Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жекешелендірудің 2021 – 2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
7-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) мыналар:
мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында орналастырылған жол карталарына сәйкес объектілердің уақтылы өткізілмегені;
"Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы ережеге сәйкес құрылған жұмыс тобының теріс ұсынымы;
объектіні жекешелендіру мерзімін бір реттен артық ауыстырғаны және үш жылдан асатын мерзімге ауыстырғаны үшін мемлекеттік органдар басшыларының орынбасарларынан, ұйымдар басшыларының орынбасарларынан төмен емес лауазымды адамдардың тәртіптік жауапкершілігі туралы мәселені қарасын;";
көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың басым тәртіппен бәсекелес ортаға беру ұсынылатын ірі еншілес, тәуелді ұйымдарының тізбесі мынадай мазмұндағы "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы" деген бөліммен толықтырылсын:
"
"Қазақтелеком" акционерлік қоғамы | ||||
18-1. | 16.1. | "Мобайл Телеком-Сервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | тікелей атаулы сату | 2024 |
";
көрсетілген қаулыға 4-қосымшада:
бәсекелес ортаға беру ұсынылатын коммуналдық меншіктегі ұйымдардың тізбесінде:
"Атырау облысының әкімдігі" деген бөлімде реттік нөмірі 33.2-жол алып тасталсын;
"Алматы облысының әкімдігі" деген бөлімде реттік нөмірі 53.12-жол алып тасталсын;
"Павлодар облысының әкімдігі" деген бөлімде:
реттік нөмірі 108.1-жол алып тасталсын;
реттік нөмірлері 113.6 және 114.7-жолдар алып тасталсын;
"Түркістан облысының әкімдігі" деген бөлімде реттік нөмірі 153.21-жол алып тасталсын;
"Батыс Қазақстан облысының әкімдігі" деген бөлімде:
реттік нөмірі 184.5-жол алып тасталсын;
реттік нөмірі 191.12-жол алып тасталсын;
"Маңғыстау облысының әкімдігі" деген бөлімде:
реттік нөмірі 214.1-жол алып тасталсын;
реттік нөмірі 216.3-жол алып тасталсын;
реттік нөмірі 229.16-жол алып тасталсын;
"Шымкент қаласының әкімдігі" деген бөлімде реттік нөмірі 246.7-жол алып тасталсын;
"Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі" деген бөлімде:
реттік нөмірі 255.6-жол алып тасталсын;
реттік нөмірі 258-1.10-жол алып тасталсын;
"Жамбыл облысының әкімдігі" деген бөлімде реттік нөмірі 268.10-жол алып тасталсын;
"Қостанай облысының әкімдігі" деген бөлімде:
реттік нөмірлері 433.21, 434.22 және 435.23-жолдар алып тасталсын;
реттік нөмірі 438.26-жол алып тасталсын;
көрсетілген қаулыға 5-қосымшада:
акционерлік қоғамдардың және олармен үлестес болып табылатын өзге заңды тұлғалардың бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын еншілес, тәуелді ұйымдарының тізбесінде:
"Алматы" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы" деген бөлімде реттік нөмірі 146.1-жол алып тасталсын;
"Тараз" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы" деген бөлімде реттік нөмірі 151.2-жол алып тасталсын;
"Солтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы" деген бөлімде реттік нөмірі 156.2-жол алып тасталсын;
"Оңтүстік" аймақтық инвестициялық орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі" деген бөлімде реттік нөмірі 171.12-жол алып тасталсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |