Зейнеткерлердi әлеуметтiк қорғау туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 7 желтоқсандағы N 1027 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы N 258 қаулысымен.

Күшін жойған

      Тауарлар мен қызмет көрсетуге бағаның өсуiне байланысты және зейнеткерлердi әлеуметтiк қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Зейнеткерлердi мемлекеттiк қолдау жөнiндегi қосымша шаралар туралы" 1992 жылғы 17 қыркүйектегi N 775 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:

      1. 1992 жылғы 1 желтоқсаннан бастап жасы бойынша ең аз зейнетақының жаңа мөлшерi белгiленгенге дейiн жұмыс iстемейтiн зейнеткерлердiң барлық санаттарына ай сайын 500 сом мөлшерiнде бiр жолғы төлем жүзеге асырылсын.
      Аталған сома Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бұрын қабылданған шешiмiмен белгiленген басқа бiр жолғы төлемдерге қарамастан төленедi.

      2. 1992 жылғы 1 желтоқсаннан бастап өзгенiң көмегiн қажет ететiн зейнеткерлерге, оларға күтiм жасалуына орай үстеме алатын, телефон желiсiнiң абонентi болып табылатын және басқа санаттағы зейнеткерлерге жалғызiлiктiлерге белгiленген тарифтiң 50 процентi мөлшерiнде телефон пайдаланғаны үшiн абоненттiк төлем жөнiндегi жеңiлдiк белгiленсiн.
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi аталған жеңiлдiктердiң белгiленуiне байланысты Қазақстан Республикасы Байланыс министрлiгiнiң шығынын өтейтiн болсын.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi