Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: Қазақстан Республикасының жер қойнауы жөнiндегi ақпараттарды тарату (беру, айырбастау, сату) тәртiбi туралы ұсынылған Ереже бекiтiлсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 8 желтоқсандағы N 1034 қаулысымен Бекiтiлген Қазақстан Республикасының жер қойнауы жөнiндегi ақпараттарды (беру, айырбастау, сату) тарату тәртiбi туралы Ереже 1. Жалпы ережелер
Ереже Қазақстан Республикасының жер қойнауы және минералдық шикiзатты ұқсату туралы Кодексiне негiзделiп әзiрлендi.
1. Жер қойнауы туралы ақпаратқа геологиялық барлау, ғылыми-зерттеу, пайдалану және басқа жұмыстар жүргiзу процесiнде алынған барлық геологиялық, геофизикалық, геохимиялық, әуеғарыштық, экономикалық және басқа да жер қойнауын сипаттайтын мәлiметтер енедi.
2. Ақпараттың меншiк иесi ақпарат алу жұмысын қаржыландыратын тапсырысшы болып табылады.
Осы жұмыстарды мемлекеттiк бюджетпен қаржыландыратын мемлекет, жер қойнауын геологиялық зерделеу жұмысын өз жеке қаражаты есебiнен қаржыландыратын кәсiпорын, заңды ұйым мен жеке адам жер қойнауын геологиялық зерделеу тапсырысшысы бола алады.
3. Жер қойнауы жөнiндегi ақпарат тауарға жатады және өзiнiң құндық сипаты (бағасы) болады. Ақпараттың бағасын коньюктура негiзiнде оның меншiк иесi анықтайды.
4. Жер қойнауы жөнiндегi геологиялық және басқа ақпараттар қаржыландыру көзiне қарамастан мiндеттi түрде Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiне белгiленген стандарт бойынша ақысыз берiледi.
5. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және минералдық шикiзатты ұқсату туралы кодексiне (37-бап, 7-тармақ) сәйкес Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiне жер қойнауы жөнiндегi ақпаратқа меншiк иесiнiң мiндеттерi мен хұқықтары бекiтiлген, егер ол мемлекеттiк қаржы есебiнен алынған болса, осы Ережеде бекiтiлген тәртiп бойынша таратылады (берiледi, айырбасталады, сатылады). Жер қойнауы жөнiндегi ақпаратты осы ақпаратты алу үшiн қаржыландырудың басқа көздерiнен қаржыландырылған басқа тапсырысшының жұмыс нәтижесiнен алынған осы тапсырысшылармен жасалған шарт бойынша Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi таратады. Меншiк иесi сияқты мемлекеттiң мүдделерi (мемлекеттiк бюджет мүдделерi) Қазақстан Республикасының салық заңдарымен қорғалады. <*>
Ескерту. 5-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.01.19.
N 71 қаулысымен.
6. Ақпаратты сатудан түскен кiрiс көлемi Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi (не оның өкiлi) мен ақпараттың меншiк иесiнiң өзара комиссиялық шарты арқылы анықталады. Шартта геологиялық барлау немесе басқа жұмыстардың қандай сатыда қаржыландырылғаны анық белгiленедi және тiкелей сметалық-қаржылық есеппен жер қойнауы жөнiндегi ақпараттың нақ осы бөлiгiнiң бағасы анықталады.
Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi ақпаратты сатуды меншiк иелерiнiң қатысуымен iске асырады және көрсетiлген қызмет үшiн таза кiрiстен өз үлесiн алады.
7. Жер қойнауы жөнiндегi ақпарат таратудағы шарттар мен контракттар Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiнде есепке алынуға және тiркелуге тиiс.
Жер қойнауы жөнiндегi ақпаратты тарату (беру, айырбастау, сату) шарттар мен контрактта ескерiлген жағдайлардан тыс беру, үшiншi жаққа қайта сату немесе ысыраптау хұқынсыз жүзеге асырылады.
8. Жер қойнауы жөнiндегi ақпараттың меншiк иесiнiң хұқығы
Қазақстан Республикасының жер қойнауы және минералды шикiзатты ұқсату туралы Кодексiнде және меншiк туралы азаматтық заңдар нормаларымен белгiленген тәртiппен қорғалады. <*> Бұл Ереже мемлекеттiк құпиясына жататын, ақпараттарға таратылмайды. Ескерту. 8-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.01.19. N 71 қаулысымен. II. Жер қойнауы жөнiндегi ақпаратты тарату (беру, айырбастау, сату) Геологиялық ақпаратты берудiң, айырбастаудың, сатудың келесi тәртiбi осы Ережеде анықталады. 9. Жер қойнауы жөнiндегi барлық ақпарат көздеген мақсатына қарай бес түрлi пакетке бөлiнедi;
мемлекеттiк қорға тiркелген кен көздерiнiң тiзiмдерi; олар жыл сайын жарияланады, шетел фирмалары мен азаматтарын қосып айтқанда, ашық сатылуда үнемi бола алады;
жалпы (танысу) ақпарат орны, олардың геологиялық қысқаша сипаттамасы, пайдалы қазбаның жалпы ауқымы мен болашақ өндiрiстiң техникалық-экономикалық параметрлер енгiзiледi. Ондай проспекттер, шетел фирмалары мен азаматтарын қосып айтқанда, ашық сатылуда бола алады;
ақпарат шаруашылық құрылым құру үшiн құрылтай құжаттарының жобаларын жасап, осы өндiрiстi жүргiзуге негiз бередi. Бұл ақпарат сатып алушының нақты ұсыныстарын әзiрлеп, iске асырылуын (өндiрiстiң технологиясы мен ауқымын, күтiлетiнi пайданы, есептегi өзiндiк құнды, Республика қаржысына төленетiн күтiлетiн пайданы және басқа) қамтамасыз етуi тиiс. Мұндай пакеттер Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi жетекшiлерiнiң келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасы iшiндегi заңды ұйымдар мен нақты адамдарға немесе Министрлiктiң кәсiпорындарымен ресми келiссөз жүргiзушi шетел фирмалары мен адамдарына сатылады;
кен көздерi (жер қойнауының бөлiгi) жөнiндегi ақпараттың толық жағы, шетел фирмалары мен адамдарын қоса есептегенде, кен көздерiн пайдалану iсiн жүргiзу хұқысымен бiрге сатылады;
сатып алушылар мүдделi болған жер қойнауы немесе кен көзi жөнiндегi ақпараттың белгiлi бөлiгi ерекше жағдайда ғана таратылуы мүмкiн.
10. Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi шаруашылық есептегi Геологиялық ақпарат Басқармасын құрады, ол заңды ұйымның ақпарат пакеттерiн сату алдындағы барлық дайындық хұқын иеленедi және оларды сату, айырбастау, берудi тек көрсетiлген Басқарма жүргiзедi.
11. Геологиялық барлау жұмыстарын қаржыландырушы барлық тапсырысшылар, олардың қандай ведомствоға және меншiктiң қандай нысандарына жататындарына қарамастан, алынған геологиялық ақпаратты тарату есебiмен тiркеудi жүргiзетiн Геологиялық ақпарат басқармасы арқылы ғана (сатады, бередi, айырбастайды) тарата алады. Мұнымен қатар геологиялық ақпаратты қабылдау және оны дайындау (пакеттерге айналдыру) алдын ала және комиссиялық төлемдердi ескере отырып, келешекте таратудан түсетiн ақшаға меншiк иесiнiң хұқын сақтау арқылы шарт жасау жағдайында жүзеге асырылады.
12. Геологиялық ақпаратты сату классикалық өзара қарым-қатынас: өндiрушi - сатушы - сатып алушы тәртiптерi бойынша жүргiзiледi, мұндағы өндiрушi - геологиялық барлау кәсiпорны (аттестацияланған), сатушы-басқарма, сатып алушы-кез келген заңды ұйым немесе жеке адам.
13. Егер жер қойнауы жөнiндегi ақпарат бәсекелiк ұсыныстар процесiнде территорияны немесе кен көздерiн концессияларға табыстауға өткiзiп сатылатын болса, онда сату жағдайлары (баға, кiрiстi бөлу) бәсеке ережелерiмен Қазақстан Республикасы жер қойнауы және минералды шикiзатты ұқсату туралы Кодексiнiң 37 бабына сәйкес белгiленедi.
14. Жер қойнауы жөнiндегi ақпаратты сату-сатып алу фактiсiн
және ол ақпаратты жаңа иеленушiнiң көзделген мақсатқа пайдалану хұқығын дәлелдейтiн бiрден-бiр құжаттар сату-сатып алу актi (шарт) және ақпараттың толыққандылығы туралы төлқұжат-сертификат (кепiлдемелiк мiндеттеме) болып табылады. Ол екi құжат қатаң есепте болады және оларды Геологиялық ақпарат басқармасы дайындайды. III. Геологиялық ақпараттарды таратудағы хұқылық жағдайлар 15. Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiне жүктелетiн жауапкершiлiк: жер қойнауы жөнiндегi таратылатын мемлекеттiк ақпараттың дұрыстығы үшiн; жер қойнауы жөнiндегi ақпараттың дұрыс дайындалуы және оны тарату тәртiбiнiң сақталуы үшiн; ақпаратты таратудан мемлекет көзқарасымен қарағанда пайда түсуi үшiн.
16. Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiнiң геологиялық ақпаратты тарату кезiнде:
айырбастың мәнi мен ретiн белгiлеуге;
маңыздылығына және конъюктураға байланысты таратылатын ақпараттың құнын белгiлеуге;
мемлекеттiк және қоғамдық органдардың заңға қайшы барлық әрекеттерiн көрсетiп, сотқа шағым-арыз беруге және аралық сотқа талдауға хұқығы бар.
17. Егер жер қойнауы жөнiндегi ақпаратты сатып алу-сату актi Геологиялық ақпарат басқармасынан тыс жүргiзiлген болса, онда барлық түсiм Республиканың валюталық қорына қайтарылады, ал жер қойнауы жөнiндегi ақпарат сатып алушыдан жер қойнауын қорғау және пайдалану үшiн Мемлекеттiк бақылау органдары арқылы қайтарылып алынады.
18. Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi мен Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары, кәсiпорындары, заңды ұйымдары мен азаматтары, ТМД республикалары, шет елдер арасында жер қойнауы жөнiндегi ақпараттарды тарату жөнiнде туған даулар соттарда және арбитраждық соттарда Қазақстан Республикасы заңдарында белгiленген тәртiп бойынша қаралуға тиiс.