Қылмысты алдын ала уәделеспей жасыру және қылмыстар туралы хабарламау туралы істер жөніндегі сот тәжірибесінде туындайтын кейбір мәселелер туралы

Қаулы Қазақ КСР Жоғарғы Соты Пленумы 1976 жылғы 24 желтоқсан N 5, Пленумның 1996-жылғы 20-желтоқсандағы N 11 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен бірге. (Қазақстан Республикасы (Қазақ КСР) Жоғарғы Соты Пленумы қаулыларының жинағы, 1997 ж., 1 том, 148 бет)

Қолданыстағы
      Пленум қылмысты алдын ала уәделеспей жасыру және қылмыстар туралы хабарламау туралы iстер жөніндегi сот тәжiрибесiн талқылай келіп, соттардың осы санаттағы iстердi негiзiнен дұрыс шешетінін және айыпталушыға заң талаптарын ескере отырып жаза қолданатынын атап өтедi.
      Осылармен қатар жекелеген iстер бойынша осы қылмыстарды саралауда елеулi кемшiлiктер жiберiледi.
      Жекелеген соттар КСРО Жоғарғы Сотының 1962 жылғы 31 шiлдедегi Пленумының "Қылмысты алдын-ала уәделеспей жасыру, бiле тұра ұрланған мүлiктi алу және өткiзу туралы iстер жөнiндегi сот тәжiрибесi туралы" N 11 қаулысында көрсетiлген талаптарға қарамастан алдын-ала уәделеспей жасыруды қылмысқа қатысудан шектеуде кемшiлiктер жiбередi.
      Алдын ала уәделеспей жасыруды бiле-тұра қылмыс жолымен табылған мүлiктi алудан, жасырушылықтан және бiле-тұра өтiрiк жауап беруден ажырату кезiнде қателіктер жіберіледі.
      Кейде жасырушылық хабарламаумен бiрге жиынтық бойынша, ал бiле тұра қылмыс жолымен жасалған мүлiктi жасыру және алу тек қана жасыру ретiнде негiзсiз сараланады.
      Мұндай қателiктер аталған қылмысы үшін жауаптылықты белгiлейтiн заңды дұрыс түсiнбеу нәтижесінде жiберiледi, бұл айыпталушыға өзiне лайықсыз жазаны тағайындауға, ал кейде айыбы жоқтарды соттауға алып келедi.
      Аталған санаттағы iстер бойынша заңдарды қолдану кезiнде кемшiлiктердi болдырмау мақсатыңда Қазақ КСР Жоғарғы Сотының Пленумы қаулы етеді:
      1. Соттардың назары қылмысты алдын-ала уәделеспей жасыру және қылмыстар туралы хабарламау жөнiндегi iстердi қарау кезiндегi аталған кемшiлiктерге аударылсын.
      Соттар осы санаттағы iстердi қарау кезiнде КСРО Жоғарғы Сотының 1962-жылғы 31-шілдедегi Пленумының "Қылмысты алдын-ала уәделеспей жасыру, бiле тұра ұрланған мүлiктi алу және өткiзу туралы iстер жөнiндегі сот тәжiрибесi туралы" N 11 қаулысындағы негiзгi талаптарды қатаң орындауы тиiс.
      2. Соттарға:
      а) алдын-ала уәделеспей жасырудың қатысудан өзгешелiгі, қылмысты жасауға ықпал етпейтiндiгiн, басқа адам жасаған қылмысты жасыруға бағытталатынын түсіндіру керек.
      Алдын-ала уәделеспей жасыру қылмыстың анықталуын қиындататын яки қылмыстыға тергеу органынан немесе соттан жасырынуға (қылмыстыны, қылмысты жасау қарулары мен жабдықтарын қылмыспен, қылмыс жолымен қолға түсiрiлген зат iздерiн жасыру) көмектесетiн әрекетi арқылы байқалады.
      Қылмыстыны жасыру оған жасырынатын орын, оның сырт бейнесiн өзгертетiн киiм берумен, оны қолдан жасалған немесе бөгденiң төлқұжатымен қамтамасыз етумен, айыптыны iздестiру кезiнде өкiмет органдарынан ұзақ немесе қысқа мерзiм жасырынып қалу үшін көлiк берумен және басқа әрекет жасаумен анықталады.
      Қылмыс iзiн жасыру қылмыс iздерi бар нәрселердi жоюдан немесе тығып қоюдан, нәрселердегі, киiмдегi немесе қылмыскер денесiндегi iздердi жоюдан көрiнедi.
      Қылмыстық жолмен қолға түсiрген заттардың, қылмыс жасауға арналған қаруды, нәрселердi жасыру оларды тығып қоюдан, жоюдан немесе олардың сыртқы пiшiнiн өзгертуден көрiнедi;
      б) алдын-ала уәделеспей жасыруды бiле тұра қылмыс жолымен қолға түсiрген мүлiктi алудан немесе өткiзуден шектеу кезiнде айыптының пиғыл бағытын, сондай-ақ оның жасалған қылмыс белгiлерi туралы хабардарлығын ескеру керек.
      Жасыру кезiнде қылмысты, оның iздерiн немесе қылмыстыны жасыру мақсаты қойылады. Бiле тұрып қылмысты жолмен мүлiктi алған немесе өткiзген адам өзiнiң алдына мұндай мақсатты қоймайды, материалдық пайда табу мақсатын көздейдi.
      Жасырушы жасырған қылмысының сипатына түсiнедi, өйткенi заңға орай тек алдын-ала уәделеспей ҚК-тiң 75-1 және 195-баптарында көрсетілген нақты қылмыстар үшін ғана қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін.
      Айыптының 78-бабы бойынша айыбын мойындауы үшін қылмысты жасау кезінде алынған немесе өткізілген бөтеннің мүлкін қолға түсіру нәтижесінде жасалған қылмыстық сипаты туралы хабардар болуы талап етілмейді, тек осы мүлікті қылмыс жолымен қолға түсіргенін сезсе болғаны.
      Саралану белгілерімен сипатталатын қылмысты алдын-ала қылмысты уәделеспей жасырған адамға, егер оның санасы мына белгілерді қамтыса, жоғары жауапкершілік жүктеледі;
      в) бөтеннің мүлкін алумен немесе өткізумен жалғасты қылмысты алдын-ала уәделеспей жасыру біле тұра қылмысты жолмен алдын-ала уәделеспей жасыру және мүлікті алу жиынтығын құрайды және алынған немесе өткізілген мүліктің сипатына қарай ҚК-тің 195 және 78-баптары жиынтығы бойынша саралауға жатады;
      г) адам сақтаудың өзі жеке қылмыс құрамын құрайтын мынадай қаруды немесе қылмыс заттарын жасырса (атылғыш немесе суық қару, оқ-дәрі, жарылғыш, улы немесе есірткі заттар), алдын-ала уәделеспей жасыру осы қылмыстар үшін жауаптылық белгіленетін баптардың жиынтығы бойынша саралануы тиіс;
      д) хабарламаудың, қылмысты алдын-ала уәделеспей жасырудан өзгешелігі, ол әрдайым әрекетсіздіктен көрінеді және тиісті органдарға оның мәлім болған дайындалып жатқан немесе жасалған қылмысты хабарламаудан тұрады;
      е) тексеру, алдын-ала органдарына немесе сотқа қылмысты ашуға және айыпты адамды соттауға кедергі жасау мақсатымен берілген куәгердің, жәбірленушінің біле тұра жалған жауабы немесе эксперттің жалған қорытындысы, сондай-ақ аудармашының бұрыс аудармасы - алдын-ала

уәделеспей жасыру құрамын құрамайды және ҚК-тің 187-бабы бойынша 
саралауға жатады. 
     3. Қазақ КСР Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы,
облыстық және Алматы қалалық соттары қылмысты алдын-ала уәделеспей 
жасыру және қылмыстар туралы хабарламау туралы істерді соттардың 
қарауы кезінде заңның дұрыс қолданылуына соттардың назарын күшейтсін.
     
     Оқығандар:
          (Қасымбеков Б.А.) 
          (Икебаева Ә.Ж.)