Сыйға тарту шарты бойынша "Қазақстанның инвестициялық қоры" акционерлік қоғамының акциялар пакетіне құқықтарға ие болу және "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 11 қазандағы № 896 қаулысы

Қолданыстағы

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 13) тармақшасына, "Cыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "D-Personnel" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сыйға тарту шарты бойынша "Қазақстанның инвестициялық қоры" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – "ҚИҚ" АҚ) акциялар пакетін 100 (бір жүз) пайыз мөлшерде республикалық меншікке беру туралы ұсынысы қабылдансын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамымен (бұдан әрі – "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ) бірлесіп (келісу бойынша), осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын;

      2) "ҚИҚ" АҚ-ның мемлекеттік акциялар пакетін "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ акцияларының төлеміне беруді қамтамасыз етсін.

      3. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 363-1-жол алып тасталсын.

      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Ә. Смайылов