Баспабас (тауар айырбасы) операцияларын жүзеге асырудың тәртiбi, оған салық салудың шарттары туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 15 қыркүйек 1992 ж. N 763

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "1992 жылы валюта қорын жасау және экспорт салығын енгiзу, валюта операцияларын жүзеге асыруға бақылауды күшейту туралы" 1992 жылғы 10 сәуiрдегi N 716 қаулысын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Шетелдiк мемлекеттердiң кәсiпорындарымен және ұйымдарымен, сондай-ақ Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiнiң кәсiпорындарымен және ұйымдарымен жүзеге асырылатын баспабас операцияларға экспортқа шығарылатын тауардың дүниежүзiлiк баға бойынша контракттық құнына шағын есептелетiн және республиканың территориясында тiркелiп, орналасқан меншiк нысандары мен ведомстволық иелiгiне қарамастан барлық заңды және жеке адамдардан Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1992 жылғы 10 сәуiрдегi N 716 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттiк банкiсi өнiм жөнелтiлген айы мен күнiне қарай белгiлеген нарықтық курс бойынша сомға қайта есептелген экспорт салығының проценттiк ставкалары мөлшерiнде салық салынады деп белгiленсiн.
      2. Мемлекеттiк маңызы бар тауарлар бойынша баспабас операцияларды жүзеге асыру кезiнде экспортқа шығарылатын өнiмнiң контракттық құнының кемiнде 50 процентi жабдықтар, технологиялар, шағын зауыттар, қолда бар импорт жабдықтарына арналған жинақтаушы және босалқы бөлшектер сатып алуға жұмсалады деп белгiленсiн.
      3. Осы тәртiп 1992 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданылатын болсын.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi