Нарықты молықтыру және дәрi-дәрмек пен медициналық мақсаттағы бұйымдардың Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетiлуiне жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Бағаны ырықтандыру жөнiндегi шаралар туралы" (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ, 1992 ж., N 1, 1 бап) 1992 жылғы 3 қаңтардағы N 3 қаулысының 2-шi тармағына және осы қаулымен бекiтiлген N 2 қосымшасына iшiнара өзгерiстер енгiзiлiп, дәрi-дәрмек пен медициналық мақсаттағы бұйымдардың, барлық түрлерiне 1992 жылғы 16 қарашадан бастап еркiн бөлшек сауда бағалары белгiленсiн.
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгертiлдi - ҚРМК-нiң 1994.03.14.
N 259 қаулысымен.
2
Ескерту. 2-шi тармақ күшiн жойған - ҚРМК-нiң 1995.09.26.
N 1283 қаулысымен.
3. Науқастарды амбулаторияда емдеген кезде дәрiгерлердiң рецептерi бойынша дәрi-дәрмектi тегiн немесе жеңiлдiктi түрде босату осындай жеңiлдiктер беру көзделген халықтың топтары мен ауру түрлерiнiң тiзбесiне сәйкес жүзеге асырылсын (N 1 және 2 қосымша).
4. Қазақстан Республикасының Денсаулықминi дәрiгерлердiң арнайы рецептерi бойынша халыққа жеңiлдiктi түрде дәрi-дәрмек босатуды iшiнара құнын төлетiп, дәрiхана мекемелерi арқылы жүзеге асырсын. Рецептер бiр дана болып жазылады және кейiннен емдеу-сауықтыру мекемелерiне көрсетiп, олардың құнын төлету үшiн дәрiхана мекемелерiнде қалады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1992 жылғы 4 қарашадағы
N 939 қаулысына
N 1 қосымша
Амбулаторияда емделген кезде дәрiгерлердiң
рецептерi бойынша дәрi-дәрмек тегiн босатылатын
халық топтары мен ауру түрлерiнiң
ТIЗБЕСI
1. Халық топтары:
Отан соғысының мүгедектерi және оларға теңестiрiлген мүгедектер;
бала күнiнен мүгедек болған 16 жасқа дейiнгi өскiндер;
3 жасқа дейiнгi балалар;
Ұлы Отан соғысына қатысқандар, сондай-ақ КСРО-ны қорғау кезiнде немесе әскери қызметтiң өзгедей мiндеттерiн атқару жарақаттану, контузия немесе зақым алу салдарынан, немесе майданда болған кезiнде науқастану салдарынан қаза тапқан әскери қызметшiлердiң ата-аналары мен әйелдерi;
Ауғанстанда және басқа елдердiң аумағында соғыс қимылдарына
қатысқан бұрынғы интернационалист әскери қызметшiлер қатарында
болған азаматтар;
фашистiк концлагерлердiң кәмелетке толмаған (босатылған
кезiнде 16 жасқа дейiнгiлер) бұрынғы тұтқындары;
Чернобыль атом станциясындағы апат кезiнде зардап шеккен
балалар;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттан зардап шеккен
аудандарда тұрған екiқабат әйелдер;
Чернобыль атом электр станциясындағы апат және оның
зардаптарын жою кезiндегi жұмысты орындау үстiнде сәуле ауруына
шалдыққан әрi осы апат кезiнде және оның зардаптарын жою
жөнiндегi жұмысты атқаруда мүгедек болғандығы анықталған адамдар;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттан және оның
зардаптарын жою кезiнде қаза тапқан немесе қайтыс болған
азаматтардың отбасы мүшелерi.
II. Ауру түрлерi:
iсiк және қан аурулары;
қант сусамыры, жәй сусамыр;
құяң (ауру қайталап қабынбау үшiн бициллин қолданылады);
жүрек қалақшаларын протездеу операциясынан кейiнгi жағдай
(қанның қоюлануына қарсы қолданылатын дәрiлер);
ауық-ауық байқалатын өткiр порфирия (аденил препараты,
отандық фосфаден);
бруцеллездiң ауыр түрi (антибиотиктер);
ақыл-сана дерттерi (I, II топтағы мүгедектер мен
психиатриялық және психоневрологиялық мекемелердiң
емдеу-өндiрiстiк шеберханаларында жұмыс iстейтiн аурулар);
торсылдақ және кеселдi (өткiр) қызыл жегi;
терiнiң созылмалы ауыр кеселдерi;
мерез;
алапес;
туберкулез;
Аддисон ауруы;
шизофрения және қояншық;
гепетоцеребралды дистрофия және фенилкетонурия;
муковисцидоз (ауру балаларға);
демiкпе (ауру балаларға);
қан тышқақ ауруы;
ергежейлiлiк;
бүйрек алмастыру операциясынан кейiнгi жағдай;
Бехтерев ауруы;
бұлшық еттiң әлсiздену ауруы;
миопатия;
мишыққа байланысты Мари ауруы;
миға байланысты балалардың сал аурулары;
жыныс мүшелерiнiң ерте жетiлуi;
ағзасының қорғану қабiлетiнiң жетiмсiздiгi вирусына шалдыққандар
(СПИД);
жүрек, бауыр алмастыру операциясынан кейiнгi науқастар;
миокард инфарктi (алғашқы алты ай).
Ескерту: "Жергiлiктi өзiн-өзi басқару және Қазақ КСР-i
халық депутаттарының жергiлiктi Кеңестерi туралы" Қазақ КСР-iнiң
Заңына сәйкес облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының
әкiмдерiне аталған тiзбеге толықтырулар енгiзуге хұқық берiлген.
2-қосымшаның қазақша мәтіні жоқ.
ПРИЛОЖЕНИЕ N 2
к постановлению Кабинета Министров
Республики Казахстан
от 4 ноября 1992 года N 939
П Е Р Е Ч Е Н Ь
групп населения, при амбулаторном лечении которых
лекарственные препараты по рецептам врачей
отпускаются на льготных условиях
1. С оплатой 50 процентов стоимости:
граждане, работавшие в период блокады Ленинграда на предприятиях города и награжденные медалью "За оборону Ленинграда";
инвалиды I и II групп вследствие трудового увечья, профессионального или общего заболевания;
инвалиды с детства I и II групп, получающие пособие;
пенсионеры из числа военнослужащих, рабочих, служащих, колхозников, получающих пенсию по старости, инвалидности или по случаю потери кормильца в минимальных размерах;
пенсионеры, награжденные орденами и медалями СССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу и в годы Великой Отечественной войны;
граждане, награжденные знаком исполнительного комитета Ленинградского городского Совета народных депутатов "Жителю блокадного Ленинграда";
лица, принимавшие в 1986-1987 годах участие в работах по ликвидации последствий аварии на Чернобыльской АЭС;
члены семей военнослужащих, лиц начальствующего и рядового состава, призванных на сборы военнообязанных, рабочих и служащих Министерства обороны СССР, Министерства внутренних дел СССР и Комитета государственной безопасности СССР, погибших (умерших) во время выполнения заданий по охране общественного порядка при чрезвычайных обстоятельствах, связанных с антиобщественными проявлениями;
граждане, необоснованно привлекавшиеся к уголовной ответственности и подвергшиеся другим судебным и внесудебным репрессиям по социально-политическим мотивам, имевшим место в период 30-40-х и начала 50-х годов, признанные инвалидами вследствие заболевания в местах лишения свободы (за исключением лиц, инвалидность которых наступила в результате противоправных действий или общего заболевания после освобождения) и вдовы посмертно реабилитированных граждан, не вступившие в другой брак.
II. С оплатой 20 процентов стоимости:
персональные пенсионеры и члены их семей, находящиеся на их иждивении.
ПРИМЕЧАНИЕ. В соответствии с Законом Казахской ССР "О местном самоуправлении и местных Советах народных депутатов Казахской ССР" главам областных, Алма-Атинской и Ленинской городских администраций предоставлено право вносить дополнения в данный перечень.