"Eurasian Resourses Group S.a.r.l." компаниясының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 1411 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 6 наурыздағы № 151 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Eurasian Resourses Group S.a.r.l." компаниясының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 1411 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 8-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Серік Мақашұлы Жұманғаринге және Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Мәди Төкешұлы Такиевке "Eurasian Resourses Group S.a.r.l." компаниясы (Люксембург) Директорлар кеңесінің құрамына кіруге рұқсат етілсін.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов