Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ережеде:
16-тармақ мынадай мазмұндағы 60-1), 60-2), 60-3), 60-4), 60-5), 60-6), 60-7), 60-8), 60-9), 60-10), 60-11), 60-12), 60-13), 60-14), 60-15), 60-16), 60-17), 60-18), 60-19), 60-20) және 60-21) тармақшалармен толықтырылсын:
"60-1) азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерін бейбіт уақыттан соғыс уақытына ауыстыру кезінде жауынгерлік әзірлік дәрежесіне келтіру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
60-2) азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерін жұмыс істеу режимдеріне келтіру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
60-3) азаматтық қорғаныс әскери бөлімдері штабтарының қызметін ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
60-4) азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінде жауынгерлік әзірлікті ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
60-5) азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің авариялық-құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
60-6) азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінде әскерлер қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
60-7) азаматтық қорғаныс әскери бөлімдеріндегі байланысты ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
60-8) азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің полигондары мен оқу орталықтары қызметінің қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
60-9) азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінде авариялық-құтқару құрал-саймандарын, жабдықтарын, құрал-жабдықтарын және киім-кешектерін есепке алуды, пайдалануды және сақтауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
60-10) азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінде жеке броньды қорғау, белсенді қорғаныс құралдарын, инженерлік мүлікті және техникалық күзет құралдарын есепке алуды, пайдалануды және сақтауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
60-11) азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінде радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау құралдарын есепке алуды, пайдалануды және сақтауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
60-12) азаматтық қорғау органдарын радиациялық, химиялық және биологиялық қорғауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
60-13) азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінде медициналық қызметтің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
60-14) азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінде қару мен олардың оқ-дәрілерін сақтау, беру, тасымалдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
60-15) азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінде автомобиль қызметінің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
60-16) азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінде пәтер пайдалану және өртке қарсы қызметтің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
60-17) азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінде киім-кешек қызметінің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
60-18) азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінде азық-түлік қызметінің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
60-19) азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінде жанар-жағармай материалдары қызметінің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
60-20) азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінде әскери шаруашылықты жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
60-21) азаматтық қорғаныс әскери бөлімдеріне нақты және шартты атаулар беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |