2024 жылы Астана халықаралық форумын тиімді ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Астана халықаралық форумына дайындалу және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар (келісу бойынша) Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы | |
Үкіметінің | |
2024 жылғы 18 наурыздағы № 201 қаулысымен бекітілген |
Астана халықаралық форумына дайындалу және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары
Р/с | Іс-шараның атауы | Орындау мерзімі |
Аяқталу | Жауапты орындаушы | Қаржыландыру көзі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар | |||||
1. | Шақыртуларды жасау және АХФ-қа шетелдік және қазақстандық негізгі қатысушыларға жіберу | 2024 жылғы ақпан-наурыз | жіберілген шақырулар | ҰЭМ, СІМ, "ЭЗИ" АҚ (келісу бойынша) | талап етілмейді |
2. | Шақырулардың мәртебесін қадағалау | 2024 жылғы ақпан-наурыз | шақырулардың мәртебесі | СІМ, "ЭЗИ" АҚ (келісу бойынша) | талап етілмейді |
3. |
АХФ веб-сайты мен мобильді қосымшасын жаңғыртуды, қайта жобалауды, техникалық қолдауды қамтамасыз ету | 2024 жылғы ақпан-наурыз | АХФ веб-сайты және мобильді қосымшасы | "QazExpoCongress" ҰК" АҚ (келісу бойынша), "ЭЗИ" АҚ (келісу бойынша) | демеушілік қаражат |
4. | АХФ материалдарын веб-сайтта орналастыру (бағдарлама, спикерлер, анонстар, жаңалықтар, қатысушылар мен әріптестерге арналған анықтамалық ақпарат және т.б.) | 2024 жылғы ақпан-наурыз | АХФ веб-сайты және мобильді қосымшасы | "ЭЗИ" АҚ (келісу бойынша), "QazExpoCongress" ҰК" АҚ (келісу бойынша) | демеушілік қаражат |
5. | Шетелдік және қазақстандық қатысушыларды АХФ веб-сайтында және мобильді қосымшасында тіркеуді қамтамасыз ету | 2024 жылғы ақпан-маусым | АХФ веб-сайты және мобильді қосымшасы | "QazExpoCongress" ҰК" АҚ (келісу бойынша), "ЭЗИ" АҚ (келісу бойынша), СІМ | республикалық бюджет |
6. | АХФ пленарлық отырысына қатысушыларды аккредиттеуді қамтамасыз ету | 2024 жылғы мамыр-маусым | аккредиттелген қатысушылардың тізімі | "QazExpoCongress" ҰК" АҚ (келісу бойынша), "ЭЗИ" АҚ (келісу бойынша) | республикалық бюджет |
7. | Демеушілік топтамаларды әзірлеу және бекіту (демеушілерді тарту шарттары) | 2024 жылғы ақпан | бекітілген демеушілік топтамалар | "QazExpoCongress" ҰК" АҚ (келісу бойынша) | талап етілмейді |
8. | АХФ өткізу шеңберінде демеушілерді/ әріптестерді тарту және олармен жұмыс жасау | 2024 жылғы ақпан-мамыр | ҰЭМ-мен келісілген демеушілік топтамалары | "QazExpoCongress" ҰК" АҚ (келісу бойынша), "ЭЗИ" АҚ (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар | талап етілмейді |
9. | Шақырылатын спикерлер мен модераторлардың тізімін қалыптастыру, ақылы негізде шақырылатын спикерлердің қатысуын қамтамасыз ету (гонорарлар) | 2024 жылғы сәуір-маусым | спикерлер тізімі | "ЭЗИ" АҚ (келісу бойынша), "QazExpoCongress" ҰК" АҚ (келісу бойынша) | демеушілік қаражат |
10. | АХФ спикерлері, модераторлары және негізгі қатысушылары үшін қонақ үй нөмірлерін брондауды ұйымдастыру | 2024 жылғы наурыз-маусым | брондалған нөмірлер | "QazExpoCongress" ҰК" АҚ (келісу бойынша), Астана қаласының әкімдігі, "ЭЗИ" АҚ (келісу бойынша) | демеушілік қаражат |
11. | АХФ спикерлері, модераторлары және негізгі қатысушылары үшін авиабилеттер брондауды (қажет болған жағдайда) ұйымдастыру | 2024 жылғы наурыз-маусым | брондалған әуе билеттері | "QazExpoCongress" ҰК" АҚ (келісу бойынша), "ЭЗИ" АҚ (келісу бойынша) | демеушілік қаражат |
12. | АХФ қатысушы делегаттардың келу және кету графигін қалыптастыру | 2024 жылғы мамыр-маусым | график | "ЭЗИ" АҚ (келісу бойынша), "QazExpoCongress" ҰК" АҚ (келісу бойынша), ҰЭМ | талап етілмейді |
13. | АХФ қатысушылары үшін Астана және Алматы қалаларының әуежайларында тиісті деңгейдегі CIP/VIP залдарды қамтамасыз ету | 2024 жылғы маусым |
CIP/VIP сервисі |
КМ, Астана және Алматы қалаларының халықаралық әуежайлары (келісу бойынша), | талап етілмейді |
14. | Қатысушыларға көліктік қызмет көрсетуді, оның ішінде келу орындарындағы кездесулерді/шығарып салуларды қамтамасыз ету | 2024 жылғы маусым | көліктік қызмет көрсету графиктері | "QazExpoCongress" ҰК" АҚ (келісу бойынша), Астана қаласының әкімдігі | республикалық бюджет/демеушілік қаражат |
15. | АХФ шеңберінде екіжақты кездесулерді, оның ішінде шарттарға, келісімдерге, меморандумдарға қол қою рәсімдерін ұйымдастыру және өткізу | 2024 жылғы сәуір-маусым | екіжақты кездесулер графиктері, қол қойылған құжаттар | СІМ, "ЭЗИ" АҚ (келісу бойынша), "QazExpoCongress" ҰК" АҚ (келісу бойынша) | талап етілмейді |
16. | Мемлекеттік органдар мен ұйымдар арасында бірге жүретін адамдардың жауапкершілігі бөлінген тізімді қалыптастыру (лиазон-офицерлерді үйлестіру) |
2024 жылғы мамыр-маусым | тарату және бекіту тізімі | "ЭЗИ" АҚ (келісу бойынша), СІМ, ҰЭМ | талап етілмейді |
17. | Волонтерлік қызметті ұйымдастыру, оның ішінде шет тілдерін білетін жоғары оқу орындарының студенттері арасынан волонтерлердің қатысуын қамтамасыз ету | 2024 жылғы мамыр-маусым |
волонтерлер тізімі | "QazExpoCongress" ҰК" АҚ (келісу бойынша), ҒЖБМ | республикалық бюджет |
18. | АХФ іс-шараларына арналған үй-жайларды жалға алу | 2024 жылғы мамыр-маусым |
шарттар | "QazExpoCongress" ҰК" АҚ (келісу бойынша) | республикалық бюджет/демеушілік қаражат |
19. | Брендбукты жаңарту және АХФ іс-шараларын ресімдеу дизайнын әзірлеу (үй-жайлар, залдар, баспа өнімдері, тарату материалдары, презентация, АХФ өткізілетін орындарды сыртқы безендіру) | 2024 жылғы наурыз-мамыр | брендбук және дизайндарды бекіту хаттамасы | "QazExpoCongress" ҰК" АҚ (келісу бойынша) | республикалық бюджет/демеушілік қаражат |
20. | Ұйымдастыру техникасымен, байланыс құралдарымен және синхрондық жабдықтармен (аудио, бейне жабдықтар, брендтеу, жиһаз және қажет болған жағдайда басқа да қосымша жабдықтармен) қамтамасыз етуді қоса алғанда, АХФ өткізу алаңдарын техникалық жарақтандыруды ұйымдастыру және безендіру | 2024 жылғы мамыр-маусым |
қызмет көрсету туралы шарттар | "QazExpoCongress" ҰК" АҚ (келісу бойынша) | республикалық бюджет |
21. | АХФ өткізу шеңберінде аударма қызметтерін (жазбаша және ауызша аударма) қамтамасыз ету | 2024 жылғы мамыр-маусым |
қызмет көрсету туралы шарттар | "QazExpoCongress" ҰК" АҚ (келісу бойынша), СІМ | республикалық бюджет |
22. | АХФ қатысушылар үшін тамақтануды (кофе-брейктер, фуршеттер), оның ішінде VIP іс-шаралар ұйымдастыру | 2024 жылғы мамыр-маусым |
тамақтану графигі | "QazExpoCongress" ҰК" АҚ (келісу бойынша), Астана қаласының әкімдігі | республикалық бюджет/демеушілік қаражат |
23. | АХФ қатысушылар үшін тарату материалдарын әзірлеу (дайындау, көбейту), кәдесый және тарату өнімдерімен, баспамен қамтамасыз ету | 2024 жылғы мамыр-маусым |
тарату құжаттар топтамасы мен |
"QazExpoCongress" ҰК" АҚ (келісу бойынша) | республикалық бюджет/демеушілік қаражат |
24. | АХФ өткізілетін жерлерді, Астана және Алматы қалаларының әуежайларын, қатысушылар мен қонақтардың жүру маршруттары бойынша қаланы безендіру | 2024 жылғы мамыр-маусым | орындалған жұмыстар актісі | "QazExpoCongress" ҰК" АҚ (келісу бойынша), Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | жергілікті бюджет/демеушілік қаражат |
25. | Кедендік және шекаралық бақылауды қамтамасыз ету/АХФ қатысушыларды ресімдеу | 2024 жылғы мамыр-маусым | ҰЭМ-ге ақпарат | Қаржымині МКК, СІМ, ҰҚК ШҚ (келісу бойынша) | талап етілмейді |
26. | Шетелдік қатысушыларға және АХФ қонақтарына визалық қолдау көрсету, оның ішінде Қазақстан Республикасының визасына шақыруларды ресімдеу және АХФ шетелдік қатысушылары мен қонақтарына Қазақстан Республикасының визаларын беру (ресми қажет болған жағдайда) |
2024 жылғы ақпан-мамыр |
визалық шақырулар мен визалар | СІМ, ҰЭМ, ІІМ, ҰҚК ШҚ (келісу бойынша), "ЭЗИ" АҚ (келісу бойынша) | талап етілмейді |
27. | АХФ өткізілетін объектілерде ішкі және сыртқы инфрақұрылымды жаңартуды, объектілердің функционалдығын жақсартуды және АХФ өткізілетін жерлердің аумағын абаттандыруды қамтитын жөндеу жұмыстарын жүргізу | 2024 жылғы наурыз-маусым |
актілер | "QazExpoCongress" ҰК" АҚ (келісу бойынша) | демеушілік қаражат |
28. | АХФ қатысушылары үшін мәдени бағдарлама ұйымдастыру | 2024 жылғы мамыр-маусым | АХФ мәдени бағдарламасы | МАМ, ТСМ, Астана қаласының әкімдігі, "QazExpoCongress" ҰК" АҚ (келісу бойынша) |
демеушілік қаражат/жергілікті бюджет |
29. | "EXPO" халықаралық көрме орталығының аумағында мәдени бағдарламасы бар этноауыл көрмесін ұйымдастыру | 2024 жылғы мамыр-маусым | көрме | Астана қаласының әкімдігі (келісу бойынша) | жергілікті бюджет |
30. | АХФ өткізу кезеңінде шұғыл қызметтердің жұмысын қамтамасыз ету | 2024 жылғы маусым | іс-қимыл жоспары |
Астана қаласының әкімдігі, | талап етілмейді |
31. | АХФ өткізілетін және қонақтар тұратын жерлерді үздіксіз электрмен және сумен жабдықтауды қамтамасыз ету | 2024 жылғы маусым | ҰЭМ-ге ақпарат | Астана қаласының әкімдігі | талап етілмейді |
32. | АХФ өткізілетін және АХФ қонақтары тұратын жерлерде санитариялық эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету | 2024 жылғы маусым | ҰЭМ-ге ақпарат | ДСМ | талап етілмейді |
33. | АХФ өткізу кезеңінде қауіпсіздік шараларын және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету | 2024 жылғы маусым | іс-қимыл жоспары | ІІМ, ҰҚК (келісу бойынша) | талап етілмейді |
Ақпараттық сүйемелдеу | |||||
34. |
АХФ 2024 медиажоспарын әзірлеу | 2024 жылғы ақпан-наурыз | медиажоспар |
МАМ, СІМ, "ЭЗИ" АҚ |
талап етілмейді |
35. | Алдағы АХФ-ны халықаралық БАҚ-та ақпараттық және жарнамалық ілгерілетуді қамтамасыз ету (имидждік сипаттағы материалдарды қоса алғанда: бейнероликтер, мақалалар, баспасөз конференциялары) | 2024 жылғы наурыз-маусым | медиажоспар | СІМ, МАМ, "QazExpoCongress" ҰК" АҚ (келісу бойынша), "ЭЗИ" АҚ (келісу бойынша), | демеушілік қаражат/республикалық бюджет |
36. | АХФ дайындық барысын отандық БАҚ-та кеңінен жариялауды қамтамасыз ету, бұқаралық ақпарат құралдарында танымал журналистерді, инфлюенсерлер, қоғамдық пікір көшбасшыларын АХФ 2024 брендін ілгерілетуге тарту | 2024 жылғы наурыз-маусым | БАҚ дайджест | МАМ, "QazExpoCongress" ҰК" АҚ (келісу бойынша), "ЭЗИ" АҚ (келісу бойынша) | республикалық бюджет |
37. | Телевизиялық арналарда тақырыптық-ақпараттық бейнероликтерді ротациялауды қамтамасыз ету |
2024 жылғы | БАҚ дайджест | МАМ, "QazExpoCongress" ҰК" АҚ (келісу бойынша), "ЭЗИ" АҚ (келісу бойынша) | талап етілмейді |
38. | Қазақстандық БАҚ үшін АХФ 2024 туралы баспасөз-конференциясын ұйымдастыру | 2024 жылғы маусым | баспасөз-конференциясы | ҰЭМ, МАМ, "QazExpoCongress" ҰК" АҚ (келісу бойынша) | талап етілмейді |
39. | Шетелдік журналистерді шақыруды ұйымдастыру және аккредиттеу | 2024 жылғы наурыз-маусым | аккредиттелген журналистердің тізімі | СІМ, "QazExpoCongress" ҰК" АҚ (келісу бойынша) | талап етілмейді |
40. | Қазақстандық журналистерді шақыруды ұйымдастыру және аккредиттеу | 2024 жылғы наурыз-маусым | аккредиттелген журналистердің тізімі | МАМ, "QazExpoCongress" ҰК" АҚ (келісу бойынша) | талап етілмейді |
41. | Баспасөз орталығының жұмысын, АХФ барлық іс-шараларын ЖТС-пен (бейнетрансляция), онлайн трансляциялауды, бейне және фототүсірілімін қамтамасыз ету | 2024 жылғы мамыр-маусым | фото-бейне материалдар | "QazExpoCongress" ҰК" АҚ (келісу бойынша), МАМ, "ЭЗИ" АҚ (келісу бойынша) | республикалық бюджет |
42. | АХФ өткізілетін жерлерде Интернет желісіне кең жолақты қолжеткізуге арналған қосымша арналар мен резервтік қосылу нүктелерін қамтамасыз ету | 2024 жылғы мамыр-маусым | қызмет көрсету туралы шарт | "QazExpoCongress" ҰК" АҚ (келісу бойынша) | республикалық бюджет |
Мазмұндық сипаттағы іс-шаралар | |||||
43. | Пленарлық отырысты қоса алғанда, АХФ тұжырымдамасы мен бағдарламасын әзірлеу | 2024 жылғы ақпан | АХФ тұжырымдамасы және бағдарламасы | "ЭЗИ" АҚ (келісу бойынша) | демеушілік қаражат |
44. | Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан АХФ делегацияларының басшылары мен мүшелері үшін концерттік бағдарлама өткізе отырып, ресми қабылдау ұйымдастыру | 2024 жылғы мамыр-маусым | ресми қабылдау бағдарламасы | "QazExpoCongress" ҰК" АҚ (келісу бойынша), Астана қаласының әкімдігі | республикалық бюджет/демеушілік қаражат |
45. | Өткізілген АХФ бойынша талдамалық ақпарат қалыптастыру | 2024 жылғы шілде | ҰЭМ-ге есеп | "ЭЗИ" АҚ (келісу бойынша) | демеушілік қаражат |
46. | АХФ-ның қаржылық-ұйымдастырушылық мәселелері туралы ақпарат қалыптастыру | 2024 жылғы шілде-тамыз | ҰЭМ-ге есеп | "QazExpoCongress" ҰК" АҚ (келісу бойынша), "ЭЗИ" АҚ (келісу бойынша) |
|
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АХФ – Астана халықаралық форумы
БАҚ – бұқаралық ақпарат құралдары
ҒЖБМ – Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі
ДСМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
ЖТС – жылжымалы телевизиялық станция
ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі
КМ – Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі
Қаржымині МКК – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті
МАМ – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі
СІМ – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі
ТЖМ – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі
ТСМ – Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі
ҰҚК – Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті
ҰҚК ШҚ – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі
ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
"ЭЗИ" АҚ – "Экономикалық зерттеулер институты" акционерлік қоғамы
"QazExpoCongress" ҰК" АҚ – "QazExpoCongress" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы
CIP (Commercial Important Person) – коммерциялық маңызды тұлға
VIP (Very Important Person) – жоғары деңгейдегі қонақтар