Бұрынғы Қазақстан коммунистiк партиясының қаржы қаражаты туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 30 қараша 1992 ж. N 1009

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақ ССР-iнiң территориясындағы СОКП мүлкi туралы" 1991 жылғы 25 тамыздағы Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi бұрынғы партия комитеттерiнiң есеп шоттарында тұрған, сондай-ақ бiрлескен кәсiпорындардың, қауымдастықтардың, банктер мен басқа да коммерциялық ұйымдардың пайдалануына (жалға немесе жарғылық қорына) берiлген партия қаражатын, алынған дивидендтердi ескере отырып, Қазақстан Республикасы Ұлтмембанкiнiң Алматы облыстық басқармасында ашылған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң арнайы шотына екi апта мерзiм iшiнде аударылуын қамтамасыз етсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Ұлтмембанкiне бұрынғы партия комитеттерiнiң ақша қаражатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң орталықтандырылған шотына жедел аудару ұсынылсын.
      3. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Мемлекеттiк қаржы бақылау комитетi Қазақстан Республикасының республикалық бюджетiне партия қаражатының толықтай аударылуына бақылау жасайтын болсын.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк

мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен, басқа да мүдделi
министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесе отырып, 1993 жылға
арналған республикалық бюджеттiң шығыс бөлiгiнде бұрынғы 
Қазақстан Коммунистiк партиясының қаржысын халықтың әлеуметтiк
мұқтажына жұмсауды көздесiн.
  
     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрiнiң
     бiрiншi орынбасары