Қазақстан Республикасының салалық кен-құтқару, атқыламаларды тұмшалау және газ-құтқару әскерилендiрiлген бөлiмдерi және кен-құтқару iсiнiң бүкiлодақтық ғылыми-зерттеу институтының Қарағанды бөлiмiн қайта құру туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 31 тамыз 1992 ж. N 724.

Жаңартылған

       Ескерту. 4-тармағынан басқасының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.11.03. N  1097  қаулысымен.

      4. Кен-құтқару iсiнiң Бүкiлодақтық ғылыми-зерттеу институтының Қарағанды бөлiмi Қазақстан Республикасы кен құтқарушыларының ғылыми-инженерлiк орталығы болып қайта құрылсын, ол Энергетика және отын ресурстары министрлiгiнiң құрамына енгiзiлсiн. 
      Энергетика және отын ресурстары министрлiгi Өнеркәсiп министрлiгiмен, Мемқадағалаукомымен келiсiп, Ғылыми-инженерлiк орталықтың екi ай мерзiм iшiнде Жарғысын бекiтсiн. 
      

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi