"Қызметін ауыстырған және жоғарылаған кезде көтерме жәрдемақыға, көліктің жолақысы үшін және жеке мүлкін тасымалдағаны үшін шығындардың орнын толтыруға құқығы бар ішкі істер органдары қызметкерлері лауазымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 1179 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 25 шiлдедегi № 598 қаулысы.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қызметін ауыстырған және жоғарылаған кезде көтерме жәрдемақыға, көліктің жолақысы үшін және жеке мүлкін тасымалдағаны үшін шығындардың орнын толтыруға құқығы бар ішкі істер органдары қызметкерлері лауазымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 1179 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 21-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген қызметін ауыстырған және жоғарылаған кезде көтерме жәрдемақыға, көліктің жолақысы үшін және жеке мүлкін тасымалдағаны үшін шығындардың орнын толтыруға құқығы бар ішкі істер органдары қызметкерлері лауазымдары тізбесінің (Төтенше жағдайлар комитетін қоспағанда) тақырыбындағы "(Төтенше жағдайлар комитетін қоспағанда)" деген сөздер алып тасталсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов