Қазақстан Республикасының уран кен орындары бойынша запасы және геологиялық-экономикалық сипаттамасы туралы мәлiметтi ашу туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 27 тамыз 1992 ж. N 708

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөнiндегi халықаралық агенттiкке (АТЭХАГ) енгiзу әрi уран және оның өнiмдерiн сатуға республика үшiн квота алу мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Уванас, Қанжуған, Жалпақ, Мойынқұм, Мыңқұдық, Қарамұрын,

Еркөл, Қолжат, Төменгi iле, Сұлушоқы уран кен орындары бойынша 
запас пен геологиялық-экономикалық сипаттама туралы мәлiмет
ашылсын.
     2. Баспасөзде жариялау және Атом энергиясы жөнiндегi 
халықаралық агенттiкке, Лондондағы уран институтына және басқа 
халықаралық ұйымдарға беру үшiн Қазақстан Республикасындағы уранның 
жиынтық запасы мен ресурстары жөнiнде мәлiмет ашылсын. 
     
     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi