Нан және нан-тоқаш өнiмдерi, пiскен нан орнына сатылатын ұн, жарма ұнтақ, тары және құрама жем өткiзуден болатын шығынның орнын толтыру үшiн жетiспейтiн қаражатты кредиттеу тәртiбiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 7 желтоқсан 1992 ж. N 1029. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

Күшін жойған

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттiк банкiсiмен келiсе отырып Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Қазақ мемлекеттiк-акционерлiк "Қазастықөнiмi" концернi әзiрлеген нан және нан-тоқаш өнiмдерi, пiскен нан орнына сатылатын ұн, жарма ұнтағы, тары және құрама жем өткiзуден болатын шығынды кредиттеу тәртiбi бекiтiлсiн. 
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi "Қазастықөнiмi" концернiмен бiрлесе отырып жыл аяқталғаннан кейiн 1993 жылдың 1 сәуiрiне дейiн аталған өнiмдердiң бағасындағы айырманың орнын толтыру үшiн несие қарыздарды өтеу көздерi жөнiндегi ұсыныс енгiзетiн болсын.
      3. Нан және нан-тоқаш өнiмдерi, пiскен нан орнына сатылатын ұн, жарма ұнтағы, тары, құрама жем өткiзуден болатын шығынның орнын толтыру үшiн жетiспейтiн қаражатты кредиттеудiң бекiтiлген Тәртiбi 1992 жылдың 1 қазанынан бастап күшiне енгiзiлетiн болып белгiленсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi

Қазақстан Республикасы      
Министрлер Кабинетiнiң      
1992 жылғы 7 желтоқсандағы    
N 1029 қаулысымен         
Бекiтiлген             

           Нан, нан-тоқаш өнiмдерi, пiскен нан орнына сатылатын ұн, жарма ұнтағы, тары және құрама жем өткiзуден болатын
шығынның орнын толтыру үшiн жетiспейтiн
қаражатты кредиттеу
Тәртiбi

      Осы Тәртiп Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Республика халқын 1992 - 1993 жылдары азық-түлiкпен қамтамасыз ету жайы мен шаралары туралы" 1992 жылғы 17 қыркүйектегi N 917 қаулысын орындау үшiн және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Нанның, нан-тоқаш өнiмдерiнiң, тарының және жарма ұнтағының бағасы туралы" 1992 жылғы 16 қыркүйектегi N 767, "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1992 жылғы 17 қыркүйектегi N 917 қаулысын орындау туралы" 1992 жылғы 7 қазандағы N 836 қаулыларына сәйкес әзiрлендi және бекiтiлдi. 
      Аталған Тәртiп реттелетiн баға бойынша нан, нан-тоқаш өнiмдерiн, пiскен нан орнына халыққа сатылатын үн, жарма ұнтағын, тары және құрама жем өндiрумен және өткiзумен айналысатын халық шаруашылығының нан пiсiретiн кәсiпорындарының барлық салаларына ұн тартатын, жарма және құрама жем кәсiпорындарына таратылады. 
      Жоғарыда аталған кәсiпорындар мен ұйымдарға реттелетiн баға бойынша мемлекеттiк кәсiпорындар мен әскери саудаға, қоғамдық тамақтандыруға (II және III санаттағы асханалар мен буфеттерге), әскери бөлiмдерге, Қазақ тұтынушылар одағына, жұмысшыларды жабдықтау бөлiмiне, жұмысшыларды жабдықтау басқармасына мемлекеттiк ресурстағы астықтан өндiрiлген нан және нан-тоқаш өнiмдерi, пiскен нан орнына берiлетiн ұнның барлық сорттары, тары және жарма ұнтағын өткiзген кездерiнде қосымша құнға салынатын салықсыз еркiн жiберiлген баға мен қосымша құнға салынатын салық пен сауда жеңiлдiгi шегерiлген мемлекеттiк реттелетiн бөлшек сауда бағасы (1992 жылғы N 001-05 және 002-05 прейскуранттар) арасындағы айырма өтелетiн болады. Бұл орайда халыққа пiскен нан орнына сатылу үшiн жiберiлетiн ұнның барлық сорттары бағасындағы айырманы өтеу облыс әкiмдерi белгiлеген көлемдер шегiнде жүргiзiледi. 
      Барлық тұтынушыларға құрама жем жiберген кезде (қайтарма сауда тәртiбiмен мемлекетке берiлетiн ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдары мен өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiнiң басқа да түрлерiн тапсырудан, баспабас айырбас және сырттан келетiн астықтан басқасы) құрама жем кәсiпорындарына қосымша құнға салынатын салықсыз еркiн жiберiлген баға (жiберiлген бағаның қалыптасуы кезiнде рентабельдiлiк деңгейi 10 процентке дейiнгi) мен қосымша құнға салынатын салықты белгiленген мөлшерде шегере отырып жiберiлген шектi баға арасындағы айырма өтелетiн болады. 
      Барлық жүйедегi нан пiсiретiн, ұн тартатын, жарма және құрама жем кәсiпорындары өздерiнiң тұрған жерлерi бойынша қаржы органдарына айына 2 рет, әр айдың 10-шы және 25-шi күндерiнен кешiктiрмей келтiрiлген нысан бойынша 2 дана етiп нан, жарма және құрама жемдi өткiзуге байланысты болған шығынның сомасы туралы есептер тапсырады. 
      Қаржы органдары (ауданқалалыққаржы бөлiмдерi) тапсырылған құжаттарды тексерiп болғаннан кейiн соманың орнын республикалық бюджет арқылы толтыру үшiн есеп айырысу чектерiн толтырып бередi және оларды есептiк-кассалық орталыққа тапсырады, олар Ұлттықмембанкiнiң 81 таңбасы, 16 параграфы, 221 бөлiмi бойынша N 120 "Республикалық бюджеттiң шығындары" атты баланстық шотесебi мен "Астық өнiмдерi бойынша баға айырмасын өтеу (кредит ашпастан)" атты шотесептерiн дебеттейдi және кәсiпорындар мен ұйымдардың есеп айырысу (несиелiк) шотесебiне аудара отырып коммерциялық банкiнiң корреспонденттiк шотесебiн кредиттейдi. 
      Аталған өнiмдердiң бағасындағы айырманың орнын толтыру жөнiндегi есептердi жүргiзу үшiн Ұлттық мемлекеттiк банкi республиканың Қаржы министрлiгiне (N 804 баланстық шотесеп) кредиттiк желi ашады. 
      Қаржы министрлiгi N 804 баланстық шотесеп бойынша операцияларды ресiмдеу үшiн Ұлттық мемлекеттiк банкпен шарт жасасады, онда банк кредитiн пайдаланғандығы үшiн жылына 6 процент ұсталатын қажеттi кредит мөлшерi қарастырылады. Проценттер сомасы N 804 шотесептiң дебетiне жазылады, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң мiндеттемелерiмен ресiмделедi және несиелiк қарызды өтеу тәртiбi сияқты, яғни бюджет және астықты республикадан тысқары сатудан алынған табыстар есебiнен өтеледi. 
      Аталған кредит Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне 1993 жылдың 20 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде берiледi. Бiр жыл өткеннен кейiн, бiрақ 1993 жылдың 1 сәуiрiнен кешiктiрмей, Қаржы министрлiгi "Қазастықөнiмi" концернiмен бiрлесе отырып, N 804 баланстық шотесепте есепке алынған қарыздарды өтеу көздерiн анықтайды, бұл орайда Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 7 қазандағы N 836 қаулысына сәйкес кредиттiң 40 процентi астықты республикадан тысқары сатудан алынған табыстары есебiнен өтелетiн болады. 
      Баға айырмасының орнын толтыру үшiн есептердiң дұрыс әзiрленуi жөнiндегi жауапкершiлiк, оларды қаржы органдарына 
тапсыратын кәсiпорындар мен ұйымдарға жүктеледi.
      Қаржы органдары баға айырмасының орнын толтыру үшiн тапсырылған есептердiң дұрыстығы жөнiндегi мәселелер бойынша кәсiпорындар мен ұйымдарда оқтын-оқтын тiкелей тексеру жүргiзедi. Осы аталған мақсаттарға кәсiпорындар мен ұйымдар артық қаражат алған жағдайда, артық алынған қаражат сомасы осы кәсiпорындар мен ұйымдардың есебiнен бес күн мерзiмде қайтарылуға тиiс.                                            

Нысан         

Еркiн жiберiлген баға мен реттелетiн сауда бағасы
арасындағы (сауда-өткiзу жеңiлдiктерi мен қосымша құнға
салынатын салықты шегере отырып) айырманың 
______________________аралығындағы
Есебi
(Кесте)