатылған немесе әкетiлген (жойылған және есептен шығарылған) жағдайда осы операциялар бойынша табыс немесе зиян кәсiпорынның шаруашылық қызметiнiң нәтижелерiне жатқызылады.
      35. Бюджеттен қаржыландырылатын мекемелер негiзгi құралдар бойынша тозуды есептеп, оны есеп беруде көрсетедi.
 
             Күрделi және финанс қаржылары
 
      36. Күрделi қаржының құрамына құрылыс-монтаж жұмыстарына, жабдық, аспап, құрал-сайман сатып алуға, басқа да күрделi жұмыстарға жұмсалған шығындар (жобалау-iздестiру) геологиялық барлау және бұрғылау жұмыстарына; жер учаскелерiн бөлуге және құрылысқа байланысты халықты көшiруге жұмсалатын шығындар; жаңадан салынып жатқан кәсiпорындар үшiн кадрлар даярлауға жұмсалатын шығындар; салынып жатқан кәсiпорындардың дирекциясын ұстауға және техникалық қадағалауға жұмсалатын шығындар Үкiмет белгiлеген қосымша ақыға, құрылыс жұмыстарының бiр жолғы бағаламына және жекелеген шоттар бойынша төленетiн монтаж жұмыстарының бағалықтарына қосылмайтын жеңiлдiктерге жұмсалатын шығындар және басқалар кiредi. Күрделi қаржы баланста құрылысты салушы (тапсырыс берушi) үшiн нақты шығындар бойынша көрсетiледi.
      37. Уақытша пайдаланылудағы күрделi құрылыс объектiлерi тұрақты пайдалануға берiлгенге дейiн негiзгi құралдар құрамына енгiзiлмейдi. Бухгалтерлiк есеп пен есеп беруде осы объектiлерге жұмсалатын шығындар бiтпеген күрделi қаржы ретiнде тозуды есептей отырып, белгiленген тәртiппен көрсетiледi.
      38. Ұзақ мерзiмдi финанс қаржыларына кәсiпорынның, мекеменiң басқа кәсiпорындардың бағалы қағаздарына берген қаржылары (инвестициялары), мемлекеттiк және жергiлiктi заемдарының проценттiк облигациялары, Қазақстан Республикасының аумағында құрылған кәсiпорындардың жарғылық қорлары, кәсiпорындардың шетелдердегi капиталы, сондай-ақ егер оларды өтеу үшiн белгiленген мерзiм бiр жылдан асатын болса немесе бұл қаржылар бiр жылдан астам бойына олардан табыс алу ниетiмен салынған болса басқа кәсiпорындарға, мекемелерге берiлген заемдары жатады.
      39. Қысқа мерзiмдi финанс қаржысына кәсiпорынның, мекеменiң басқа кәсiпорындардың бағалы қағаздарына берген қаржылары (инвестициялары), мемлекеттiк және жергiлiктi заемдардың проценттiк облигациялары, депозиттiк салым ақшалары, сондай-ақ өтелуi немесе олар бойынша табыс алуы бiр жылдан аспайтын мерзiмдегi өзге кәсiпорындарға, мекемелерге берiлген заемдар жатады.
      40. Акциялар, облигациялар мен басқа да бағалы қағаздар есепке алу мен есеп беруге сатып алу құны бойынша көрсетiледi. Егер кәсiпорынның, мекеменiң сатып алған ұзақ мерзiмдi және қысқа мерзiмдi сипаттағы бағалы қағаздарының сатып алу құны олардың көрсетiлген құнынан жоғары немесе төмен болса, онда ол айырма шаруашылық қызметiнiң нәтижесiне жатқызылады.
 
             Айналымдағы құралдар құрамындағы еңбек
                          құралдары
 
      41. Мыналар негiзгi құралдарға жатқызылмайды да кәсiпорындарда айналымдағы құралдардың құрамында есептеледi:
      а) олардың құнына қарамастан кем дегенде, бiр жыл пайдаланылған еңбек құралдары;
      б) 1992 жылғы 1 қаңтарға дейiн сатып алынған, құны 300 сомнан артық тұратын және бiр жылдан артық уақыт пайдаланылатын еңбек құралдарынан басқа, бiреуiнiң құны 5000 сомға дейiнгi пайдаланылу мерзiмiне қарамастан (олардың бағасын анықтағанша) еңбек құралдары, сондай-ақ құнына қарамастан негiзгi құралдарға жатқызылатын ауыл шаруашылық машиналары мен құрал-саймандар, механикаландырылған құрылыс аспабы, күш көлiгi мен өнiм беретiн.
      Негiзгi құралдарға жатқызылмайтын еңбек құралдары құнының шектi мөлшерiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi қайта қарауы мүмкiн;
      в) құнына және пайдаланылу мерзiмiне қарамастан балық аулау құралдары (керме ау, сүзекi, кермеше, тоспа және басқалар);
      г) бензинмен iстейтiн моторлы аралар, бұтақ кескiштер, ықпа арқан, маусымдық жолдар, ағаш таситын жолдардың тарамдары мен уақытша тарамшалары орман iшiндегi пайдаланылу мерзiмi екi жылға дейiнгi уақытша ғимараттар (жылжымалы жылыту үйлерi, қазандықтар, ара қайрайтын шеберханалар, бензин құятын орындар, т.б.);
      д) арнаулы құрал-саймандар мен арнаулы тетiкшелер (белгiлi бiр бұйымдарды жаппай немесе сериялап өндiруге немесе жеке тапсырысты орындау мақсатындағы құрал-сайман мен тетiктер);
      е) олардың құнына және пайдаланылу мерзiмiне қарамастан арнаулы киiм-кешек, арнаулы аяқ киiм мен төсек-орын;
      ж) пайдаланылу мерзiмiне және құнына қарамастан, кәсiпорын қызметкерлерiне беруге арналған пiшiмдi киiм-кешек;
      з) уақытша (титулдiк емес) құрылыстар, тетiктер мен құрылғылар, оларды салуға жұмсалатын шығындар қолданылып жүрген тәртiпке сәйкес үстеме шығындардың құрамында құрылысмонтаж жұмыстарының өзiндiк құнына жатқызылады;
      и) тауар-материалдық құндылықтары қоймаларда сақтауға немесе технологиялық процестердi атқаруға арналған, сатып алу немесе дайындау бағасы бойынша беруiнiң құны 5000 сомға дейiнгi ыдыс;
      к) құнына қарамастан уақытша жалға беруге арналған заттар;
      л) малдың төлi мен бордақыдағы мал, құс, қоян, терiсi бағалы аңдар, бал аралары, сондай-ақ тәжiрибелiк жануарлар;
      м) тұқымбақтарда көшеттер ретiнде өсiрiлетiн көп жылдық екпе ағаштар.
      42. 41-тармақтың "а", "б", "в", "г", "с", "ж", "з", "и" тармақшаларында келтiрiлген, пайдаланылып жүрген еңбек құралдары мен заттардың құны кәсiпорында тозуды, әдетте, олардың пайдаланылу мерзiмiне қарай немесе оларды қоймалардан пайдалануға берген кезде тозуды құнының 50 процентi мөлшерiнде және пайдалануға жарамайтындығына байланысты iстен шығарылуы кезiнде қалған 50 процентi мөлшерiнде (бұл заттардың құнын пайдалану ықтималдығы бағасынан шегере отырып) есептеу жолымен өтеледi.
      Құны 500 сомға дейiнгi заттар олардың өндiрiске немесе пайдалануға босатылуына қарай шығынға жатқызылады. Бұл заттардың кәсiпорында пайдалану кезiнде сақталуын қамтамасыз ету мақсатымен олардың қозғалысына тиiстi бақылау ұйымдастырылуы қажет.
      Арнаулы құрал-сайман мен арнаулы тетiктердiң құны оларды дайындауға (сатып алуға) жұмсалатын шығындардың сметасына және өнiмiнiң жоспарлы шығарылуына қарай есептелiп, белгiленген нормаға немесе ставкаға сәйкес өтеледi.
      Жеке тапсырыстар үшiн лайықталған арнаулы құрал-сайман

 

мен арнаулы тетiктердiң құны тиiстi тапсырысты өндiрiске жiберген

мезетте түгелдей өтеледi.

     Уақытша жалға берiлетiн заттардың құны тозуды пайдаланылу

мерзiмiне қарай есептеу жолымен өтеледi.

     41-тармақтың "л" және "м" тармақтарында келтiрiлген еңбек

құралдары мен заттары бойынша тозу есептелмейдi.

     41-тармақта келтiрiлген еңбек құралдары мен заттары бастапқы

құны бойынша, яғни оларды сатып алуға, дайындауға, салуға

жұмсалған нақты шығындар бойынша есептеледi. Кәсiпорындағы бұл

құралдар мен заттардың тозу сомасы есепке алу мен есеп беруде

бөлек көрсетiледi.


                   Материалдық емес активтер



 
      43. Материалдық емес активтер - ол кәсiпорынның табыс әкелетiн ұзақ мерзiмдi шығындары. Материалдық емес активтерге кәсiпорынның төлемге алған жердi, суды, пайдалы қазындыларды және басқа да табиғи ресурстарды, үйлердi, ғимараттарды, жабдықтардың пайдалану хұқығы; патенттер, лицензиялар, тауар белгiсi мен сауда маркаларына хұқықтар, сондай-ақ өзге де мүлiктiк хұқықтар (соның iшiнде өнертабысын, "ноу-хау"-дi пайдалануға), брокерлiк орындар (биржада сауда жасау үшiн алынған хұқықтар), кәсiпорынның құндылықтары ("гудвилл"), бағдарламалық қамтамасыз ету, ұйымдастырушылық шығындар (өндiрiстi дайындау жөнiндегi, тәжiрибелiк-конструкторлық және т. б.), маркетинг және басқа да материалдық-заттық негiзi жоқ активтер жатады.
      44. Материалдық емес активтер есеп пен есеп беруде сатып алуға жұмсалған нақты шығын сомасында көрсетiледi, бұған оларды жоспарланған мақсатта пайдалануға жарамды және олар өздерiнiң бастапқы құнын өндiрiс пен айналыс шығындарына нақты пайдаланудың белгiленген мерзiмiне қарай кәсiпорында белгiленетiн нормалар бойынша көшiру жағдайына жеткiзу жөнiндегi шығындар қосылады. Шынайы пайдалану мерзiмiн анықтауға мүмкiндiк болмаған материалдық активтер бойынша тозу нормасы есеппен бес жылға, бiрақ кәсiпорынның жұмыс iстеу мерзiмiнен аспайтын болып белгiленедi. Материалдық емес активтердiң тозуы есеп беруде бөлек есептелiп, бөлек көрсетiледi.
      Материалдық емес активтердi сатқан кезде немесе олар әкетiлген кезде (жойылған және есептен шығарылған) бұл операциялардан түскен табыс немесе залал кәсiпорынның шаруашылық нәтижесiне жатқызылады. Материалдық емес активтердi тегiн беруден болған шығын кәсiпорынның қарамағында қалдырылған пайда есебiне жатқызылады.
 
                    Шикiзат, материалдар, дайын өнiм
                        және тауарлар
 
      45. Шикiзат, негiзгi және қосалқы материалдар, отын, сатып алынатын жартылай дайындалған өнiмдер мен жинақтаушы бұйымдар, босалқы бөлшектер, ыдыс және өнiмдi (тауарларды) буып-түю, тасымалдау үшiн пайдаланылатын басқа да материалдық құндылықтар, және басқа материалдық ресурстар есепке алу мен есеп беруде олардың нақты өзiндiк құны бойынша көрсетiледi.
      Материалдық ресурстардың нақты өзiндiк құны олардың сатып алынған бағасына (осы ресурстарды босатушылар берген кредиттi алғандығы үшiн процент төлеудi қосқанда), үстеме бағаға (үстемеге), жабдықтаушы, делдалдық, сыртқы экономикалық ұйымдар төлеген комиссиялық сыйақыға, тауар биржаларының қызмет көрсету құнына, кеден салығына, бөгде ұйымдардың күшiмен жүзеге асырылатын тасымалдауға, сақтауға және жеткiзуге жұмсалатын шығынға қарай анықталады.
      46. Дайын өнiм баланста нақты өндiрiстiк өзiндiк құн бойынша көрсетiледi.
      47. Бөлшек сауда кәсiпорындарында тауарлар баланста сатылу бағасы бойынша, ал көтерме сауда қоймалары мен сауда жасаушы және жабдықтаушы-өткiзушi кәсiпорындардың базаларында - сатылу бағасы немесе сатып алу құны бойынша көрсетiледi.
      Сатып алу құны мен сатылу бағасының арасындағы айырмашылық есеп беруде бөлек баппен көрсетiледi.
      48. Сату бағасы жыл бойы төмендетiлген немесе ескiрген, яки iшiнара бастапқы сапасын жоғалтқан материалдық ресурстар, дайын өнiмдер, тауарлар есептi кезеңнiң соңында бухгалтерлiк баланста сатылуы ықтимал баға бойынша, егер ол бастапқы дайындау (сатып алу) құнынан төмен болса, бағадағы айырма шаруашылық қызметiнiң нәтижелерiне жатқызылумен көрсетiледi.
 
             Аяқталмаған өндiрiс және болашақ
                           кезеңдердiң шығындары
 
      49. Технологиялық процесте қарастырылған барлық сатыдан (кезеңнен, қайта өңдеуден) өтпеген, сондай-ақ жинақталмаған, сынақтан және техникалық қабылдаудан өтпеген өнiм (жұмыс) аяқталмаған өндiрiске жатады.
      50. Жаппай және сериялық өндiрiс баланста нормативтi (жоспарлы) өндiрiстiң өзiндiк құны бойынша немесе шығындардың тiкелей баптары бойынша, сондай-ақ шикiзаттың, материалдар мен жартылай дайындалған өнiмдердiң құны бойынша көрсетiлуi мүмкiн.
      Өнiмдердi даралап өндiрген жағдайда аяқталмаған өндiрiс баланста нақты өндiрiстiк шығындар бойынша көрсетiледi.
      51. Есептi кезеңде жұмсалған, бiрақ келесi есептi кезеңге жатқызылатын шығындар есеп беруде болашақ кезеңдердiң шығыны ретiнде жеке баппен көрсетiледi және осы шығын жұмсалатын мерзiм iшiндегi өндiрiс шығынына немесе айналыс шығынына жатқызылуға тиiс.
 
                    III. Пассивтердi есепке алу
 
      52. Жарғы қоры, арнайы мақсаттағы қорлар, резервтер мен бөлiнбеген пайда кәсiпорынның меншiктi қаражатының көзi болып табылады.
      Кәсiпорын басқа заңды ұйымдар мен жеке адамдардың қаражатын қарызға алынған қаржы өзiнiң қарамағына уақытша тарта алады, сондай-ақ ағымдағы есептiк операциялар бойынша кредиторлық борышы да болуы мүмкiн. Қаражат пен есептесу көздерiн бухгалтерлiк есепке алу белгiленген жинақтамалы және талдамалы шоттарды пайдалана отырып әр түрлi және заңды ұйымдар мен жеке адамдар бойынша жүргiзiледi.
      Бюджеттiк мекемелерде тиiстi бюджеттерден қаржыландыру, мақсатты түсiрiлiмдер, өзге де кiрiстер, сондай-ақ әртүрлi заңды ұйымдар мен жеке адамдарға уақытша борыш қаражат көзi болып табылады.
 
             Қорлар мен резервтер
 
      53. Жарғы қоры - қатысушылар (меншiк иелерi) салымының (ақшалай есеппен) және кәсiпорынды құру кезiнде оның қызметiн құрылтайшылық құжаттар белгiленген мөлшерде қамтамасыз етуге арналған мүлiктiң жиынтығы.
      Бұл қордың көлемi белгiленген тәртiппен кәсiпорын жарғысына өзгерiстер енгiзiлгеннен кейiн ғана көбеюi немесе азаюы мүмкiн.
      Жарғы қоры және қатысушылардың жарғы қорына салым бойынша нақты берешегi есеп беруде бөлек есептелiп, бөлек көрсетiледi.
      54. Қолданылып жүрген заңдарға және құрылтайлық құжаттарға сәйкес кәсiпорын арнайы мақсаттағы қорлар мен резервтер құрай алады.
      55. Есептi кезеңнiң өндiрiстiк немесе айналыс шығындарына келешек шығындарды тең мөлшерде енгiзу мақсатында кәсiпорын: қызметкерлерге кезектi демалыс ақысын төлеу, еңбек сiңiрген жылдары үшiн жыл сайынғы сыйақы төлеу, негiзгi құралдарды жөндеуге, өнеркәсiптiң маусымдық салаларындағы дайындық жұмыстарына жұмсалатын өндiрiстiк шығындарды, уақытша жалға берiлетiн заттарды жөндеу жөнiндегi алдағы шығындардың резервтерiн құруы мүмкiн.
      56. Кәсiпорын, егер бұл заңда көзделген болса, болжанбаған шығын мен зиянның орнын толтыру үшiн пайда есебiнен резервтiк қор құрай алады.
      57. Кәсiпорынның қарамағында қалдырылған пайда есебiнен:
      қорлану қоры;
      тұтыну қоры;
      арнаулы мақсаттағы басқа да қорлар құрылуы мүмкiн.
      Арнаулы қорлар мен резервтердiң құралу және пайдаланылу тәртiбi қолданылып жүрген заңдармен және кәсiпорынның құрылтайлық құжаттарымен белгiленедi.
      58. Кәсiпорын есептi жылдың пайдасы есебiне басқа кәсiпорындармен, мекемелермен, сондай-ақ жекелеген адамдармен есеп айырысу бойынша күмәндi борыштардың резервiн құруы мүмкiн.
      Кәсiпорынның дебиторлық берешегi күмәндi борыш деп танылады; ол шартта белгiленген мерзiмде өтелмеген және тиiстi кепiлдiктермен қамтамасыз етiлмеген борыш.
      59. Күмәндi борыштардың резервi есептi жылдың аяғында кәсiпорынның дебиторлық берешегiне түгендеу жүргiзудiң нәтижесi негiзiнде құрылады.
      Резервтiң көлемi қарыздардың қаржы жағдайына (төлемдiк қабiлетiне) және берешегiн толық немесе iшiнара өтеу ықтималдығының бағалануына қарай әрбiр күмәндi борыш бойынша бөлек айқындалады.
      Егер күмәндi борыштар резервi құрылған жылдан кейiнгi жылдың аяғына дейiн бұл резервтiң қандай да бiр бөлiгi пайдаланылмаған болса, онда жұмсалмаған сома осы жылдың пайдасына қосылады.
 
             Дебиторлармен және кредиторлармен есеп
                 айырысу, басқа да баптар
 
      60. Дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысуды әрбiр тарап өзiнiң есеп беруiнде бухгалтерлiк жазбалардан туындайтын және жүргiзiлген салыстыру актiсiнiң негiзiнде ол дұрыс деп тапқан сомада көрсетiледi.
      Алауыздық болған жағдайда мүдделi тарап тиiстi дауларды шешу уәкiлдiк берiлген органдардың қарауына қажеттi материалдарды белгiленген мерзiмде беруге мiндеттi.
      61. Есеп беруге қаржы, салық органдарымен, банк мекемелерiмен есеп айырысу бойынша көрсетiлген сома олармен келiсiлулi және үйлесiмдi болуға тиiс. Есеп беруде осы есеп айырысулар бойынша реттелмеген соманы қалдыруға болмайды.
      62. Кәсiпорын, мекеме қаражатының валюталық шоттар бойынша қалдықтары, басқа да ақшалай қаражат (ақшалай құжаттарды қосқанда), бағалы қағаздар, шетелдiк валюта түрiндегi дебиторлық және кредиторлық берешек есеп беруде Қазақстан Республикасының аумағында қолданылып жүрген валютамен, шетелдiк валюталарды Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттiк банкiсiнiң есептi кезеңiнiң соңғы күнiне дейiн қолданылған бағамы бойынша қайта есептеу жолымен айқындалатын сомада көрсетiледi. Аталған жазбалар бiр мезгiлде есеп айырысулар мен төлемдердi валютамен жүргiзедi.
      63. Айыппұлдар, өсiмдер мен тұрақсыздық айыптары олардың түсуiне қарай шаруашылық қызметтiң (қаржыландырудың) нәтижелерiне жатқызылады.
      64. Талап қою мерзiмi өткен дебиторлық берешек, өндiрiп алуы мүмкiн емес басқа да борыштар кәсiпорын, мекеме басшысының шешiмiмен есептен шығарылады және кәсiпорындарда - күмәндi борыштар резервiнiң қаражаты есебiне немесе шаруашылық қызметтiң нәтижелерiне, ал мекемелерде - қаржыландырудың азайтылуына жатқызылады.
      Кәсiпорын өндiрiп алу жөнiнде мүмкiн шаралардың бәрiн қолданбаған дебиторлық берешек пен басқа да борыштар кәсiпорынның қарамағында қалған пайда есебiне жатқызылады.
      Қарыздардың төлемдiк қабiлетсiздiгi салдарынан борышты зиянға жатқызу берешектi жою болып табылмайды. Бұл берешек зиянға жатқызылған сәттен бастап қарыздардың мүлiктiк жай-күйi өзгергенде оны өндiрiп алу мүмкiндiгiн бақылау үшiн 5 жыл бойына баланста көрсетiлуге тиiс.
      6. Барлық меншiк нысанындағы кәсiпорындарда талап ету мерзiмi өткен кредиторлық және депоненттiк берешектiң сомасы шаруашылық қызметтiң нәтижелерiне, ал мекемелерде - қаржыландырудың көбейтiлуiне жатқызылады.
      66. Табиғи зiлзаладан болған орны толмас зияндар кәсiпорын, мекеме басшысының шешiмi бойынша пайда есебiнен құрылған резервтiң қор қаражаты есебiнен есептен шығарылады немесе, егер кәсiпорында резервтiк қор құрылмаған болса, есептi жылдың шаруашылық қызметiнiң нәтижесiне немесе қаржыландырудың (қорларда) азайтылуына жатқызылады.
      67. Өнiмдi өткiзуден (жұмыстар, қызмет көрсету) түскен пайданың (зиянның), материалдық емес және активтердiң басқа да материалдық құндылықтарын (негiзгi құралдарды қосқанда) өткiзуден және өткiзуден тыс операциялардан түскен табыстардың (осы операциялар бойынша жұмсалған шығындар сомасына азайтылған табыстың) сомасы баланстық пайда (зиян) болып табылады.
      68. Өнiмдi өткiзуден (жұмыстар, қызмет көрсету) және тауарларды өткiзуден түскен пайда (зиян) қосымша салынатын салық пен акциздерсiз қолданылып жүрген бағамен өнiмдi өткiзуден (жұмыс, қызмет көрсету) түскен түсiм және оны өндiру мен өткiзуге жұмсалған шығынның арасындағы айырма ретiнде анықталады.
      69. Негiзгi құралдарды, арзан әрi тез тозатын заттарды және материалдық емес активтердi өткiзуден түскен пайда (зиян) оларды қосымша құнға салынатын салықсыз босатылу бағасымен өткiзуден түскен түсiм мен олардың қалдық құны, сондай-ақ өткiзуге жұмсалған шығындар арасындағы айырмашылық ретiнде есептелiнедi.
      70. Материалдық құндылықтар мен басқа активтердi өткiзуден түскен пайда (зиян) қосымша құнға салынатын салықсыз босатылу бағасымен өткiзуден түскен түсiм және оларды сатып алу мен өткiзу жұмсалған шығындардың айырмасы ретiнде есептеледi.
      71. Өзге табыстар мен шығындарға өнiмдi, жұмысты, қызмет көрсетудi, тауарларды, негiзгi құралдарды, материалдық құндылықтарды, материалдық емес және басқа активтердi өндiруге және өткiзуге тiкелей байланысы жоқ операцияларға жұмсалған шығындар мен жоғалтулар жатады. Олардың тiзбесi кәсiпорынның қаржы-шаруашылық қызметiн бухгалтерлiк есепке алу шотының жоспарында келтiрiледi.
      72. Сатып алушыға жөнелтiлген және ақысын төлеген өнiмдер, тауарлар, негiзгi құралдар, материалдық құндылықтар, тапсырыс берушiлерге табыс етiлген жұмыстар мен қызмет көрсетулер, материалдық емес және өзге де активтердi пайдалану үшiн берiлген хұқықтар өткiзiлген өнiмдер болып есептеледi.
      Қажет болған жағдайда кәсiпорын Қаржы министрлiгiмен келiсе отырып, өткiзiлген өнiмдi (тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер, негiзгi құрал-жабдықтар, материалдық құндылықтар, материалдық емес және өзге де активтер) есепте көрсетудi өнiмнiң сатып алушыларға (тапсырыс берушiлерге) жөнелтiлуiне қарай жүргiзу тәртiбiне көше алады.
      73. Есептi жылы анықталған, бiрақ өткен жылдарда операцияларға жатқызылатын пайда немесе зиян есептi жылдың шаруашылық қызметiнiң нәтижелерiне жатқызылады.
      74. Жыл бойындағы баланстық пайда (зиян) баланс пассивiнде алынған пайда түрiнде, ал баланстық активiнде - оның аванс ретiнде пайдаланылуы немесе нақты келтiрiлген зиян түрiнде көрсетiледi. Жылдық есеп беруде баланстың валютасына есептi жылдың өтелмеген зияны немесе бөлiнбеген пайдасы ғана көрсетiледi.
      75. Есептi кезеңде алынған. бiрақ келесi есептi кезеңдерге жатқызылатын кiрiстер есепке алу мен есеп беруде болашақ кезеңдердiң кiрiстерi ретiнде бөлек баппен көрсетiледi. Бұл кiрiстер есептi кезең басталған кезде соған жататын шаруашылық қызметiнiң нәтижелерiне қосылуға тиiстi.
 
                    IV. Бухгалтерлiк есеп беру
 
                          Негiзгi талаптар
 
      76. Кәсiпорынның бухгалтерлiк есеп беруi есеп процесiнiң қорытындылаушы кезеңi болып табылады. Онда кәсiпорынның, мекеменiң мүлiктiк және қаржы жағдайы, шаруашылық қызметтiң есептi кезеңдегi (тоқсандағы, жыл iшiндегi) нәтижелерi үдемелi жиыны түрiнде көрсетiледi.
      77. Бухгалтерлiк есеп берудiң үлгi нысандарын және осы нысандардың толтырылу тәртiбi туралы нұсқамаларды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен келiсе отырып әзiрлеп, бекiтедi. Министрлiктер мен ведомстволар Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi және Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен келiсе отырып, кәсiпорындар, мекемелер үшiн үлгi нысандарына қосымша бухгалтерлiк есеп берудiң арнайы нысандарын белгiлеуi мүмкiн.
      78. Бухгалтерлiк есеп берудi белгiленген тәртiппен бекiтiлмеген нысандар бойынша, сондай-ақ белгiленбеген мекен-жайларға талап етуге, беруге тыйым салынады.
      79. Кәсiпорын, мекеме мүлiктiң құрамы мен оны қалыптастыру көздерiн көрсететiн бухгалтерлiк есептi жасайды. Бұған жеке балансқа бөлiнiп шыққан және белгiленген тәртiппен көлемi мен нысандары бойынша есеп беретiн өндiрiстер мен шаруашылықтардың, филиалдардың өкiлдiктердiң, бөлiмшелер мен басқа да оқшау құрылымдық бөлiмшелердiң мүлкi қосылады.
      80. Қызметтi салалық, аумақтық немесе өзге де белгiлер бойынша үйлестiру мақсатымен еріктi негiзде құрылған, заңды ұйымдар болып табылатын одақ, шаруашылық қауымдастығы, концерн, холдингiлiк компаниялар және кәсiпорындардың басқа да бiрлестiктерi осы бiрлестiктерге кiретiн кәсiпорындар бойынша дербес және жиынтық тоқсандық және жылдық бухгалтерлiк есеп беру жүргiзедi.
      81. Барлық кәсiпорындар үшiн 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейiнгi кезең есептi жыл болып есептеледi. Құрылатын кәсiпорындар үшiн заңды ұйым хұқығын алған күннен бастап 31 желтоқсанға дейiнгi кезең алғашқы есептi жыл болып есептеледi.
      82. Бухгалтерлiк есеп беруге енген ақпарат жинақтамалы және талдамалы есептiң деректерiне негiзделедi. Кәсiпорындар түсiретiн бухгалтерлiк есеп берудiң тiзбесi мен көлемiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiлейдi. Кәсiпорынның жылдық бухгалтерлiк есебi есеп беру жылы аяқталғаннан кейiн бiр айдың iшiнде әзiрленiп, қаралып, бекiтiледi.
      Кiрiспе баланстың деректерi есептi кезеңнiң алдындағы кезеңдегi қорытынды баланстың деректерiне сәйкес келуге тиiс. Бекiтiлген кiрiспе баланс есептi жылдың 1 қаңтарына өзгерген жағдайда себептерi түсiндiрмелiк жазбада түсiндiрiлуi керек.
      83. Ағымдағы жылға да, өткен жылға да қатысты бухгалтерлiк есеп беру деректерiнiң өзгеруi (олар бекiтiлгеннен кейiн) оның бұрмаланған деректерi анықталған есептi кезеңге жасалған есеп беруде көрсетiледi.
      Бухгалтерлiк есеп беруде қателердi түзету қол қоюмен расталып, түзетiлген күнi көрсетiледi.
 
                    Түгендеме
 
      84. Бухгалтерлiк есепке алу мен есеп беру деректерiнiң дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатымен кәсiпорын мүлiк пен қаржы мiндеттемелерiн жылына кемiнде бiр рет түгендейдi. Үйлер, ғимараттар мен басқа да қозғалмайтын объектiлер екi жылда бiр рет, ал кiтапхана қорлары бес жылда бiр рет түгенделедi.
      85. Түгендеу жүргiзу мiндеттi болатын жағдайдан басқа реттерде кәсiпорын, мекеме есептi жылғы түгендеме санын, оларға түгендеу жүргiзiлетiн күндi, олардың әрқайсысында тексерiлетiн мүлiк пен қаржы мiндеттемелерiнiң тiзбесiн белгiлейдi.
      86. Түгендеудi мынадай жағдайда:
      кәсiпорынның, мекеменiң мүлкiн жалға бергенде, өтемiн төлеп алғанда, сатқанда, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорынды акционерлiк қоғамға немесе шаруашылық серiктестiкке айналдырғанда;
      есептi жылдың қазан айынан кешiктiрмей түгендеу жасалған мүлiктен басқаның жылдық бухгалтерлiк есеп беруiн жүргiзер алдында. Қиыр Солтүстiк аудандарына теңестiрiлген жерлерде, өндiрiсi маусымдық сипаттағы ұқсатушы өнеркәсiп орындарында, сондай-ақ олардың орналасқан жерлерiне қарамастан дайындау және басқа да ұйымдарында тауарларды, шикiзат пен материалдарды түгендеу олардың қалдықтары барынша азайған кезеңде жүргiзiле алады;
      материалдық жауапкершiлiк жүктелген адамдар ауысқанда (iстердi қабылдау-тапсыру күнi);
      ұрлану немесе бұрмалаушылық фактiсi, сондай-ақ құндылықтардың бүлiнуi анықталғанда;
      өрт немесе табиғи зiлзала болған жағдайда жүргiзу мiндеттi.
      87. Түгендеу және басқа тексеру кезiнде қолда бар нақты негiзгi құралдардың, материалдық құндылықтар мен ақша қаражатының бухгалтерлiк есеп деректерiмен анықталған алшақтығы мынандай тәртiппен реттеледi:
      - артық шыққан негiзгi құралдар, материалдық құндылықтар мен ақша қаражаты кiрiске алынып, қаржы нәтижелерiне жатқызылуға, кейiннен артық шығудың себептерi және кiнәлi адамдар анықталуға тиiс;
      - құндылықтардың бекiтiлген нормалар шегiндегi жетiспеушiлiгi өндiрiс, айналыс шығындарына, ал бюджетте тұратын немесе меншiк иесiмен қаржыландырылатын мекемелерде - қаржыландырудың азаюына жатқызылады.
      Кему нормалары тек нақты жетiспеушiлiк анықталған жағдайда ғана қолданылуы мүмкiн. Нормалары жоқ болғанда жетiспеушiлiк нормалардан тыс кему ретiнде қаралады;
      - құндылықтардың кему нормаларынан тыс жетiспеушiлiгi, сондай-ақ құндылықтардың бүлiнуiнен болған ысырап кiнәлi адамдардың мойнына жүктеледi;
      - материалдық құндылықтардың, сондай-ақ дайын өнiмнiң табиғи кемуi нормаларынан тыс жетiспеушiлiгi кiнәлiлер анықталмаған жағдайда, немесе сот материалдық жауапты адамдардан өндiрiп алуға жол бермегенде шаруашылық қызмет нәтижелерiне, ал бюджетте тұратын немесе меншiк иесi қаржыландыратын мекемелерде-қаржыландырудың кемуiне жатқызылады.

 

     Түгендеудi жүргiзу мен оның нәтижелерiн ресiмдеу тәртiбiн

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiлейдi.


            Бухгалтерлiк есеп берудi тапсыру тәртiбi


     88. Кәсiпорындар (республикалық және шетелдiк заңды ұйымдар

мен азаматтар қатысатын бiрлескен кәсiпорындардан, сондай-ақ

шетел инвесторларының толық иелiгiндегi кәсiпорындардан басқа)

тоқсандық және жылдық бухгалтерлiк есептi:

     - меншiк иелерiне (жоғары тұрған ұйым) немесе құрылтайлық

құжаттарға сәйкес олар уәкiлдiк еткен органдарға;

     - жергiлiктi қаржы органына;

     - мемлекеттiк салық инспекциясы органына;

     - банк мекемесiне - кредит шартына сәйкес;

     - мемлекеттiк статистика органына тапсырады.


 
       89. Кәсiпорындар (республикалық және шетелдiк заңды ұйымдар

 

мен азаматтар қатысқан бiрлескен кәсiпорындардан басқа) тоқсандық

есеп берудi есептi кезеңнен кейiнгi айдың 20-сы күнi, жылдық

бухгалтерлiк есеп берудi - есептi жылдан кейiнгi жылдың 1

ақпанында тапсырады.

     90. Республикалық және шетелдiк заңды ұйымдар мен азаматтар

қатысатын бiрлескен кәсiпорындар, сондай-ақ шетел инвесторларына

толық иелiгiндегi кәсiпорындар жылдық бухгалтерлiк құрылтайшылық

құжаттарда көзделген тәртiппен, есептi жылдан кейiнгi жылдың

15 наурызында:

     - қатысушыларға (меншiк иелерiне);

     - жергiлiктi қаржы органына;

     - мемлекеттiк салық инспекциясы органына;

     - банк мекемесiне - кредит шартына сәйкес;

     - мемлекеттiк статистика органына тапсырады.


 
       91. Бюджетте тұратын мекеме жоғары тұрған органға шығын сметасының атқарылуы туралы тоқсандық және жылдық бухгалтерлiк есеп берудi жоғары тұрған ұйымның немесе қаржы органдарының олар үшiн белгiлеген мерзiмiнде тапсырады.
      Министрлiктер, ведомстволар мен басқа да басқару органдары бюджетте тұратын мекемелер шығындары сметасының атқарылуы туралы тоқсандық және жылдық жиынтық бухгалтерлiк есеп берудi тиiсiнше Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне тапсырады.
      92. Бiр қаладағы кәсiпорын, мекеме үшiн бухгалтерлiк есеп берудiң бағыныстылыққа қарай нақты берiлген күнi, ал басқа қаладағы кәсiпорын, мекеме үшiн почта кәсiпорнының мөртаңбасында көрсетiлген бухгалтерлiк есептiң жөнелтiлген күнi оның тапсырылған күнi болып есептеледi.
      93. Бухгалтерлiк есеп беруге оның дер кезiнде тапсырылуы үшiн жауапты кәсiпорынның, мекеменiң басшысы мен бас бухгалтерi қол қояды.
      Бухгалтерлiк есептi шарттық негiзде мамандандырылған ұйым немесе маман жүргiзетiн кәсiпорын мен мекемеде бухгалтерлiк есеп беруге кәсiпорынның, мекеменiң басшысы және бухгалтерлiк есептi жүргiзетiн маман қол қояды.
      94. Кәсiпорынның, мекеменiң жылдық бухгалтерлiк есеп берудi осы Ережеде көзделген құрылтайшылық құжаттарда белгiленген тәртiп бойынша қаралып, бекiтiледi.
      95. Кәсiпорындар мен мекемелердiң шаруашылық қызмет нәтижелерi, мүлiк және қаржы жағдайы туралы жылдық бухгалтерлiк есеп-берудi мүдделi пайдаланушылар үшiн жариялауға ашық болып саналады. Жарияланатын есеп берудiң дұрыстығын заңды ұйым немесе жеке аудитор болып табылатын тәуелсiз аудиторлық ұйым қуаттайды.
      96. Қазақстан Республикасының министрлiктерi, ведомстволары салалық принцип бойынша құрылған концерндер, одақтар, қауымдастықтар, холдингiлiк компаниялар тоқсандық және жылдық жиынтық бухгалтерлiк есеп берудi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне, Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне олар белгiлеген мерзiмде тапсырады.
      97. Министрлiктер мен ведомстволар өздерiнiң қарамағындағы күрделi құрылымы, республиканың әртүрлi экономикалық аудандарында орналасқан өндiрiстiк ұйымдары бар бiрлестiктер мен басқа да басқару органдары үшiн тоқсандық және жылдық жиынтық бухгалтерлiк есептi тапсырудың сараланған мерзiмдерiн белгiлейдi.
      98. Кәсiпорынның және мекеменiң бухгалтерлiк есептi сақтаудың мерзiмi мен тәртiбi қолданылып жүрген заңдарға сәйкес анықталады.