Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 8 мамырдағы № 380 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      2. Осы қаулы 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2026 жылғы 8 мамырдағы
№ 380 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. "Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 571 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті жүзеге асыру қағидаларында:

      1-тармақтың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы).";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Өтініш қабылданған кезде жеке басты куәландыратын құжат және тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның мамандары "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден (бұдан әрі – цифрлық жүйелер) алады.

      Цифрлық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу бөлімінің анықтамасы;

      2) ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек беру жөніндегі уәкілетті ұйымда ашылған банктік шоттың нөмірі немесе қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты туралы мәліметтер;

      3) капиталдандыру кезеңі, зиянды өтеу жөніндегі капиталдандырылған төлемдердің сомасы туралы мәліметтерді қамтитын, капиталдандырылған сомаларды алуға құқықты растайтын сот актісі (актілері):

      капиталдандырылған төлемдер сомаларын мемлекеттен алған кезде – зиянды өтеу есебіне капиталдандырылған төлемдерді төлеу жөніндегі жауапкершілікті мемлекетке жүктеу туралы заңды күшіне енген шешім (қаулы, ұйғарым);

      капиталдандырылған төлемдер сомаларын таратылған заңды тұлғаның мүлкі есебінен алған кезде – материалдарында бірінші кезектегі әрбір кредитор бойынша толық жазба қамтылған конкурстық басқарушының қорытынды есебінің бекітіліп, конкурстық іс жүргізудің аяқталғаны туралы ұйғарым (шешім).

      Капиталдандырылған сомаларды алуға құқықты соттың не капиталдандыру кезеңі, зиянды өтеу жөніндегі капиталдандырылған төлемдер сомасы туралы мәліметтерді қамтитын мемлекеттік архивтің архивтік құжатымен де растауға болады.

      Зардап шеккен адамның мәртебесіне байланысты:

      денсаулыққа нұқсан келтірілген зиянды өтеу кезінде – әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша кәсіптік еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі туралы анықтама;

      жұмыскердің қайтыс болуы салдарынан зардап шеккен, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 940-бабының 3-тармағына сәйкес мүгедектік мерзіміне зиян өтелетін мүгедектігі бар адамға зиянды өтеу кезінде – өтініш берушіге мүгедектік белгілеу туралы мәліметтер "Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер банкі" автоматтандырылған цифрлық жүйесінен (бұдан әрі – "МОДБ" АЦЖ) сұратылады.

      "МОДБ" АЦЖ-да мәліметтер болмаған жағдайда өтінішке мүгедектік немесе кәсіптік еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

      Сот актісінде не капиталдандырылған сомаларды алуға құқықты растайтын архивтік құжатта кәсіптік еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін немесе мүгедектікті белгілеу туралы мәліметтер болған жағдайда жеке анықтама ұсыну талап етілмейді.

      Әрекетке қабілетсіз, әрекет қабілеті шектеулі немесе қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа мұқтаж адамдарға ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек тағайындау үшін өтінішті және қажетті құжаттарды олардың заңды өкілдері береді.

      Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек тағайындау үшін өтінішті үшінші тұлғалар Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 167-бабына сәйкес берілген сенімхат бойынша береді.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Өтініш беруші ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау үшін жүгінген кезде өтініш берушіде төлемді тағайындау немесе оны тағайындауға өтініш беру фактісінің болуын тексеру жүзеге асырылады.

      Өтінішті қабылдаған маман өтініш берушіден ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қабылданатын құжаттар топтамасының толықтығын, сондай-ақ мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың цифрлық жүйелерінен алынған мәліметтерді тексереді, сканерлеу сапасын және құжаттардың электрондық көшірмелерінің өтініш беруші осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес ұсынған тұпнұсқаларға сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

      Әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның цифрлық жүйелерінен тиісті төлемді тағайындау фактісін растайтын мәліметтер алынған кезде, сондай-ақ өтініш беруші құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған немесе ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындауға құқығы болмаған жағдайда өтініш берушіге кідіртпестен әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындауға өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі.";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша уәкiлеттi орган шешімінің негізінде:

      1) ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйым ұсынатын алушының банктік шоты бойынша үш және одан да көп ай бойы шығыс операцияларының болмауы туралы;

      2) іздестірудегі адамдардың хабар-ошарсыз кету фактісінің, оның ішінде цифрлық жүйелерден анықталғаны туралы;

      3) ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті алушылардың Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге тұрақты тұруға кету фактісінің, оның ішінде цифрлық жүйелерден анықталғаны туралы мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті төлеуді тоқтата тұрады.

      Көрсетілген фактілер жойылған жағдайда ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек осы Қағидалардың 29-тармағында көзделген тәртіппен қайта басталады.";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша уәкiлеттi орган шешімінің негізінде:

      1) ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті алушының қайтыс болғаны туралы, оның ішінде цифрлық жүйелерден алынатын мәліметтер;

      2) ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті алушының ішкі істер органдарындағы тіркеуден шығарылғанын растайтын құжатты бере отырып, ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті төлеуді тоқтату туралы өтініші келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті төлеуді тоқтатады.";

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмектің артық есептелген (төленген) сомаларын қайтару:

      1) алушының өтiнiшi бойынша;

      2) Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің хаты негізінде жүзеге асырылады.

      Бұл ретте Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі төлемдерді республикалық бюджет кірісіне аудару үшін Мемлекеттік корпорацияға қайтарудың негізділігін растайтын қажетті құжатты (алушының қайтыс болғаны не Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге кеткені туралы, оның ішінде цифрлық жүйелерден алынған мәліметтерді) қоса бере отырып, ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек беру жөніндегі уәкілетті ұйымға хат ұсынады;

      3) соттың шешімі бойынша жүзеге асырылады.".

      2. "Әскери қызметшiлердің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызын қайтару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 маусымдағы № 472 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Әскери қызметшiлердің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызын қайтару қағидаларында:

      9-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) БЖЗҚ-ның автоматтандырылған цифрлық жүйесінің дерекқорында қызметкерлердің (әскери қызметшілердің) жеке зейнетақы шоттарынан сомаларды есептен шығару үшін БЖЗҚ-ға қажетті ақпаратты қамтитын Мемлекеттік корпорацияның электрондық хабарламасының форматы;";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Орталық атқарушы органның автоматтандырылған цифрлық жүйесінің дерекқорында қызметкерлерді (әскери қызметшілерді) сәйкестендіру деректемелердің (жеке сәйкестендiру нөмiрi, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні) толық сәйкестігі бойынша жүргізіледі.";

      14-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) автоматтандырылған цифрлық жүйенің дерекқорында қызметкерлердің (әскери қызметшілердің) жеке зейнетақы шоттарынан Мемлекеттік корпорацияның электрондық хабарламаларына сәйкес қайтарылуға тиіс міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын есептен шығарады.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Бұл ретте БЖЗҚ-ның автоматтандырылған цифрлық жүйесінің дерекқорында қызметкерлерді (әскери қызметшілерді) сәйкестендіру Мемлекеттік корпорацияның электрондық хабарламасында көрсетілген деректемелердің толық сәйкестігі бойынша жүзеге асырылады.";

      17-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) БЖЗҚ автоматтандырылған цифрлық жүйесінің дерекқорында қызметкердің (әскери қызметшінің) жеке зейнетақы шоты болмаған жағдайларда жүргізілмейді.";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Мемлекеттік корпорация тізімді алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 25-тармағында көрсетілген қызметкерлерді (әскери қызметшілерді) осы Қағидалардың 11 және 15-тармақтарына сәйкес орталық атқарушы органның және БЖЗҚ-ның автоматтандырылған цифрлық жүйесінің дерекқорында сәйкестендіру рәсімін жүзеге асырады.".

      3. "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидаларын, зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін, алушының орташа айлық кірісін зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін айқындау әдістемесін, зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткілікті шегін айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 521 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидаларында:

      2-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) "Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер банкі" цифрлық жүйесі (бұдан әрі – "МОДБ" ЦЖ) – мүгедектікті белгілеу, еңбекке қабілеттіліктен айырылу, абилитация мен оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу жөніндегі бизнес-процестерді автоматтандыруға, сондай-ақ медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінде куәландырудан өткен адамдар бойынша деректерді сақтауға және өңдеуге арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;";

      4-тармақтың үшінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұл ретте біржолғы зейнетақы төлемін есептеу үшін мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерінен БЖЗҚ алатын:";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Егер өтініш берушілер Әлеуметтік кодекстің 220-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 221-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген адамдар болған жағдайда БЖЗҚ халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның "МОДБ" ЦЖ-дан өтініш берушіге мүгедектіктің белгіленгені туралы мәліметтерді сұратады.

      "МОДБ" ЦЖ-да өтініш берушінің бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігінің мерзімсіз болып белгіленгендігі туралы мәліметтер болмаған жағдайда БЖЗҚ өтініш беруші өтініш берген күні БЖЗҚ-ның ішкі құжатында бекітілген нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы бас тарту себебі көрсетілген қолхат тапсырып, өтінішті қабылдаудан бас тартады.";

      9-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Әлеуметтік кодекстің 220-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында және 221-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген адамдардан мерзімсіз белгіленген бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі алып тасталған жағдайда БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері "МОДБ" ЦЖ-дан мүгедектікті алып тастау туралы мәліметтер алынған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Әлеуметтік кодекстің 207-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және оларды төлеу үшін БЖЗҚ-ға жүгінбеген адамдарға БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері бойынша проактивті қызмет көрсету мақсатында БЖЗҚ жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына дейін Мемлекеттік корпорациямен көрсетілген адамдарда халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның цифрлық жүйесінде бюджет қаражаты есебінен тағайындалған жасына байланысты немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің бар-жоғын салыстырып тексеруді жүзеге асырады.

      Мемлекеттік корпорация салыстырып тексеру нәтижелері бойынша:

      бюджет қаражаты есебінен жасына байланысты немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушылар болып табылатын адамдардың тізімін қалыптастырады;

      электрондық өтінімдер мен хабарламалар журналында әр алушыға цифрландыру саласындағы уәкілетті органның ЭЦҚ-мен куәландырылған жеке өтінім қалыптастырады;

      халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның цифрлық жүйесінде Мемлекеттік корпорация тіркеген электрондық өтінімдер бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның цифрлық жүйесінде электрондық өтінімдер тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей БЖЗҚ цифрлық жүйесіне осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген келісімде айқындалған форматта электрондық хабарламалар жібереді.

      БЖЗҚ Мемлекеттік корпорацияға осы Қағидалардың 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес есептелген алушылардың зейнетақы төлемдерінің сомаларын Мемлекеттік корпорацияның зейнетақы төлемдері графигіне сәйкес аударады.

      Мемлекеттік корпорация БЖЗҚ-дан алынған зейнетақы төлемдерінің сомаларын бюджет қаражаты есебінен жасына байланысты немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау туралы өтініштерде көрсетілген алушылардың банктік шоттарына аударады.

      Бұл ретте алушылардың дербес деректерін жинау және өңдеу жасына байланысты немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындаған кезде ұсынылған келісімдер негізінде жүзеге асырылады.";

      12-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12-1. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері Әлеуметтік кодекстің 221-бабы 1-тармағының 2-1) тармақшасында көзделген шарттар туындаған кезде БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адамдарға арнаулы әлеуметтік төлем тағайындау шеңберінде "Мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес проактивті қызмет көрсету арқылы не Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 521 бұйрығымен бекітілген Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау, оны төлеуді жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен (бұдан әрі – өтініш) Мемлекеттік корпорацияға жүгініп, жеке басын куәландыратын құжатты, сондай-ақ банктік шоты туралы мәліметтерді ұсынған кезде тағайындалады.

      Егер Әлеуметтік кодекстің 221-бабы 1-тармағының 2-1) тармақшасында көрсетілген адамның міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары болса және Әлеуметтік кодекстің 220-бабы 1-1-тармағында көзделген шарттарға сәйкес келсе, бұл адамға міндетті зейнетақы жарналары есебінен, БЖЗҚ-дан қосымша зейнетақы төлемдері оны алуға келісімі болған кезде тағайындалуы мүмкін.";

      12-2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "12-2. Арнаулы әлеуметтік төлем тағайындау бойынша проактивті қызмет көрсеткен кезде уәкілетті мемлекеттік органның цифрлық жүйесінде тіркелген электрондық өтінімдер не міндетті зейнетақы жарналарының салымшылары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген жеке тұлғалар ұсынып, тіркелген өтініштер бойынша Мемлекеттік корпорация осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген келісімде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде БЖЗҚ-мен өзара іс-қимылды жүзеге асырады, оның шеңберінде БЖЗҚ-ға Мемлекеттік корпорацияда тіркелген электрондық өтінімдер, өтініштер туралы, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары салымшысының міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемін алуға келісімі, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік төлемді тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату туралы мәліметтер беріледі.";

      12-4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12-4. Зейнетақы төлемі:

      1) зейнетақы төлемін алушының қайтыс болғаны туралы;

      2) зейнетақы төлемін алушының Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату фактісінің анықталғаны туралы;

      3) зейнетақы төлемін алушының пайдасына жұмыс берушінің міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу фактісінің анықталғаны туралы мәліметтер, оның ішінде олар мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерінен түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады.";

      13-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жоғарыда көрсетілген құжаттарды алған кезде БЖЗҚ Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының цифрлық жүйелерінен өтініш жасаған шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарының не шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың не Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген азаматтығы жоқ адамның куәлігінің бар-жоғы және оның жарамдылығы туралы мәліметтерді сұратады.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның отбасы мүшесінің жерлеуге арналған біржолғы төлемді алуы үшін БЖЗҚ-ға жеке өзі жүгінген кезде мынадай құжаттар ұсынады:

      1) өтініш;

      2) зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның отбасы мүшесінің жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

      3) мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерінде зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болуы туралы мәліметтер болмаған жағдайда зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болуы туралы куәліктің түпнұсқасы немесе зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болғаны туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі;

      4) мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерінде өтініш жасаған адамның қайтыс болған адаммен туыстық байланысын растайтын мәліметтер болмаған жағдайда өтініш жасаған адамның қайтыс болған адаммен туыстық байланысын растайтын құжаттың түпнұсқасы;

      5) зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның отбасы мүшесінің банктік шоты туралы мәліметтер.

      Мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерінде Қағидалардың осы тармағының 2) – 4) тармақшаларында көзделген құжаттар туралы мәліметтер болған жағдайда қайтыс болған адамның отбасы мүшесі БЖЗҚ-ға өтінішті БЖЗҚ-ның интернет-ресурсы арқылы электрондық нысанда БЖЗҚ-ның ішкі құжатында көзделген тәртіппен бере алады.

      Егер БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде қайтыс болған адамның қайтыс болуы туралы куәлік беру шет мемлекетте жүзеге асырылған жағдайда қайтыс болуы туралы куәлікті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес заңдастыру қажет.";

      17-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерінде зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болуы туралы мәліметтер болмаған жағдайда қайтыс болуы туралы куәліктің түпнұсқасын немесе зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болуы туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесін;";

      21 және 22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Осы Қағидаларда көрсетілген құжаттарды мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерінен, оның ішінде цифрлық құжаттардың сервисінен алуға мүмкіндік болса, оларды ұсыну талап етілмейді.

      22. Мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерінен қабылданған құжаттар мен мәліметтер негізінде БЖЗҚ істің электрондық макетін қалыптастырады және оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының қаулысында белгіленген тәртіп пен мерзімдерде сақтайды.

      Бұл ретте алушылардың банктік шоты туралы мәліметтер, сондай-ақ мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерінен алынған мәліметтер электрондық түрде сақталуы мүмкін.";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. БЖЗҚ-ның уәкілетті оператормен ақпараттық өзара іс-қимыл жасау және ақпарат алмасу тәртібі БЖЗҚ мен уәкілетті оператор арасында жасалған тиісті келісімде белгіленеді, оның шеңберінде БЖЗҚ-ға екі жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 28-тармағына сәйкес Әлеуметтік кодекстің 220-бабының 3-тармағында көрсетілген адамдар берген уәкілетті операторда тіркелген төлемге өтініштер туралы электрондық хабарламалар жіберіледі.

      Алушылардың жеке зейнетақы шоттарындағы біржолғы зейнетақы төлемдерін есепке алу қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.";

      32-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерінде Әлеуметтік кодекстің 220-бабының 3-тармағында көрсетілген адамның немесе оның заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттардың жарамсыздығы және (немесе) қайтыс болуы туралы мәліметтердің болуы;";

      көрсетілген қаулымен бекітілген зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесінде:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. БЖЗҚ Әлеуметтік кодекстің 220-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 221-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес зейнетақы төлемдері тағайындалған және Әлеуметтік кодекстің 207-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған зейнетақы төлемдерін алушыларға мүгедектікті алып тастау туралы "МОДБ" ЦЖ-дан мәліметтерді алған жағдайда БЖЗҚ зейнетақы жинақтары төлемдерінің мөлшерлемесіне түзету коэффициенттерін есепке алмай, осы әдістеменің 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес зейнетақы төлемдерін қайта есептеуді жүзеге асырады.

      Зейнетақы төлемдерін қайта есептеу "МОДБ" ЦЖ-дан мүгедектікті алып тастау туралы мәліметтер алынған айдан кейін жүзеге асырылады.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген алушының орташа айлық кірісін зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін айқындау әдістемесінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы алушының орташа айлық кірісін зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін айқындау әдістемесі (бұдан әрі – әдістеме) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі (бұдан әрі – Әлеуметтік кодекс) 11-бабының 10) тармақшасына сәйкес әзірленді және алушының орташа айлық кірісін зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін есептеуге қойылатын талаптарды белгілейді.

      Міндетті зейнетақы жарналары салымшысының орташа айлық кірісін алмастыру коэффициентін есептеуді БЖЗҚ халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік органның цифрлық жүйелерінен алынған мәліметтер негізінде жүзеге асырады.".

      4. "Зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша мемлекет кепілдіктерін инфляцияның деңгейін ескере отырып орындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 522 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша мемлекет кепілдіктерін инфляцияның деңгейін ескере отырып орындау қағидаларында:

      2-тармақтың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "14) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы).";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Осы Қағидалардың 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген және бұл ретте зейнетақы төлемдерін алушылар болып табылатын тұлғаларға мемлекеттік кепілдікті төлеу бойынша айырма "Мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өтініш берілмей-ақ проактивті нысанда тағайындалады. Осы тармақтың алтыншы және жетінші бөліктерінде көзделген құжаттар да ұсынылмайды.

      Базалық зейнетақы төлемі тағайындалған күні проактивті қызмет көрсеткен кезде Мемлекеттік корпорация уәкілетті мемлекеттік органның цифрлық жүйелері арқылы проактивті қызмет көрсету және тілді таңдау үшін дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім алу үшін өтініш берушінің порталда тіркелген абоненттік ұялы байланыс құрылғысының телефон нөміріне sms-хабар жібереді.

      Өтініш берушіден бірінші sms-хабар жіберілген кезден бастап күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде жауап болмаған жағдайда проактивті қызмет көрсету процесі аяқталады, бұл ретте осы санаттағы тұлғалардың Мемлекеттік корпорацияға өтініш беру арқылы қызмет көрсетуге жүгіну құқығы сақталады.

      Бұл ретте Әлеуметтік кодекстің 207-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толуына байланысты төленетін мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі тағайындалмайтын, өмір бойғы ай сайынғы қамтылым алатын отставкадағы судьяларға, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алатын әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік органдардың және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға мемлекеттік кепілдік бойынша айырманы төлеудің есеп-қисабы Мемлекеттік корпорацияға өтінішпен өзі жүгінген жағдайда жүзеге асырылады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалардан басқа айырма төлеміне құқығы бар тұлға айырма төлемін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияның тұрғылықты жері бойынша бөлімшесіне әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.

      Өтінішті қабылдаған кезде жеке басты куәландыратын құжат, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтерді тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден "цифрлық үкімет" шлюзі (бұдан әрі – цифрлық жүйелер) арқылы алады.

      Цифрлық жүйелерде мәліметтер болмаған кезде өтінішке жеке басты куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат, Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін қандас куәлігі) қоса беріледі.

      Айырма төлемін тағайындау мерзімі осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес келісім болған жағдайда Әлеуметтік кодекстің 207-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жас басталған күнге инфляция деңгейі туралы ақпарат бар болса, базалық зейнетақы төлемі тағайындалған күннен кейінгі күннен, бірақ Әлеуметтік кодекстің 207-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жас басталған күнге инфляция деңгейі туралы ақпарат болмаған кезде ол тағайындалған күннен кейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірілмейтін мерзімде басталады.";

      8-тармақтың екінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерінде айырма төлемін алуға құқығы бар адамның қайтыс болғаны туралы мәліметтер болмаған жағдайда қайтыс болған адамның қайтыс болғаны туралы куәліктің түпнұсқасы немесе оның нотариат куәландырған көшірмесін;".

      5. "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларында:

      3-тармақтың 13), 14) және 15) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) цифрлық құжаттар сервисі – "цифрлық үкімет" цифрлық инфрақұрылымының операторға бекітіп берілген және цифрлық объектілерден алынған мәліметтер негізінде қалыптастырылған электрондық түрдегі құжаттарды көрсетуге және пайдалануға арналған объектісі;

      14) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесі" болып табылатын цифрлық объект;

      15) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы).";

      11 және 12-тармақтар редакцияда жазылсын:

      "11. Мереке күндері мен атаулы күндерге орай әлеуметтік көмек алушылардың өтініштері талап етілмей көрсетіледі.

      Әлеуметтік көмекті алушылардың санаттарын ЖАО айқындайды.

      Әлеуметтік көмекті алушылардың тізімдері мемлекеттік корпорацияға не өзге ұйымдарға сұрау салу негізінде не уәкілетті мемлекеттік органның цифрлық жүйелерінен электрондық түрде қалыптастырылады.;

      12. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмекті алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан (немесе Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 167-бабына сәйкес берілген сенімхат бойынша өкілі) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне немесе мемлекеттік корпорацияға осы Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен немесе осы Үлгілік қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша порталға электрондық түрдегі өтінішпен жүгінеді.

      Жазбаша өтініш берген кезде құжаттарды қабылдайтын маман "цифрлық үкіметтің" шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың тиісті цифрлық жүйелеріне осы Үлгілік қағидаларға 1-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сұрау салулар қалыптастырады.

      Цифрлық жүйелерде мәліметтер сәйкес келмеген (болмаған) кезде өтініш беруші өтінішке мынадай құжаттарды қоса береді:

      1) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);

      2) адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер (адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамай тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер ұсынылмайды);

      3) мұқтаждар санатына жатқызу негіздерінің болу фактісін растайтын төменде санамаланған құжаттардың бірі:

      дүлей зілзала салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келу фактісін растайтын құжат;

      өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келу фактісін растайтын құжат;

      әлеуметтік мәні бар сырқатының болу фактісін растайтын құжат.

      Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары және көшірмелері ұсынылады. Салыстырып тексерілгеннен кейін құжаттардың төлнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады.

      Өтініш беруші құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған кезде осы Үлгілік қағидаларға 1-3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік көмек көрсетуге өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі.

      Өтініш беруші әлеуметтік көмекке портал арқылы электрондық түрде жүгінген кезде мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың цифрлық жүйелеріне қажетті мәліметтерді алу үшін өтініш берушінің өзі сұрау салады.

      Бұл ретте мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың цифрлық жүйелерінен келіп түскен электрондық өтініш пен мәліметтерді өтініш беруші өзінің ЭЦҚ-мен куәландырады.";

      19-тармақтың төртінші бөлігінің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "цифрлық жүйелерді пайдалану;";

      21-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) уәкілетті мемлекеттік органның цифрлық жүйесінен төлемдерді тағайындау, жүзеге асыру, осы негіз бойынша әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш беру фактісін растайтын мәліметтер алынған;";

      25, 26 және 27-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Әлеуметтік көмек көрсетуді мониторингтеу мен есепке алуды әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған цифрлық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

      26. Атаулы күндер мен мереке күндеріне төленетін әлеуметтік көмек алушылардың санаттарын қалыптастыру үшін әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган зейнетақылар мен жәрдемақылар алушылар (белсенді) болып табылатын азаматтардың деректерін алуға уәкілетті мемлекеттік органның цифрлық жүйелеріне сұрау салуға бастама жасайды.

      Зейнетақылар мен әлеуметтік көмек көрсету жәрдемақыларын алушылар жөніндегі мәліметтер осы Үлгілік қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырылады.

      27. Әлеуметтік көмек төлемін Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асыру процесіне, әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган уәкілетті мемлекеттік органның цифрлық жүйелері арқылы әлеуметтік көмек көрсету туралы өзі шешім қабылдаған кезде бастамашылық етеді.";

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымнан әлеуметтік көмек сомасы қайтарылған кезде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымнан мәліметтер алғаннан кейінгі үш жұмыс күні ішінде цифрлық жүйеге тиісті өзгерістер енгізеді.";

      көрсетілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына 1, 1-1 және 1-2-қосымшалар осы өзгерістерге 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      6. "Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есепке жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 525 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есепке жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерінде:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есепке жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдері";

      2-тармақтың 2-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-1) интернет-платформаның операторы (бұдан әрі – оператор) – интернет-платформада тіркелген орындаушылар мен тапсырыс берушілер арасында қызметтер көрсету және жұмыстарды орындау бойынша байланыстар орнату және мәмілелер жасасу үшін цифрлық технологиялар мен жүйелерді қолдана отырып, техникалық, ұйымдастырушылық (оның ішінде жұмыстарды немесе қызметтерді көрсету үшін үшінші тұлғаларды тарта отырып көрсетілетін қызметтерді), ақпараттық және өзге де мүмкіндіктерді ұсыну жөніндегі қызметтерді интернет-платформаны пайдалана отырып көрсететін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;";

      41-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) электрондық тәсілмен (бұл тәсіл Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік кірістер органдарымен электрондық тәсілмен өзара іс-қимыл жасайтын агентке қолданылады) – хабарлама "Салық төлеушінің кабинеті" веб-қосымшасына жеткізілген күннен бастап немесе "цифрлық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушының жеке кабинетіне хабарлама жеткізілген күннен бастап агентке табысталды деп есептеледі (аталған тәсіл "цифрлық үкіметтің" веб-порталында тіркелген агентке қолданылады);".

      7. "Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу (есепке жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 3 шiлдедегi № 540 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу (есепке жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерінде:

      28-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) электрондық тәсілмен:

      хабарлама "Салық төлеушінің кабинеті" веб-қосымшасына жеткізілген күннен бастап.

      Бұл тәсіл Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік кірістер органдарымен электрондық тәсілмен өзара іс-қимыл жасайтын агентке қолданылады;

      хабарлама "цифрлық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушының жеке кабинетіне жеткізілген күннен бастап.

      Бұл тәсіл "цифрлық үкіметтің" веб-порталында тіркелген агентке қолданылады;".

      8. "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін айқындау және оны жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 29 тамыздағы № 705 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін айқындау және оны жүзеге асыру қағидаларында:

      2-тармақтың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) "Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер банкі" цифрлық жүйесі (бұдан әрі – "МОДБ" ЦЖ) – мүгедектікті белгілеу, еңбекке қабілеттіліктен айырылу, абилитация мен оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу жөніндегі бизнес-процестерді автоматтандыруға, сондай-ақ медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінде куәландырудан өткен адамдар бойынша деректерді сақтауға және өңдеуге арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Зейнетақы төлемдері өмір бойына тағайындалады, ағымдағы айға жүргізіледі және оны қайтыс болған немесе мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерінен Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын барлық құжаттың, не шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың, не тұрақты тұрғылықты жерге шығуға, не Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсатты күші жойылуына байланысты, не Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылуына, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуына байланысты Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген азаматтығы жоқ адамның куәлігінің жарамсыздығы туралы мәліметтерді алған айды қоса алғанда, БЖЗҚ жүзеге асырады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Егер алушылар бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар болса, егер мүгедектік мерзімсіз болып белгіленсе, БЖЗҚ алушыға мүгедектіктің белгіленгені туралы мәліметтерді "МОДБ" ЦЖ-дан сұратады.

      "МОДБ" ЦЖ-да өтініш берушінің бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленгені туралы мәліметтер болмаған жағдайда БЖЗҚ өтініш беруші өтініш берген күні өтінішті қабылдаудан бас тартып, БЖЗҚ-ның ішкі құжатымен бекітілген нысан бойынша бас тарту себебін көрсете отырып, құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Мерзімсіз белгіленген бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік алынған жағдайда зейнетақы төлемдері "МОДБ" ЦЖ-дан мүгедектікті алып тастау туралы мәліметтер алынған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

      Мүгедектікті алып тастау туралы мәліметтерді беру тәртібі мен мерзімдері БЖЗҚ мен әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган арасында жасалған тиісті келісімде белгіленген.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру мақсатында БЖЗҚ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтініш білдірген адамдардың цифрлық құжаттарын пайдалана алады.

      Жеке басты куәландыратын құжаттың қағаз жеткізгіштегі көшірмесі мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың цифрлық объектілерімен интеграция болмаған жағдайларда ұсынылады.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерінен және (немесе) БЖЗҚ-дан алушының қайтыс болғаны, Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын барлық құжаттың, не шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуіне, не Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға берілген рұқсаттың күші жойылуына, не Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылуына, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуына, не Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуына байланысты Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген азаматтығы жоқ адамның куәлігінің жарамсыздығы туралы мәліметтердің алынуы оған БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерін тоқтату үшін негіз болып табылады.".

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістерге
1-қосымша
Әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың үлгілік
қағидаларына
1-қосымша
Жергілікті атқарушы органның
басшысына
___________________

Өтініш

      Азамат________________________________________________________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Туған күні: ______ жылғы "___" ___________

      Жеке сәйкестендіру нөмірі: ________________________________

      Жеке басын куәландыратын құжат түрі: _____________________

      Құжаттың сериясы: _____ құжаттың нөмірі:________ кім берген: _______

      Берілген күні ____________ жылғы "__" _________

      Тұрақты тұратын жерінің мекенжайы ______________________________

      _______________________________________________________ облысы

      _____________________ қаласы (ауданы) ____________________ ауылы

      ______________________ көшесі (шағын ауданы) _______ үй ___ пәтер

      Банктің деректемелері:_______________________

      Банктің атауы ____________________________

      № _________________________ банктік шот

      Телефон ___________________________

      Маған ___________________ әлеуметтік көмек тағайындауды сұраймын

      Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:

Р/с №

Құжаттың атауы

Құжаттағы парақтардың саны

Ескертпе

1

2

3

4





      "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төлемді тағайындаған (қайта есептеген) кезде, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз міндеттемелерін орындаған кезде қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге, цифрлық жүйелерде бар, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді сақтауға және пайдалануға келісім беремін.

      Банктік шоттың иесі ретінде өзім, екінші деңгейдегі банктердегі, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдардағы, "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелеріндегі банктік шоттың нөмірі туралы мәліметтерді алуға келісім беремін.

      Тұрғылықты жерімнің (оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге кету), анкеталық деректердің, банктік деректемелердің өзгеруі туралы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға 10 (он) жұмыс күні ішінде хабарлауға міндеттенемін.

      Жергілікті бюджеттен төленетін әлеуметтік көмекті есептеу үшін жеке банктік шот ашу мүмкіндігі, сондай-ақ осындай шоттағы ақшаны үшінші тұлғалардың өндіріп алуды колдануына жол берілмейтіні туралы хабардармын.

      20____ жылғы "____" ___________

      ______________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), өтініш берушінің (заңды өкілінің) қолы

      Құжаттарды қабылдаған:

      ________________________________

      (өтінішті қабылдаған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қолы)

      20____ жылғы "____" ____________

      ________________________________________________

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістерге
2-қосымша
Әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың үлгілік
қағидаларына
1-1-қосымша
Жергілікті атқарушы органның
басшысына
___________________

"Цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш

      Азамат ________________________________________________________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Туған күні: __________________

      Жеке сәйкестендіру нөмірі: ____________________________

      Мемлекеттік органдардың растауы:

      "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқоры" цифрлық жүйесінен алынған деректер

      Өтініш беруші туралы мәліметтер:

      Жеке басын куәландыратын құжат түрі: __________________________

      Құжат сериясы: __________________

      Құжат нөмірі: _______________

      Кім берген: _______________________

      Берілген күні: _____________________

      Тұрақты тұратын жерінің мекенжайы:

      ______________________ облысы __________________ қаласы (ауданы)

      ___________________ ауылы _________________ көшесі (шағын ауданы)

      __________ үй _________ пәтер

      Маған __________________ әлеуметтік көмек тағайындауды сұраймын.

      Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:

Р/с №

Құжаттың атауы

Құжаттағы парақтардың саны

Ескертпе

1

2

3

4





      Банктік деректемелер:

      Банктің атауы_______________________

      № ___________________ банктік шот

      Телефон ___________________________

      Электрондық пошта _______________________

      "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төлемді тағайындаған (қайта есептеген) кезде, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз міндеттемелерін орындаған кезде қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге, цифрлық жүйелерде бар, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді сақтауға және пайдалануға келісім беремін.

      Екінші деңгейдегі банктердегі, банк операцияларының тиісті түрлеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдардағы, "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелеріндегі банктік шот иесі ретінде өзім туралы және банктік шоттардың нөмірлері туралы мәліметтерді алуына келісім беремін.

      Тұрғылықты жерімнің (оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге кету), анкеталық деректердің, банктік деректемелердің барлық өзгерістері туралы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға 10 (он) жұмыс күні ішінде хабарлауға міндеттенемін.

      Жергілікті бюджеттен төленетін әлеуметтік көмекті есептеу үшін жеке банктік шот ашу мүмкіндігі, сондай-ақ осындай шоттағы ақшаны үшінші тұлғалардың өндіріп алуды қолдануына жол берілмейтіні туралы хабардармын.

      Өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы _________________

      Өтінішке қол қойылған күні мен уақыты:

      ____ .___. _____ жыл ___сағат __ минут ____секунд

      ________________________________________________

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістерге
3-қосымша
Әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың үлгілік
қағидаларына
1-2-қосымша

Мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың цифрлық жүйелеріне сұрау салу

      Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың цифрлық жүйелеріне "цифрлық үкіметтің" шлюзі арқылы өтініш берушінің, отбасы мүшелерінің ЖСН бойынша мынадай:

      1) ЖТ МДҚ-дан жеке басты куәландыратын;

      2) ЖТ МДҚ-дан тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгені туралы;

      3) әлеуметтік көмекті төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банктік деректемелер туралы;

      4) "ЖМБМК" ЦЖ-да жылжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірі және мекенжайы туралы;

      5) баланың (балалардың) туу туралы куәлігі немесе "АХАЖ" ЦЖ-да туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме (азаматтық хал актілерінің жазбалары) бойынша;

      6) "АХАЖ" ЦЖ-да неке қию туралы куәлік бойынша (азаматтық хал актілерінің жазбалары);

      7) "ҰББДҚ" ЦЖ-да қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы құжаттар бойынша;

      8) ЖТ МДҚ-дан 14 жастан асқан қорғаншылығындағы баланың тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы;

      9) "ДНЭТ" ЦЖ-да жеке тұлғаның Д-есебінде тұруы жөніндегі мәліметтерді алу үшін сұрау салу қалыптастырылады.

      Мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ЦЖ-сынан және ЕДБ ЦЖ-дан сұратылатын мәліметтерді растайтын электрондық құжаттар "цифрлық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың, ЕДБ-ның ЭЦҚ-сымен, сондай-ақ сұрау салуды жүзеге асырған мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі қызметкерінің немесе өтініш берушінің ЭЦҚ-сымен куәландырылады.

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ЖТ МДҚ – "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқоры;

      "ЖМБМК" ЦЖ – "Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры" цифрлық жүйесі;

      ЦЖ – цифрлық жүйе;

      "АХАЖ" ЦЖ – азаматтық хал актілерінің цифрлық жүйесі;

      "ҰББДҚ" ЦЖ – "Ұлттық білім беру деректер қоры" цифрлық жүйесі;

      "ДНЭТ" ЦЖ – "Диспансерлік науқастардың электрондық тіркелімі" цифрлық жүйесі;

      ЕДБ ЦЖ – екінші деңгейдегі банктердің цифрлық жүйесі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ЭЦҚ – электрондық цифрлық қолтаңба.

      ______________________________________