"Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 13 маусымдағы № 433 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына мынадай өзгеріс мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде:

      реттік нөмірі 194-жолда:

      5-баған мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) "ҚазМұнайГаз-Аэро" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі";

      7-баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "үнемі, "ҚазМұнайГаз-Аэро" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты 2029 жылғы 31 желтоқсанға дейін";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 194-1-жолмен толықтырылсын:

      "

1

2

3

4

5

6

7

194-1.

Дүкендерден тыс өзге де бөлшек сауда **

47999

республикалық меншік/ коммуналдық меншік

"ҚазМұнайГаз-Аэро" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қазақстан Республикасы

2029 жылғы 31 желтоқсанға дейін

      ".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов