Жезқазған тау-кен-технология институтын ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 1992 жылғы 21 қаңтардағы N 42

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Халық депутаттарының Жезқазған облыстық Кеңесi мен Қазақстан Республикасы Халыққа бiлiм беру министрлiгiнiң 1992 жылдың 1 ақпанынан бастап, Қарағанды политехника институты Жезқазған филиалының негiзiнде Қазақстан Республикасы Халыққа бiлiм беру министрлiгiне бөлiнген бюджет қаржыларының шеңберiнде Жезқазған тау-кен-технология институтын ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының Мемэкономикомымен және Қаржы министрлiгiмен келiсiлген ұсынысы қабылдансын.
      2. "Жезқазғантүстiмет" ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiгi, "Балқашмыс", "Қазвольфрам" өндiрiстiк бiрлестiктерi, Жәйрем кен-байыту комбинаты, "қазмысқұрылыс" тресi, облыстық өндiрiстiк автомобиль транспорты бiрлестiгi және облыстық агроөнеркәсiп комитетi өндiрiстiк коллективтерiнiң осы кәсiпорындар мен ұйымдардың үлестiк қатысуы есебiнен 1992-1995 жылдары оқу-лабораториялық үй-жайларының жалпы алаңы 10 мың шаршы метр Жезқазған тау-кен-технология институтының бас оқу корпусын жобалап, салу жөнiндегi инициативасына мақұлдау бiлдiрсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Мемэконокомы мен қаржы

министрлiгi 1992-1995 жылдары Жезқазған тау-кен-технология
институты үшiн 400 орындық студенттiк жатақхана мен Жезқазған
қаласындағы оқу орындарының оқытушылары үшiн 100 пәтерлiк
тұрғын үйдiң құрылысына қажеттi қаржы бөлiнуiн қарастырсын.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi