Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Шаруашылық жүргізу құқығындағы кейбір республикалық мемлекеттік кәсіпорындарға байқау кеңестерін енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 20 қарашадағы № 932 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 148-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің мынадай шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындарына байқау кеңестері енгізілсін:
1) "Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты";
2) "Генетика және физиология институты";
3) "Ғылым ордасы";
4) "Зоология институты";
5) "Маңғышлақ эксперименттік ботаникалық бағы";
6) "М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты";
7) "Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты";
8) "Философия, саясаттану және дінтану институты".".
2. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) кәсіпорындардың жарғыларына тиісті өзгерістер енгізуді;
2) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |