ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлiктерінің кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде:
99) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"99) өз құзыреті шегінде мемлекеттік, оның ішінде цифрлық қызметтер көрсету;";
107), 108) және 109) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"107) "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 26-бабының 1-тармағында көрсетілген адамдардың санаттары бойынша және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден келген Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын және еңбекші көшіп-қонушылар болып табылатын шетелдіктер, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері бойынша деректерді міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың цифрлық жүйесіне одан әрі беру үшін Мемлекеттік корпорацияға ұсынуға жауапты мемлекеттік органдардың тізбесін әзірлеу;
108) денсаулық сақтау саласындағы цифрлық ресурстарды, цифрлық жүйелер мен телекоммуникациялық желілерді құру және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету, оларға Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың қол жеткізуін ұйымдастыру;
109) ведомстволық медициналық цифрлық жүйелердің техникалық параметрлерін келісуді, сондай-ақ ведомстволық медициналық қызметтері бар мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерін күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;";
221) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"221) киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша дербес медициналық деректерді қамтитын цифрлық ресурстарды денсаулық сақтау саласындағы басқа да дерекқорлармен байланыстыратын телекоммуникация желілеріне қосу қағидаларын әзірлеу және бекіту;";
267) және 268) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"267) денсаулық сақтау саласындағы медициналық цифрлық жүйелерге қойылатын ең төменгі талаптарды әзірлеу және бекіту;
268) қашықтықтан медициналық қызметтер көрсету үшін цифрлық ресурстарға қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту;";
280) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"280) биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік цифрлық жүйені жүргізу;";
300) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"300) Ұлттық электрондық денсаулық паспортына және цифрлық ресурстарға ұсыну үшін деректердің көлемі мен еселігін айқындау;";
323-20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"323-20) цифрлық трансформациялау бағдарламаларын әзірлеу, бекіту және іске асыру;";
мынадай мазмұндағы 323-136), 323-137), 323-138), 323-139), 323-140), 323-141), 323-142), 323-143), 323-144), 323-145), 323-146), 323-147), 323-148), 323-149), 323-150), 323-151), 323-152), 323-153), 323-154) және 323-155) тармақшалармен толықтырылсын:
"323-136) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша тиісті салада жұмылдыру тапсырысын орындау үшін қажетті тауарлардың тізбесін айқындау және көлемін есептеу әдістемесін әзірлеу және бекіту;
323-137) жұмылдыру резерві бөлігінде мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен оларды сақтау көлемін қалыптастыру үшін тиісті салада жұмылдыру тапсырысын орындау үшін қажетті тауарлардың тізбесін айқындау және көлемін есептеу әдістемесіне сәйкес жұмылдыру тапсырысы бар ұйымдардың қажеттіліктеріне талдау жүргізу;
323-138) жұмылдыру резерві бөлігінде мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен оларды сақтау көлемі бойынша мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға ұсыныс енгізу;
323-139) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне гуманитарлық көмек көрсету үшін мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын броньнан шығару туралы ұсыныс енгізу;
323-140) мемлекеттік материалдық резерв және жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша қарыз алу тәртібімен жұмылдыру резервінен материалдық құндылықтарды шығару туралы шешім қабылдау;
323-141) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен оларды сақтау көлемі бойынша және номенклатура өзгерген кезде мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын броньнан шығару туралы ұсыныс енгізу;
323-142) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен оларды сақтау көлеміне сәйкес жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын беруге тапсырыстарды орналастыру;
323-143) жаңарту тәртібімен жұмылдыру резервінен материалдық құндылықтарды шығару туралы шешім қабылдау;
323-144) алушы мемлекеттік органдармен және мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның шешімімен жаңартылуға жататын жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын және номенклатура өзгерген кезде броньнан шығарылған материалдық құндылықтарды басқа мемлекеттік органдардың балансына өтеусіз негізде беруді жүзеге асыру;
323-145) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарының орнын ауыстыру туралы шешім қабылдау;
323-146) жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын сақтауды және жаңартуды ұйымдастыру;
323-147) Министрліктің азаматтық қорғаныс жоспарын әзірлеу және бекіту;
323-148) ведомстволық бағынысты ұйымдарда өрттің алдын алу жөнінде іс-шаралар жүргізу;
323-149) азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жаһандық және өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарын әзірлеу және бекіту;
323-150) қосалқы (қалалық) және көмекші басқару пункттерін құруды қамтамасыз ету;
323-151) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкiлеттi органға жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру көлемi жөнiнде ұсыныс енгiзу;
323-152) әскери міндеттілерді бекітіп қою бойынша жұмысты ұйымдастыру және жүргізу;
323-153) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң орындалуын қамтамасыз ету;
323-154) әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқулар өткізуге қатысу;
323-155) өндірістік жарақаттың ауырлық дәрежесін айқындау қағидаларын бекіту;".
2. Осы қаулы:
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы, отызыншы, отыз бірінші және отыз екінші абзацтарын;
қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының отыз үшінші, отыз төртінші, отыз бесінші, отыз алтыншы, отыз жетінші, отыз сегізінші, отыз тоғызыншы және қырқыншы абзацтарын;
2026 жылғы 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының қырық бірінші абзацын қоспағанда, 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |