"Стратегиялық су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайлардың, оның ішінде мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін құрылысжайлардың тізбесін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 23 тамыздағы № 671 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 24 қаңтардағы № 36 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Стратегиялық су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайлардың, оның ішінде мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін құрылысжайлардың тізбесін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 23 тамыздағы № 671 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген стратегиялық су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайлардың, оның ішінде мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін құрылысжайлардың тізбесінде:

      4-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1), 1-2), 1-3), 1-4) және 1-5) тармақшаларымен толықтырылсын:

      "1-1) Шығыс Қазақстан облысындағы Кіші Үлбі өзеніндегі "Алтай" шағын гидроэлектр станциясы;

      1-2) Жетісу облысы Алакөл ауданындағы Тентек өзеніндегі гидроэлектр станцияларының каскады;

      1-3) Жетісу облысындағы Көксу өзеніндегі гидроэлектр станцияларының каскады;

      1-4) Жетісу облысы Сарқан ауданындағы Лепсі өзеніндегі бөгет;

      1-5) Шығыс Қазақстан облысындағы Қалжыр өзеніндегі шағын гидроэлектр станцияларының каскады;".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов