Азаматтар мен лауазымды адамдарға әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыларға берiлген шағымдар жөнiндегi iстер бойынша сот практикасын жинақтап қорыту нәтижелерiн талқылай келiп, Қазақ ССР Жоғарғы Сотының Пленумы мынаны атап көрсетедi: республика соттары осы категориядағы iстердi қарауға көп көңiл бөле бастады, сот әдiлдiгi және азаматтардың праволары мен заң қорғайтын мүдделерiн право бұзушылықтан қорғау iсiн жүзеге асыру деңгейi арта түсуде.
Солай бола тұрса да, соттардың жұмысында әкiмшiлiк жаза қолдануға өкiлеттiк берiлген органдар қаулыларының заңдылығы мен негiзділігiн, сот бақылауының тиiмдiлiгiн төмендететiн кемшiлiктер әлi де орын алып отыр.
Осы категориядағы iстердi кiмдердiң қарайтындығы туралы мәселенi шешуде қателiктерге жол берiлуде. Iстердi сотта қарауға әзiрлiк толық жүргiзiлмейдi немесе немқұрайды әзiрленедi.
Сот мәжiлiсiнде, iс үшiн маңызы бар мән-жайлардың толық әрi жанжақты анықталуы әрдайым қамтамасыз етiлiп отырмайды. Мерзiмiн өткiзiп берген шағымдарды шешкен кезде, соттар мерзiмiнiң өтiп кету себебi туралы және оны қалпына келтiру туралы мәселенi талқыламайды.
Iстердi қарау мерзiмдерi бұзылып отырады.
Көптеген сот билiктерi, әсiресе олардың қорытынды бөлiктерi заң талаптарына сай емес.
Аталған кемшiлiктердi жою және сот практикасының бiркелкiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында, Қазақ CCP Жоғарғы Сотының Пленумы Қаулы етеді:
1. Азаматтар мен лауазымды адамдарға әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыларға берiлетiн шағымдарды қарауда елеулi кемшiлiктер бар екендiгiне соттардың назары аударылсын.
2. Қазақ ССР Азаматтық iстер жүргiзу кодексінің 24-тарауында белгiленген тәртiп бойынша азаматтар мен лауазымды адамдарға әкiмшiлiк жаза қолдану туралы әкiмшiлiк органдарының (лауазымды адамдардың) қаулыларына берiлген шағымдары қаралатыны осы органдар (лауазымды адамдар) Қазақ ССР-інің Әкiмшiлiк право бұзушылық туралы кодексінің 23-статьясына сәйкес әкiмшiлiк жаза қолдануға праволы екендiгi түсiндiрiлсiн.
Лауазымды адамдардың әкiмшiлiк жаза қолдануға байланысты емес iс-әрекетiне берiлген шағымдар Азаматтық iстер жүргiзу кодексінің 233-статьясында көрсетiлген iстердiң қатарына жатпайды, оларды жоғары тұрған басқару органдары қарайды, ал осы кодекстің 24-тарауында белгiленген мән-жайлар болған жағдайда, оларды осы статьяның ережелерi бойынша қарау қажет.
3. Әкiмшілік право бұзушылық туралы кодекстiң 281-статьясының 1, 2-бөлiктерi және 3-бөлігі бойынша, өзге органдардың (лауазымды адамдардың) штраф түрiнде әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыларына берiлетiн шағымдар бойынша балама қарастылық белгiленген. Сондықтан сот, арыз берушi жоғары тұрған басқару органына шағым бергендiгiн (бермегендігін) анықтауға тиiс. Егер шағым бойынша, халық депутаттарының тиiстi Советi атқару комитетiнiң немесе жоғары тұрған органының (лауазымды адамның) шешiмi бар болса, ол Азаматтық iстер жүргiзу кодексінің 129-статьясының 1-бөлiгiне сәйкес қабылданбауға тиiс.
Алайда әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы жөнiнде сотқа, ал екіншісi (басқалары) жоғары тұрған басқару органына шағым берсе, келiп түскен шағымдардың бәрiн халық соты қарайды, оның шешiмi тұжырымды болады.
Мұндай жағдайда халық судьясы iстi сотта қарауға әзiрлеу сатысында дауды жоғары тұрған басқару органының қараған-қарамағанын анықтауға тиiс. Әкiмшiлiк право бұзушылыққа қатысушылардың барлығы жөнiндегi даудың қаралғаны анықталса, сот ic жүргiзудi өндірістен қысқартады.
Сонымен қатар өзге органның (лауазымды адамның) өзге штрафтан басқа (жаза) Әкiмшiлiк право бұзушылық туралы Кодекстiң 281-статьясының 3-бөлігі қолдану туралы қаулыларына берiлген шағымдарды, егер оларды бұған дейiн жоғары тұрған (әкiмшiлiк жаза қолданған адам жөнiнде) орган (лауазымды адам) қараған болса, халық соты қарауы мүмкiн. Егер шағымды жоғары тұрған басқару органы (лауазымды адам) алдын ала қарамаған болса, Азаматтық iстер жүргiзу кодексінің 129-статьясының 2-бөлігіне сәйкес сот өндiрiсiне қабылданбауы мүмкiн.
4. Әкiмшiлiк право бұзушылық туралы кодекстiң 281-статьясының 3-бөлiгiне сәйкес бiр мезгiлде негiзгi және қосымша әкiмшiлiк жазалардың бiрiн қолдану туралы қаулыға берiлетiн шағым негiзгі жазаны қолдану туралы қаулыны қарауға праволы органға берiлуi мүмкiн және шағым қаулыға толықтай немесе оның бiр бөлiгіне ғана берiлуi мүмкiн.
5. Әкiмшiлiк право бұзушылық туралы кодекстiң 283-статьясына сәйкес сот тек қана осы Кодекстiң 216-статьясында көзделген әкiмшiлiк право бұзушылық жасағаны үшiн әкiмшiлiк жаза қолдану туралы халық сотының қаулысына прокурордың берген наразылығын қарайды.
Басқа жағдайларда соттың қарауына жататын iстер бойынша әкiмшiлiк право бұзушылық туралы қаулыға берiлген шағым жөнiндегi iске Азаматтық iстер жүргiзу кодексінің 31-статьясы бойынша сотқа берiлген прокурордың арызымен iс қозғалуы мүмкiн.
6. Әкiмшiлiк право бұзушылық туралы кодекстiң 261-статьясында, осы статьяда көзделген әкiмшiлiк право бұзушылықтың болғаны туралы протокол жасалады, егер право бұзушы оған қолданылған жазамен келiспесе, ал право бұзушылық жасалған жерде алынатын штраф право бұзушының ризалығымен төленген жағдайда ғана жасалатындықтан, штрафты дұрыс салмағаны туралы, оның кейiн шағым беруi Азаматтық iстер жүргiзу Кодексінің 24-тарауының талаптарынан туындамайды. Сондықтан соттар мұндай шағымдарды қабылдаудан бас тартуға тиiс.
7. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыға Азаматтық iстер жүргiзу кодексінің 234-статьясында белгiленген 10 күн мерзiм сақталмай шағым берiлген ретте, оны қалпына келтiру туралы мәселе жеке қаралмай, iстi қараған кезде шешiлуi тиiс. Бұл мәселе жөнiндегi соттың шешiмi жеке документте емес, шағым бойынша қабылданған қаулыда көрсетiлуге тиiс.
8. Iстi сотта қарауға әзiрлеу, оны заңды түрде шешудiң негiзгi шарты болып табылатындықтан, соттар атап айтқанда мынадай қажеттi документтер талап ету үшiн шаралар қолдануға тиiс:
а) әкiмшiлiк право бұзушылық жасағаны туралы соған уәкiлдiгi бар орган (лауазымды адам) жасаған протоколды (актіні), ал әкiмшiлiк право бұзушылық туралы iсті коллегиялы орган қараған кезде (Әкiмшiлiк право бұзушылық туралы Кодекстiң 274-статьясы) оның мәжiлiсiнiң протоколын;
б) әкiмшiлiк жаза қолдану туралы хұқықтығы бар органның (лауазымды адамның) қаулысын;
в) әкiмшiлiк жауапқа тартылған лауазымды адамның праволары мен қызмет мiндеттерi туралы қызметтiк нұсқауды немесе содан алынған үзiндiнi;
г) азаматтардың белгiлi бiр категорияларын (мысалы, халық депутаттарын жауапқа тартқан ретте) әкiмшiлiк жауапқа тартуға тиiстi органдар берген жазбаша келiсiмдi.
Iстiң мән-жайына қарай басқа да документтер (дәлелдемелер), егер олардың болмауы сот тергеуiнiң толықтығына және жан-жақтылығына ықпал ететiн болса, олар талап етiлуге тиiс.
9. Әкiмшiлiк право бұзушылық туралы қаулыға берiлген шағымдар жөнiндегi iстердiң жан-жақты және объективтi қаралуын қамтамасыз ету мақсатында соттар мыналарды тексеруi керек: жазаны заң негiзiнде және соған хұқықтығы бар орган немесе лауазымды адам қолданған ба; талап қойылған адамды оған жүктелген мiндеттi орындауға тартудың белгiленген тәртiбi сақталған ба; жазаға тартылған адам әкiмшiлiк жауаптылық белгiленген тәртiп бұзушылықты жасаған ба, және ол осы тәртiп бұзушылықты жасауға кiнәлi ме; салынған штраф белгiленген ең көп мөлшерден артық емес пе, штраф мөлшерiн немесе өзге жазалау шараларын белгiлеген кезде жасалған терiс қылықтың ауырлығы, айыптының кiм екендігі немесе оның мүлiктiк жағдайы ескерiлген бе; жауаптылықты жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайлар; жаза қолдану және әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны орындауға арналған ескiру мерзiмi өтiп кеткен жоқ па.
10. Азаматтық iстер жүргiзу кодексінiң 80-статьясының 10-бөлiгiне сәйкес азаматтар, әкiмшiлiк органдар және лауазымды адамдар әкiмшілік-праволық қатынастардан туындайтын iстер бойынша сот шығындарын төлеуден босатылған. Азаматтық iстер жүргiзу кодексінің 236-9-статьясында көзделген реттер бұған кiрмейдi. Сондықтан соттар әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыларға берiлген шағымдарға мемлекеттiк пошлина төлеудi талап етуге праволы емес.
11. Азаматтық iстер жүргiзу кодексінің 236-статьясына сәйкес егер штраф жасалған терiс қылықтың ауырлығы, айыптының кiм екендігі және оның мүлiктiк жағдайы ескерiлмей салынған болса, штрафтың мөлшерiн сот азайтуға праволы. Алайда ол жазаның бiр түрiн басқа түрiмен (мысалы, бас бостандығынан айыруды, штрафпен) немесе егер право бұзушы жауапқа Кодекстiң басқа статьясы бойынша тартылғанын анықтаса, әкiмшiлiк право бұзушылық туралы кодекстiң басқа статьясы бойынша жаза қолдана алмайды.
12. Шағымды қанағаттандырған жағдайда қаулының қорытынды бөлiгiнде сот әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының бұзылғаны туралы, ал ол қанағаттандырылмай қалдырған жағдайда - қаулыны өзгерiссiз қалдырып, шағымның қанағаттандырусыз қалдырылғанын көрсетедi.
Азаматтық iстер жүргiзу кодексiнің 236-статьясының негiзiнде
әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыға берiлген шағымдар жөнiнде
қабылданған шешiм тұжырымды болып табылады және оған шағым беруге
болмайды, бiрақ оған сот қадағалау тәртiбiмен наразылық келтiрiлуi мүмкiн.
13. Азаматтардың терiс мiнез-құлқын, лауазымды адамдардың заңдылықты
бұзу фактiлерін, сондай-ақ әкiмшiлiк органдарының және өзге мекемелердiң,
ұйымдардың, кәсiпорындарының қызметiндегi кемшiлiктердi, әкiмшiлiк право
бұзушылық жасаудың себептерi мен жағдайларын толық анықтап, оларды
болдырмаудың, алдын алудың жағдайын сот жеке ұйғарулар шығару арқылы әсер
етуге тиiс.
Мамандар:
(Қасымбеков Б.А.)
(Икебаева Ә.Ж.)