Қазақстан Республикасындағы өткiзу пункттерi туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 30 қазан 1992 ж. N 906

Жаңартылған

      Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына кiрмейтiн мемлекеттермен сауда-экономикалық, мәдени және басқа байланыстарды одан әрi кеңейту мақсатында және мемлекеттiк шекара арқылы өткiзу пункттерiн ашу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қытай Халық Республикасының Үкiметi арасындағы 1992 жылғы 10 тамыздағы Келiсiмдi ескере отырып, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
     1. Қазақстан Республикасының мынадай өткiзу пункттерiне:
     Алматы қаласындағы "Алматы" әуежайына
     <*>
     Талдықорған облысындағы "Достық" автомобиль өткiзу пунктiне
     Талдықорған облысының "Қорғас" өткiзу пунктiне
     Семей облысының "Бақты" өткiзу пунктiне
     Алматы облысының "Қалжат"өткізу пунктіне халықаралық мәртебесi берiлсiн. <*>
     ЕСКЕРТУ. 1-тармақ 4-абзацпен толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1997.02.03.
N 136 қаулысымен.
     ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.12.27. N 1897 қаулысымен.
     ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.07.03. N 648 қаулысымен. 
     2. Екiжақты автомобиль жүктерi мен жолаушылар қатынасы, сондай-ақ ресми делегациялар үшiн:
     Алматы облысының "Нарынқол"
     Шығыс Қазақстан облысының "Майқапшағай"
     Шығыс Қазақстан облысының "Алексеевка" өткiзу пункттерi ашық деп жариялансын.
     ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.12.27. N 1897 қаулысымен.  
     3. Халықаралық авиация және теңiз тасымалдары үшiн:
     Атырау облысы Атырау қаласындағы "Атырау" әуежайы
     Маңғыстау облысы Ақтау қаласындағы "Ақтау" әуежайы
     Маңғыстау облысы Ақтау қаласындағы "Ақтау" теңiз тұрақжайы ашық деп саналсын.
     Маңғыстау облысы Баутино кентiндегi "Баутино" теңiз порты".<*>
     ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.10.31. N 1085 қаулысымен
     4. <*>
     5. <*>
     6. <*>
     7. <*>
     Ескерту. 4,5,6,7 тармақтар күшiн жойды - ҚРҮ-нiң 1996.04.29.
N 520 қаулысымен.
     8. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi аталған пункттердiң ашылғаны және азаматтарды, көлiк құралдарын, жүктердi, басқа да заттарды Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу тәртiбi туралы хабарды мүдделi шет ел мемлекеттерiнiң өкiлдiктерiне жеткiзсiн.    

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi