Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулысына мынадай өзгерiс енгізілсiн:
көрсетілген қаулыға 71-қосымшада :
"Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесi 5-бағанының реттік нөмiрi 3-жолындағы "компьютерлер - 8 бірлiк" деген сөздер "компьютерлер - 21 бiрлiк" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі