"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 11 қарашадағы № 959 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:

      Министрліктің қарамағындағы аумақтық органдардың және оның ведомстволары аумақтық бөлiмшелерiнің тізбесінде:

      "1. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 76-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "76. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Алматы облысының полиция департаменті Жамбыл ауданының полиция басқармасы.";

      реттік нөмірі 86-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "86. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Атырау облысының полиция департаменті Жылыой ауданының полиция басқармасы.".

      2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов