"Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 28 маусымдағы № 514 қаулысы.

Қолданыстағы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулыға 15-қосымшада:

      реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Р/с

Қосымша ақылар мен үстемеақылардың атауы

Қосымша ақылар мен үстемеақылардың түрлері

Қосымша ақылар мен үстемеақылардың мөлшері

Ескертпе

1

2

3

4

5

3.


Ерекше еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы




Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман күзеті қызметтерінің, орман өрт сөндіру станцияларының өртке қарсы қызметтерінің, орман орналастыру ұйымдарының жұмыскерлеріне,
орманды және жануарлар дүниесін авиациялық қорғаудың өрт сөндіруші десантшыларына,
табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторларына және жануарлар дүниесін қорғау, ормандарды күзету, қорғау, өсімін молайту және орман пайдалану жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың, балық шаруашылығының су айдындарына және (немесе) учаскелеріне балық жіберу жөніндегі өсім молайту кешені мемлекеттік кәсіпорындарының инспекторларына денсаулыққа және өмірге зиян келу қаупінің төнуіне байланысты жұмыс үшін


ЛА-дан
100 %

Уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және шарттармен

      ".

      2. Осы қаулы 2024 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов