"Невада-Семей" акционерлiк қоғамының тауарлар мен көрсетiлетiн қызмет экспортына салынатын салық шамасын белгiлеу туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 17 қыркүйек 1992 ж. N 773. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

Күшін жойған

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      "Невада-Семей" акционерлiк қоғамының тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтiң кез келген түрiн экспортқа шығарудан, сондай-ақ сыртқы сауда операцияларын жүргiзуден түскен валюталық түсiмiне салынатын салық шамасы 2 процент мөлшерiнде белгiленсiн.

       Қазақстан Республикасының 
      Премьер-министрi