Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органды және екінші санаттағы рұқсаттардың берілуін келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 14 маусымдағы № 473 қаулысы

Қолданыстағы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 09.10.2024 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті орган болып;

      2) осы қаулыға қосымшаға сәйкес түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған екінші санаттағы рұқсаттардың берілуін келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар айқындалсын.

      2. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2024 жылғы 9 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 14 маусымдағы
№ 473 қаулысына
қосымша

Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған екінші санаттағы рұқсаттардың берілуін келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар

Р/с №

Екінші санаттағы рұқсат

Уәкілетті орган

Келісуші мемлекеттік орган

1.

Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметке рұқсат

облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті