Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Кеден қызметi қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақылары туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 1992 жылғы 16 маусымдағы N 532

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасында жалақыны өсiру және бағаны реттеу туралы" 1992 жылғы 25 сәуiрдегi N 730 Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеден қызметi қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақылары N 1,2 қосымшаларға сәйкес бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгiне Қазақстан Республикасының Кеден комитетiмен бiрлесiп, кеден мекемелерiн еңбек ақы төлеу жөнiнен топтарға жатқызу көрсеткiштерiн әзiрлеп, бекiту тапсырылсын.
      3. Қазақстан Республикасының Президентi "Қазақстан

Республикасында жалақыны өсiру және бағаны реттеу туралы"
1992 жылғы 25 сәуiрдегi N 730 Жарлығымен бюджеттiк 
қаржыландырудағы мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлерiне
еңбек ақы төлеудiң, үстемақы, қосымша, сыйлық және ынталандыру
мен өтем сипатындағы басқа да төлемдер мөлшерiн қоса,
қолданылып жүрген басқа да шарттарын сақтап қалғаны еске
алынсын.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi