Паспорттар, жеке куәлiктер мен азаматтық хал актiлерiндегi Қазақстан Республикасы азаматтарының ұлты туралы жазбаны өзгерту Ережелерiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 17 тамыз 1992 ж. N 684

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының "Қазақ КСР Неке және үйелмен туралы Кодексiнiң 63-бабын толықтыру туралы" 1992 жылғы 26 маусымда қабылдаған Заңына байланысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Паспорттар, жеке куәлiктер мен азаматтық хал актiлерiндегi Қазақстан Республикасы азаматтарының ұлты туралы жазбаны өзгертудiң ұсынылған Ережесi бекiтiлсiн. 
       Ескерту. Тақырып пен 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.02.14.  N 140  қаулысымен.
      2. Азаматтардың паспортындағы және жеке куәлiгіндегi ұлты туралы жазбаны өзгертудi олардың жазбаша өтiнiштерi бойынша берiлген арызының негiздiлiгiн растайтын тууы туралы куәлiк пен басқа құжаттардың негiзiнде әдiлет органдары бiр рет жасайтын болып белгiленсiн. 
      Азаматтық хал актiлерiндегi ұлты туралы жазбаны өзгертудi АХАТ органдары азаматтың өтiнiшi негiзiнде ол қажеттi құжаттарын бергеннен кейiн жүргiзедi. 
       Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.02.14.  N 140  қаулысымен.
       2-1. "Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуiрдегi Заңына сәйкес берілетiн ақтау туралы анықтамалар негiзiнде Қазақстан Республикасының аумағына қуғын-сүргiн кезеңiнде күштеп қоныс аударылған Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттарындағы, жеке куәлiктерi мен азаматтық хал актiлерiндегi ұлты туралы жазбаны өзгертуге ерекше түрде рұқсат етiлсiн.
       Ескерту. 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2005.02.14.  N 140  қаулысымен.
      3. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi, Әдiлет министрлiгi қолданылып жүрген ведомстволық актiлердi осы қаулымен сәйкестендiретiн болсын. 

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi

Қазақстан Республикасы         
Министрлер Кабинетiнiң         
1992 жылғы 17 тамыздағы         
N 684 қаулысымен            
Бекiтiлген                

 
             Паспорттар жеке куәлiктер мен азаматтық хал
       актiлерiндегi Қазақстан Республикасы азаматтарының 
                  ұлты туралы жазбаны өзгерту 
                          Ережесi  

       Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.02.14.  N 140  қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақ КСР Неке және үйелмен туралы Кодексiнiң 63-бабын толықтыру туралы" 1992 жылғы 26 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының бұрын таңдаған ұлтын ата-анасының бiрiнiң ұлтына өзгертудiң мынандай тәртiбi белгiленсiн: 
      1. Қазақстан Республикасы азаматтарының паспортындағы және жеке куәлiгiндегi ұлты туралы жазбаны өзгертудi әдiлет органдары жүргiзедi.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.02.14.  N 140  қаулысымен.  
      2. Қазақстан Республикасы азаматының паспортындағы немесе жеке куәлiгiндегi ұлты туралы жазбаны өзгерту туралы өтiнiштi арызданушының тұрғылықты жерi бойынша әдiлет органына мiндеттi мынадай құжаттармен қоса бередi: 
      а) <*>
      б) екi суретi; 
      в) тууы туралы куәлiгi; 
      г) айырбастауға жататын Қазақстан Республикасы азаматының паспорты немесе жеке куәлiгi.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.02.14.  N 140  қаулысымен.  
      3. Ұлты туралы жазбаны өзгерту жөнiндегi өтiнiш негiздi болған жағдайда әдiлет органы тарапынан ұлты өзгертiлген Қазақстан Республикасы азаматының жаңа паспортын немесе жеке куәлiгiн беру туралы қорытынды түзiледi де, оны әдiлет органының бастығы бекiтедi.
       Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.02.14.  N 140  қаулысымен.   
      4. Өтiнiш иесiнiң тууы туралы куәлiгiне ұлтының өзгеруiне байланысты Қазақстан Республикасы азаматының жаңа паспорты немесе жеке куәлiгi жаңа паспорт берiлгенi туралы белгi қойылады.
       Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.02.14.  N 140  қаулысымен.  
      5. Ф-1 өтiнiшiнде Қазақстан Республикасы азаматының паспортын немесе жеке куәлiгiн айырбастау себебi және соның негізiнде Қазақстан Республикасы азаматының паспортындағы немесе жеке куәлiгiндегi ұлты туралы жазба өзгертілген туу туралы куәлiктiң нөмiрi көрсетiледi.
      Егер бұрын Қазақстан Республикасы азаматының паспортын немесе жеке куәлiгiн басқа әдiлет органы берген болса, оған Ф-1 өтiнiшiнде белгi қою үшiн Қазақстан Республикасы азаматының жаңа паспорты немесе жеке куәлiгi берiлгенi туралы хабарлама жiберiледі.
       Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.02.14.  N 140  қаулысымен.
      6. Азаматтық хал актiлерiндегi ұлты туралы жазбаны өзгертудi АХАТ органдары жүргiзедi. 
      Ұлты өзгертiлген Қазақстан Республикасы азаматының паспортын немесе жеке куәлiгiн алғаннан кейiн некеде тұрған немесе балалары бар азамат некеге тiркелген және балалары дүниеге келген жергiлiктi жер бойынша АХАТ органдарына немесе өзiнiң тұрғылықты жерi бойынша АХАТ органдарына азаматтық халдың тиiстi актi жазбасындағы ұлты туралы мәлiметке өзгерiс енгiзу және жаңа құжаттар алу үшiн өтiнiш беруге тиiс.
       Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.02.14.  N 140  қаулысымен.  
      7. Жоғарыда аталған өзгерiстердi АХАТ органдары қорытынды түзбей-ақ азаматтың өтiнiшi, Қазақстан Республикасы азаматының паспорты немесе жеке куәлiгi, ұлты өзгертiлген Қазақстан Республикасы азаматының жаңа паспорты немесе жеке куәлiгi берiлгенi туралы әдiлет органының анықтамасы және айырбастауға жататын куәлiк негiзiнде енгiзедi.
       Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.02.14.  N 140  қаулысымен.   
      8. АХАТ-тың аудандық, қалалық, қаладағы аудандық бөлiмдерi (бюро) өзгерiстер енгiзгеннен кейiн дәл осындай өзгерiстердi актiлiк жазбалардың екiншi даналарына енгiзу туралы хабарлар АХАТ-тың облыстық, Алматы қалалық архивтерiне жiберiледi. 
      9. Азаматтардың паспортындағы және жеке куәлiгiндегі ұлты туралы жазбаны өзгерту жөнiндегi даулар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сот тәртiбiмен шешiледi.
       Ескерту. ҚРМК-нiң 1993.01.12. N 31 қаулысын қараңыз. 
       Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.02.14.  N 140  қаулысымен.