Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және "Арнаулы мекемелер мен ұйымдарда ұсталушы кәмелетке толмағандарды тамақпен, киіммен, аяқ киіммен және жұмсақ мүкәммалмен қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 297 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 12 наурыздағы № 165 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі – өзгерістер мен толықтырулар) бекiтiлсiн.

      2. "Арнаулы мекемелер мен ұйымдарда ұсталушы кәмелетке толмағандарды тамақпен, киіммен, аяқ киіммен және жұмсақ мүкәммалмен қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 297 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы 2026 жылғы 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағының алтыншы және жетінші абзацтарын, 5-тармағының үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2026 жылғы 12 наурыздағы
№ 165 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге арналған қаражатты қалыптастыру, бағыттау және бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, бағыттау және бөлу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Осы Қағидалардың 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген өзге санаттарға жатқызу Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 14 маусымдағы № 192 бұйрығымен бекітілген Өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) мемлекеттік органдардың құзыреті шегінде жан-жақты қолдаумен қамту жөніндегі жұмысты үйлестіру қағидаларына сәйкес өмірде қиын жағдай туындаған, бірақ бір тоқсаннан аспайтын кезеңге жүзеге асырылады.

      Осы Қағидалардың 1-тармағының 2), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар санатына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 4 желтоқсандағы № 1045 қбп қаулысымен бекітілген үй шаруашылықтарының әлеуметтік-экономикалық осалдығы мен тұрақтылығын бағалау әдістемесі қолданылады.";

      3-тармақтың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Пәндер (пәндер және пәндер циклдері) бойынша білім алушылармен және тәрбиеленушілермен оқу жоспары мен бағдарламалар бойынша бөлінген оқу уақытынан тыс қосымша сабақ ұйымдастыруды мемлекеттік білім беру ұйымдары қашықтан оқыту кезінде пайдаланылатын цифрлық технологиялар және телекоммуникациялық құралдар арқылы жүзеге асырады.".

      2. "Мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларында және олардың мөлшерлерінде:

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Мемлекеттік стипендия осы Қағидалардың 12-тармағында көзделген оны тағайындау туралы бұйрықтың негізінде төленеді.

      Білім беру саласындағы уәкілетті органның операторы Заңның 1-бабының 13-1) тармақшасына сәйкес мемлекеттік атаулы стипендияны қоспағанда, мемлекеттік стипендия төлеуді жүзеге асырады.".

      3. "Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 380 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-1. Бала асырап алу кезінде оның туыстарының, ал туыстары болмаған жағдайда тіркелген некеде тұратын (ерлі-зайыпты) адамдардың басым құқығы болады.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мыналарды:

      1) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулі деп таныған адамдарды;

      2) сот біреуін әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлеті шектеулі деп таныған ерлi-зайыптыларды;

      3) сот ата-ана құқығынан айырған немесе сот ата-ана құқықтарын шектеген адамдарды;

      4) өзiне Қазақстан Республикасының заңдарында жүктелген мiндеттердi тиiсiнше орындамағаны үшiн қорғаншы немесе қамқоршы, патронат тәрбиеші, баланы қабылдайтын ата-ана, баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиеші мiндеттерінен шеттетiлген адамдарды;

      5) егер сот олардың кінәсі бойынша бала асырап алудың күшiн жойса, бұрынғы асырап алушыларды;

      6) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген аурулар тізбесіне сәйкес денсаулық жағдайына байланысты ата-ана құқығын жүзеге асыра алмайтын адамдарды;

      7) тұрақты тұратын жері жоқ адамдарды;

      8) дәстүрге жат жыныстық бағдар ұстанатын адамдарды;

      9) соттылығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауға ұшырап отырған немесе ұшыраған адамдарды (өздеріне қатысты қылмыстық қудалау Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақтары негізінде тоқтатылған адамдарды қоспағанда);

      10) азаматтығы жоқ адамдарды;

      11) бала асырап алу кезінде асырап алынған баланы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейімен қамтамасыз ететін табысы жоқ адамдарды;

      12) психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда динамикалық бақылауда тұрған адамдарды;

      13) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, Кодекстің 91-бабының 4-тармағында белгіленген тәртіппен психологиялық даярлықтан өтпеген Қазақстан Республикасының азаматтарын (баланың жақын туыстарын қоспағанда) қоспағанда, кәмелетке толған адамдар бала асырап алушы бола алады.";

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Бiр-бiрiмен некеде тұрмайтын (ерлі-зайыпты емес) адамдар бiр баланы бiрге асырап ала алмайды.

      Бiр адам туған бауыр болып табылатын немесе бір-бірімен өзара туыстық қатынасы жоқ бiрнеше баланы асырап алуына болады.

      Егер бала асырап алуға тілек білдірген адамдар некеде тұрса (ерлі-зайыпты болса) не өзге адамдармен бірге тұрса, жұбайына (зайыбына) не бірге тұратын адамдарға 91-баптың 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 8), 9) және 13) тармақшаларында белгіленген талаптар колданылады.

      Бала асырап алуға тілек білдірген адамдармен бірге тұратын өзге адамдарға бірге тұрып жатқан, некеден (ерлі-зайыптылықтан), туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе баланы тәрбиеге алудың өзге де нысанынан туындайтын мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтармен және міндеттермен байланысқан отбасы мүшелері, сондай-ақ іс жүзінде бірге тұрып жатқан, бірақ некеде тұрмайтын (ерлі-зайыпты емес) бірге тұратын адамдар жатады.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру тәртібі";

      2-тараудың "Балаларды азаматтығы мен тұратын жеріне қарамастан туыстарына асырап алуға беру тәртібі" параграфының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-параграф. "Балаларды азаматтығы мен тұратын жеріне қарамастан туыстарына беру тәртібі";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Балалардың Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын және оларды асырап алуға тілек білдірген туыстары бала тұратын жердегі органға немесе Республикалық деректер банкі арқылы:

      1) баланы асырап алуға тілек білдіргені туралы жазбаша өтініш;

      2) бірге тұратын адамдардың (бар болса) бала асырап алуға жазбаша келісімін;

      3) жиынтық табыс мөлшері туралы анықтаманы;

      4) туысының, сондай-ақ некеде тұрған болса, жұбайының (зайыбының) және бірге тұратын өзге адамдардың (бар болса) денсаулық жағдайы туралы "Адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкін болмайтын аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 692 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12127 болып тіркелген) бекітілген тізбеге сәйкес ауруларының жоқ екенін растайтын анықтаманы;

      5) тұрғынжайды пайдалану құқығын растайтын құжаттың көшірмесін (меншік құқығында тұрғын үй болмаған жағдайда);

      6) психологиялық даярлықтан өткені туралы сертификат ұсынады.

      Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер, баланың туу туралы куәлігі, туу туралы анықтама, неке қию туралы куәлік ("АХАЖ тіркеу пункті" цифрлық жүйесінде мәліметтер болмаған кезде), "Наркология" психикалық денсаулық орталығынан, "Психиатрия" психикалық денсаулық орталығынан динамикалық бақылаудағы жай-күйі (немесе динамикалық бақылауда болмауы) туралы мәліметтер "Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20665 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша туысының және жұбайының (зайыбының) (егер некеде тұрса) және бірге тұратын өзге де адамдардың (бар болса) тұрғын үйіне меншік құқығын растайтын құжаттарды орган "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.

      Соттылығының бар-жоғы туралы мәліметтерді, сондай-ақ сотпен әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған тұлғалардың, туысының, жұбайының (зайыбының) (егер некеде тұрса) және бірге тұратын өзге адамдардың (бар болса) арнайы есебінде мәліметтерінің бар-жоғы туралы ақпаратты орган Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің цифрлық жүйелерінен алады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, орган цифрлық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға туысының келісімін алады.";

      9-тармақтың 5) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) туысының, сондай-ақ некеде тұрған болса, жұбайының (зайыбының) және бірге тұратын өзге адамдардың (бар болса) денсаулық жағдайы, оның ішінде психикалық жағдайы туралы, есірткіге (уытты), алкогольге тәуелділігінің жоқтығын туралы анықтамалар;

      6) туысының, сондай-ақ некеде тұрған болса, жұбайының (зайыбының), және бірге тұратын өзге адамдардың (бар болса) соттылығының жоқтығы туралы анықтамалар;";

      2-тараудың "Балаларды Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына асырап алуға беру тәртібі" деген параграфының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-параграф. Балаларды Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына асырап алуға беру тәртібі";

      18-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18-1. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын бала асырап алуға кандидаттар бала тұратын жердегі органға немесе Республикалық деректер банкі арқылы:

      1) баланы асырап алуға тілек білдіргені туралы жазбаша өтініш;

      2) бірге тұратын адамдардың (бар болса)бала асырап алуға жазбаша келісімін;

      3) жиынтық табыс мөлшері туралы анықтаманы;

      4) туысының, сондай-ақ некеде тұрған болса жұбайының (зайыбының) және бірге тұратын өзге адамдардың (бар болса) денсаулық жағдайы туралы "Адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкін болмайтын аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 692 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12127 болып тіркелген) бекітілген, тізбеге сәйкес ауруларының жоқ екенін растайтын анықтаманы;

      5) тұрғынжайды пайдалану құқығын растайтын құжаттың көшірмесін (меншік құқығында тұрғын үй болмаған жағдайда);

      6) психологиялық даярлықтан өткені туралы сертификат ұсынады.

      Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер, баланың туу туралы куәлігі, туу туралы анықтама, неке қию туралы куәлік ("АХАЖ тіркеу пункті" цифрлық жүйесінде мәліметтер болмаған кезде), "Наркология" психикалық денсаулық орталығынан, "Психиатрия" психикалық денсаулық орталығынан динамикалық бақылаудағы жай-күйі (немесе динамикалық байқылауда болмауы) туралы мәліметтер "Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20665 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша туысының және жұбайының (зайыбының) (егер некеде тұрса) және бірге тұратын өзге де адамдардың (бар болса) тұрғын үйіне меншік құқығын растайтын құжаттарды орган "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.

      Соттылығының бар-жоғы туралы мәліметтерді, сондай-ақ сотпен әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған тұлғалардың, туысының, жұбайының (зайыбының) (егер некеде тұрса) және бірге тұратын өзге адамдардың (бар болса) арнайы есебінде мәліметтерінің бар-жоғы туралы ақпаратты орган Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің цифрлық жүйелерінен алады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, орган цифрлық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға туысының келісім алады.";

      2-тараудың "Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктерге асырап алуға беру тәртібі" деген параграфының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-параграф. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына және шетелдіктерге асырап алуға беру тәртібі"

      27-тармақтың 5) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) баланы асырап алуға үміткер тұлғаның, сондай-ақ некеде тұрған болса, оның жұбайының (зайыбының) және бірге тұратын өзге адамдардың (бар болса) денсаулық жағдайы туралы, оның ішінде психикалық, мінез-құлықтық бұзылыстардың (аурулардың), оның ішінде психоактивті заттарды қолдануға байланысты аурулардың, есірткіге (уытқұмарлыққа) тәуелділіктің жоқтығы туралы анықтамалар;

      6) баланы асырап алуға үміткер тұлғаның, сондай-ақ некеде тұрған болса, жұбайының (зайыбының) және бірге тұратын өзге адамдардың (бар болса) соттылығының жоқтығы туралы анықтамалар;".

      4. "Мемлекеттік қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 382 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидаларында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Аудандардың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттің кәмелетке толмағандарға қатысты қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын білім беру/балалардың құқықтарын қорғау және денсаулық сақтау уәкілетті органдары, кәмелетке толғандарға қатысты халықты әлеуметтік қорғау уәкілетті органдары (бұдан әрі – орган) арқылы жүзеге асырады.";

      мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:

      "7-1. Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектелген кәмелетке толған адамдардың құқықтарды мен мүдделер қорғауды халықты әлеуметтік қорғау органы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оларды отбасыға (қорғаншылық немесе қамқоршылық) беру арқылы, ал мұндай мүмкіндік болмаған кезде – әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектелген кәмелетке толған адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің ұйымдарына беру арқылы жүзеге асырады.";

      9-тармақта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оларды отбасыға тәрбиелеуге (асырап алу, қорғаншылық немесе қамқоршылық, патронат, баланы қабылдайтын және баланы қабылдайтын кәсіби отбасы) беру арқылы, ал мұндай мүмкіндік болмаған кезде – жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған барлық үлгідегі ұйымдарға беру арқылы жүзеге асырады.";

      мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "11-1) жылына бір реттен сиретпей ақпараттық жүйелерден немесе цифрлық құжаттар сервисінен құжаттар мен мәліметтер алу арқылы Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын қамқоршыларды немесе қорғаншыларды, патронаттық тәрбиешілерді, қабылдайтын ата-аналарды, қабылдайтын кәсіби тәрбиешілерді Кодекстің 122-бабы 1-тармағының 5), 6), 7), 10), 11) тармақшаларында белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексереді.

      Ақпараттық жүйелерден немесе цифрлық құжаттар сервисінен құжаттар мен мәліметтерді алу мүмкін болмаған кезде оларды органға Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын қорғаншылар немесе қамқоршылар, патронат тәрбиешілер, қабылдайтын ата-аналар, қабылдайтын кәсіби тәрбиешілер ұсынуға міндетті;";

      мынадай мазмұндағы 15-1) және 15-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "15-1) кәмелетке толмаған тәрбиеленуші өзінің ата-анасына немесе асырап алушыларына қайтарылған, сондай-ақ Кодекстің 122-бабының 1 және 6-тармақтарында көзделген ережелер бұзылған жағдайда қамқоршыларды немесе қорғаншыларды, патронат тәрбиешілерді, қабылдайтын ата-аналарды, қабылдайтын кәсіби тәрбиешілерін өз міндеттерін орындаудан босатады;

      15-2) қорғаншының немесе қамқоршының, патронат тәрбиешілердің, қабылдайтын ата-аналардың, қабылдайтын кәсіби тәрбиешілердің бастамасы бойынша немесе дәлелді себептер (науқастануы, мүліктік жағдайының өзгеруі, қамқорлыққа алынушымен өзара түсіністіктің болмауы және басқалар) болған кезде өз бастамасы бойынша оларды өз міндеттерін орындаудан босатады;".

      5. "Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлiгінің кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақта:

      193) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "193) білім беру ұйымдарын рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық тізілімінен шығару;";

      195) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "195) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық тізілімін жүргізу;";

      210-1) тармақша алып тасталсын.